Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды іріктеу және зерделеу жүйесін жетілдіру туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2180. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 382 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.07.02 № 382 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде кадр саясатын жетілдіру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту, полиция қызметіндегі заңдылық пен тәртіпті нығайту, жеке құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар қабылдануда.
      Дегенмен, бұл шаралардың күткен нәтижелерді бермей отырғаны үміткерлерді қызметке және оқуға қабылдаудағы зерделеу мен іріктеу жұмыстары деңгейінің төмендігімен, олардың ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келмеуімен түсіндіріледі. Осының нәтижесінде: кадрлардың тұрақтамауы, полиция қызметіне тұрақты көзқарастың болмауынан туындайтын біліктілік төменділігі, заңдылық пен тәртіп бұзушылықтардың кемімеуі, әр алуан төтенше оқиғалар орын алып отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы ереженің 4, 5, 7-тармақтарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтарды зерделеу мен іріктеудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі департаменттерінің, дербес басқармаларының, облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы ішкі істер бас басқармаларының - ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, басқа да ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Ішкі істер министрлігі оқу орындарының бастықтары:
      1) Жеке құрамды кәсіби даярлау жүйесінде осы бұйрықты оқып үйренуді қамтамасыз етсін, ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылдануға үміткерлерді жан-жақты зерделеу, іріктеу жөніндегі жұмысты жеке бақылауға алып, жария және құпия мүмкіндіктерді пайдаланып, олар туралы деректерді мұқият тексеруді қамтамасыз ете отырып, бұйрық талаптарының бұлжытпай орындалуын ұйымдастырсын;
      2) 2003 жылдың бірінші жартыжылдығында, ішкі істер органдарындағы оқу мен қызметтің шарттары туралы халыққа ақпарат берудің мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлесін, олардың бұлжытпай іске асырылуын қамтамасыз етсін;
      3) Тәрбие және кадр жұмысы департаменті (М.М.Сүйіншәлиев) 2003 жылдың ішінде Орта мектептердегі оқу бітіруші сыныптар арасында республикалық заң олимпиадасын өткізу туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімін алсын;
      4) орта басшы құрам лауазымдарына жоғары заң білімі бар ерікті жалданушы, қатардағы және кіші басшы құрам қызметкерлерін ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдерінің командирлері ішкі істер органдарының басшыларымен бірлесе отырып мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасында оларды ішкі істер органдарына қызмет пен оқуға жіберу мақсатында кәсіби бағдарлауды тұрақты және мақсатты түрде ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарының түлектерін тергеу және жедел бөлімшелеріне уақытылы тағайындау шаралары қолға алынсын.

      5. Адамгершілік қасиеттері бойынша ішкі істер органдарындағы қызметке жарамдылығы туралы қорытынды шығарыла отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді аттестациялауға қойылатын талаптар күшейтілсін.

      6. Қызметке және оқуға үміткерлердің моральдық жауапкершілігін арттыру мақсатында олардың мінездемесін жұмыс немесе оқу орындарында талқылау тәжірибеленсін.

      7. Орталық әскери-дәрігерлік комиссия (Н.Г.Калашников), Тәрбие және кадр жұмысы департаменті (М.М.Сүйіншәлиев) 2003 жылдың 1 шілдесіне дейін үміткерлерді медициналық куәландыру мәселелері бойынша нормативтік актілерге қажетті өзгерістер мен толықтыруларды дайындасын, 2003 жылдың ішінде ішкі істер органдарының негізгі мамандықтары бойынша профессиограммалар әзірлесін.

      8. Жаңадан қабылданған, оның ішінде Ішкі істер министрлігінің училищелерін бітірген адамдарды бұйрық арқылы бекітілген тәжірибелі тәлімгердің басшылығымен үш айлық сынау мерзімінен міндетті түрде өтпей, қатардағы және басшы құрамның кез келген лауазымына тағайындауға тыйым салынсын.

      9. Медициналық басқарма (Б.Х.Әлібеков), Тәрбие және кадр жұмысы департаменті (М.М.Сүйіншәлиев) қызметке және оқуға үміткерлерді мейлінше терең зерделеуге жағдай жасау мақсатында 2003 жылғы 1 қазанға дейін бір мезгілде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бас психологиялық диагностикалық орталығын және облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы ішкі істер бас басқармаларының - ішкі істер басқармаларының психо-физиологиялық зертханалары (топтары) базасында Психологиялық диагностика орталықтарын құру арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің толық құрамдағы Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясын құру туралы негізді ұсыныстар енгізсін.

      10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының бастықтары (С.Е.Еркенов, М.М.Оразалиев, Е.О.Түзелбаев) 2003 жылғы 1 сәуірге дейін адамның жеке қасиеттерін бағынышты құралдары мен әдістерін пайдаланудың тәжірибесін және оларды нормативтік реттеу тәжірибесін зерделесін, оларды ішкі істер органдарының іс тәжірибесіне енгізу жөнінде қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобалары бар нақты ұсыныстар енгізсін.

      11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Б.Ә.Ыбраев) орталық аппаратпен оған тікелей бағыныстағы бөлімшелерді Тәртіпте қарастырылған құжаттама бланкілерімен қамтамасыз етсін.
      Облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы ішкі істер бас басқармалары - ішкі істер басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары бланкілер әзірлеуді дербес ұйымдастырсын.

      12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр ішкі қызмет генерал-майоры С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін.

       Министр
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 5 қаңтардағы   
N 1 бұйрығымен       
бекітілген         

  Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына
қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтарды
зерделеу мен іріктеудің
ТӘРТІБІ

      Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтарды зерделеу мен іріктеудің Тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) ішкі істер органдары жүйесінің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына үміткерлердің, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асырушы субъектілер тізбесін қызметке (жұмысқа) және оқуға (бұдан әрі - қызметке) қабылдау принциптерін, жеке, моральдық, іскерлік қасиеттерін зерделеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Зерделеу мен іріктеудің негізгі мақсаты ішкі істер органдарындағы бос лауазымдарды уақтылы және сапалы толтыру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мамандық беретін мекемелерін ауыспалы құраммен толықтырып отыру.

      2. Ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтардың іскерлік (біліктілік) қасиеттеріне қойылатын талаптар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің штаттық лауазымдарында қарастырылған лауазымдық міндеттерімен айқындалады.
      Ішкі істер органдарына қызметке қабылданған адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы ереженің 4-6-тармақтарының, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1  бұйрығымен бекітілген, 2001 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасында N 1398 тіркелген) нұсқаулықтың 3, 5-тармақтарының талаптарына сай болуы тиіс.

  2. Ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру

      3. Ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру жұмысы олардың қызметінің тиімділігінің негізгі шарттарының бірі болып табылады және үміткерлердің тағайындалуы ықтимал ішкі істер органдары бөлімшелерінің басшыларына, олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, сондай-ақ кадр аппараттарына жүктеледі.

      4. Осы жұмыстардың негізгі бағыттары:
      ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі мен шарттары туралы халыққа ақпарат тарату;
      ішкі істер органдарында қызмет ету мәселелері бойынша халықтың белгілі тобымен біліктілік-бағдарлылық іс-шаралар жүргізу;
      ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді тікелей іздестіру;
      үміткермен бастапқы таныстыру-түсіндіру мақсатындағы әңгіме жүргізу (кеңес беру) болып табылады.

      5. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі мен шарттары туралы халыққа ақпарат тарату ішкі істер органдарының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі бастықтары орынбасарларының (кадр бөлімі бастығының) басшылығымен жүзеге асырылады. Әдетте, ол радио, теледидар, мерзімдік басылымдар пайдаланыла отырып, кешенді сипаттағы арнайы мақсатты бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Оларды әзірлеу мен жүргізуді ішкі істер органдарының мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, қоғамдық байланыстар бөлімшелерінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, кадр аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.

      6. Ішкі істер органдарында қызмет ету мәселелері бойынша халықтың белгілі тобымен біліктілік-бағдарлылық іс-шаралары ішкі істер органдарының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі бастықтары орынбасарларының (кадр бөлімдерінің бастықтары) басшылығымен және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері басшылығымен жүргізіледі. Олар оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер, жастар ұйымдарының және спорт қоғамдарының мүшелері, кәсіпорын, мекеме, ұжым жұмысшылары арасында жүргізіледі.

      7. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдануға үміткерлерді тікелей іздестіруді ішкі істер органдары құрылымдық бөлімшелерінің тәрбие және кадр аппараттарының қызметкерлері жүргізеді. Ол:
      орта және жоғары білімді мамандық беретін білім беру мекемелерінде, әскери бөлімшелер мен әскери комиссариаттарда, еңбек ұжымдарында, еңбекпен қамту орталықтарында (халықты еңбекпен қамту жөніндегі орталықтарда) үміткерлерді іріктеу бойынша мақсатты бағыттағы жұмыстарды;
      нақты ішкі істер органындағы қатардағы және басшы құрамдағы бос лауазым туралы хабарландырулар жариялауды;
      орта және жоғары білімді мамандық беретін білім беру мекемелеріне, жастар мен спорт ұжымдарына (қоғамдарына), әскери бөлімдер (бөлімшелер) басшылығына ішкі істер органдарындағы бос лауазымдарды толықтыратын үміткерлерге қатысты сұрау салуларды қарастырады.
      Үміткерлерді ішкі істер органдарына қызметке іріктеу жұмысы жоспарлы сипатта болады және ішкі істер органдары мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларына дербес бөлім ретінде енгізіледі.

  3. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдануға
үміткерлерді зерделеу

      8. Ішкі істер органдарында қызмет етуге ниет білдірген азаматтармен кадр аппаратының қызметкерлері алдын ала танысу әңгімесін өткізіп, оның барысында осындай шешім қабылдауға мұрындық болған себептерді, сондай-ақ қызметке алуға кедергі болатын нақты шарттарды айқындайды. Ондай жағдайлар болмаған жағдайда үміткерден белгіленген нысандағы (Тәртіпке 1-қосымша) арыз алынады, ол өз қолымен (Тәртіпке 2-қосымша) сауалнама толтырады, оған медициналық куәландыруға жолдама береді, ол бір мезгілде үміткерді зерделеудің негізгі мазмұны және оның мақсаттары, оның шамамен қанша уақытқа созылатындығы туралы хабардар етуі тиіс.

      9. Үміткердің тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орындары бойынша, оның ішінде жедел қызмет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оның жеке басын жан-жақты зерделеу ұйымдастырылуы тиіс.
      Зерделеу объективтілік, тұтастылық, турашылдық және жүйелілік принциптеріне негізделеді.
      Зерделеудің мақсаты үміткердің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік қасиеттерін мүмкіндігінше толық анықтау және оның ойлау қабілетін, нақты жағдайды қабылдауы және нақты әрекеттері болып табылады.

      10. Ішкі істер органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді зерделеу екі кезеңге бөлінеді:
      1) алдын ала зерделеу;
      2) үміткерлерді медициналық куәландыру, психодиагностикалық зерттеу, дене тәрбиесі дайындығынан нормативтер тапсыру процесі кезінде зерделеу.

      11. Ішкі істер органдарында қызмет етуге үміткерлерді алдын ала зерделеуді үміткерлердің пайдаланылуы ықтимал құрылымдық бөлімшелердің басшылары ұйымдастырады.
      Бұл жұмыс жоспарлы түрде кемінде алты ай уақыт ішінде оның жеке басын сипаттайтын жария және құпия мүмкіндіктерді пайдаланып, барлық факторлар егжей-тегжейлі түрде тексеріле отырып жүргізілуі тиіс, атап айтқанда:
      отбасы жағдайы, отбасындағы ахуал туралы мәліметтер;
      жақын туыстарының мінездемесі, үміткердің жеке басының қалыптасуына олардың әсер ету деңгейлері мен сипаттары;
      үміткер адамды оның айналасындағылардың туыс, адам, қызметкер, көрші, жақыны т.б. ретінде бағалауы;
      үміткердің жанжалды жағдайдағы әрекетінің сипаты (агрессивтілік, қайшылықтарды басуға тырысу, енжарлық, проблемаларды шешуден бас тартуға тырысушылық, жасқаншақтық, парықсыздық және т.б.);
      біліктілік саласынан тыс негізгі құмарлықтары, дағдылары, шеберлігі;
      қоршаған ортасының сипаты (жақын достары, таныстары, көршілері: араласу нысандары, оның жиілігі, тұрақты байланысының бар-жоқтығы);
      мас күйінде қанша рет көзге түсті, ондай жағдайдағы мінез-құлқы;
      үміткердің мемлекетіміздегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы ойлары қандай, ол мораль мен құқық нормаларын сақтаумен қаншалықты келісетіндігі:
      1) құқықтық нормаларды қолдайды және оларға мазмұндарына қарай бағынады;
      2) қолдамайды, бірақ бағынады;
      3) қолдайды, бірақ бағынбайды;
      4) құқықтық нормалардың мазмұнымен келіседі, бірақ оларға бағынбайды.

      12. Үміткерге дереу, салмақты, салқынқанды шешімдер қабылдау қабілеті, эмоционалды тұрақтылық, жалпы мәдениеттілік сияқты қасиеттер тән болуы тиіс.

      13. <*>
       Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды -Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 299   бұйрығымен .

      14. Кадр аппаратының қызметкерлерімен тікелей іріктелген немесе ішкі істер органдарына қызметке алу мәселесі бойынша өз бетінше жүгінгендер міндетті түрде алдын ала зерделеу үшін олардың тағайындалуы ықтимал ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшесінің басшысына жіберіледі.
      Үміткердің тағайындалуы ықтимал ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшесінің басшысы онымен әңгімелесіп, алдын ала зерделеу барысында алынған мәліметтердің растығын анықтайды және болашақтағы атқаратын жұмысының жайын түсіндіреді.

      15. Үміткерді алдын ала зерделеу процесі кезінде қажет болған жағдайда үміткердің ата-анасымен, әйелімен (күйеуімен), басқа да туыстарымен, достарымен, таныстарымен, көршілерімен және т.б. әңгіме жүргізіледі. Ішкі істер органдарына қызметке түсу себептері анықталады. Алдағы қызметтің қауіпті сипатына, ішкі істер органдарындағы қызметтің жағдайына, жалпы және нақты құрылымдық бөлімшенің қызметіне үміткердің және оның туыстарының назары аударылады. Оларға ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін заңмен бекітілген жеңілдіктер, кепілдіктер, және үстемақылар туралы ақпарат беріледі.

      16. Лауазымға тағайындауға құқығы бар ішкі істер органының бастығы үміткерді одан әрі зерделеу туралы шешім қабылдаған кезде, осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған оның өтінішін, сауалнаманы қарау нәтижесінде ішкі істер органдарына қызметке қабылдануға үміткер кадр аппаратына еңбек кітапшасын немесе оның көшірмесін, білімі туралы дипломды (куәлікті) немесе оның көшірмесін, әскери билетін (шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін), үміткер кемінде бір жыл жұмыс істеген соңғы жұмыс орнынан мінездемесін ұсынады.

      17. Үміткерді сипаттайтын мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, заң шығару және атқарушы биліктің лауазымды адамдарының, еңбек ұжымдарының үміткердің ішкі істер органдарында қызмет ету мүмкіндігі туралы жазбаша ұсынымдары берілуі мүмкін.

      18. Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының бірінші бөлімінде қарастырылған үміткерді алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы анықтаманы оны зерделеуді жүргізген қызметкер толтырады. Онда мыналар жазылады:
      үміткер қандай жағдайда іріктелді (жұмысқа алу туралы мәселесі бойынша ішкі істер органдарына өзі келген; біліктілік-бағдарлау іс-шаралары кезінде қызметкерге өтініш білдірген; үміткер ретінде ішкі істер органдарының нақты қызметкері кепілдік берген; мақсатты бағдарлы іздестіру нәтижесінде іріктелген; кәсіби білім беру мекемелерінен таңдап алынған және т.б.);
      ішкі істер органдарындағы қызметке қойылатын талаптар, оның жағдайлары, қызметкерлердің іскерлік және адамгершілік қасиеттері туралы ақпараттар беру арқылы үміткермен кім және қашан әңгіме өткізді;
      үміткердің іскерлік, жеке және адамгершілік қасиеттерін зерделеу қалай, қандай үлгіде және қандай мерзімде жүргізілді;
      зерделеу кезінде қандай біліктілік үшін маңызы бар іскерлік қасиеттері анықталды, үміткердің жалпы дайындық деңгейі оның лауазымдық міндеттерін меңгеру қажетті кәсіби білімді, дағдылар мен шеберлікті игеру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруға қаншалықты мүмкіндік береді;
      үміткердің жеке басының қандай негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері анықталды;
      үміткердің репутациясы, оның негізгі адамгершілік қасиеттері, отбасындағы, тұрғылықты жері мен жұмыс орнындағы мінез-құлқы, үміткердің беделін түсіретін байланыстарының жоқтығы;
      қызметті (оқуды) таңдауының негізгі себептері, үміткердің ішкі істер органдарындағы ықтимал қызметіне оның туыстарының көзқарасы;
      зерделеу барысында алынған, үміткердің қызметке қабылдау талаптары мен шарттарына сәйкес келуі туралы шешім қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтер мен фактілер.

      19. Үміткерді зерделеу нәтижелерінің, алынған фактілер мен мәліметтерді талдаудың негізінде анықтамада үміткерді қызметке қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
      Қорытындылар мен кепілдемелер алдын ала зерделеу материалдарына негізделеді және анық, қысқа және нақты жазылуы тиіс.

      20. Анықтамаға (бөлімге) үміткерді зерделеуді жүргізген ішкі істер органы құрылымдық бөлімшесінің бастығы және зерделеуді жүргізген қызметкер қол қояды.

      21. Лауазымға тағайындау құқығы бар ішкі істер органының бастығынан (үміткерді зерделеуді жалғастыру туралы қызметке қабылдау мүмкіндігі) нұсқау алғаннан кейін кадр аппаратының басшысы оны медициналық куәландыруға, психодиагностикалық зерттеуге жібереді, дене шынықтырудан нормативтер тапсыруын ұйымдастырады, жедел есепке алулар бойынша тексеру жүргізеді.

      22. Үміткерді медициналық куәландыруды денсаулық жағдайы бойынша оның ішкі істер органдарындағы қызметке жарамдылығын анықтау мақсатында әскери-дәрігерлік комиссиялар жүргізеді.

      23. Үміткерді психодиагностикалық зерттеу медициналық куәландырумен қатар маңызды кәсіби психологиялық қасиеттерін анықтау үшін Ішкі істер министрлігінің, облыстардағы, қалалардағы ішкі істер бас басқармаларының - ішкі істер басқармаларының (ІІББ-ІІБ) психологиялық диагностика орталықтарында (ПДО) жүргізіледі. Ол үміткердің жеке ерекшеліктеріне баға беруге мүмкіндік беретін психодиагностикалық әдістемелер негізінде жүргізіледі.

      24. Медициналық куәландыру мен психодиагностикалық зерттеу нәтижелері тиісті кадр аппаратына ұсынылады, ондағы қызметкерлер оны ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының екінші бөліміне (осы Тәртіпке - қосымша) үміткерді куәландырылған әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар құжаттың нөмірі мен датасын көрсете отырып көшіреді. Сол бойынша үміткер куәландырылған лауазым немесе аурулар мен дене кемістіктері кестесінің бағаны көрсетіледі. Куәландыру кезінде анықталған диагноздар көрсетілмейді.

      25. "Үміткерді психодиагностикалық зерттеу нәтижесі" деген бағанға үміткерді зерттеген психодиагностикалық орталықтың психологиялық сипаты жазылған және құжаттың нөмірі мен датасы көрсетілген қорытындысы көшіріледі. Үміткерді ұсынылған лауазымда пайдаланудың мақсатқа сай болуы туралы ОПД-ның қорытындысы нұсқау сипатында болады.

      26. Үміткердің бұрын өзіне-өзі қол жұмсауы (өзін-өзі өлтіруге оқталуы) даулы мәселелерді қақтығыстар арқылы шешуге бейімділігі, мінезінде жат қылықтардың анық байқалуы, сондай-ақ жүйке-психикалық ауруларға, алкоголизмге немесе уытқорлыққа душар болған жақын туыстары анықталған жағдайда көрсетілген мәліметтер әскери-дәрігерлік комиссияның және психодиагностика орталықтарының қорытындыларында жазылады. Үміткерлердің мұндай санаты өте қауіпті топқа жатқызылады және оларды қызметке қабылдау туралы мәселе олар міндетті түрде сынау мерзімінен және психодиагностикалық зерттеуден қайта өткеннен кейін қаралады.

      27. Үміткердің жүйке-психикалық патологиясы немесе теріс психологиялық ерекшеліктері болуына байланысты оны қызметке қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда анықталған диагноз және психологиялық зерттеу нәтижесі оған хабарланбайды.

      28. Бөлімге қорытынды жазбаларды көшіріп жазған кадр аппаратының қызметкері қол қояды.

      29. Денсаулық жағдайы бойынша ішкі істер органдарындағы қызметке жарамды деп танылған үміткерлер кадрларды іріктеудің келесі іс-шараларына жіберіледі.

      30. Ішкі істер органдарындағы қызметке үміткердің дене шынықтыру дайындығын зерделеуді тиісті кадр аппаратының қызметкерлері ұйымдастырады. Ол міндетті түрде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған тиісті нормативтерге сәйкес жүргізіледі.
      Дене шынықтыру дайындығын тексеру деңгейінің нәтижелерін тексеруді жүргізген қызметкер ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындының үшінші бөліміне жазады. Онда тиісті норматив және оны орындаудың нақты нәтижелері көрсетіледі.

  4. Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді жедел
есепке алулар және тұрғылықты жері бойынша тексеру
(бұдан әрі - тексеру)

      31. Үміткерді тексерудің мақсаты жеке басының қабілетін, өмірбаянының кейбір тұстарын, оның ортасы мен байланыстарын айқындау. Бұл деректер үміткердің ішкі істер органдарына қызметке жарамдылығы деңгейін шектейді немесе оның қызметке қабылдануына кедергі болады.

      32. Тексеру толық, толық емес және жергілікті болып бөлінеді. Ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

      33. Толық тексеруге:
      қатардағы және басшы құрам лауазымдарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кәсіби білім беру мекемелеріне оқуға қабылданатындар;
      құпия жұмыстарды орындаумен байланысты лауазымдарға, сондай-ақ жедел немесе тергеу жұмысымен айналысатын қызметкерлердің қызметтік үй-жайларына кіру мүмкіндігін беретін лауазымдарға жұмысшы және қызметші ретінде жұмысқа қабылданушы адамдар жатады.

      34. Толық емес тексеруге Ішкі істер министрлігінің облыстардағы, қалалардағы ішкі істер бас басқармаларының - ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының; оқу орындарының аппараттарына жұмысшы және қызметші ретінде, сондай-ақ басқа да ішкі істер органдарына құпия жұмыстармен және құжаттармен байланысты емес жұмысқа қызметші лауазымына қабылданушылар жатады.

      35. Жергілікті тексеруге жұмысшы лауазымына қабылданушылар жатады.

      36. Толық тексеру үміткерге, оның әйеліне (күйеуіне) және Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасы мен Ішкі істер министрліктерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы келісімдері бар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде тұратын барлық жақын туысқандарына қатысты жүргізіледі.

      37. Толық тексеру барысында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      үміткерді, оның әйелін (күйеуін) және оның жақын туысқандарын жедел есепке алулар бойынша тексеру;
      үміткерді тұрғылықты жері бойынша тексеру;
      қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары, азаматтық хал актілері жазбалары бөлімдері, мекен-жай бюросы арқылы үміткерді сипаттайтын мәліметтерді көрсете отырып, оның туған жерін, тұрғылықты жерін, оқу, жұмыс орындарын растау.

      38. Толық емес тексеру үміткерге, оның әйеліне (күйеуіне) және үміткермен бірге тұратын жақын туысқандарына қатысты жүргізіледі және мынаны құрайды:
      жедел есепке алулар бойынша тексеру;
      үміткерді тұрғылықты жері бойынша тексеру.

      39. Жергілікті тексеру ішкі істер органдарының жедел есепке алулары бойынша үміткердің өзіне қатысты ғана жүргізіледі.

      40. Тұрғылықты жері бойынша тексеруді жергілікті ішкі істер органдары үміткердің өзіне қатысты ғана жүргізеді.
      Тұрғылықты жері бойынша тексеру материалдарында үміткердің өмір сүру салты, отбасындағы мінез-құлқы, байланыстары, отбасындағылармен және айналасындағылармен қарым-қатынасы, мінез-құлқының ерекшеліктері, бейімділіктері, қызығушылықтары туралы, туған-туысқандарының, көршілерінің, басқа да адамдардың үміткер туралы пікірлері және т.б. мәліметтер көрсетіледі.
      Тұрғылықты жері бойынша тексеруде үміткердің әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, медициналық айықтырғышқа жеткізілгендігі туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетіледі.

      41. Егер тексерілуші адам бұл жерде үш жылдан кем тұрып жатса, онда тексеру бұрынғы тұрған жері бойынша да жүргізіледі.

      42. Егер үміткердің, оның әйелінің (күйеуінің) жақын туысқандарының бірі ішкі істер органдарында немесе осы тарауда қарастырылғандай тексеру жүргізілетін басқа да атқарушы билік органдарында қызметте болса тиісті кадр аппаратына оның нәтижелері туралы сұрау салынады.

      43. Тексеру нәтижесінде алынған деректердің барлығы мұқият қаралып, арыз берген кезде толтырылған зерделеу туралы сауалнамамен, өмірбаянмен және үміткерді алдын ала зерделеу анықтамасымен салыстырылады. Мәліметтер арасында алшақтық болған жағдайда деректер анықталып, кадр аппаратының қызметкері толтыратын сауалнамаға енгізіледі.

      44. Теріс сипаттағы мәліметтер алынған жағдайда қорытындыға үміткерді ішкі істер органдарына қызметке қабылдау (немесе қабылдаудан бас тарту) мүмкіндігі негізделіп жазылады. Бұл ретте жасалған теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі, үміткерді сипаттайтын басқа да мәліметтер есепке алынады.

      45. Тексеру материалдары бастығының лауазымға тағайындауға құқығы бар ішкі істер органының тиісті кадр аппаратының басшысына келісім үшін баяндалады. Үміткердің беделін түсіретін мәліметтер мен материалдар болмаған жағдайда қорытындыға "Қызметке қабылдауға кедергі болатын мәліметтер жоқ" деген жазба жасалады. Бөлімге тексеру жүргізген кадр аппаратының қызметкері қол қояды.

      46. Тексеру материалдары жеке папкаға тігіліп, нөмірленеді және осы папканың құжаттар тізбесіне енгізіледі. Папка ішкі істер органдары қызметкерінің жеке ісінде сақталады және сол іспен бірдей нөмірлі болады (жеке іс ашылмайтын қызметкерлердің тексеру материалдары осы мақсаттарға арналған литерлік істерде сақталады).

      47. Үміткердің (қызметкердің) өмірбаянына байланысты жаңа белгілі болған мән-жайлар туындаған кезде, сондай-ақ бұған дейін ішкі істер органдарында қызмет өткерген адамдарды қызметке қабылдау кезінде қажет болғанда қосымша тексеру жүргізіледі. Қосымша тексерудің нәтижесі қорытындыда көрсетіледі және тексерудің негізгі материалдарына қоса тігіледі.

      48. Қызметке қайта қабылдау, бұған дейін ішкі істер органдарында жұмыс істеген және қандай да болсын негіздер бойынша босатылған адамдарды қызметке қайта қабылдау туралы мәселені қарау кезінде, егер қызметтегі үзіліс бір жылдан артық болса, зерделеу мен тексеру осы Тәртіпке сәйкес толық көлемде жүргізіледі.

  5. Үміткерді қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау

      49. Үміткерді зерделеу және тексеру аяқталғаннан кейін кадр аппаратының тиісті қызметкерлері ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы қорытындыны ресімдейді. Қорытындыда үміткерді зерделеудің нәтижелері бойынша ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға немесе лауазым бойынша тағылымдамадан өтуші ретінде тағайындау туралы ұсыныстар жасайды. Қорытындыға үміткердің тағайындалуы ықтимал құрылымдық бөлімшесінің басшысы, зерделеуді жүргізген кадр аппаратының қызметкері қол қояды және осы құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасарымен, сондай-ақ бастығының лауазымға тағайындауға құқығы бар, ішкі істер органы кадр аппаратының басшысымен келісіледі.

      50. Үміткерді ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы шешімді лауазымға тағайындау құқығы бар ішкі істер органының бастығы қабылдайды. Ол үміткердің тағайындалуы ықтимал лауазымы көрсетіліп қорытындының соңында ресімделеді. Үміткерді лауазым бойынша тағылымдамадан өтуші ретінде тағайындау кезінде шешімде сынау мерзімінің ұзақтығы көрсетіліп, тәлімгер белгіленеді.

      51. Үміткерді қызметке қабылдау туралы қорытынды және оның арызы ішкі істер органдарындағы қызмет туралы келісім-шарт жасасуға негіз болып табылады. Келісім-шарт Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1  бұйрығымен бекітілген) нұсқаулықтың 4-тарауында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жасалады.

      52. Үміткерді ішкі істер органдарына лауазым бойынша тағылымдамадан өтуші ретінде сынау мерзімімен тағайындау кезінде, тағылымдамадан өтуші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің бастығы тағылымдамадан өтушінің қызметтік міндеттерін орындау барысында оның іскерлік және жеке қасиеттерінің одан әрі зерделенуін қамтамасыз етеді. Тағылымдамадан өтушіні зерделеудің нәтижелері, оның ішкі істер органдарындағы қызметке дайындығы, оның пайдаланылуы ықтимал лауазым бойынша талаптарға сәйкес келу деңгейі сынау мерзімінің нәтижелері бойынша атқаратын лауазымына сәйкестігін тексеру туралы қорытындыда көрсетіледі.

      53. Егер, үміткер осы уақытта қызметке қабылдауға кедергі болмайтын себептермен лауазымға немесе лауазым бойынша тағылымдамадан өтуші ретінде тағайындала алмайтын болса, ол резервке қойылады. Бұл ретте ішкі істер органының бастығы оны полицияның штаттан тыс қызметкері ретінде ресімдей алады. Бұл үміткерді зерделеу материалдары тексеру материалдарымен қоса кадр аппаратында сақталады және алты ай ішінде жарамды болып есептеледі.

      54. Егер, үміткер Қызмет өткеру туралы ереженің талаптарына сәйкес ішкі істер органдарына қызметке қабылданбайтын болса, зерделеуді жүргізген қызметкер ол туралы қызметке қабылдау туралы қорытындының тиісті бөлімінде жазады. Бұл ретте үміткерді одан әрі зерделеу тоқтатылып, ол туралы үміткердің тағайындалуы ықтимал ішкі істер органы құрылымдық бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ үміткердің өзіне оны қызметке қабылдауға кедергі болған себептері көрсетіле отырып хабарланады.

      55. Ішкі істер органдарына қызметке кадрлар іріктеу жөніндегі жұмыстың нәтижелері жылдық есептерде көрсетіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары жыл сайын алқа мәжілісінде немесе жедел кеңестерде талқыланып, оны жетілдірудің жолдары айқындалады.

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 5 қаңтардағы   
N 1 бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының  
ішкі істер органдарына   
қызметке (жұмысқа), оқуға  
қабылданатын азаматтарды  
зерделеу мен іріктеудің   
тәртібіне 1-қосымша     

      Кімге:______________________________________________________________
(лауазымға тағайындау құқығы берілген бастықтың лауазымы, арнаулы
атағы, тегі, аты-жөні)

Қазақстан Республикасының азаматы _________________________________
                  (қызметке қабылданушының тегі, аты, әкесінің аты)

ӨТІНІШ

      Мені ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа) қабылдау мүмкіндігін зерделеу мақсатында мен ұсынған құжаттарды қарауыңызды өтінемін.
      Мені ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа) қабылдау мүмкіндігін зерделеу мақсатында менің жеке өмірім туралы ақпараттар жинауға және сақтауға келісемін.

      200__ ж. "___" _____________        _______________________
                                                    (қолы)

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 5 қаңтардағы   
N 1 бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының  
ішкі істер органдарына   
қызметке (жұмысқа), оқуға  
қабылданатын азаматтарды  
зерделеу мен іріктеудің   
тәртібіне 2-қосымша     

Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) үміткердің
САУАЛНАМАСЫ
(үміткердің өзі толтырады)

Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған жылы, айы ___________________________________________________
Білімі ____________________________________________________________
Жұмысқа түсу себебі _______________________________________________
Отбасындағы материалдық жағдайы, жылжымайтын мүлкі ________________
___________________________________________________________________
Бұрын сотталған туыстары, достары бар ма __________________________
___________________________________________________________________
Отбасындағы ахуал туралы мәліметтер, жақын туыстарының мінездемелері _____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Алкогольдік ішімдіктерді жиі ішесіз бе ____________________________
Жақын таныстары, достары немен айналысады _________________________
Есірткілерді пайдалануды заңдастыру мүмкін деп ойлайсыз ба
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнымен таныссыз ба
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының қандай заңдары Сізге таныс
___________________________________________________________________
Мораль деген не, ол құқықпен қандай байланыста
___________________________________________________________________
Полицияның қызметі жайлы Сіздің жеке пікіріңіз қандай
___________________________________________________________________
Полиция қызметкері қандай талаптарға сай болуы керек
___________________________________________________________________
Сіздің ішімдікке деген көзқарасыңыз
___________________________________________________________________
Айналаңыздағылармен жанжалға жиі түсесіз бе _______________________
Құқық қорғау органдарымен жанжалдасуға тура келген жағдайларыңыз
болды ма __________________________________________________________
Өзіңіздің ішкі істер органдарына кіру себебіңізді көрсетіңіз
___________________________________________________________________
Сіздің бос уақытта айналысатын сүйікті ісіңіз
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 5 қаңтардағы   
N 1 бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының  
ішкі істер органдарына   
қызметке (жұмысқа), оқуға  
қабылданатын азаматтарды  
зерделеу мен іріктеудің   
тәртібіне 3-қосымша     

Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға)
үміткердің жеке басын зерделеу
САУАЛНАМАСЫ
(зерделеу нәтижелері бойынша
кадр аппараттары толтырады)

Тегі_______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған жылы, айы ___________________________________________________
Жынысы ____________________________________________________________
Ұлты ______________________________________________________________
Білімі_____________________________________________________________
Отбасы жағдайы ____________________________________________________
Қарулы Күштердегі қызметі _________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
Әлеуметтік шығу тегі ______________________________________________
Материалдық жағдайы _______________________________________________
Психо-физиологиялық зерттеу нәтижелері ____________________________
Отбасындағы ахуал туралы мәліметтер, жақын туыстарының мінездемелері _____________________________________________________
Айналасындағылардың үміткерді бағалауы ____________________________
Негізгі құштарлықтары, дағдылары, қолынан келетін ісі _____________
Ішімдікке көзқарасы _______________________________________________
Бұрынғы жұмыс (оқу) орны берген мінездемесі _______________________
Араласатын ортасының мінездемесі __________________________________
Мораль талаптарына, құқық нормаларына көзқарасы ___________________
Жанжалды жағдайлардағы әрекетінің сипаттамасы, ондайлар орын алған
ба ________________________________________________________________
Үміткердің айналасындағыларға, еңбекке көзқарасының сипаттамасы
___________________________________________________________________
Өзін өзі бағалау деңгейі __________________________________________
Интеллектуалдық деңгейінің сипаттамасы ____________________________
Мүлкі, сатып алу көздері __________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады