Мүлікті салық және кеден берешегі есебіне иеленуді шектеудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2992. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 637 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 637 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Осы бұйрықтың N 36 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Жәмішев

                                          Қазақстан Республикасы
                                              Қаржы министрінің
                                         2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                         N 637 бұйрығымен бекітілген
                                                  36-қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1) ...
      2) "Мүлікті салық және кеден берешегі есебіне иеленуді шектеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2992 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланды, 2004 жылғы, N 37-40, 1024-бет, 2005 жылғы 19 ақпандағы N 8 (217) "Официальная газетада" жарияланды);
      3) ...
      4) ...

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 48-бабын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 353-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын :
      1. Мыналар:
      1) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы шешімнің нысаны (1-қосымша);
      2) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы тізімдеме актісінің нысаны (2-қосымша);
      3) Салық төлеушінің салық берешегінің (төлеушінің кеден төлемдерi мен салықтар бойынша берешегі) есебіне мүлікті иеленуде шектеу туралы тізімдеме актісін жасау тәртібінің нысаны  (3-қосымша).
      2. "Салық төлеушінің салық берешегінің есебіне мүлікті иеленуде шектеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 104 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 ақпанында N 1777 тіркелген; "Нормативтік құқықтық актілер бюллетені" N 17, 2002 жыл) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіру басқармасына (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігімен келісуге;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы
      2004 жылғы 12 шілде

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Салық және кеден төлемдерi
                                        берешегінің есебіне мүлікті
                                         иеленуде шектеудің кейбір
                                            мәселелері туралы"
                                         Қазақстан Республикасының
                                             Қаржы министрлігі
                                        Салық комитеті Төрағасының
                                          2004 жылғы 12 шілдедегі
                                         N 347 бұйрығына 1-қосымша

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 83 бұйрығымен .

     Салық төлеушінің билік ету мүлкін салық берешегінің
      (төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
              берешегінің) есебіне шектеу туралы
                             ШЕШІМ

      200__ж. "____"_________                             N _____

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 48-бабына
(Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 352-бабына ) сәйкес
__________________________________
      (облысы, қала, аудан)

____________ бойынша Салық комитеті (Кедендік бақылау департаменті)
____________________________________________________________атынан
            (басшының немесе орынбасардың аты-жөні)

200_ жылғы ____________ N______ мерзімінде орындалмаған салық
міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын
шаралар туралы хабарламаның (берешек пен өсімақыны өтеу туралы
хабарлама) негізінде
___________________________________________________________________
             (салық төлеушінің (төлеушінің) атауы,
___________________________________________________________________
                   заңды мекен-жайы, СТН-і)
салық төлеушінің (төлеушінің) билік ету мүлкін ____________________
                                            (санмен және жазумен)

___________________сомаға салық берешегінің есебіне шектеуді ШЕШТІ,
  cоның ішінде:

1 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

2 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

3 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

4 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

5 _________________  ______________  ________________  ____________
   (төлемнің коды,   (төлем сомасы)  (өсімақы сомасы)    (айыппұл
    атауы)                                                сомасы)

      ____________________________________________________
             (салық (кеден) органының қолы, мөрі)

      Салық төлеушіні қаржы лизингіне және (немесе) кепілге
берілген мүлігін иеленуде шектеу туралы шешім шығарылған кезде, осы
мүлікке қатысты салық органы шешім шығарған сәттен бастап және оның
күшін жойғанға дейін салық органдарына шарттың қолданыс мерзімі
тоқтатылғанға дейін бұл мүлікті алып қоюға, ал салық төлеушіге -
шарттың талаптарын (шарттың қолданыс мерзімін ұзарту, сублизинг
және (немесе) кепілге қайта салу) өзгертуге тыйым салынады.
      Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға
берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде
кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны
жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке
меншік құқығын беруге тыйым салынады.

      Шешімді алды
      ______________________________________________________
      (салық төлеушінің (төлеушінің) қолы, (мөрі) және күні)

                                     Төлеушінің билік ету мүлкін 
                                      салық және кеден төлемдерi 
                                    берешегінің есебіне шектеудің
                                      кейбір мәселелері туралы  
                                       Қазақстан Республикасы  
                                      Қаржы министрлігі Салық   
                                       комитеті Төрағасының     
                                      2004 жылғы 12 шілдедегі   
                                          N 347 бұйрығына       
                                            N 2-қосымша        

       Төлеушінің салық берешегінің /кеден төлемдерi
        және салықтар бойынша берешегінің/ есебіне
        билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің
                          Актісі

200_ жылғы "___"___________                                 N_____

_____________________________________________________ бойынша Салық
                 (облысы, қала, аудан)

комитеті/Кеден бақылауы департаменті ______________________________
____________________________________________________________атынан
(салық /кеден/ органының лауазымды тұлғасының аты-жөні)

200_жылғы "___"________ N_____ салық төлеушінің билік ету мүлкін
салық берешегінің есебіне шектеу туралы ШЕШІМНІҢ негізінде
___________________________________________________________________
          (салық төлеуші лауазымды тұлғаларының аты-жөні)
________________________________________________________ қатысуымен
___________________________________________________________________
    (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы, заңды мекен-жайы)
салық төлеушіге тиесілі мүліктің тізімдемесін жүргізді.

      Тізімдемеде мынадай мүлік қозғалады:
____________________________________________________________________
N|  Толық сапалы  |Саны |Бухгалтерлік  |Тәуелсіз бағалаудың |Жиыны
  | сипаттамасымен |     | деректердің  |  (әрқайсысының)    |
  | мүліктің атауы |     |  негізінде   |      бағасы        |
  |                |     |   бағасы     |                    |
  |                |     |(әрқайсысының)|                    |
__|________________|_____|______________|____________________|______
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Сипатталған мүлік құнының жиыны:
_________________________________________________ теңгені құрайды
               (санмен және жазумен)

      Осы 200_ жылғы "___"________ N_____ Салық төлеушінің салық
берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің
актіде айтылған барлық негізгі құралдарды салық органы мен салық
төлеушінің лауазымды тұлғалары заттай түрде және менің (біздің)
қатысуыммен тексерді және тізімдемеге енгізілді, осыған байланысты
түгендеуге талабым жоқ.
      Тізімдеме актісінде санамаланған негізгі құралдар менің
(біздің) жауапты сақтауымда (-ызда).
      Билік етуі шектелген тізімдемеде келтірілген мүлікті
шығындағаны, иеліктен шығарғаны немесе заңсыз бергені үшін
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 357-бабы бойынша
қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
      Негізгі құралдардың сақталуына жауапты тұлға(-лар):

__________________  ___________________ ____________________________
   (лауазымы)             (қолы)          (қолының толық жазылуы)

__________________  ___________________ ____________________________
   (лауазымы)             (қолы)          (қолының толық жазылуы)

      Осы Тізімдеме актісінде көрсетілген деректер мен есептеулерді
тексерді:
__________________  ___________________ ____________________________
(салық төлеуші)          (қолы)          (қолының толық жазылуы)
 

       Тізімдеме актісін жасады
___________________________________________________________________
          (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы)

      Тізімдеме актісімен таныстым және бір данасын алдым:
___________________________________________________________________
        (салық төлеуші лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы)

      Ескерту.
      Тізімдеме жүргізген тұлға және салық төлеушінің лауазымды тұлғасы Тізімдеме актісінің әрбір бетіне қол қояды.

Төлеушінің билік ету мүлкін 
салық және кеден төлемдерi 
берешегінің есебіне шектеудің
кейбір мәселелері туралы  
Қазақстан Республикасының  
Қаржы министрлігі Салық   
комитеті Төрағасының     
200__ ж. "___"_______   
N__ бұйрығына       
N 3-қосымша        

Төлеушінің салық берешегінің/кеден төлемдерi
және салықтар бойынша берешегінің/есебіне
билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің
актісін жасаудың тәртібі

      Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 48-бабына /Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 352-бабына / сәйкес әзірленді және Төлеушінің салық берешегінің/кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/ есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасаудың тәртібін айқындайды.
      1. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі Салық кодексінің 48-бабына/Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 352-бабына/ сәйкес салық/кеден органы шығарған Төлеушінің билік ету мүлкін салық берешегінің/кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/ есебіне шектеу туралы шешімді салық төлеушіге тапсырғаннан кейін жасалады.
      2. Салық төлеушінің лауазымды тұлғасы салық/кеден органына Мүліктің тізімдеме актісін жасау үшін тиісті бухгалтерлік құжаттарды, мұндай мүлікке меншікті және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте салық/кеден органы төлеушінің салық берешегінің/кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/ есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасаған кезде мүлікті бухгалтерлік есеп деректерімен оның бастапқы құны мен тозу деңгейін ескеретін сипатталатын мүліктің нақты болуы мен сапасының сәйкестігіне түгендеу жүргізеді. Одан кейін салық органы бухгалтерлік есеп деректерінің немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық кесімдеріне сәйкес келтірілген тәуелсіз бағалаудың негізінде айқындалатын бағаны көрсетеді. Соңғысы Тізімдеме актісінде бар болған кезде тәуелсіз бағалаудың деректері көрсетіледі.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 83 бұйрығымен .
      3. Тізімдемелерге тез бұзылатын тауарларды қоспағанда, кез келген мүлік кіреді.
      4. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі 2 данада жасалады. Бұл ретте Төлеушінің билік ету мүлкін салық берешегінің /кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/есебіне шектеу туралы шешімді және Төлеушінің салық берешегінің/кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін салық/кеден органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.
      Тізімдеме актісіне оны жасаған тұлға, сондай-ақ заңды тұлға - салық төлеушінің лауызымды тұлғасы қол қояды.
      Тізімдеме актісінің бір данасы заңды тұлға - салық төлеушінің лауазымды тұлғасына табыс етіледі, екінші данасы салық/кеден органында қалдырылады.
      5. Тізімдеме актісі өзінің негізінде ол жасалған төлеушінің билік ету мүлкін салық берешегінің/кеден төлемдерi және салықтар бойынша берешегінің/есебіне шектеу туралы шешім күшін жойғанмен бір мезгілде күшін жояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады