Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 712 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3128. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер бекітілсін:
      1) оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;
      2) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес;
      3) логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже 3-қосымшаға сәйкес.
      2. Орта білім департаменті (С.Б.Еспосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

"Арнайы білім беру ұйымдары   
түрлерінің қызметін      
регламенттейтін нормативтік  
құқықтық актілерді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2004 жылғы 3 қыркүйектегі    
N 712 бұйрығына 1-қосымша    

  Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру
тәртібі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оңалту орталығының білім беру, оңалту, құқықтық және шаруашылық-экономикалық қызметін реттейді.
      Оңалту орталығы (бұдан әрі - Оңалту орталығы) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен құрылады.

      2. Оңалту орталығының негізгі міндеттері:
      1) сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек-қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологтік-медиктік-педагогикалық көмек көрсету;
      2) дамуында, оқытуда, қарым-қатынас жасауда, жүріс-тұрысында проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу;
      3) мамандардың пәнаралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып-үйрену және баланың медициналық, психологиялық, түзету-педагогикалық көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;
      4) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;
      5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете-дамыта оқытуды жүргізу;
      6) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақыл-кеңес беру және оқыту;
      7) жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтеріне мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық күйінің ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері жайынан әдістемелік басшылық жасау және көмек беру.

      3. Осы Ереже негізінде оңалту орталығы ерекшелігі мен даму келешегі ескеріліп, ұжымның қызмет нормалары мен ережелері анықталатын өз Жарғысын қабылдай алады.

      4. Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру стандарттарымен, Оқу жоспарымен және оңалту орталығында түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріліп әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.

      5. Оңалту орталығы мүмкіндіктері шектеулі балалардың төмендегідей топтарына көмек көрсете алады:
      1) дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейін балалар;
      2) мектеп жасына дейінгі балалар (3-тен 7 жасқа дейін):
      психикалық дамуында кешеуілдеу бар балалар;
      әр түрлі деңгейде көрінетін ақыл-ой кемістігі бар балалар;
      балалардың церебрал салымен ауыратын және тірек-қозғалыс аппаратының басқа да бұзылулары бар балалар;
      нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;
      сөйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар;
      арнайы оқытуды керек ететін есту қызметінің бұзылуы бар балалар;
      балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық-еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;
      көру мүшесінің қатты бұзылуы бар балалар;
      3) 7-ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар:
      әр түрлі деңгейде көрінетін ақыл-ой бұзылуы бар балалар;
      балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық-еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;
      нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;
      балалардың орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар;
      деменцияның әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар;
      психикалық аурулар нәтижесінде оқып-үйренуінде қиындығы бар балалар;
      сөйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар;
      есту мүшесінің бұзылуы бар балалар;
      көру мүшесінің бұзылуы бар балалар;
      4) 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер:
      әр түрлі деңгейде көрінетін ақыл-ой бұзылуы бар балалар;
      аутизммен ауыратын балалар;
      сөйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар;
      балалардың орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар;
      көру мүшесінің бұзылуы бар балалар;
      есту мүшесінің бұзылуы бар балалар.
      Облыста, республикалық маңызды қалада, астанада басқа арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары болмаған жағдайда оңалту орталығы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық санатына түзеу көмегі көрсете алады.

      6. Оңалту орталығы бірінші кезекте ақыл-ой және психикалық дамуында ауыр да тереңдеген бұзылулары бар балаларға және әр түрлі себептермен басқа арнайы (түзеу) ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.

      7. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) қалауы бойынша оңалту орталығы білім беру және медициналық сипаттағы қосымша ақылы қызмет түрлерін көрсете алады. Ақылы білім беру қызметтерін көрсететін оңалту орталығының өзара қарым-қатынастары білім беру деңгейін, оқыту мерзімін, ақы көлемін және басқа талаптарды анықтайтын Шартпен реттеледі.
      Бұл жағдайда негізі білім беру, медициналық және даму бұзылуы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартымен анықталатын басқа да қызмет түрлерінің сапасын қысқарту мен төмендетуге үзілді-кесілді тыйым салынады.

      8. Оңалту орталығы тамақ өнімдерін тұтынудың Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген нормаларына сай балаларды теңгерімді түрде тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Тамақтандыру жұмыс режимін ескере оңалту орталығы мен ата-аналар (заңды өкілдері) арасындағы шартпен нақтыланады.

      9. Оңалту орталығы өз қызметін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстандағы баланың құқықтары туралы ", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"  заңдарына және тағы басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес және осы Ереженің негізінде жүзеге асырады.

      10. Оңалту орталығына білім беру қызметін жүргізу құқына лицензияны облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың білім беру басқармалары (департаменттері) береді.

      11. ОО-ы мемлекеттік және мемлекеттік емес арнайы білім беру ұйымдары болуы мүмкін.

      12. Оңалту орталықтарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      13. Оңалту орталықтары заңды тұлға болып табылады, оқшауландырылған мүлікке, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған өз атауы бар мөр мен мөртабанға, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкілік шотқа ие.

  2. Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру

      14. Баланы оңалту орталығына қабылдауды психологтік-медиктік-педагогикалық консультация (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      15. Оңалту орталығындағы түзету-дамыту үдерісін ұйымдастыру Оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және орталықтың әдістемелік кеңесінде әзірленетін және бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі.

      16. Оңалту орталығында дамуында әр түрлі ауытқулары бар ерте және мектеп жасындағы балаларға арналған тұрақты топтар құрылуы мүмкін. Бұл топтардағы жұмыс арнайы мектепке дейінгі ұжымдар қызметін реттейтін нұсқамалық-әдістемелік құжаттарға және осы Ережеге сәйкес құрылады.
      Оңалту орталығында қажет болған жағдайда балалардың қысқа уақытқа болуына арналған топтар, біріктірілген топтар, дамуында бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақыл-кеңес беру пункттері ашылуы мүмкін. Оңалту орталығында топтар бір жастағы немесе әр түрлі жастағы балалар қағидаты бойынша жинақталуы мүмкін.
      Оңалту орталығындағы топтардың саны білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін жасалатын санитарлық нормалар мен жағдайларға қарай Жарғымен анықталады.
      Топтардың толықтырылуы балалардың психофизикалық даму бұзылыстары мен жасына байланысты белгіленеді.

      17. Оңалту орталығында кәсіптік-еңбекке баулу жұмысшы мамандарға деген қажеттілікке негізделген жергілікті жағдайларға орай және жеткіншектерді жеке еңбек қызметіне дайындауды қамтитын еңбек ету саласын таңдау негізінде психофизикалық дамудың, денсаулықтың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүддесін ескере отырып жүзеге асырылады.

      18. Оңалту орталығында қажетті үй-жайлардың жиынтығы мен оның арнайы жабдықтары мыналар үшін бар болуы қажет:
      1) оқу жоспары мен бағдарламаларына, балалар демалысына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
      2) емдік дене тәрбиесін жүргізу; топтық және жеке жұмыс (логопедтік кабинет, емдік физкультура кабинеті, музыкалық риторика, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану);
      3) кейбір медициналық көмектің түрлерін көрсету (дәрігерлік қабылдау кабинеті, процедуралық кабинет, изолятор);
      4) санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет көрсету.

  3. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

      19. Түзеу көмегін көрсетудің мазмұны балалардың психофизикалық дамуы мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне орай әзірленетін және оңалту орталығы жағдайында дербес түрде іске асырылатын жеке-дамыту бағдарламасымен анықталады.

      20. Оқу-тәрбие үдерісі баланы психологтік-медиктік-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімен шарттастырылған дифференциал және жеке байланыс жасау тәсілдерінің негізінде іске асады.
      Балалардың сөйлеу тілінің, зейінінің, жұмысқа қабілеттілігінің ерекшеліктерін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндігі мен ерекшелігін анықтау оқушының даму болашағын анықтау мен түзеу жұмыстарын таңдау үшін жүргізіледі.
      Оқу аптасының ұзақтығы (5 немесе 6 күн) тиісті басқару органымен келісе отырып, әдістемелік кеңеспен белгіленеді және оңалту орталығының Жарғысында бекітіледі.

      21. Оқу-тәрбие үдерісі 4 нысанда ұйымдастырылады: жеке, топтық, ақыл-кеңестік беру түрінде және үйде оқытуда. Топтар, топшалар баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып жинақталады.
      Орталықтағы оқыту баланың жеке мүмкіншіліктерімен анықталады және мемлекеттік, орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.

  4. Білім беру үдерісінің қатысушылары

      22. Білім беру үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері), сауықтыру орталығының педагогикалық, медициналық қызметкерлері, заңгерлері болып табылады.

      23. Балаларды түзеу ұйымына жіберу білім беруді басқару органымен тек қана ата-ананың (заңды өкілдердің) келісімі мен психологтік-медиктік-педагогикалық ақыл-кеңес (ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      24. Баланы оңалту орталығынан басқа білім беру ұйымына ауыстыру білім беруді басқару органымен ата-ананың (заңды өкілдердің) келісімі мен психологтік-медиктік-педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      25. Қызметтің мазмұны мен негізі бағыттарына орай оңалту орталығының штатында әдіскердің, педагог-дефектологтың (олигофренпедагогтың, сурдопедагогтің, тифлопедагогтің), педагог-психологтің, әлеуметтік педагогтің, ЛФК мамандарының, дәрігерлердің (балалар дәрігері, невропатолог, психиатр, сурдолог, ортопед), медбикелердің және басқалардың лауазымдары көзделеді.

      26. Түзеу ұйымында медициналық қамтамасыз етуді оңалту орталығының әкімшілігімен бірге балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға және олардың психофизикалық күйін нығайтуға, диспансерлеуге, алдын алу шараларын өткізуге жауап беретін және санитариялық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы режимнің сақталуын, диеталық тамақтануды, шынығуды және дене тәрбиесін ұйымдастыруды бақылайтын штаттық медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.

      27. Медициналық қызметкерлер педагогтерге балалардың денсаулығы мен жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке және дифференциал тәсілді қалыптастыруға көмек береді, оларға медиктік-педагогикалық түзету, көмекші құралдарды таңдау, кәсіптік бағдар ұстау бойынша, сондай-ақ ата-аналарға (заңды өкілдеріне) аурулардың алдын алу мақсатында үй жағдайларында қорғаныс режимін сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді.
      Оңалту орталықтарында медикаментоздық және физиотерапевтикалық емдеу, шынықтыру, емдік дене тәрбиесі, массаж жүргізіледі.

  5. Оңалту орталығын басқару

      28. Сауықтыру орталығын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережелік қағидаға және сауықтыру орталығының Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Сауықтыру орталығын басқару төралқалық және дербес басқару қағидаттарында жүзеге асырылады.
      Төралқалық басқару нысандары болып сауықтыру орталығының кеңесі, жалпы жиналыс, педагогикалық (әдістемелік) кеңес және басқа нысандар саналады.

      30. Сауықтыру кеңесі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Жарғымен, ішкі тәртіп ережелерімен және лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.

      31. Сауықтыру орталығын тікелей басқаруды білім беру саласындағы орталық атқарушы органмен тағайындалған директор жүзеге асырады.

      32. Сауықтыру орталығының директоры Жарғыға сәйкес және білім беруді басқарудың уәкілетті органымен келісе отырып, өз орынбасарларын қызметке тағайындайды және одан босатады.

      33. Оңалту орталықтарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте асырылады.
      34. Оңалту орталықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оқу мекемесін басқару құрылымын, штаттық кестені бекітеді, лауазымдық міндеттерді бөледі, лауазымдық еңбекақыны (мөлшерлемені), лауазымдық еңбекақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақыны, қызметкерлерге сыйлық беру тәртібі мен көлемін белгілейді.

      35. Оңалту орталығының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.
      Оңалту орталығы өз жұмысының ерекшелігіне орай, шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс орнатуға, ынтымақтастық туралы шарттар жасасуға, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық мемлекеттік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) енуге құқылы.

"Арнайы білім беру ұйымдары   
түрлерінің қызметін       
регламенттейтін нормативтік  
құқықтық актілерді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 3 қыркүйектегі   
N 712 бұйрығына 2-қосымша   

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің
қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың, аудан орталығында 18 жасқа дейін даму мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін құрылады.

      3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің міндеттері:
      1) сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты, эмоциялық-еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологтік-медиктік-педагогикалық көмек көрсету;
      2) баланың проблемаларын мамандардың пәнаралық командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық, психологиялық, түзеу-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау;
      3) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және құрастыру;
      4) жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу-дамыту сабақтарын жүргізу;
      5) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту;
      6) даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық жағдайы мен даму мүмкіндіктері туралы жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.

      4. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері өз қызметтерін Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, " Білім туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"  Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы Ережелер негізінде жүзеге асырылады.

      5. ППТК-рі осы Ережелердің негізінде баланың ерекшеліктері мен даму болашағын ескере отырып, ұжым қызметінің нормалары мен ережелерін белгілейтін өзінің Жарғысын әзірлейді және бекітеді.

      6. ППТК-нің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны облыстардың (қалалардың, аудандардың) республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті білім беру органдары береді.

      7. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) тілектері бойынша ППТК-і білім беру және медициналық сипатта қосымша ақылы қызмет көрсете алады. Ақылы білім беру қызмет көрсетуді іске асырушы ППТК-нің өзара қарым-қатынасын білім беру деңгейін, оқу мерзімін, төлем мөлшерін және басқа қызмет көрсетулердің деңгейін анықтайтын шартпен реттеледі.

      8. ППТК-ті құру, қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. ППТК-і заңды тұлға болып табылады, оның жеке мүлкі, мөрі мен мемлекеттік тілде өзінің атауы бар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады.

  2. ППТК-не балаларды қабылдау

      9. ППТК-ға баланы қабылдауды психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде меңгеруші жүргізеді.
      ППТК-ға тұрақты және уақытша тұруға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауды жыл бойы онда бос орын болған жағдайда жүргізіледі. ППТК-да баланың орны ППТК-мен ата-ананың (заңды өкілдерінің) арасындағы шартта айтылған жағдайда сақталады.

      10. ППТК-дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК-мен ата-ананың (заңды өкілдерінің) арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК-ға келуіне бөгет жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізеді.

      11. ППТК-ы 18 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалардың мынадай категорияларына көмек көрсетіледі және мыналарға:
      1) 3 жасқа дейін дамуында проблемасы бар;
      2) психикалық даму деңгейі тежелген;
      3) әртүрлі деңгейде ақыл-ойы кенжелеп қалғандар;
      4) бала церебралдық параличі және басқа тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандар;
      5) күрделі сөйлеу бұзылыстары;
      6) арнайы оқытуды талап ететін есту функциясы бұзылғандар;
      7) ерте ауыратын бала аутизмі және басқа эмоциялық-ерікті бұзылыстары;
      8) күрделі көру бұзылыстары;
      9) психикалық аурулар салдарынан оқудағы қиындықтар;
      10) мектептегі дағдыларды игерудегі қиындықтар (оқу, жазу және санау).

      12. Ауданда арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары жоқ болған жағдайда ППТК-ы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлық категорияларына түзеу көмегін көрсете алады.

      13. ППТК-ы ақыл-ойы мен психикалық дамуында ауыр да тереңдеген бұзылыстары бар балаларға ең алдымен түзеу көмегін қамтамасыз етеді, басқа арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.

  3. ППТК-дағы түзеу-дамыту процесі

      14. Түзеу көмегінің мазмұны балалардың психофизикалық даму және жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерінен әзірленетін және ППТК-ы жағдайында іске асырылатын жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.
      Жеке-дамыту бағдарламасын құрастыру мақсатында баланың психофизикалық жағдайын (командалық бағалау) кешенді тексеру жүргізіледі. Кешенді тексерудің негізгі міндеттері алдағы жартыжылдықта баламен түзеу жұмыстарының басым бағыттарын анықтау болып табылады. Алдыңғы кезеңде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, түзеу жұмыстарының міндеттерін өзгерту қайта командалық бағалау барысында жүргізіледі, оларды өткізу мерзімі 2 жылда бір рет немесе көрсеткіштер бойынша белгіленеді.

      15. ППТК-ның әдіскері балаларды оқытудың жеке дамыту бағдарламаларын бекітеді.

      16. ППТК-да түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру әдіскер әзірлейтін және бекітетін Оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және сабақтардың кестесімен регламенттеледі.

      17. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерделеу деректеріне негізделген, сараланған және жеке тұрғыдан келу принципі негізінде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеу, зейіндерін, жұмыс қабілетін жүйелі түрде зерделеуді, оларды дамыту динамикасын, білім деңгейін, олардың оқу материалын меңгеру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, білім алушылардың даму болашағын және түзеу жұмыстарының құралдарын таңдауды анықтау үшін жүргізіледі.

      18. Оқу аптасының ұзақтығын (5 немесе 6 күн) тиісті басқару органының келісімімен әдістемелік кеңес белгілейді және ППТК-ның жарғысында бекітіледі.

      19. ППТК-да мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді түзей-оқыта дамыту балалардың қысқа мерзімді топтарында жеке оқыту мен консультативтік нысаны жүргізіледі.

      20. Топтар бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақталады.

      21. Топтардың толықтырылуы санаты мен жасына байланысты (3 жасқа дейін және 3 жастан жоғары) белгіленеді:
      1) сөйлеу қабілеті күрделі бұзылғандар - 10 және 12 балаларға дейін;
      2) естімейтін (саңырау) балалар - екі жастық топтар үшін 8 балаға дейін;
      3) нашар еститін балалар - 10 және 12 балаға дейін;
      4) көзі көрмейтін (соқыр) балалар - екі жастық топтарда 10 балаға дейін;
      5) нашар көретін балалар - 10 және 15 балаға дейін;
      6) интеллектісі интеллектуалдық бұзылғандар - 6 және 10 балаға дейін;
      7) үштен жоғары жастағы ақыл-ойы терең кенжелеп қалғандар - 8 балаға дейін;
      8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылғандар - 10 және 12 балаға дейін;
      9) психикалық дамуы тежелгендер - 6 және 10 балаға дейін;
      10) күрделі кемістігі (2 және одан да көп кемістік) барлар - екі жастық топтар үшін 6 балаға дейін.

      22. ППТК-да оқыту баланың жеке мүмкіншіліктерімен анықталады және мемлекеттік, орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.

      23. ППТК-да қажетті үй-жайлардың жиынтығы мен оның арнайы жабдықтары мыналар үшін бар болуы қажет:
      1) оқу жоспары мен бағдарламаларына, балалар демалысына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
      2) емдік дене тәрбиесін жүргізу; топтық және жеке жұмыс (логопедтік кабинет, емдік физкультура кабинеті, музыкалық риторика, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану);
      3) кейбір медициналық көмектің түрлерін көрсету (дәрігерлік қабылдау кабинеті);
      4) санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет көрсету.

  4. Білім беру процесіне қатысушылар

      24. Білім беру процесіне қатысушылар балалар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагогикалық, ППТК-ның медициналық қызметкерлері.

      25. Балаларды түзеу ұйымдарына жіберуді тек ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімі бойынша және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің тұжырымы бойынша білім беруді басқару органы жүзеге асырады.
      ППТК-дан баланы басқа білім беру ұйымына ауыстыру ата-аналарының келісімі бойынша және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің тұжырымы негізінде білім беруді басқару органы жүзеге асырады.
      ППТК-ның штатының мазмұны мен қызметінің негізгі бағыттарына байланысты әдістемешінің, педагог-логопедтің, педагог-дефектологтың (олигофренологтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың), педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың, ЛФК маманының, невропатолог дәрігердің лауазымы көзделеді.
      ППТК-да арнайы педагогикалық жоғары білімі бар тұлғалар, сондай-ақ арнайы педагогика мен психологиядан қайта даярлықтан өткен тәжірибелі мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері жұмыс істей алады.

  5. Психологиялық-педагогикалық кабинетті басқару

      26. ППТК-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және ППТК-ның Жарғысына сәйкес және алқалық және дара басшылық принципінде жүзеге асырылады.
      ППТК-ы оқу-тәрбие процесінде, кадрларды таңдау мен орналастыруда Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасы шегінде қаржы-шаруашылық және басқа қызметті жүзеге асыруда дербес болады.

      27. ППТК-ның қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін Жарғы, ішкі тәртіп пен лауазымдық нұсқаулық белгілейді.

      28. ППТК-ны тікелей басқаруды білім беру саласындағы орталық атқарушы орган тағайындаған басшы жүзеге асырады.
      ППТК-ның басшысының жоғары дефектологиялық білімі болуы, арнайы білім саласында жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы қажет.

      29. ППТК-ы оқу орнын басқару құрылымын, штаттық кестесін бекітеді, лауазымдық міндеттерін бөледі, лауазымдық жалақыны (мөлшерлеме), лауазымдық жалақыға үстемеақы және қосымша ақы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге сыйлықақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді.

"Арнайы білім беру ұйымдары   
түрлерінің қызметін      
регламенттейтін нормативтік  
құқықтық актілерді бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 3 қыркүйектегі   
N 712 бұйрығына 3-қосымша   

Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру
тәртібі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан логопедтік пункт қызметінің тәртібін белгілейді.

      2. Логопедтік пункт логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.

      3. Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пунктке топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі.

      4. Қалалық жалпы білім беретін мектепте логопедтік пунктті ашу 14-16 сыныптар болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-30 адам, ауылдық жерде 15-25 адам оқиды.

      5. Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің (бастауыш мектеп-бала бақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балалар оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.

  2. Логопедтік жұмысты ұйымдастыру

      6. Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетико-фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, кекештену, сөйлеудің айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.

      7. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедтік пунктке қабылдау үшін анықтау жыл бойы жүргізіледі. Мамырда бірінші сыныпқа баратын балаларды тексеру жүзеге асырылады.

      8. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтар мен кіші топтарға бөлу үшін тізімде тіркеледі.
      Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады.

      9. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны топтық (кіші топтық) сабақтар болып табылады. Топқа бірдей бұзылыстары бар және жастары бірдей балалар таңдалып алынады. Әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау:
      1) сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам;
      2) СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам;
      3) фонетико-фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам;
      4) ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 4-6 адам;
      5) кекештенумен - 4-6 адам;
      6) дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі.

      10. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте жеке сабақтар сөйлеу бұзылыстары бар барлық балалармен, мектептегі логопедтік пункттерде - сөйлеуінде ауыр бұзылыстары бар (ринолалия, дизартрия, СЖД 1-2 деңгейі) балалармен жүргізіледі.
      Әрбір топтағы балалармен сабақтар аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
      Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жастарына байланысты және мектепке дейінгі ұйымдарда құрастырылады: екінші кіші топта - 15-20 минут, ортаншы топта - 20-25 минут, жоғары және даярлық топта - 30-35 минут.
      Мектептегі логопедтік пункттағы топтық сабақтардың ұзақтығы - 40-45 минут.
      Мектепке дейінгі логопедтік пункттағы кіші топтардағы сабақтардың ұзақтығы - 20-30 минут; жеке сабақтарда - 15-20 минут.
      Мектептегі логопедтік пункттағы кіші топтардағы сабақтардың ұзақтығы - 20-30 минут; жеке сабақтарда - 20-25 минут.

      11. Түзей оқытудың ұзақтығы сөйлеу бұзылыстары айқын білінуі мен оның құрылымына байланысты. Фонетико-фонетикалық бұзылыстармен (ФФБ) және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік көмекті жарты жылдан 1 жасқа дейін алады. СЖБ және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік пунктте бұзылыс деңгейіне байланысты 2-ден 3 жасқа дейінгі балалар оқиды.
      Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі.
      Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда немесе "Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау", "Бейнелеу өнері", "Еңбек" және "Құрастыру" бойынша сабақтар кезінде жүргізіледі.

      12. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды бітірту жыл бойы олардың сөз дамыту кемшіліктерінің жойылуына байланысты жүзеге асырылады.

      13. Психофизикалық жағдайын нақтылау үшін қажет болған жағдайда балалар ата-аналарының келісімімен логопедпен маман-дәрігерлерден (невропатологқа, психиатрға, отоларинголкке және т.б.) кеңес алуға немесе ПМПК-ге жіберіледі.

      14. Логопедтік сабақтардың нәтижелері сөйлеу картасында белгіленеді және педагог-тәрбиешінің, сынып жетекшісіне және ата-аналар назарына жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысу және қажетті талаптарды орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жүктеледі.

  3. Мұғалім-логопед

      15. Мұғалім-логопед болып дефектологиялық білімі ("логопедия" мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы "олигофренопедагог" пен "сурдопедагог"), "логопедия" мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен "орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі", "бастауыш сыныптарының мұғалімі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
      Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдері үшін белгіленген тәртіппен тағайындалады және жұмыстан босатылады.
      Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақтылы анықтауға, пунктті жинақтауға түзете оқытудың сапасына жауап береді.

      16. Мұғалім-логопед:
      1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша балаларға сабақ жүргізуі және алғашқы кемістікке байланысты үлгермеуді болдырмау мен алдын алуға жәрдемдесуі;
      2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруі;
      3) логопедтік пункттарға баратын балалармен жұмыс істейтін педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыруы;
      4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен және сөйлеу қабілеттері күрделі бұзылған балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар поликлиникасының, ПМПК-ның, оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің дәрігер-мамандарымен байланысты жүзеге асыруы;
      5) білім беру қызметкерлері, ата-аналар арасында логопедтік сабақтар жөнінде насихат жүргізуі, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзеу ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестер мен ата-аналар (заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;
      6) мұғалім-логопедтердің (аудандық, қалалық) әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы;
      7) білім беру ұйымының әкімшілігі ұсынатын нысан бойынша жыл сайынғы есепті құрастыруы;
      8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы (5 жылда бір рет) және педагогтік қызметкерлер үшін белгіленген тәртіппен аттестатталуы қажет.

      17. Апталық жүктеме 18 сағатты құрайды кеңес жұмыстарына жұмсалған уақытты ескермей отырып.

  4. Логопедтік пункттің жұмысына басшылық жасау

      18. Мұғалім-логопедтің жұмысына басшылықты және бақылауды логопедтік пункттің қарамағындағы білім беруді басқару органы, сондай-ақ логопедтік пункт базасында ашылған мектепке дейінгі ұйымның, мектептің әкімшілігі жүзеге асырады.

      19. Ауданда, қалада, облыста жалпы білім беретін мекемелер жанында бірнеше логопедтік пункт болған кезде аудандық (қалалық), облыстық, әдістемелік кабинеттерде немесе білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарында мұғалім-логопедтердің әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.
      Мұғалім-логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау негізінен аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім-әдіскер атағы бар, білім беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім-логопедтің біріне жүктеледі.

      20. Аудан орталығынан қашықта жатқан жалпы білім беретін мекемелерде (шағын жинақталған мектептер) балаларға логопедтік көмек көрсетуді логопедия бойынша курстық қайта даярлықтан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-тәрбиешілері мен ана тілі мұғалімдері (бастауыш сыныптардың) жүзеге асыра алады. Бұл ретте логопедтік жұмыс еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес қосымша төлем төлеумен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

      21. Жалпы білім беретін мектептің жанындағы логопункттегі логопед құжаттарының түрлері:
      1) мектеп бойынша сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды есепке алу журналы;
      2) сөйлеу картасы;
      3) логопедтік сабақтарға қатысуды есепке алу журналы;
      4) оқу жылына арналған әр топтың оқушысының келешек жоспары;
      5) әр топқа арналған күнделікті жұмыс жоспары;
      6) оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары;
      7) мектеп директоры растаған топтар мен кіші топтардың сабақтар кестесі;
      8) оқу жылы бойы істелген жұмыс туралы есептердің көшірмелері;
      9) логопедтік кабинеттің паспорты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады