Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3065. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы   N 49   (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан   қараңыз) қаулысымен.
_____________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйекте - 10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1424 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 15  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1965 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 279  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2344 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 130  қаулысымен  және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2476 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 287  қаулысымен  бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде:
     кіріспесінде: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-тармақта:
     8) тармақшада "." деген белгі ";" деген белгіге ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
     "9) заемшының ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беру келісімінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуы туралы нұсқау.";
     9-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөз "уәкілетті орган" деген сөзбен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады