Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 382 Бұйрығы

      Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды іріктеу және зерделеу жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің № 2180 мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды іріктеу және зерделеу жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 299 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің № 2892 мемлекеттік тіркеу Тізбесінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Кадр жұмысы департаменті бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады