Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 186-б бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3139. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттындыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі N 330 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ақпараттындыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009.07.27 N 330 Бұйрығымен .

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілеу мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Ақпараттандыру және заң қызметі департаменті (Есімова Ә.Г.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары К.Б.Есекеевке жүктелсін.
      4. "Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 51-ө бұйрығының (N 2354 нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
      5. 2006 жылғы 1-маусымнан бастап қолданысқа енетін, қоса беріліп отырған Ереженің 9 тармағынан басқа, осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
      міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы
      Келісілген
      ______________
      2004 жылғы 23 қыркүйек

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс 
жөніндегі агенттігі төрағасының
2004 жылғы 3 қыркүйектегі   
N 186-б бұйрығымен бекітілген
"Компьютер жүйелерін Қазақстан
Республикасының аумағында   
пайдалануға рұқсат етілген  
фискалдық жады бар бақылау- 
кассалық машиналарының    
мемлекеттік тізіліміне(нен) 
енгізуге (шығаруға) қорытынды
беру Ережесін бекіту туралы"

Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының
аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне(нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Ақпараттандыру және байланыс саласындағы Уәкілетті органның (бұдан әрі - Уәкілетті орган) компьютер жүйелерін (бұдан әрі - КЖ) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес көзделген түсініктер пайдаланылады.

      3. Компьютер жүйелерін мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізу (шығару) үшін мынадай талаптарға сәйкес (сәйкес емес) болуы тиіс:
      тауарларды сатқан және қызметтер көрсеткен кезде ақшалай есеп айырысуды тіркеу үшін пайдаланылады;
      әрауысымдық түзетілмейтін тіркеуді қамтамасыз ету;
      қуатқа тәуелді ұзақмерзімді ақпаратты сақтауды қамтамасыз ету.

      4. Қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде ақшалай есеп айырысуды тіркейтін КЖ тіркелуі тиіс.

2. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге
қорытынды беру тәртібі

      5. КЖ иесі (бұдан әрі - Өтініш беруші) КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізу үшін Қазақстан Республикасының пайдаланыстағы заңнамасына сәйкес Уәкілетті органға мынадай құжаттар:
      осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған КЖ функциональдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша суреттемесі;
      Құжаттар қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады.

      6. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы мәселелерді қарауды және өтініш беруші ұсынған мәліметтерді тексеруді Уәкілетті орган белгіленген талаптарға сәйкес қажетті материалдар қоса берілген өтініш-сауалнаманы қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнінің ішінде қарайды.

      7. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде өтініш берушіден КЖ техникалық сипаттамалары туралы қосымша ақпарат сұрауға, сараптама жүргізу мақсатында өтініш берушінің КЖ тұрған жеріне баруға құқылы.

      8. Сонымен, КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы өтінішті қараудың мерзімі сұралған ақпарат түскен күннен бастап есептеледі.

      9. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытындыны дайындаған кезде қажетті "Салық инспекторының жұмыс орнының" бар болуын ескеруі қажет, оның көмегімен компьютер жүйесінің бірінші енгізілуі, компьютер жүйесінің фискалдық деректеріне қол жеткізу үшін крипто-кілттерді қалыптастыру, қызмет көрсету кезінде қолма-қол ақшамен, төлемдік банк карточкаларымен, чектермен, фискалдық есептерді алумен, сауда операцияларын жасаған, қызметтер көрсеткен кезде жүзеге асырылатын барлық ақшалай есеп айырысуды тіркейтін міндетті тіркеу жүргізілуі, сондай-ақ "Салық инспекторының жұмыс орнын" пайдалану бойынша құжаттамаларды алуы тиіс.

      10. Рәсімделген құжаттарды ұсынбаған немесе оларға жатпайтын құжаттарды ұсынған жағдайда Уәкілетті орган өтінішті қараусыз қалдырады немесе және өтініш берушіге құжаттарды қайтарып береді.

      11. Қараудың қорытындысы бойынша Уәкілетті орган мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
      КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы;
      КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тарту туралы.

      12. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беруден бас тартқан жағдайда, Уәкілетті орган Өтініш берушіге бас тартудың дәлелді себептері көрсетілген хатты жібереді.

      13. КЖ Мемлекеттік тізілімге енгізуге қорытынды беру туралы қорытынды осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

3. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға
қорытынды беру тәртібі

      14. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру туралы мәселелерін қарауды Уәкілетті орган өтініш берушінің хатының негізінде жүзеге асырады.
      Өтінішке КЖ техникалық талаптарға сәйкес еместігін және қалыптасқан чектердің үлгілерін сипаттайтын материалдар қоса беріледі.

      15. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беру (беруден бас тарту) туралы шешімді Уәкілетті орган өтініш қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды беруден бас тартқан кезде Уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың дәлелді себептері көрсетілген хатты жібереді.

      16. КЖ Мемлекеттік тізілімнен шығаруға қорытынды осы Ережеге 3 қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.

                                      Қазақстан Республикасының   
                                     Ақпараттандыру және байланыс
                                    жөніндегі агенттігі төрағасының
                                       2004 жылғы 3 қыркүйектегі   
                                    N 186-б бұйрығымен бекітілген
                                    Компьютер жүйелерін Қазақстан
                                     Республикасының аумағында   
                                     пайдалануға рұқсат етілген  
                                     фискалдық жады бар бақылау- 
                                       кассалық машиналарының
                                     мемлекеттік тізіліміне(нен)
                                   енгізуге (шығаруға) қорытынды
                                     беру Ережесіне 1-қосымша  

                   Өтініш - сауалнама

Өтініш берушінің атауы ____________________________________________
___________________________________________________________________

СТН  |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

Өтініш берушінің орналасқан жері
Облысы ________________ қаласы ________________ ауданы ____________
көшесі ___________________________ үйі_______________

КЖ атауы __________________________________________________________
___________________________________________________________________

КЖ әзірлеуші_______________________________________________________
___________________________________________________________________

нұсқасы________________   КЖ жасау датасы  _____________________

КЖ әзірлеушінің орналасқан жері
Облысы ________________ қаласы ________________ ауданы ____________
көшесі  ___________________________  үйі _______________

      Өтініш беруші жоғарыда аталған КЖ-ның мынадай талаптарға
сәйкестігін растайды екенін растайды, атап айтқанда:

Нақты тіркелген компьютерлік жүйеде фискализация іс-жосығының
суреттемесі жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Серверді пайдаланушыны сәйкестендіру операциялық жүйе деңгейінде
жүзеге асырылады (ОЖ)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Деректер қорларын (ДК) пайдаланушыны сәйкестендіру дерек қорларды
басқару жүйесі (ДҚБЖ) деңгейінде жүзеге асырылады
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Парольды таңдаған жағдайда, ДҚБЖ құралдарымен жұмыс станциясын
қорғау
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Парольдың қолданылу мерзімі (күндер саны):
пайдаланушының ____________________________________________
жүйе әкімшісінің __________________________________________
дерекқор әкімшісінің ______________________________________

Парольдың ең аз ұзындығы (символдар саны):
пайдаланушының ___________________________________________
жүйе әкімшісінің _________________________________________
дерекқорлар әкімшісінің __________________________________

Парольдың күрделілігін тексеру (сандарды және арнайы символдарды
міндетті түрде пайдалану)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)___________________
___________________________________________________________________

Жүйе пароль ұзындығын автоматты бақылауды қамтамасыз етеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

КЖ бір жүйенің атымен қосымшаға екі не және одан да көп
пайдаланушылардың қосылу мүмкіндігін болдырмайды
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Қосымшаны пайдаланушылардың ДҚ-ға қосымшаның өзінен басқа
құралдармен қосылуының мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз  етіледі)___________________
___________________________________________________________________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына ДҚБЖ құралдарымен қол жеткізу
құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Пайдаланушылардың ДҚ ақпаратына қосымша құралдарымен қол жеткізу
құқығын ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Әрбір операция пайдаланушы, датасы және уақыты бойынша
сәйкестендіріледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
Әрбір операция мағыналы тізбекті бірегей нөмірмен белгіленеді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

КЖ сәулет болып табылады: клиент-сервер, пост-терминал
(қажеттісінің астын сызу)

Кез келген ақпарат ДҚ-ға қосымшаның көмегімен енгізіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Операция расталғаннан кейін ДҚ-ға енгізілген ақпаратқа қосымша
құралдарымен түзетудің мүмкін еместігі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)___________________
___________________________________________________________________

Қате енгізілген операция "түзету" операциясын жүзеге асыру жолымен
түзетіледі
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Соңғы пайдаланушы өзінің орындайтын функцияларының шеңберінде ДҚ
иелік етуге құқылы
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Қосымша, ДҚБЖ және сервер әкімшілерінің арасында құқықтарды бөлу
(әкімшілердің іс-қимылдарын реттейтін нормативтік құқықтық
актілерді көрсету)______________________________
___________________________________________________________________

Аудиторлық журналдар әкімшілік құқықтары бар пайдаланушылардың
барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Аудиторлық журналдар пайдаланушылардың барлық іс-қимылдарын автоматты түрде тіркейді
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі)____________________
___________________________________________________________________

Оператор белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) тұрып қалған жағдайда,
оны ДҚ-дан ажырату
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақытша интервал)__
___________________________________________________________________

ДҚ-мен жұмыс істегенде оператордың іс-қимылын уақыт бойынша шектеу
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақытша
интервал)__________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Авторландырусыз қол жеткізуі бар есепке алу жазуларын ОЖ
құралдарымен қорғау (guest, anonymosі және басқалар)
(иә/жоқ, қандай құралдармен қамтамасыз етіледі, уақытша
интервал)__________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Компьютерлік жүйе, электр қоректендіру және басқалары жұмыс тоқтап
істемей қалған жағдайда, деректерді қалпына келтіру бойынша
шаралар:
___________________________________________________________________
Деректерді қалпына келтіру бойынша шаралар   |   Иә   |  Жоқ
_____________________________________________|________|____________
қосарланушы серверді пайдалану,
"кластер" жүйесін пайдалану
___________________________________________________________________
серверлерде түрлі деңгейдегі (1-5) RAID
кіші жүйесін қолдану
___________________________________________________________________
Транзакциялар мен ДҚ журналдарының
резервтік көшірмесін жасау
___________________________________________________________________

Өзгесі (көрсетілсін) ______________________________________________
___________________________________________________________________

Транзакциялар мен ДҚ журналдарының резервтік көшірмесін жасау:
___________________________________________________________________
                                         | ДҚ үшін | Транзакциялар
                                         |         |  журналы үшін
_________________________________________|_________|_______________
резервтік көшірмелерді жасау мерзімділігі
(айына/ жылына/рет,)
___________________________________________________________________
резервтік көшірмелердің саны (дана)
___________________________________________________________________
резервтік көшірмелердің сақтау
мерзімі (жыл)
___________________________________________________________________
резервтік көшірмелерді сақтау орны
(резервтік орталық/сейф ж.т.б.)
___________________________________________________________________

Жүйені толық қалпына келтіру уақыты _______________________________
ДҚ қалпына келтіру журналының резервтік көшірмелерінің бар болуы
(иә/жоқ)_____________________

_________________________________________________      ____________
өтініш берушінің немесе оның басшысының Т.А.Ә.             қолы
     М.О.

                                     Қазақстан Республикасының
                                    Ақпараттандыру және байланыс
                                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                                     2004 жылғы 3 қыркүйектегі
                                  N 186-б бұйрығымен бекітілген
                                  Компьютер жүйелерін Қазақстан
                                   Республикасының аумағында
                                  пайдалануға рұқсат етілген
                                  фискалдық жады бар бақылау-
                                    кассалық машиналарының
                                  мемлекеттік тізіліміне(нен) 
                                 енгізуге (шығаруға) қорытынды
                                    беру Ережесіне 2-қосымша  

   Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында
       пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар
   бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізіліміне
   енгізуге Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және
     байланыс жөніндегі агенттігінің берген қорытындысы

       Астана қаласы                    200___ж. "____"____________

      1. Өтініш беруші
__________________________________________________________________
      2. Өтініш берушінің орналасқан жері:
Облысы ___________ Қаласы ________________________________________
Ауданы ________________Көшесі _________________ Үйі ______________
Телефоны _________________ Факсы__________________________________
3. _______________________________________________________________
                            (КЖ атауы)

__________________________________________________________________,
нұсқасы __________________, жасалған датасы ______________________,
      Әзірлеуші___________________________________________________
      Әзірлеушінің орналасқан жері:

Елі ________________Облысы ___________________ Қаласы ____________
Ауданы __________________Көшесі _________________ Үйі ____________
Телефоны ___________________Факсы_________________________________

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық
талаптарға сәйкес:
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының  |              |
Ақпараттандыру және        |              | 
байланыс жөніндегі         |              |_________________
агенттігінің төрағасы      |              |     (қолы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
М.О.
__________________________________________________________________

                                     Қазақстан Республикасының
                                    Ақпараттандыру және байланыс
                                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                                     2004 жылғы 3 қыркүйектегі
                                  N 186-б бұйрығымен бекітілген
                                  Компьютер жүйелерін Қазақстан
                                   Республикасының аумағында
                                  пайдалануға рұқсат етілген
                                  фискалдық жады бар бақылау-
                                    кассалық машиналарының
                                  мемлекеттік тізіліміне(нен) 
                                 енгізуге (шығаруға) қорытынды
                                    беру Ережесіне 3-қосымша  

   Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында  
         пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар
   бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімінен
   шығаруға Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және
     байланыс жөніндегі агенттігінің берген қорытындысы

    Астана қаласы                    200__ ж. "____"____________
      1. Өтініш беруші ___________________________________________
      2. Өтініш берушінің орналасқан жері:
Облысы _______________ Қаласы _______________________
Ауданы ________________________Көшесі __________ Үйі _____________
Телефоны ________________________ Факсы___________________________
3. _______________________________________________________________
                            (КЖ атауы)
__________________________________________________________________,
нұсқасы  ______________________, жасалған датасы _________________,
      Әзірлеуші __________________________________________________
      Әзірлеушінің орналасқан жері:

Елі ________________Облысы ____________ Қаласы ___________________
Ауданы ____________________Көшесі_________________ Үйі____________
Телефоны ____________________ Факсы ______________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық
талаптарға сәйкес емес.
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының  |              |
Ақпараттандыру және        |              | 
байланыс жөніндегі         |              |_________________
агенттігінің төрағасы      |              |     (қолы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
М.О.
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады