Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 30 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2922. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 11 қарашадағы N 691 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.11 N 691 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының "Азаматтардың денсаулығы туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес және медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.07.10. N 353 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медицина ғылымы, білім, медицинаны дамыту және халықаралық қатынастар департаменті (Хамзина Н.Қ.), Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медицина ғылымы, білім, медицинаны дамыту және халықаралық қатынастар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр А.А.Ақановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрінің    
"Медициналық және фармацевтикалық  
білімі бар мамандардың біліктілігін 
арттыру және қайта даярлау     
ережесін бекіту туралы"       
2004 жылғы 9 маусымдағы       
N 462 бұйрығымен           
бекітілген             

Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес әзірленген және медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды. K090193
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.07.10. N 353 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың (бұдан әрі - мамандар) біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша медициналық және фармацевтикалық білім берудің (бұдан әрі - қосымша білім беру) негізгі нысандары болып табылады.

      3. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың негізгі мақсаты - денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Мамандарға қосымша білім берудің міндеттері:
      1) жаңа теориялық білім мен практикалық дағдылар алуда және бар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңғыртуда денсаулық сақтау кадрларының қажеттіліктерін қанағаттандыру;
      2) алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын практикада қалыптастыру және бекіту;
      3) кәсіби және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарының озық тәжірибелерін үйрету болып табылады.

      5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру барлық еңбек қызметі бойында кемінде бес жылда бір рет, жұмыстан қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі.

      6. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде оқытудың мынадай түрлері жүргізіледі: біліктілікті арттыру және қайта даярлау (мамандандыру).

      7. Қосымша білім беру бағдарламалары, меншік түріне қарамастан, білім беру қызметіне лицензиясы бар медициналық ғылыми және білім беру ұйымдарында іске асырылады.

      8. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру Мамандықтар бойынша біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың типтік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі - Типтік бағдарламалар) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Типтік бағдарламалар бес жыл мерзімге әзірленеді. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін Типтік бағдарламаларды кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау саласындағы әдістемелік орган әзірлейді, республиканың медициналық жоғары оқу орындарының Оқу-әдістемелік бірлестігімен келісіледі және денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган бекітеді.
      Орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін Типтік бағдарламаларды Республикалық оқу-әдістемелік орталық әзірлейді және денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган бекітеді.
      Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар Типтік бағдарламалар негізінде Мамандықтар бойынша біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың жұмыс оқу бағдарламаларын (бұдан әрі - Жұмыс бағдарламасы) және мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарларын әзірлейді.

      10. Оқу ұзақтығы Жұмыс бағдарламасының мазмұнымен айқындалады.

      11. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін оқу мерзімі біліктілігін арттырғанда жалпы жетілдіру циклдарында 144 сағаттан 288 сағатқа дейін, тақырыптық жетілдіру – 36 сағаттан 234 сағатқа дейін, қайта даярлауда (мамандандыруда) - 288 сағаттан 864 сағатқа дейін.
      "Денсаулық сақтаудағы менеджмент" мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында қайта даярлау 1140 сағатқа дейінгі мерзімде болуы мүмкін.
      Медициналық және фармацевтикалық орта білімі бар мамандар үшін оқыту мерзімі жалпы жетілдіру циклдарында 72 сағаттан 144 сағатқа дейін, тақырыптық жетілдіру 36 сағаттан 72 сағатқа дейін, қайта даярлауда (мамандандыру) - 216 сағаттан 288 сағатқа дейін.
      Бір академиялық аптаның ұзақтығы 36 оқу сағатын, бір жұмыс күні 6 академиялық сағатты құрайды, бұған қоса, тыңдаушылардың өз бетінше даярлануына да уақыт қарастырылады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.07.10. N 353 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Қосымша білім беру бағдарламасын 72 сағат көлемінде меңгерген мамандарға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес куәлік беріледі, 72 сағаттан артық меңгергендерге осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес куәлік беріледі.

      13. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шарт негізінде немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Басқа жерлерден келген тыңдаушыларға іссапар шығыстарын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

2. Мамандардың біліктілігін арттыру

      14. Біліктілікті арттырудың мақсаты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңарту, сондай-ақ бұрын алған білімдері мен дағдыларын одан әрі жетілдіру болып табылады.

      15. Біліктілікті арттыру оқытудың мынадай түрлерін қамтиды:
      1) Жалпы жетілдіру - мамандық бойынша, оның жалпы бөлімдері және аралас пәндер бойынша өзекті мәселелерді оқыта отырып, мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес мамандарға қойылатын практикалық дағдыларды меңгерту.
      Жалпы жетілдіру осы мамандық бойынша интернатурада оқыған не қайта даярлаудан (мамандандырудан) өткен медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін көзделген.
      2) Тақырыптық жетілдіру - жұмысының сипатына және атқарып жүрген қызметіне сәйкес мамандықтың жеке бөлімдері және бағыттары бойынша теориялық білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын жетілдіру.
      Тақырыптық жетілдіру осы мамандық бойынша жалпы білімді жетілдіруді өткерген медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін көзделген.

      16. Біліктілікті арттыру электрондық және телекоммуникациялық құралдардың көмегімен қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.

3. Мамандарды қайта даярлау (мамандандыру)

      17. Мамандарды қайта даярлаудың (мамандандырудың) мақсаты Жоғары және орта кәсіби білім даярлығы мен мамандықтар бағытының жіктемесінде көзделген мамандықтар шеңберінде кәсіби қызметті орындау мен жаңа біліктілік алу үшін қажетті білім, дағды және мамандық алу болып табылады.

      18. Ұйымдардың таратылуына, штатының немесе санының қысқаруына байланысты қызметкерлер босатылған жағдайларда кәсіби қайта даярлау осы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған ұйымның қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

    

4. Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың
        шетелде біліктілігін арттыру және қайта даярлау

        Ескерту: 4-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 799   бұйрығымен .

      19. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар жіберілуі мүмкін.
      Азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім саласында басшылықты жүзеге асыратын және 014 "Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының әкімшісі болып саналатын (бұдан әрі - уәкілетті орган), олардың тізбесін Қазақстан Республикасының орталық атқару органы жыл сайын бекітетін мамандықтар бойынша шетел ұйымдарында біліктілікті арттыру мен қайта даярлауды жүзеге асырады.

      20. Уәкілетті орган республика мамандарын медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға шетелге жіберу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.

      21. Комиссия өз жұмысын осы Ережеге және уәкілетті орган бекітетін Республика мамандарын медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға шетелге жіберу жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      22. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган мен шетелдік медициналық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік ұйымдардың медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар (бұдан әрі - шарт) жасалады.
      Шартта:
      1) шарттың мәні;
      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      3) егер медицина және фармацевтика қызметкерлері дәлелсіз себептермен оқу бағдарламасынан шығып кеткен немесе шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда уәкілетті орган мен мемлекеттік ұйымдардың медицина және фармацевтика қызметкерлерімен арасындағы шартта - оның біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі.

      23. Уәкілетті орган мен шетелдік медициналық ұйымдар арасындағы шарт мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттырғаны үшін ақша аударуға негіз болып табылады.

      24. Мемлекеттік ұйымдардың медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат оқу, визаларды, шетелдік медициналық ұйымдардың сауалнамалық нысандарын ресімдеу, мамандарды шетелдік медициналық ұйымдарда орналастыру бойынша медицина және фармацевтика қызметкерлерін қабылдайтын елдердің уәкілетті органдарында тіркеу, телефон, электрондық, пошталық байланыс, тұруы, тамақтануы, оқу әдебиеті, медициналық сақтандыру, Қазақстандағы тұрғылықты жерінен оқитын жерге дейінгі және оқуды аяқтаған соң қайту жолақысы, үміткерлерді іріктеу жөніндегі шығындарды, шетелдік серіктестердің уәкілетті органмен шарттар бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаумен байланысты шығындарын төлеу үшін барлық шығыстар түрлерін төлеуді қамтиды.

      25. Шетелдердің медициналық ұйымдарында біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткен мамандар уәкілетті органға және біліктілік бейініне сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларына (департаменттеріне) әйтпесе мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау немесе фармацевтикалық бақылау басқармаларына (бөлімдеріне) мынадай құжаттамалар береді:
      1) біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттың көшірмесі;
      2) шетелде біліктілік арттыру және қайта даярлау циклынан өткені туралы есеп, цикл бағдарламасын береді (оқу аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде).

                              Медициналық және фармацевтикалық   
                             білімі бар мамандардың біліктілігін  
                             арттыру және қайта даярлау ережесіне 
                                           N 1-қосымша

              Біліктілігін арттырғаны туралы куәлік
                             N _____

__________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)
ол 20___ жылғы "___"_______________ бастап "____"___________ дейін
__________________________________________________________ жанында
                          (ұйымның атауы)
____________________________________________________ циклы бойынша
________________________________________________ мамандығы бойынша
_____________________________________ сағат көлемінде біліктілігін
арттырудан өткені үшін берілді
__________________________________________________________________
                      (басшының Т.А.Ә., қолы)

      Мөрдің орны
      Берілген күні 20___ жылғы "____" _______.

                                 Медициналық және фармацевтикалық   
                                білімі бар мамандардың біліктілігін
                                арттыру және қайта даярлау ережесіне
                                             N 2-қосымша

                  Біліктілігін арттырғаны
                 (қайта даярлықтан өткені)
                        туралы куәлік
                           N _____

Осы куәлік _______________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________ жанында
                             (ұйымның атауы)
20__ жылғы "___"____________ бастап "___" _____________ дейін
________________________________________________ мамандығы бойынша
_________________ сағат көлемінде мамандығын арттырғанын (қайта даярлықтан өткенін) растайды
__________________________________________________________________
                       (басшының Т.А.Ә., қолы)

      Мөрдің орны
      Берілген күні 20 жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады