Жануарлардың псороптозы мен балықтардың анизакидоз ауруларын алдын алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 2 қарашадағы N 621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3233. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қосымшалар бекітілсін:
      1) жануарлардың псороптоз ауруын алдын алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ереже;
      2) балықтардың анизакидоз ауруын алдын алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ереже.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдансын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 2 қарашадағы   
N 621 бұйрығымен бекітілген  

  Жануарлардың псороптозын алдын алу және жою
жөніндегі Ветеринариялық ереже

      Жануарлардың псороптозын алдын алу және жою жөніндегі осы Ветеринариялық ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы шаралар

      1. Псороптоз - жіті және созылмалы түрде өтетін ауру, терінің қабынып, қышуымен және жануардың жүнінің түсіп, арықтауымен сипатталады, кейде өліммен аяқталады. Бұл ауылшаруашылық жануарларының ауруларын түрлі терілер туыстығының кенелері қоздырады.

      2. Терідегілер - тұрақты эктопаразиттер қойдың (Psoroptosis ovis), ірі қараның (Psoroptosis bovis), жылқының (Psoroptosis equi) және үй қоянының (Psoroptosis cuniculi) қоздырғыштары болып саналады. Жылдың суық мезгілінде, тері маңайында жүн қабатының ылғалдығы артып, тері жұқарғанда, терідегілерге тамақтану үшін өте қолайлы болғанда, ширақ кенелер жануарлардың денесінде көбейеді.

      3. Диагнозды клиникалық белгілер негізінде, аурудың денесінің бүйірінен және арқасынан зақымданған ауру ошақтарын - терінің қабынуын (түсіп жатқан жүндерді) табады. Псороптозға тән белгі қышыну, терінің қатаюы, жүннің түсуі және қабықтардың пайда болуы. Қоздырғыштың түрін анықтау үшін теріден зерттеуге қырынды алады. Күдікті жағдайларда, әрі ауру белгісіз түрде өткенде, лабораториялық зерттеуге терінің қырындысын терінің зақымданған жері мен сау жерінің шекарасынан, жаңа қатаймаған ошақтардан және міндетті түрде бірнеше жерден алады. Жаңа қырындыны сағат шынысында немесе Петри табақшасында 25-30 С-қа қыздырып, қара түстің үстінде қарайды.

  2. Алдын-алу шаралары

      4. Жануарлардың қышыма ауруын алдын алудағы шаруашылық субъектісінің басшысының, жануарлар иелерінің міндеттері:
      1) жануарларды тазалықта ұстауды қамтамасыз ету, оларды күнделікті тазарту және жылдың уағында кемінде 10 күнде бір рет  - жуындыру;
      2) тері қабатының жағдайына көңіл бөлу, төмен қоңдылықтағы жануарлардың азық рационын арттыру;
      3) әр жануарға тұратын орнын бекіту (жылқыға, ірі қараға және түйеге жегетін құралдар, атсайман, мүліктер, шөтке, азықтандыратын астаулар т.б.);
      4) қышымадан қолайсыз шаруашылық субъектілерінен әкелінген мүліктерді залалсыздандырусыз пайдалануға болмайды;
      5) жаңадан келген жануарларды шаруашылық субъектілерінде оқшау ұстайды.

  3. Қолайсыз пункттердегі жүргізілетін шаралар

      5. Жануарлардың қышыма ауруына күдік туғанда шаруашылық субъектісінің басшысы немесе жануарлар иелері осы туралы жедел мемлекеттік ветеринариялық инспекторға хабарлауға, ауырған және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауға, осы жануарлар тұрған қораларды залалсыздандыруға міндетті. Қалған жануарлардың қышымамен ауырған және ауруға күдікті жануарлар тұрған орындар мен ақырларға кіруіне жол бермейді, 1-2 ай өтпей ауру малдың жайылымына шығармайды.
      Шаруашылық субъектісінен 1 бас ауру жануар анықталатын болса, онда ол псороптоздан қолайсыз болып саналады.

      6. Қышыма анықталғанда шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маманның міндеті:
      1) осы ереженің негізінде қышыманың жою шаралары жүргізуіне;
      2) аудандық (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық маманның қышыманың шығуы және қабылдаған шаралары туралы хабарлауға.

      7. Шаруашылық субъектісінің басшысы және жануарлардың иелері барлық қышыманы жоюға бағытталған шаралардың орындалуы мен қамтамасыз етуге міндетті.

      8. Ауданның мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндеті:
      1) қолайсыз шаруашылық субъектісін есепке алуға;
      2) шаруашылық субъектілерінің басшыларын осы ереже және шаруашылық субъектісінде қышыманы жою шараларымен таныстыруға;
      3) қышыманы жою шараларының жүргізілуін ұдайы бақылауда ұстауға.

      9. Қышымадан қолайсыз шаруашылық субъектілерінде келесі шаралар жүргізіледі:
      1) ауру жануарларды (клиникалық белгілері басым және ауруға күдіктілер); жұғуға күдікті жануарлардан (клиникалық белгілері жоқ, бірақ аурулармен жанасуда болған, қораның ішінде көрші лапаста тұрып, қатаң жеке күтімге алынбаған немесе бірге жайылған); сонымен қатар сау жануарлардан (ешқандай клиникалық белгілері жоқ, қышымамен ауырғандармен жанасуда болмаған және басқа қораларда тұрған) бөледі;
      2) жануарларды оқшаулап ұстап және әрқайсысына жеке адамдар қызмет көрсетеді;
      3) жануарлардың әрбір топтарын азықтандыру және суаруды өздеріне бекітілген сәйкес мүліктерден (астаулар, шелектер) іске асыру тиіс;
      4) жануарлардың әрбір топтарын оқшаулап, белгілі бір участоктарда бағады.

      10. Қышымамен ауырған жануарларды қолайсыз шаруашылық субъектілерінен мемлекеттік ветеринариялық инспектордың арнаулы емдеу пункттеріне жіберген жануарлардан басқасын шығаруға болмайды.

      11. Қышыма жұғуға күдікті жануарлар да толық қышымаға қарсы домдаудан өтеді.

      12. Жануарларды сыртқа шығару (сату, басқа шаруашылыққа жіберу) тек қышымаға қарсы домдаудан кейін, мемлекеттік ветеринариялық инспектордың рұқсатымен іске асырылады.

      13. Қышымадан қолайсыз шаруашылық субъектісінде сау және жұғуға күдікті жануарлардың барлығына күнделікті мұқият тексеру жүргізіледі. Жануарлардан ауру және жұғуға күдіктілер табылғанда, жедел оқшаулайды. Олар тұрған қорада дезинфекция және басқа шараларды осы ережеге сәйкес жүргізеді.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 2 қарашадағы   
N 621 бұйрығымен бекітілген  

  Балықтардың анизакидозының алдын алу және
жою жөніндегі Ветеринариялық ереже

      Осы, Балықтардың анизакидозының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы шаралар

      1. Анизакидоз жыныстық жетілу кезінде теңіздегі сүтқоректілердің кейде құстардың анизакидоздарының қоздырғышы болып табылады. Анизакидтардың балақұрттары теңіз және мұхит балықтарында (треска, ставрида, камбала, сельд) тоғышарлықпен өмір сүреді. Анизакид балақұрттары көбінесе атлант және тынық мұхит сельдтерінен табылады. Балықтың ағзасында анизакид балақұрттары оның денесін жауып тұратын сірі қабықтарында орналасады, ішкі органдарының бетінде немесе ұлпасында, бұлшық етінде жартылай мөлдір қабықта немесе онсыз, оралған немесе созылған күйінде кездеседі. Қабығының диаметрі 3,5 миллиметрден 5,5 миллиметрге дейін. Балақұрттың ұзындығы 4 сантиметрге жетеді, диаметрі 0,4-1,0 миллиметр. Анизакид балақұртының түсі ақ-сарыдан бастап, қызыл-қоңырға дейін болады.

      2. Анизакид балапанқұрттарымен зақымданған балықтар адамдар мен етқоректілер денсаулығына қауіпті. Балапанқұрттар залалсыздандырылмаған балықтармен бірге асқорыту жүйесіне түскеннен кейін, ішектің қабырғасына өтіп, сонда түлейді, бірақ жыныстық жетілу кезеңіне дейін дамымайды. Балақұрттардың өмірсүруінен кейін қабыну процестері пайда болып, толғақ тәрізді ауырады және ішек-қарын жүйесінің жұмысының бұзылуымен, уланудың, аллергияның ауыр түрімен, кейде өліммен аяқталады.

  2. Балықтың анизакид ауруын алдын-алу шаралары

      3. Балық шаруашылығымен айналысатын аумақтарда және үйлерде заңды және жеке тұлғалар жұмыс істейтін адамдардың анизакид балақұрттарын жұқтырмаудың алдын-алуын шараларын қамтамасыз ету керек. Балықтарды өңдеумен айналысатын адамдар, жеке алдын-алу шараларын сақтауға тиісті, оның ішінде, шикі балықтың тартылған етінің және басқа балық шикі өнімдерінің дәмін татуға болмайды, уақытында қалдықтарды залалсыздандыру керек.

      4. Анизакидозбен зақымданған ошақтан жеткізілген барлық балықты ветеринариялық куәлігімен бірге қабылдайды, онда шартты жарамды деп көрсетілуі керек, шартты жарамды балық тұтыну алдында сәйкес технологиялық өңдеуден өткізіледі.

      5. Балықтың қалдығын көлдерге және қоқыстар төгетін жерлерге тастауға, шикі балықпен және оның қалдықтарымен үй жануарларын қоректендіруге тиым салынады.

      6. Балықтарды өңдегенде алынатын қалдықтар жемдік балық ұнын алу үшін өңдеуге жіберіліп, өңдейтін қондырғы болмаса, қазанда қайнағаннан бастап 30 минут ұстайды.

  3. Балықтың анизакидозын жою шаралары

      7. Анизакидтің тіршілікке қабылетті балақұрттармен зақымданған балықтарды таратуға тиым салынады.

      8. Балық өнімдеріне лабораториялық зерттеулер жүргізгенде және одан анизакидтің тірі балақұрттары табылғанда, өнімдерді суыққа қатырып - залалсыздандыруға жібереді.

      9. Балықты залалсыздандырғаннан кейін тірі және тіршілікке қабілетті анизакид балақұрттарының бар жоғына білу үшін қайтадан лабораториялық зерттеулер жүргізеді.

      10. Мұздату жолымен залалсыздандыру талаптарының шарттары орындалмағанда, балықтарды нормативтік құқықтық актілердің N 2088 Мемлекеттік тіркеуінде тіркелген Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларының  Ережесіне " сәйкес балық-ет ұнын алу үшін өндірістік өңдеуге жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады