Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3178. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабы 2 тармағына және 8 бабы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырғандары бекітілсін:
      Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық инспекцияларымен бірігіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу, Ветеринария департаментінің директоры Қожамұратов А.Ә. жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтінен бастап қолдануға енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
28 қыркүйектегі 2004 жылғы  
"Шошқалардың аскаридозын   
алдын алу және жою жөніндегі 
ветеринариялық ережелерін   
бекіту туралы" N 523     
бұйрығымен бекітілген    

  Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою
жөніндегі ветеринариялық ережесі

      Осы, Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже), ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылады.

  1. Жалпы ережелері

      1. Шошқалардың аскаридозы - шошқалардың жіңішке ішектерінде паразиттік тіршілік етуші аскарис сумм нематодтары туғызатын ауру. Аскаридозға шалдыққан шошқалар тірі салмағын 30 % дейін, ал торайлар салмақ қосуын тәулігіне - 200 грамға дейін жоғалтады, өсуі және дамуы баяулайды. Аскаридоз шошқалардың иммунитетін нашарлатады, жануарлар организмінің табиғи резистенттілігін төмендетеді, ауру малдан сапасы төмен ет алынады. Ескеретін қажеттілігі, көбінесе жануарлар 4 айға дейінгі жаста жұқтырып алуға бейім келеді. Шошқа қорасының нашар тазартылуы, ластану, азықта витаминдердің жетіспеуі аскаридоздың таралуына себеп болады. Шошқа аскаридаларының инвазиялық жұмыртқалары адамдарға қауіпті.

      2. Аурудың диагнозы эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, зертханалық зерттеулер және ішкі мүшелердегі патологоанатомиялық өзгерістердің негізінде, ішекте аскаридалардың анықталуымен қойылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  2. Аурудан ветеринариялық-санитариялық таза
аумақта жүргізілетін, шошқалардың аскаридозын
алдын алу шаралары

      3. Шошқалардың аскаридозын алдын алуға келесі шаралар жүргізіледі:
      1) рационға құрамы бойынша витаминдермен және минералдық заттармен балансталған азықтарды енгізеді;
      2) шошқаларды жазғы кезеңде лагерлік жүйеде бағып ұстау, мамыр-тамыз айларында әрбір 10 күн сайын жайылымды ауыстырып отыру, ауа температурасының төмендеуіне байланысты ауыстыру мерзімін ұлғайту арқылы (10 о С кезде - 40 күн өткенде);
      3) жазғы лагерлердің құрылысын және жабдықтауын, оңтүстікке қараған тығыз топырақты жайпақ беткеймен қамтамасыз ету;
      4) нәжіс-қиларды күнделікті тазартып, оларды жабдықталып қоршалған биотермиялық залалсыздандырылуға арналған нәжіссақтағышқа тасымалдауды қамтамасыз ету;
      5) қораларды, оттықтарды, науаларды, күтім заттарын және шаруашылық құрал-саймандарын (шелектерді, күректерді, айырларды, сыпыртқыларды) үнемі тазалап және механикалық тазартып, оларға ерітінділермен немесе ыстық қайнаған сумен залалсыздандыру жүргізіледі;
      6) ферма айналасындағы аумақтардың жерлері жыртылады, оларға және серуен аулаларына известь (әк) себіліп артынан олар тегістелінеді;
      7) жыртылмаған ферма айналасының аумақтарын және орманды жайылымдарды қолдануға тиым салынады, себебі олар жаңбыр құрттарының үлкен биотоптары болып табылады;
      8) ұдайы түрде, торайлаулардың аралықтарындағы кезеңде, жас малдарды бордақылауға ауыстырғанда және етке союға шығарылғаннан кейін қораларға мұқият тазартылу және дезинвазия жүргізіледі;
      9) малдарды тек оттықтардан (науалардан) азықтандыру және таза сумен суару қамтамасыз етіледі;
      9-1) жаңадан келген жануарларды 30 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық карантинге қояды және гельминттерге зертханалық зерттеулер жүргізеді;
      9-2) әрбір фермада санитарлық тораптарды жабдықтайды;
      10) шошқалардың ферма аумағындағы серуен аулаларынан тысқары жерлерде немесе елді мекенде серуендеуіне жол берілмейді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Қайта өнім беруші және асыл тұқымды шаруашылықтарда аналық шошқаларға торайлағанға дейін бір ай қалғанда, лагерге шығарылар алдында және күзде тұрақты бағып ұстауға қойылар алдында дегельминтизация жүргізіледі. Жас емшек емуші торайларды сәуірден желтоқсанға дейін преимагинальдық дегельминтизациялайды, бірінші рет 90 күндік жасында, ал қыста, желтоқсаннан сәуірге дейін - бірінші рет 50-55 күндік жасында, екінші рет 90 күндік жасында. Нәжістері ұдайы түрде зерттеліп отырылады, зерттеудің жаман нәтижесі жағдайында жоспардан тыс ескертулік дегельминтизация жүргізіледі. Барлық нәжістері, бөлінген гельминттер және олардың фрагменттері жинап алынып жойылады, артынан дезинфекциялаушы заттардың ерітіндісімен ыстық күйінде орындарға дезинвазия жүргізіледі.

  3. Аурудан таза емес бекеттерде шошқалардың
аскаридозын жою шаралары

      5. Шошқалардың аскаридозынан таза емес бекеттерде келесі шаралар жүргізіледі:
      1) қайта өнім беруші, асыл тұқымды және қайта өнім беруші-бордақылау шаруашылықтарында торайлағанға дейін бір ай қалғанда барлық аналық шошқаларды дегельминтизациялайды. Он күн өткеннен кейін бақылаулық зертханалық зерттеу жүргізіледі, және жұқтырып алынған малдар анықталған жағдайда дегельминтизацияны қайталайды;
      2) жаңадан туылған торайларға преимагинальдық дегельминтизация жүргізіледі: 14 күндік жасынан және 35 күндік жасынан бастап;
      3) торайларға преимагинальдық дегельминтизация жүргізу мүмкіншілігі болмаған жағдайда, дегельминтизацияны 2,5-3 айлық жасқа жеткендеріне жүргізеді. 10 күн өткенде бақылаулық зертханалық зерттеулер жүргізіледі және топта 10 %-тен артық жұқтырып алған малдар анықталған жағдайда дегельминтизацияны қайталайды;
      4) аналық-шошқа қораларына - әрбір торайлау турының алдында, жеткізіп бағу топтарының және бордақылау шошқа қораларына - қораларды малдармен кезекті толтыру алдында дезинфекция жүргізіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Бордақылаушы шаруашылықтарда:
      1) бордақылануға келіп түсетін шошқалар, алдын алу карантині кезеңінде зертханалық зерттеулерден өткізіледі және қажет жағдайда - дегельминтизация жүргізіледі;
      2) карантиндік қоралар малдарды бордақылауға ауыстырғаннан кейін, ал бордақылауға арналған шошқа қоралары - бордақылаудың кезекті циклі аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.07.15 N 450 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Шаруашылықтың барлық түрлерінің шошқа қораларының, төбесі ашық жайларының, серуен аулаларының және алаңдарының едендерінің тығыз жамылғысы болуы қажет. Шошқалардың ферма аумағында серуендеуіне тиым салынады.

      8. Дегельминтизация жүргізуге пиперазин препараттары (гексагидрат, адипинат, фосфат немесе сульфат), нилверм, ивомек, панакур (фенбендазол), ринтал (фебантел), морантел тартрат и пирантел-тартрат (банминт) және басқа Қазақстан Республикасында тіркелген препараттар қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады