Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының м.а. 2009.08.01 N 54-п бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы үшiн алдын ала сараптама өндiрiсi үшiн қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу бойынша бiрыңғай ережелердi бекiту мақсатында, Бұйырамын:
1. Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөнiндегi материалдарға қойылатын талаптар туралы берiлетiн Нұсқауды (бұдан былай - Нұсқау) бекiту.
2. Кенбайлық қорлары жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясымен қолданыстағы нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды жоғарыда бекiтiлген Нұсқауға сәйкес келтiру.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Кенбайлық қорлары жөнiндегi Мемлекеттiк комиссияның Төрағасы У.Ш.Кульсаринге жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет Министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап өз күшiне енедi.
Төраға
Қазақстан Республикасының Энергетика
және минералды ресурстар
министрлiгiнiң Геология және жер
қойнауын қорғау комитетi Төрағасының
"Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға
ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық
қорларын есептеу жөнiндегi
материалдарға қойылатын талаптар
туралы Нұсқауды бекiту туралы"
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 126-п бұйрығымен
Бекітілді
Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға ұсынылатын
қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөнiндегi материалдарға қойылатын талаптар туралы
Нұсқау 1. Жалпы ережелер
1. Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөнiндегi материалдарға қойылатын талаптар туралы Нұсқау (бұдан былай - Нұсқау) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылдың 15 ақпанындағы N 232 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы ережелердiң 10, 11 және 12-тармақтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заңды күшi бар 1996 жылдың 27 қаңтарындағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" N 2828 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 18 қазанындағы N 1288 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы Ережесiне сәйкес жасалды.
2. Алдын-ала сараптамалау арнайы уәкiлеттi органмен - Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң пайдалы кенбайлық қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен (бұдан былай - ҚМК) өткiзiледi және ұсынылатын геологиялық материалдар пайдалы кенбайлық қорларының саны мен сапасының объективтi бағасын бере алатын жағдайында жер қойнауын геологиялық зерттеудiң және игерудiң кез келген сатысында жүргiзiледi.
3. Пайдалы кенбайлық қорларын оң бағалауда мемлекеттiк балансқа қойылады және жер қойнауын пайдаланушы сараптамаға қорытынды есептi келесi ұсыну жағдайында барлау процесiндегi объектiнi тәжiрибелi (сынамалы) өндiрiсiн пайдалануға құқық алады, сонымен қатар пайдалы қазбалардың қайта өңдеуiнiң көлемдерi мен өткiзу мерзiмдерi анықталады.
4. Жер қойнауының алдын-ала сараптау нәтижелерi ҚМК хаттамасымен рәсiмделедi, онда келесi деректер берiледi:
1) пайдалы кенбайлықтың негiзгi және олармен қабаттасқан жатыс қорларын бекiту туралы;
2) пайдалы кенбайлық және бөлiктердi алу коэффициенттерi, категориялары бойынша қорларды тарату туралы;
3) өнеркәсiптiк, ғылыми және басқа мақсаттардағы жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалану мүмкiндiгi туралы.
5. Қатты пайдалы кенбайлық орындарының қорларын есептеу материалдары келесi жағдайларда алдын ала сараптамалауға жатады:
1) егер жаңа немесе бұрын зерттелген кен орындары, учаскелер және техногендi минералды объектiлер (бұдан былай - ТМО) С 2 санаттылық бойынша барланса;
2) кен орындарының қорлары қазымының экономикасын жақсартатын минералдық шикiзатты өндiрудiң және өңдеудiң жаңа iлгерiлiк технологиясын қолдануда;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың өтiнiшi бойынша немесе мемлекеттiк органдардың шешiмдерi бойынша;
4) пайдалы кенбайлықтың жаңа немесе тәжiрибелiк мәнге ие дәстүрлi емес түрлерiн тапқанда.
6. Нұсқаудың орындалуы жеке меншiк түрiне және ведомствалық бағынуына байланыссыз қатты пайдалы кенбайлық қорларын алдын-ала сараптауға ұсынатын Қазақстан Республикасының барлық жер қойнауын пайдаланушылары үшiн мiндеттi.
2. Кен орындардың зерттелуiне қойылатын талаптар
7. Кен орындарын зерттеу дәрежесi келесi ережелерге жауап беруi тиiс:
1) пайдалы кенбайлық қыртысының мөлшерi, үлгiсi, iшкi құрылысы және олардың жатыс жағдайы геологиялық, геохимиялық және геофизикалық деректермен бағаланған және сирек желi немесе бiр төтел, кен қазындылары бойынша пайдалы кенбайлықты ашумен расталады Морфологиялық кен қыртысының зерттелу дәрежесi қазу тәсiлiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi;
2) пайдалы кенбайлықтың сапасы және технологиялық қасиетi зертханалық сынама нәтижелерi бойынша анықталған және (немесе) сол немесе басқа ұқсас кен орындарының зерттелген учаскiсiнiң ұқсасытығы бойынша бағаланған;
3) гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, кен-геологиялық және басқа табиғат жағдайлары кен орындарының басқа учаскiлерi бойынша деректермен, барланған қазындыларды және (немесе) кен орындарының белгiлi аудандарының ұқсастығы бойынша бақылаумен зерттелген және кен қазындыларына күтiлетiн суағындарын, шаруашылық-ауыз суларының көздерiн, техникалық сумен қамтамасыз етудi, кен жыныстарының тұрақтылығы мен берiктiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi;
4) кен орындарын қазудың және минералдық шикiзаттарды өндiрудiң қоршаған ортаға әсерi жалпы түрде зерттелген, болашақ зерттеулердiң бағыттары белгiленген;
5) пайдалы кенбайлық қорларының пiшiнi табиғи жалаңаштанудың, сирек желiнiң немесе бiр төтелдiң, кен қазындыларының деректерi негiзiнде бағаланатын кондициялардың талаптарына сәйкес немесе геофизикалық, геохимиялық деректер және геологиялық құрылыстарды есепке алғандағы олардың жиынтығы бойынша, сонымен қатар жоғары санатты қорларды есептеуде пайдаланылған параметрлердiң экстраполяциялық геологиялық негiздемесi бойынша анықталған;
6) кешендiк кендердiң қорлары және олардағы негiзгi бөлiктер сол бiр санат бойынша есептелген, өнеркәсiптiк мәнге ие қабаттасқан бөлiктердiң қорлары негiзгi бөлiктердiң қорларын есептеу пiшiнiнде есептелген және олардың зерттелу дәрежесiне, таралу сипаты, орналасу үлгiсi және алу технологиясы бойынша бағаланған.
3. Қорларды есептеуге қойылатын негiзгi талаптар
8. Кен орындарының, учаскiлерiнiң және ТМО қорларын есептеу үшiн бекiтiлген бағалау кондициялары қолданылады:
1) қазiргi экономикалық жағдайларды есепке алғандағы ерте зерттелген кен орындары бойынша;
2) жаңа қазылған кен орындары үшiн.
4. Есептеу материалдарының мазмұны
9. Ұсынылатын есептеу материалдар есеп текстiсiнен, кестелiк және сызықтық қосымшалардан тұрады және алдын ала сараптау өндiрiсi үшiн қорларды есептеу бойынша барлық материалдарды қамтиды.
10. Есептiң мәтiндiк бөлiгi Кiрiспеден, Негiзгi бөлiмнен және Қорытындыдан тұрады.
Есептiң негiзгi бөлiмi келесi тарауларды қамтуы керек:
1) географиялық-экономикалық жағдайлар;
2) кен орны ауданының геологиялық қысқаша сипаттамасы;
3) кен орнының геологиялық құрылысының ерекшелiктерi;
4) жүргiзiлген геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесi;
5) кендердiң заттық құрамы және технологиялық қасиетi;
6) кен орнын қазудың гидрогеологиялық жағдайлары;
7) кен орнының кен-техникалық жағдайлары;
8) кен орындарын қазудың экологиялық жағдайлары;
9) пайдалы кенбайлық қорларын есептеу.
11. Есеп тараулары қысқаша түрде берiлуi керек және келесi мәселелер тiзiлiмiн қамтуы керек.
12. "Географиялық-экономикалық жағдайлар" тарауы:
1) кен орындарының орналасқан жерi және оның пайдалану (игеру) экономикалық көрсеткiштерiне әсер ететiн экономикалық-географиялық жағдайлары; климаты, орогидрографиясы, ауданның сейсмикалылығы; энергиямен және сумен қамтамасыз ету көздерi, көлiк коммуникациялары; ауданда кенөндiру кәсiпорындарының болуы; құрылыс материалдарымен қамтамасыздығы туралы деректер;
2) ауданның және кен орындарының ашылуы және зерттелуi туралы қысқаша мәлiметтер; геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзушi-ұйымдардың және жер қойнауын пайдаланушы-ұйымдардың атауы;
3) ерте зерттелген кен орындары бойынша - хаттамаларының күнi, нөмiрлерi көрсетумен, Ғылыми-техникалық кеңестердiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Түстi металлургия министрлiгiнiң қорлар жөнiндегi Орталық комиссиясының, ҚМК материалдарды қарауы туралы деректер; Мемлекеттiк баланспен немесе кадастрмен ескерiлген пайдалы кенбайлықтардың қорлары;
4) қазылатын кен орындарының аудандары, мүмкiн тұтыну шикiзаттары, конъюнктуралық жағдайлар туралы деректер.
13. "Кeн орындары аудандарының геологиясының қысқаша сипаттамасы" тарауы. Кен орындары аудандарында жүргiзiлген геологиялық-барлау жұмыстары (геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, тау-кен, бұрғылау және басқа) туралы деректер, ауқымы және зерттеу көлемi, ауданның геологиялық құрылымы және ауданның жалпы геологиялық құрылымындағы кен орындарының позициясы; жаңа кен орындарының табылу болашағы.
14. "Кен орнының геологиялық құрылысының ерекшелiктерi" тарауы:
1) кен орындарының (учаскiнiң) геологиялық-өнеркәсiптiк типi және геологиялық құрылысы; пайдалы кенбайлықтардың жатыс жағдайын, морфологиясын және сапасын анықтайтын құрылымдық, литологиялық және басқа да факторлар;
2) геологиялық, геохимиялық және геофизикалық деректермен бағаланған және барлау төтелдерi мен кен қазындыларымен пайдалы кенбайлықтардың ашылуын растайтын пайдалы кенбайлықтың мөлшерi, түрi, қыртысының iшкi құрылысы және жатыс жағдайы;
3) геологиялық ерекшелiктермен сипатталатын немесе кен орындары-ұқсастығына сәйкес, бар нақты деректермен орнатылған кен орындарының күрделiлiк тобы;
4) ұсақ тау жыныстары үшiн - ұсақ тау жыныстарын оқшаулау ерекшелiктерiнiң геоморфологиялық сипаттамасы (палеогео-сызықтық); оның жатыс жағдайы, өнiмдiлiк тақта үлгiсiнiң, мөлшерiнiң, құрылысының және құрамының ерекшелiктерi; шымтезектiң құрамы және қуаттылығы; плотиктiң геологиялық құрылысы.
15. "Жүргiзiлген геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесi" тарауы:
1) геологиялық құрылыстың күрделiлiк тобының әдiстемесiне сәйкестiгi;
2) кен орындарының бетiн зерттеу әдiстемесi;
3) төтелдердiң белгiленуi, тереңдiгi, диамертлерi, бұрғылау тәсiлдерi, жынысөзек шығымы; жынысөзектiң төменгi шығымымен төтелдер (аралықтар) пайызы, есептелетiн қорлардың дұрыстығына олардың әсерi; кен қыртысының (аумағының) төтелдермен қиып өту толықтығы;
4) кен жұмыстары, олардың белгiленуi және нәтижелiлiгi;
5) геологиялық-геофизикалық жұмыстардың қысқаша сипаттамасы; бұрғылау жұмыстарының деректерiмен салыстыру, пайдалану тиiмдiлiгi;
6) пайдалы кенбайлықты сынамалау әдiстемесi, әдiсi және тәсiлдерi, сынамалау сапасы, қуаттылығы бойынша сынамалау толықтығы, сыйымды жыныстарды сынамалау, сынама мен қазындылар қимасының сақталуын бақылау, теориялық және нақты сынама салмақтарының қатынасы, бақылаулы сынамалаудың көлемi және реттiлiгi, олармен пайдалы кенбайлық қыртысын қамту;
7) негiзгi, бақылаулы және төрелiк талдауларды олармен орындалған зертхана (кестелiк үлгiде) тапсырмаларымен жүргiзу әдiстерi;
8) сынама талдауларын сыртқы және iшкi бақылау деректерiн өңдеу нәтижелерi;
9) кендердiң көлемдiк салмағын және табиғи ылғалдылығын анықтау; көлемдiк салмақ шамасына кендердiң химиялық және минералдық құрамының әсерi;
10) бөлек параметрлер кен орындары-ұқсастығына сәйкес қабылдануы мүмкiн.
16. "Кендердiң заттық құрамы және технологиялық қасиетi" тарауы:
1) кендердiң минералдық және химиялық құрамы; пайдалы кенбайлықтардың табиғи типтерi, олардың кеңiстiкте таралуы; күлдiлiгiнiң болуы, пайдалы кенбайлықтың өнеркәсiптiк типтерi (технологиялық) және сорттарының бөлiну негiздемесi;
2) кiшi және үлкейтiлген-зертханалық технологиялық сынамаларды зерттеу нәтижелерi; минералдық шикiзатты өңдеудiң ұсынылатын технологиялық сұлбасы, өңдеудiң негiзгi көрсеткiштерi; қабаттасқан бөлiктердi, қабаттасқан пайдалы кенбайлықтардың өнеркәсiптiк пайдалану мүмкіндігі;
3) ұсақ тау жыныстарының кен орындары үшiн - құмда, шымтезекте, плотик жынысында бағалы бөлiктердiң мөлшерi, пайдалы минералдар түйiршiктерi жұмырлығының мөлшерi, түрi, дәрежесi, минералдағы пайдалы кенбайлықтардың немесе алтын сынамалығының мөлшерi; түйiршiктi құрамы, тасқорымдығы, саздылығы, құмдардың шайлуы;
4) ертерек зерттелген кен орындары бойынша нақты бар деректер келтiрiледi, бөлек параметрлер ұқсас-кен орындарына сәйкес қабылдануы мүмкін.
17. "Кен орындарын қазудың гидрогеологиялық жағдайлары" тарауы:
1) кен орындарының су басуына қатысатын негiзгi сутасығыш деңгейжиектер; сулардың химиялық құрамы және бактериологиялық жағдайы, металға, бетонға және басқа ортаға олардың агрессивтiлiгi; көрерге және жерасты қазбаларына күтiлетiн суағындарының шамасы;
2) кен орындарының гидрогеологиялық күрделiлiгiн бағалау, кен орындарын құрғату бойынша ұсыныстар;
3) пайдалы кенбайлықты өндiру және өңдеу бойынша кәсiпорынды сумен қамтамасыз ету көздерi ретiнде бар және мүмкiн су ресурстарын бағалау, жерасты суларының жаңа кен орындарын табу мүмкiндiгi; кен орындарын субасуға қатысатын суларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалау;
4) кен орындарының бөлек параметрлерi ұқсас-кен орындарына сәйкес қабылдануы мүмкiн.
18. "Кен орындарының кен-техникалық жағдайлары" тарауы:
1) кен орындарын ашу және қазу тәсiлдерi;
2) кен орындарының кен-геологиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайларының күрделiлiгiн бағалау;
3) инженерлiк-геологиялық аудандау;
4) аршудың орташа және максималды коэффициенттерi, кәрер тереңдiгi және оның жағдауларының қиябет бұрыштары;
5) пайдалы кенбайлықтардың және сыйымды жыныстардың радиациялық сипаттамасы; адам денсаулығына әсер ететiн басқа факторлар.
Бұрын зерттелген кен орындары бойынша нақты деректер келтiрiлген, бөлек параметрлер ұқсас-кен орындарына сәйкес қабылдануы мүмкiн.
19. "Кен орындарын қазудың экологиялық жағдайы" тарауы:
1) экологиялық зерттеулердiң сипаттамасы;
2) пайдалы кенбайлықты өндiрудiң және өңдеудiң белгiленген технологиясының экологиялық жағдайға әсер ету мүмкiндiгiн бағалау; қоршаған ортаны қорғау және жердi қалпына келтiру бойынша ұсынылатын шаралар;
3) бөлек параметрлер ұқсас-кен орындарына сәйкес қабылдануы мүмкін.
20. "Пайдалы кенбайлық қорларын есептеу" тарауы:
1) қорларды есептеу үшiн бекiтiлген кондициялар, оларды бекiту уақыты, қазiргi экономикалық жағдайларда кондицияларды қолдану мүмкiндiгiн растайтын үлкейтiлген техникалық-экономикалық есептеудiң болуы;
2) кен орындарының геологиялық ерекшелiктерiн есепке алғандағы пайдалы кенбайлық қорларын есептеудiң қабылданған әдiстерi, оны барлау әдiстемелерi және қазу тәсiлдерi;
3) пайдалы кенбайлық қыртысын пiшiндеу қағидалары; қабылданған экстраполяция және интерполяция әдiстемелерi, және пайдалы кенбайлық қыртысын пiшiндеуде кондициялардың ауытқужағдайы, есептеу нәтижелерiне олардың әсер етуiн бағалау; кен қазындылары мен төтелдердің, сонымен қатар барлау линияларының аралық тiзiлiмдерi, қорларды есептеуде қолданылмаған деректер, оларды есептеуден жою себептерi;
4) есептеу блоктарының бөлiну қағидалары, қорлар санаттылығының негiздемесi;
5) есептеу параметрлерiнiң орташа шамасын анықтау әдiстемесi: пайдалы кенбайлықтардың және зиянды қоспалардың қуаттылығын, мөлшерiн, есептеу алаңдарының көлемдiк салмағын, ылғалдылығын, блок және пайдалы кенбайлық қорларының көлемдерiн және кендердiң технологиялық типiн; кондициялы емес учаскiлер, пайдалы кенбайлықтың технологиялық типтерiнiң қорларын, минералдық шикiзаттың сорт және маркiлерiнiң шығымдарын iшкi есептеудiң қабылданған статистикалық әдiстерi; ұсақ тау жыныстарының кен орындары үшiн - қопсытылған шөгiндiлердiң тасқорымдығын анықтау және есептеу, карбонатты жыныстардың, гипстiң және ангидриттiң кен орындары үшiн - карсттылығы;
6) пайдалы бөлiктердiң көп мөлшерiнiң бөлiну және пайдалы кенбайлық қыртысының қуаттылық әдiстемесi, қорларды есептеуде олардың әсер етуiн шектеу; есептелген блок, санаттылық, учаскi және толығымен кен орындары бойынша қорларды есептеу нәтижелерiне "ураганды" мәндердiң жүргiзiлген шектеулерiнiң әсерi;
7) компьютерлiк технологияны қолданумен қорларды есептеуде - пайдаланылатын алгоритм мен бағдарламалардың негiздемесi, олардың анықтамасы;
8) қабаттасқан бөлiктердiң қорларын есептеу әдiстерi; алынатын қорлардың жиынтығын есептеу әдiстемелерi, соның iшiнде арнайы тәсiлдермен (минералдар, зертханалық концентраттар бойынша, корреляция әдiсi бойынша); қабаттасқан бөлiктердiң қорларын олардың негiзгi пайдалы кен байлықтарын қорытындылайтын қорлар санаттылығына байланысты әртүрлi санаттылыққа жатқызу; толық кен орындары, кен қыртысы, пайдалы кенбайлықтың өнеркәсiптiк типi, тобы және қорлардың санаттылығы және қазу тәсiлдерi бойынша қабаттасқан бөлiктердiң қорларын есептеу нәтижелерi;
9) қорларды есептеу нәтижелерi, есептеу блоктары мен қорлардың санаттылығының өнеркәсiптiк типтерi мен сорттары бойынша негiзгi және қабаттасқан бағалы бөлiктердiң өнеркәсiптiк типтерiнiң баланстық және баланстан тыс қорларды есептеу нәтижелерi;
10) қорларды есептеу нәтижелерi С 2 санаттылығы бойынша олардың бiлiктiлiгiн және Р 1 санаттылығы бойынша болжамды ресурстарын қамтамасыз ету керек;
11) қорларды есептеу материалдарына есептелген қорларға және зерттелетiн объектiнiң рентабельдiлiк қазу мүмкiндiгiне негiзделетiн үлкейтiлген техникалық-экономикалық есептеулерi ұсынылады.
5. Материалдарды рәсiмдеуде қойылатын талаптар
21. Материалдар жеке есеп түрiнде рәсiмделедi және 60-80 беттi құрайтын мәтiннен, сонымен қатар геологиялық зерттелуiн, әдiстемесiн, нәтижесiн және бұрғылау, кен, гидрогеологиялық және басқа жұмыстардың сапасын, технологиялық зерттелуiн және пайдалы кенбайлықтардың есептелген қорларының сенiмдiлiгiн негiздейтiн мәтiндiк және кестелiк қосымшалардан, сызықтық материалдардан тұрады.
Материалдар авторлардың қатысуынсыз қорлардың есебi мен техникалық-экономикалық есептелуiн тексеруге мүмкiн болатындай құрастырылуы керек.
Мәтiндiк, кестелiк және графикалық қосымшалар кен орындарының геологиялық зерттелуiн, жүргiзiлген жұмыстардың әдiсi мен сапасын бағалауға және қорлардың жүргiзiлген есебiнiң дұрыстығын және негiздiлiгiн тексеруге мүмкiндiк беретiн көлемде ұсынылады.
Геология және жер қойнауын
қорғау комитетi Төрағасының
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 126-п бұйрығымен бекiтiлген
"Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға
ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық
қорларын есептеу жөнiндегi
материалдарға қойылатын талаптар
туралы Нұсқауға"
қосымша
Алдын-ала мемлекеттiк сарапнамаға ұсынылатын
қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөнiндегi материалдарға авторлық анықтаманың типтiк мазмұны
Авторлық анықтама қысқаша түрде алдын ала сараптама өндiрiсi үшiн қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу бойынша материалдарды қамтиды. Оның көлемi компьютерлiк терiлген 10 беттен тұруы және келесi қысқаша деректер кiруi керек:
1. Кен орындарының географиялық-экономикалық сипаттамасы: облысы, ауданы, географиялық координаталары, темiр жол станцияларынан, елдi мекендерден және тұтынушылардан алшақтығы; табиғи-климаттық жағдайлары; су көздерi; экономикалық жағдайлары - ауданды, халықты және оның жұмысбастылығын, бар немесе жоспарлы құрылыс кәсiпорындарын, электро-, су-, жылумен қамтамасыз ету және тағы да басқа кооперациялау мүмкiндiгiн игеру.
2. Кен орындары аудандарының геологиялық сипаттамасы. Жүргiзiлген геологиялық-барлау жұмыстарының кешенi, ауқымы және зерттеу көлемi, ауданның жалпы геологиялық құрылымдағы кен орындарының позициясы, жаңа кен орындарын табу болашағы туралы мәлiметтер. Жер қойнауын пайдаланушы, бұрын бекiтiлген кен орындарының қорлары және олардың қозғалысы туралы мәлiметтер.
3. Кен орындарының геологиялық құрылысының ерекшелiктерi, геологиялық-өнеркәсiптiк типi, морфология, пайдалы кенбайлық жатысының жағдайы және қыртыстың iшкi құрылысы қатты пайдалы кенбайлық және болжамды ресурстардың кен орындары қорларының Сыныптылығы бойынша кен орындарының күрделiлiк тобы.
4. Жүргiзiлген геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесi, геологиялық құрылыс күрделiлiк тобына оның сәйкестiгi, барлау желiсiнiң өлшемi, жұмыс түрлерi және кезең бойынша олардың көлемi; сынамалау және аналитикалық жұмыстары. Жұмыс сапасы.
5. Кендердiң заттық құрамы және технологиялық қасиетi. Шикiзаттың сапасы туралы негiзгi деректер (минералдық және химиялық құрамы, физикалық-механикалық қасиетi, қабаттасқан пайдалы кенбайлықты және бағалы бөлiктердi қосқанда); сорттық құрамының сипаттамасы (маркалы); пайдалы бөлiктердiң және зиянды қоспалардың шектi және орташа мөлшерi; пайдалы кенбайлықтың табиғи түрлiлiгiнiң және өнеркәсiптiк типтерi мен сорттарының кеңiстiктi таралу заңдылығы туралы мәлiметтер, бөлек пайдалы және зиянды бөлiктердiң және кенсiз жыныстарды қосу. Шикiзатты өңдеу бойынша жүргiзiлген технологиялық зерттеулер нәтижелерi, оның кешендi пайдалануын есептегендегi, қабылданған сұлба бойынша негiзгi технологиялық және техникалық-экономикалық параметрлерi.
6. Гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық және экологиялық жағдайлар, негiзгi су тасығыш деңгейжиектер, нақты және күтiлетiн суағындары, ұсынылатын сумен қамтамасыз ету көздерi.
7. Кен орындарын қазудың кен-техникалық және инженерлiк-геологиялық жағдайлары, күтiлетiн газтасығыштық, пневмокониоз- және таукен жұмыстарын жүргiзудегi жарылуға қауiптiлiк.
8. Кен орындарын қазудың экологиялық жағдайы, табиғатты қорғау саласындағы қолданыстағы заңдарды сақтау бойынша шаралары (жердi қалпына келтiру, өнеркәсiп қалдықтарын тазалау немесе жерге көму).
9. Пайдалы кенбайлық қорларын есептеу, қорларды есептеу үшiн бекiтiлген кондиция варианттары, қорларды есептеу әдiстерi, кен қыртысының жұмырлану қағидалары, экстраполяция әдiсi, кондициядан шегiну жағдайлары, есептеу блоктарының бөлiнiп шығу қағидалары, қабаттасқан бөлiктердiң қорларын есептеу әдiстерi, қорларды есептеу нәтижелерi, қорлардың құрама кестесi, кондицияның ұсынылатын варианттары бойынша қорлар. Қорлар өсiмiнiң келешегi, болжамды ресурстардың бағасы.
10. Кен орындарын қазудың үлкейтiлген техникалық-экономикалық есептерi. Барлау процесiнде объектiнi тәжiрибелi пайдалану (сынамалы) өндiрiсiнiң, сонымен қатар тәжiрибелi пайдалану мерзiмдерiнiң, пайдалы кенбайлықтарды өңдеу көлемiнiң және оларды алу коэффициенттерiнiң негiздемесi.
Анықтамаға тапсырмасы бойынша қорларды есептеу материалдары дайындалған ұйымның жауапты өкiлi қолын қояды, ұйым-орындаушының мөрiмен куәландырылып, өкiлi қолын қояды. Ол парақтың бiр жағында жолдар арасы бiр жарым аралықпен басылған 5 данада ұсынылады.