"Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 15 шілдедегі № 450 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6384 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 523 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 3178 тіркелген, 2005 жылғы 13 қазанда «Заң газетінде» № 125 (749) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі «8 тармақшаларына» деген сөз және сан «9) тармақшасына» деген сөз және санмен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық инспекцияларымен бірігіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесінде:
      2-тармақтағы «копроовоскопия» деген сөз «зертханалық зерттеулер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) рационға құрамы бойынша витаминдермен және минералдық заттармен балансталған азықтарды енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) жаңадан келген жануарларды 30 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық карантинге қояды және гельминттерге зертханалық зерттеулер жүргізеді;
      9-2) әрбір фермада санитарлық тораптарды жабдықтайды;»;
      5-тармақта:
      1) тармақшадағы «гельминтокопрологиялық» деген сөз «зертханалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «гельминтокопроскопиялық тексеру» деген сөздер «зертханалық зерттеулер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың 1) тармақшасындағы «гельминтокопрологиялық тексерілуден» деген сөздер «зертханалық зерттеулерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            М. Оразаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады