"Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88, N 763 тіркелген бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 18 маусымдағы N 140-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2957. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө Бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты   әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 236-ө Бұйрығымен.

---------------- Бұйрықтан үзінді ------------------

       "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы N 754 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: ...
      3) "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан 
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 140-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде
N 2957 тіркелген).

      Министр

----------------------------------  

      Мүгедектердің сұранысын қазіргі заман талаптарына жауап беретін протездік-ортопедиялық бұйымдармен анағұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында Бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 763 тіркелген), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө  бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1910 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 33, 666-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген  бұйрығына  мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы Нұсқаулықта:

      2-тармақ "қол және аяқ" деген сөздерден кейін ", көкірек бездері" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтағы "және т.б." деген сөздер ", жіңішке таяқтар, балдақтар, жетек арбалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Негізгі протез берілгенге дейін, мүгедектер медициналық көрсеткіштері бойынша пайдалану мерзімі 6 айдан аспайтын үйрену-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі.
      Мүгедектер негізгі протездермен осы нұсқаулықтың 10, 12-тармақтарында белгіленген пайдалану мерзіміне қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс протездері мүгедектерге, олардың тілектері бойынша қосалқы құралдарымен бұйымның негізгі түрін алумен бір мезгілде беріледі.";

      9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық бұйымдарды медициналық айғақтамалар бойынша беру, сондай-ақ оларды жөндеу тегін жүргізіледі:";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазіргі заманғы технология бойынша жасалған модульдер мен бөлшектер негізіндегі қол және аяқ протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап үш жылдан кейін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - екі жылдан кейін жүргізіледі.
      Көкірек бездері протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап екі жылдан кейін жүргізіледі.
      Қазіргі заманғы технологиямен жасалған табан модулінің, косметикалық қаптауларды, протез тысқаптарын пайдаланудың кепілді мерзімі - бір жылға дейін.";

      13-тармақ алынып тасталсын;

      15-тармақ "Көкірек бездерінің протездері ішкиімнің (бюстгалтер) екі жиынтығымен беріледі." деген сөйлеммен толықтырылсын;

      24-тармақ "шұғылдығын" деген сөзден кейін "Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      31-тармақтағы "кеуде темірлерімен" деген сөздер алынып тасталсын;

      32-тармақ алынып тасталсын;

      45-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау Министрі

      "23" маусым 2004 ж.

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау
      Министрі
      "25" маусым 2004 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады