Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3111. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Мемлекеттік фитосанитарлық  
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырудың процедураларын нақтылайды.

     2. Фитосанитарлық бақылаудың негізгі мақсаттары:
     1) фитосанитарлық бақылау объектілерінде қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету;
     2) қарамағында фитосанитарлық бақылаудың объектілері бар жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау, болдырмау және жою.
     3. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.     

2. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылаудың объектілері

     4. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын объектілер болып мыналар табылады:
     ауыл шаруашылығына арналған объектілер (ауыл шаруашылығы егіндері мен алқаптары, орман мен бақша ағаштары, топырақтар, элеваторлар, астық қабылдау орындары, астық қоймалары, жылыжайлар, қоймалық және өзге үй-жайлар, қосалқы, үй жанындағы және саяжайлық шаруашылықтар), автомобильдік,  темір жолдарының бөлінген алқаптары мен қорғау аймақтары және өзге аумақтар;
     өсімдік текті, соның ішінде импортталатын және экспортталатын өнім, жемдер;
     зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер;
     фитосанитарлық іс-шаралар жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
     арнайы қоймалар (көмінділер).

3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру

      5. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылау Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында фитосанитарлық бақылау объектілерінде:
      1) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің зиянкестіктің экономикалық шегінен артық мөлшерде дамуы мен таралуын анықтау үшін;
      2) ауыл шаруашылығы өнімін сақтау кезінде қойма зиянкестерінің зиянкестіктің экономикалық шегінен артық мөлшерде таралуын анықтау үшін;
      3) фитосанитарлық мониторингті және фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу кезінде олардың уақтылығын және толықтығын айқындау үшін;
      4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде олардың "Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 13 шілдедегі N 373 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылы 11 тамызда N 2998 болып тіркелген Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі ереженің талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін;
      5) пестицидтерді өндіру (формуляциялау) және сату кезінде нормативтік техникалық құжаттама талаптарының және біліктілік талаптардың бұзушылықтарын анықтау үшін; P070757
      6) тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын жинау, тасымалдау және залалсыздандыру кезінде олардың "Пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі N 351 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылы 11 тамызда N 3000 болып тіркелген Пестицидтерді залалсыздандыру ережесіне сәйкестігін белгілеу үшін;
     7) пестицидтерді аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдану кезінде олардың лицензиялық талаптарға және нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін; P080515
     8) фитосанитарлық есеп жүргізу мен есеп беру кезінде олардың "Фитосанитарлық есеп жүргізу және есеп беру нысандарын тапсырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 334 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылы 27 шілдеде N 2964 болып тіркелген Фитосанитарлық есеп жүргізу мен есеп беру нысандарын тапсыру ережесіне сәйкестігін анықтау үшін жүзеге асырылады.

     6. Мемлекеттік  фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор төмендегілерді көрсетіп акті ( 1-қосымша ) жасайды:
     объекті және тексеру жүргізілген орын мен кезең, акт жасалған күн;
     тексеру жүргізген өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметі, фамилиясы, аты, тегі;
     тексеріліп жатқан жеке тұлғаның фамилиясы, аты, тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы;
     фитосанитарлық бақылау объектісінің орналасқан жері, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметінің түрі;
     тексерістің нәтижелері, бұзушылық анықталғанда оның толық сипаттамасы;
     анықталған өсімдіктерді қорғау туралы заңнаманың бұзушылықтарын жою жөніндегі шаралар.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 526 бұйрығымен (бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) .

     7. Актіге қажетті құжаттардың көшірмелері және тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.

     8. Тексеру актісі үш (Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеруді өткізген тиісті аумақтың өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы қол қояды.
     Актінің бірінші данасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетіне және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы қолын қойғызып тексерілген жеке немесе заңды тұлғаға беріледі, үшіншісі тексеруші өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторда қалады, ал төртіншісі мемлекеттік инспектордың нұсқамасын орындамаған жағдайда сотқа қуыну үшін тиісті аумақтың өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына жолданады.
     Тексерілуші адам актіні алудан бас тартқан жағдайда ол поштамен жіберіледі.

     9. Тексеру актісі бауланып, нөмірленіп, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген тіркеу журналында тіркеледі ( 2-қосымша ).

     10. Тексеріс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының бұзушылықтары анықталған жағдайда өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор өз құзыреті шеңберінде анықталған бұзушылықтардың сипатына байланысты бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама ( 3-қосымша ), әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы ( 4-қосымша ) жасайды немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ( 5-қосымша ) жасап сотқа қуыным жолдайды.

     11. Қандай да бір анықталған бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру актілерінде тиісті белгі жасалынады.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік фитосанитарлық
бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

__________________________________________________________________
        өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
__________________________________________________________________
              пошталық мекен-жайы телефон телефакс

N ____
Қазақстан Республикасының
өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының
сақталуын тексеру
АКТІСІ

___________________________________________________________________
                    объектінің орналасқан жері

                                     "___"__________200____ж.
Мен, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды
тұлғасы___________________________________________________________
                      фамилиясы, аты, тегі
__________________________________________________________________
        бұйрықтың немесе басқа нормативтік құжаттың негізінде

"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
талаптарына сәйкес
Басшысы __________________________________________ болып табылатын
                    фамилиясы, аты, тегі
______________________________________ мекен-жай бойынша орналасқан
тел: __________________ факс:______________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
кәсіпорынның, объектінің немесе ғимараттың атауы, жоғары тұрған ұйым
өсімдіктерді қорғау туралы заңнаманың сақталуын тексердім

Тексеру______________________________________________________ және
                    қызметі, фамилиясы, аты, тегі
______________________________________________қатысуымен жүргізілді.
кәсіпорын өкілінің қызметі, фамилиясы, аты, тегі
Тексеру кезінде мыналар анықталды:

Қолдар:___________________________________________________________
                       Фамилиясы, аты, тегі

      _____________  ____________________________________________

      _____________  ____________________________________________

      _____________  ____________________________________________

      _____________  ____________________________________________

Акт _______ данада  ______ парақта жасалды.

      N  _______ данасы
1_________________________________________________________________

      N  _______ данасы
2_________________________________________________________________

      N  _______ данасы
3_________________________________________________________________

      Актімен таныстым және бір данасын 200__ж. "__" _______ алдым.

Кәсіпорынның басшысы:____________ ________________________________
                        қолы               фамилиясы, аты, тегі

                                              Тіркеу N  __________

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік фитосанитарлық
бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша        

Тексеру актілерін тіркеу журналы

___________________________________________________________________
Актінің|Беру|Бақылауды жүзеге|Жеке тұлғаның |Анықталған|Жеке және
   N   |күні| асыратын өсім. |  аты-жөні,   |бұзушылық.|заңды тұл.
       |    | діктер қорғау  |мекен-жайы,   |    тар   |ғаның тексе.
       |    |жөніндегі мемле.|заңды тұлғаның|          |ру актісін
       |    |кеттік инспек.  |   атауы      |          |алғаны ту.
       |    |тордың аты-жөні |              |          |ралы белгі
_______|____|________________|______________|__________|___________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік фитосанитарлық
бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
3-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

__________________________________________________________________
         өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган
__________________________________________________________________
    мекен-жайы           телефон               телефакс

200__жылғы "___"_______      __________________________ БАСШЫСЫНА

N ____
Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнаманың
бұзушылықтарын жою жөніндегі міндетті нұсқама

       Өсімдіктерді қорғау туралы заңнаманың сақталуын тексерудің
200_ жылғы "__"______N __ актінің негізінде мына іс-шараларды
орындауды тапсырамын:
__________________________________________________________________
   N   |         Нұсқаманың мазмұны       |  Орындау мерзімі
_______|__________________________________|_______________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Осы нұсқама міндетті түрде орындалуға жатады. Кәсіпорынның, ұйымның басшысы осы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты осы нұсқамада көрсетілген мерзімнен кейін 7 күн ішінде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның атына жолдасын.
      Заңды нұсқаманы орындамағаны немесе тиісті емес түрде орындағаны үшін кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚК-тің 356-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Уәкілетті лауазымды тұлға:_________________________ 200_ж."__"_____
                          қолы, фамилиясы, аты, тегі

Нұсқаманы алдым:_____________________________ 200_ж."___"_________
                 қолы, фамилиясы, аты, тегі

                                                     Тіркеу. N ___

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік фитосанитарлық
бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
4-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі

___________________________________________________________________
         өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ___________________________________________________________________
      мекен жайы           телефон               телефакс

N ___
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы іс бойынша қаулы

200__ ж. "___"________          __________________________________
                                     (қаулы шығарылған жер)

Уәкілетті лауазымды тұлға  _______________________________________
__________________________________________________________________
          қаулы шығарған тұлғаның қызметі, Ф.А.Т.

200__ж. "__"______________ N ___- хаттаманың  және тапсырылған
материалдардың негізінде қозғалған
__________________________________________________________________
оған қаралып жатқан істің қатысы бар тұлғаның фамилиясы, аты, тегі
__________________________________________________________________
                    және ол туралы басқа да мәліметтер
__________________________________________________________ қатысты

өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік бұзушылықтар туралы істің
материалдарын қарап шығып, мыналарды анықтады:____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексіне сәйкес, қаулы етемін:____________________
___________________________________________________________________
Кодекстің 650-бабына сәйкес істі қарау нәтижесі бойынша қабылданған
___________________________________________________________________
  шешімнің сондай-ақ жеке тұлғада болған заттар мен құжаттарды,
___________________________________________________________________
          заңды тұлғаның құжаттары мен мүлкін алу туралы
___________________________________________________________________
                   шешімнің түрлері көрсетіледі
___________________________________________________________________

      Айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданған жағдайда, айыппұл
салық комитетінің мына есеп шотына аударылады _____________________
                                               Айыппұл аударылатын
___________________________________________________________________
                 салық органының реквизиттері
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Осы қаулыға берілген күннен бастап 10 күн ішінде, ал егер Кодекстің 584 588-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған болса, алған күннен бастап жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе іс бойынша қаулы шығарған органның (лауазымды тұлғаның) орналасқан жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беру жолымен шағымдануға болады.
      Егер көрсетілген мерзімдер дәлелді себептермен өткізіліп алған болса оған қатысты қаулы шығарылған тұлғаның өтініші бойынша ол мерзімді сот, шағымды қарауға құқықты орган (лауазымды тұлға)  қалпына келтіруі мүмкін.
     Ескерту: Айыппұл қаулы берілген күннен бастап 30 күн ішінде, ал шағымдалған жағдайда қаулының көшірмесі немесе шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы хабарлама берілген күннен бастап 10 күн ішінде төленуі керек.
     Егер айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе ол Кодекстің 708-бабына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алынады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға:__________________________________
                                             қолы
      ____________________________________________________________
                       фамилиясы, инициалдары

      М.О.
     Қаулы бұзушыға 200__жылғы "___"________ тапсырылды (жолданды)

                  ___________        ____________________________
                    қолы               фамилиясы, инициалдары

                  ___________        ____________________________
                    қолы               фамилиясы, инициалдары

      Айыппұл төлеу жөніндегі қаулының орындалуы туралы белгі:
___________________________________________________________________
айыптың немесе айыппұл төлегенін растайтын басқа қаржылық құжаттың
нөмірі мен берілген күні.

                                              Тіркеу N  ___________

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 2 қыркүйектегі 
N 470 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік фитосанитарлық
бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі нұсқаулыққа  
5-қосымша        

Өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы
Хаттама

"___" __________________                 _________________________
хаттаманың жасалған күні                 хаттаманың жасалған орны

1. Хаттама толтырған лауазымды тұлғаның қызметі, Ф.А.Т.___________
__________________________________________________________________

2. Оған қатысты іс қозғалған тұлға туралы мәліметтер
      2.1.Ф.А.Т.___________________________________________________
      2.2. Туған жері, жылы _______________________________________
      2.3. Мекен-жайы _____________________________________________
      2.4. Жұмыс орны, қызметі_____________________________________
      2.5. Жалақы мөлшері__________________________________________
      2.6. Отбасы құрамы, асырауындағы жандар _____________________
      _____________________________________________________________
      2.7. Тұлғаны растайтын құжат_________________________________

3. Куәлар, зәбірленушілер_________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4. Куәгерлер_______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Құқық бұзушылықтың мәні, жасалған уақыты мен орны, сондай-ақ
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Заңның бұзылған нақты баптары мен
тармақтары ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
Кодексінің бұзылған баптары (тармақтары)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

7. Оған қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлғаның ҚР ӘҚБК-нің 584
бабына сәйкес процессуалдық құқықтарымен таныстырылғыны туралы қолы
__________________

8. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның
уәкілетті өкілінің түсініктемелері________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

9. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлғадан немесе заңды тұлғаның
уәкілетті өкілінен алынған құқық бұзудың объектісі болып келетін
заттардың тізбесі _________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

10. Құқық бұзудың құралы болып табылатын құжаттармен заттардың
сипаттамасы мен тізбесі ___________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Қарсылық, бағынбаушылық көрсетілді ме _________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
12. Қолы, фамилиясы, инициалдары
      12.1. Хаттаманы жасаған тұлғаның_____________________________
      12.2. Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының
      _____________________________________________________________
      12.3. Куәлардың______________________________________________
      _____________________________________________________________
      12.4. Куәгерлердің __________________________________________
      13. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның
      уәкілетті өкілі (Ф.А.Т. күні, орны)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
іс бойынша шешімді сот немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
белгіленген мерзімде қабылдайтыны туралы _____мына мекен-жай бойынша                                        күні, уақыты
___________________________________________________хабардар етілді
________________________________
(хаттама жасаған тұлғаның қолы)

14. Хаттаманың көшірмесін алдым ___________ _____________ _________
                                  (қолы)     (фамилиясы)   (күні)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                                  Тіркеу N  _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады