Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 мамырдағы N 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2895. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң  Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 138 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап  күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті төрағасының
2007 жылғы 21 мамырдағы 
N 138 бұйрығына      
қосымша          

Күшiн жойған кейбiр бұйрықтардың тiзбесi

      ...
       4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол  жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 мамырдағы N 221 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2895 болып тіркелген, 2004 жылғы 19 маусымдағы N 25 (182) "Ресми газетте" жарияланған)...
-----------------------------

      "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғалардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Н.Е.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2030 болып тіркелген, 2002 жылғы N 48 "Нормативтік құқықтық кесімдердің бюллетенінде" жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 14  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау
      агенттігінің төрағасы

      Келісілді
       Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы
      
      12 мамыр 2004 жыл

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2004 жылғы    
13 маусымдағы N 221      
бұйрығымен бекітілген     
"Қазақстан Республикасының  
кедендік шекарасы арқылы   
жол жүретін жеке адамдардың  
шетелдік және ұлттық     
валюталарды декларациялауының 
ережесін бекіту туралы"   

  Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке адамдардың шетелдік және ұлттық валюталарды декларациялауының ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің  265-бабына  сәйкес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкететін ұлттық және шетелдік валюталарды декларациялауының тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы;
      2) шетелдік валюта - шет мемлекеттердің валютасы;
      3) резиденттер - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, оның ішінде шет елде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрып оның мемлекеттік қызметінде болатын жеке адамдар;
      4) резидент емес тұлғалар - осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар.

      3. Резиденттер және резидент емес тұлғалар валюталарды тікелей Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде қолда бар шетелдік және ұлттық валюталар Қазақстан Республикасының кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органына осы Ережеге сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып, жазбаша нысанда декларацияланады.

  2. Валютаны Қазақстан Республикасына әкелу кезінде декларациялау

      4. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың қолда бар шетелдік және ұлттық валюталарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған кезде шектеусіз жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін қолда бар ұлттық және шетелдік валюталарды жазбаша декларациялау мен кедендік ресімдеу жеке тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      6. Жеке тұлғаның әкелінетін қолда бар шетелдік валютаны жазбаша декларациялауды және кедендік ресімдеуді жүргізуден бас тартуы оны кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуге негіздеме болып табылатын құжаттарды ұсыну қажеттігінен босатпайды.

  3. Резиденттердің Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау

      7. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі шектеусіз және Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялаусыз жүзеге асырылады.

      8. Резиденттер Қазақстан Республикасының кеден аумағынан оның шыққан тегін растайтын құжаттарды ұсынбастан он мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшердегі қолма-қол шетел валютасын әкете алады.

      9. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан он мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшердегі қолма-қол шетелдік валютаны әкетуіне осы Ереженің 10-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.

      10. Резиденттер осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген соманың сыртында Қазақстан Республикасының кеден аумағына оның Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінгендігін растайтын кеден декларациясында көрсетілген соманың шегінде Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкетуге құқылы.

      11. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялауға жатпайды.

      12. Резиденттердің Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларациялауға жатады. Жазбаша декларациялау әкетілетін қолма-қол шетелдік валютаның бүкіл сомасына жүзеге асырылады.

  4. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасынан әкететін қолма-қол валютаны декларациялау

      13. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан қолма-қол ұлттық валютаны әкетуі шектеусіз және Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялаусыз жүзеге асырылады.

      14. Резидент емес тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан оның шыққан тегін растайтын құжаттарды ұсынбастан үш мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшердегі қолма-қол шетел валютасын әкете алады.

      15. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшердегі қолма-қол шетелдік валютаны әкетуіне осы Ереженің 16-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.

      16. Резидент емес тұлғалар осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген соманың сыртында Қазақстан Республикасының кеден аумағына оның Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінгендігін растайтын кеден декларациясында көрсетілген соманың шегінде Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген қолма-қол шетел валютасын әкетуге құқылы.

      17. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан аспайтын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына жазбаша декларациялауға жатпайды.

      18. Резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан үш мың АҚШ долларының баламасынан асатын мөлшерде қолма-қол шетел валютасын әкетуі Қазақстан Республикасының кеден органына міндетті жазбаша декларациялауға жатады. Жазбаша декларациялау әкетілетін қолма-қол шетелдік валютаның бүкіл сомасына жүзеге асырылады.

  5. Қорытынды ережелер

      19. Осы Ереженің 10 және 16-тармақтарына сәйкес қолма-қол шетел валютасын әкету үшін ұсынылатын кеден декларациясы кедендік ресімдеу жүргізілген кеден органында қалатын жолаушылардың кеден декларациясы данасына қосылады.

      20. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан төлем кәртішкелерін пайдалана отырып ұлттық және шетел валютасын әкетуі жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады.

      21. Резиденттердің және резидент емес тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бастапқы құны (номинал) ұлттық және шетелдік валютада көрсетілген төлем құжаттарын (вексельдерді, чектерді, оның ішінде жол чектерін) әкетуі жазбаша декларациялауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады