"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2004 жылдың 21 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Министр
"Амбулаториялық емдеу кезінде
дәрілік заттар мен балаларға
арналған және шипалы тағамдық
арнаулы азық-түлік тегін
босатылатын науқастар түрлерінің
және тұрғындардың жекелеген
санаттарының тізбесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 23 шілдедегі
N 554 бұйрығымен
бекітілген
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің тізбесі:
1) онкологиялық аурулар;
2) гематологиялық аурулар (темір тапшылықты анемиядан басқа);
3) психикалық аурулар;
4) эпилепсия;
5) туберкулез;
6) қант диабеті және қантсыз диабет;
7) мерез;
8) ЖҚТБ, АҚТҚ жұқтырған адамдар;
9) бруцеллездің ауыр түрі;
10) жүйелі (жіті) қызыл жегі;
11) жүйелі, созылмалы, ауыр тері аурулары;
12) бронх демікпесі;
13) Бехтерев ауруы;
14) Аддисонов ауруы;
15) Гипофизар ергежейлілігі;
16) жыныстық ерте даму;
17) фенилкетонурия;
18) муковисцидоз;
19) балалар церебральды сал ауруы;
20) Паркинсон ауруы;
21) бұлшық ет әлсіздігі;
22) ет дерттері;
23) Мари мишық қимыл үйлесімсіздігі;
24) Жіті ауыспалы порфирия;
25) Миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
26) балалар гемофилиясы.
2. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын тұрғындардың жекелеген санаттарының тізбесі:
бір жасқа дейінгі балалар.
3. Шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен қамтамасыз етілетін тұрғындардың жекелеген санаттары:
1) ерте жастан жасанды немесе қоспалармен қоректендіретін бір жасқа дейінгі балалар;
2) медициналық айғақтар бойынша шипалы тағамға мұқтаж үш жасқа дейінгі балалар.