N 1720 болып тіркелген "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2904. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 167 бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде  N 2083 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 784-құжат), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 154 бұйрығына енгізілген өзгерістері бар (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде  N 2878 болып тіркелген) "Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 148  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2002 жыл, N 7-8, 542-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:

      3-тармақта:
      "арнайы бөлім және медициналық бөлім қызметкерлерімен бірлесіп" деген сөздер "арнайы бөлім мен медициналық бөлім қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуымен" сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дене жарақаттары анықталған факті туралы кешіктірілмей жазбаша түрде қадағалаушы прокурорға хабарланады.";

      10-тармақтың 10) тармақшасында "сотталғандардың" сөзінен кейін ", түрмеде, камералық үлгідегі үй-жайда отырған сотталғандарды және өмір бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақта:
      9) тармақшада "пайдалануына" сөзінен кейін ", лақап ат беруге және сол арқылы басқа сотталғандармен байланысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) тармақшада "азық-түліктерді" деген сөзден кейін ", ыдыс-аяқтарды" деген сөзбен толықтырылсын;

      29-тармақта "график бойынша," деген сөздердің алдынан "сотталғандардың назарына жеткізілетін" деген сөздерімен толықтырылсын;

      61-тармақтағы "не болмаса соттың шешімімен жойылады" деген сөздер алынып тасталсын;

      65-тармақ "және" деген сөзден кейін "ТМ-нің қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға бағытталғандарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-қосымшада:
      Сотталғандарға өздерімен бірге ұстауға, посылкалармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға, түзеу мекемелерінің дүкендерінен сатып алуға рұқсат етілетін заттар мен бұйымдардың тізбесінде:
      он алтыншы абзацтағы "арбалар" деген сөзден кейін ", қымбат бағалы емес металдардан жасалған оправасы бар көзәйнектер, контактілік линзалар және оларды күтіп-баптау құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толтырылсын:
      "Телефонның Smart-карталары";

      4-қосымшада:
      Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің үлгісінде:
      "20" және "80" деген сандар тиісінше "80" және "300" деген сандармен ауыстырылсын;
      Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің сипаттамасында:
      үшінші абзацта:
      "лента" деген сөз "жұмыс орынында ғана тағылып байланатын шүберек" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "20х80" деген сандар "80х300" деген сандармен ауыстырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Омырау белгілері киімге кеуденің оң жағына тігіледі, қолға тағатын белгілер сол қолдың жеңіне тағылады";

      10-қосымшада:
      Сотталғандарға кездесулер, телефонмен сөйлесулер, посылкалар, бандерольдер беру тәртібі және ұсталу жағдайы бойынша дүкеннен товар алудың тиістілік нормасы жөніндегі кестеде:
      "Телефонмен сөйлесулер" деген барлық баған бойынша "4" деген сан "шектеусіз" деген сөзбенен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді

       Қазақстан Республикасы
      Бас Прокурорының
      бірінші орынбасары
      ______________________
           (өз қолы)

       2004 жылғы 7 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады