Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектілерін күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа даярлау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3285. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Ережелерінің  10 тармағының  2-тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиация субъектілерін мемлекеттік қадағалау және реттеу заңнамасына сәйкестігін жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектілерін күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа даярлау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау барқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Азаматтық авиация    
комитеті төрағасының   
2004 жылғы 24 қарашадағы 
N 234 бұйрығымен     
бекітілген       

  Қазақстан Республикасы азаматтық авиация
субъектілерін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы
кезеңдегі жұмысқа даярлау ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының субъектілерін күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезеңдегі жұмысқа даярлау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарының тиімді қызмет жасауын, ұшу қауіпсіздігі мен үнемділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Авиациялық техниканы пайдалану, ұшу қауіпсіздігі мен үнемділігін қамтамасыз ету елеулі деңгейде метеорологиялық жағдайға байланысты болады. Қазақстан Республикасы азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесінде екі кезең анықталды: күзгі-қысқы кезең және көктемгі-жазғы кезең, олардың әр біреуі Қазақстан Республикасының түрлі аудандарындағы климаттық ерекшеліктерімен мінезделеді.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарын күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезең жағдайларындағы жұмысқа даярлау екі ай ішінде жүргізіледі:
      1) республиканың оңтүстік аймақтары үшін (Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары мен Балқаш әуежайы) көктемгі-жазғы кезең 1 мамырда, күзгі-жазғы кезең - 15 қарашада аяқталуы тиіс;
      2) республиканың басқа аймақтарында орнықталған қалған азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындары үшін аяқталу көктемгі-жазғы кезең - 15 мамырда, күзгі-қысқы кезеңде 1 қарашада.

      3. Азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарын жұмысқа даярлау жөніндегі іс-шаралар кешені алдағы кезеңде:
      1) жұмыс ырғағын қамтамасыз етуге және ерекше ұшу жағдайында даярлықсыз экипаждардың, авиация мамандары мен авиациялық техниканың кезігу жәйіттерін болдырмауға;
      2) жолаушыларды және жүктерді тасымалдау жөніндегі кідіріссіз, ырғақты жұмысты қамтамасыз ететін жүйелердің, ғимараттардың және құрылыстардың дер кезіндегі және сапалы даярлығына бағытталуы тиіс.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетіне азаматтық авиация субъектілері жұмысқа даярлау басталмастан бір ай бұрын тиісті кезеңде алда тұрған кезеңде даярлық ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін іс-шаралар жоспарын табыс етеді.

  2-тарау. Күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезең
жағдайларында жұмысқа даярлаудың негізгі мәселелері

      5. Қызметкерлерді жұмылдыруға, авиация мамандары даярлығының жоғары сапасын қамтамасыз етуге, ұжымның жұмысындағы жайлылықты, әрбір қызметкердің өндірістік тапсырмаларды сапалы орындауға жауаптылығын арттыруға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу.

      6. Ұшу, диспетчерлік, инженерлік-техникалық құрамның және жер бетіндегі қызметтер мамандарының жоғары даярлық деңгейін, мамандарды әуе кемелерін техникалық пайдаланудың, радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының, алдағы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетіндегі техникалық пайдаланудың ережелері мен әдістеріне оқыту.

      7. Реттелген және қосымша жұмыстардың дер кезінде және толық орындалуын және ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейі мен үнемділігін қамтамасыз етуді көздейтін авиациялық техника мен ұшуды қамтамасыз ету құралдарының жоғары сапалы даярлығы.

      8. Әуе кемелеріне техникалық күтім көрсету және ұшуға даярлау кезінде олардың мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жер бетіндегі жабдықтарды, механикаландыру құралдарын, ғимараттар мен құрылыстарды даярлау және дұрыс күйде ұстау жөніндегі алдын алу жұмыстарының кешенін жүргізу.

  3-тарау. Күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы)
кезеңдегі жұмысқа даярлықты ұйымдастыру

      9. Даярлық басталғанға дейін бір ай бұрын басшылар тиісті қызметтердің ұсынысы негізінде күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезең жұмысына даярлықтың жобасын әзірлейді және бекітеді.
      Жоспар жобасының көшірмелері даярлық басталуға дейін 20 күннен кешіктірілмей қызметтерге жіберіледі.

      10. Азаматтық авиация субъектілерін даярлау жоспары жобасына сәйкес бастықтар ерекшеліктер мен спецификаны ескере отырып, бөлімдер және қызметтерді даярлау жоспарын әзірлейді, онымен бөлім және қызметтің барлық жұмысшылары даярлық басталмастан 15 күн бұрын таныстырылуы тиіс.

      11. Тиісті кезеңге даярлық ұйымдастыру мен жүргізудегі кемшіліктерді ескере отырып, азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарының қызметтері мен бөлімдерінің даярлық жоспар жобалары командалық-басшылық құрамның кеңесінде талқыланады және түзетіледі.
      Жоспар жобасы кеңесте азаматтық авиация субъектісінің басшысымен бекітіледі.

      12. Бекітілген жоспарға сәйкес қызмет (бөлім) басшысының бұйрығы шығарылады, онда мыналар:
      1) даярлықтың басты міндеттері;
      2) ұстаздар құрамы тағайындалады, бұл орайда ұшу қызметі бойынша ұстаздар құрамы бүкіл оқу жылына, яғни күзгі-қысқы кезеңге даярлықтан бастап көктемгі-жазғы кезеңге даярлық аяқталғанға дейін белгіленеді.
      3) қызметтер (бөлімдер) бойынша сынақтар қабылдау жөніндегі, әуе кемелерінің, трассалар мен әуеайлақтардың радиотехникалық құралдарының, қонуға кіру, арнаулы автокөлік, жер бетіндегі жабдық және механикаландыру құралы жүйелерінің даярлығын тексеру жөніндегі, күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы) кезең жұмысына даярлық пен әзірлік барысын бақылау жөніндегі комиссия тағайындалады.

      13. Барлық санаттағы командалық-ұшу, инспекторлық және ұшу құрамын маусымдық даярлығын ұйымдастыру және өткізу басшылық құжаттардың талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

      14. Даярлық басталардан 15 күн бұрын қызметтердің іс-шаралар жоспарының негізінде даярлықтың басталу мен аяқталу мерзімін көрсете отырып, күзгі-қысқы кезеңдегі, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа даярлық туралы авиакомпания басшысының бұйрығы шығарылады.

      15. Авиакомпания басшысының бұйрығымен ұстаздар құрамы тағайындалады, сонымен қоса ұшу қызметі жөніндегі ұстаздар құрамы бүкіл оқу жылына белгіленеді.

      16. Қызметтердің даярлығы мен олардың күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі ұшуға даярлығы барысына бақылауды жүзеге асыратын комиссия да бұйрықпен тағайындалады.

      17. Ұшу қызметін даярлау жоспары жеке белгіленген авиакомпанияның барлық қызметтеріне іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      18. Ұшу қызметінде даярлық басталар алдында ұшу-әдістемелік кеңесінің отырысы (командалық-ұшу құрамының талқылауы) өткізіледі.

      19. Ұшу-әдістемелік кеңесінде:
      1) Күзгі-қысқы кезеңге, көктемгі-жазғы кезеңге даярлықты реттейтін құжаттар, әдістемелік ұсыныстар зерделенеді;
      2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшу-әдістемелік кеңесінің тақырыбына және авиакомпаниядағы ұшу ерекшеліктеріне байланысты әзірленген теориялық оқу өткізудің тақырыптық жоспары бекітіледі;
      3) Сыныптық-топтық әдіспен теориялық білімдер өткізу тәртібі (өткізу мерзімі, орны, уақыты және т.б.) белгіленеді және өз бетімен даярлану мен білімдерін бақылау үшін бақылау сұрақтары (билеттері) бекітіледі;
      4) Оларға өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, кәсіби оқу тақырыптары бойынша базалық конспектілер бекітіледі;
      5) Авиакомпанияда пайдаланылатын әуе кемелерінің типтері бойынша ұшу-техникалық конференциясын өткізу күні белгіленеді;
      6) Ұшу аймағының және өткен жылдардағы осыған ұқсас кезеңде авиациялық оқиғаларға жол берілген ауытқулардың, бұзушылықтардың, алғы шарттардың ерекшеліктерін ескере отырып, әуе кемесінің ұшу ерекшеліктері, әуе кемесін пайдалану (жүйелер мен қозғалтқыштарды) жөніндегі ұсыныстар бекітіледі.

      20. Командалық-ұшу құрамымен әдістемелік кеңес өткізілгеннен кейін ұшу қызметі мүдірінің орынбасары Азаматтық авиация комитетінің ұшу-әдістемелік кеңесі әзірлеген теориялық даярлық тақырыбының негізінде кәсіби оқудың тоқсандық жоспарын және әуе кемесінің типтері бойынша ұшу құрамымен сабақтардың кестесін жасайды. Теориялық даярлық өткізу жоспары кәсіби оқу журналына енгізіледі.

      21. Тренажердегі жаттығу тоқсан сайындық жаттығу бағдарламасы бойынша өткізіледі. Тапсырмада жаттығу ресімделіп, онда авиа маманның тренажердегі жылдық жаттығуының есебі жүргізіледі.

      22. 4-сыныпты ұшақтар мен тікұшақтар үшін ұшу даярлығы осы типтің ұшу құрамын даярлау және әдістемелік ұсыныстар бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жаттығуға тапсырмада бөлек жазылады, сондай-ақ тоқсан сайынғы кіру мен жеке минимумды әуе кемесі командирі бекітуінің есебі жүргізіледі.

      23. Күзгі-қысқы кезеңде, көктемгі-жазғы кезеңде ұшуға алдын ала даярлық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұшу-әдістемелік кеңесі әзірлеген нұсқалар бойынша теориялық әзірлік пен жаттықтырғыштағы жаттығулардан кейін өткізіледі. Алдын ала даярлықты есепке алу арнаулы журналдарда жүзеге асырылады.

      24. Экипаждың даярлығын қадағалау бақылау сұрақтарын немесе білімдер бақылауының автоматтандырылған құралдарын қолдана отырып, әзірлеу жөніндегі даярлықты өткізуші қызметтердің аға мамандарын тарта отырып, ұшу қызметінде жүргізіледі.

      25. Ұшу құрамымен және борт жолсеріктермен борттық апаттық-құтқару құралдарын, апаттық радиобекеттерді қолдану және олармен жұмыс істеу тәртібін, пиротехникалық және жарықсигналдық құралдарын қолдануын оқу жөніндегі сабақтар жүргізіледі.

      26. Маусымдық даярлықтың қорытынды кезеңі ұшу-техникалық конференциясы болып табылады.
      Ұшу-техникалық конференциясының жоспары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұшу-әдістемелік кеңесі әзірлеген тақырыптар негізінде, сондай-ақ теориялық даярлық процесінде бақылау және алдын ала даярлық процесінде даярлық бақылауын жүргізу кезінде айқындалған кемшіліктер негізінде жасалады.
      Ұшу-техникалық конференциясына шығарылған мәселелерді талқылау ұжымды жүргізіледі.

      27. Ұшу-техникалық конференциясының жалпы отырысында ұшу жұмысын ұйымдастыру және ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі жөніндегі талдаулар зерделенеді, ұшудың, әуе кемесін пайдаланудың ерекшеліктері, навигация және ұшу ережелері бойынша ұсыныстар енгізіледі.

      28. Ұшу ерекшеліктері, ұшуды пайдалану, навигациясы мен ережелері бүкіл күзгі-қысқы кезеңге, көктемгі-жазғы кезеңге ұшу-әдістемелік сыныбында ілінеді.

      29. Теориялық даярлықты өту, жаттықтырғыштардағы жаттығу, алдын ала даярлық пен экипаждардың ұшу қызметіне даярлығын бақылау негізінде әрбір ұшу маманын ұшуға жіберу туралы бұйрық шығарылады.

      30. Инженерлік-авиациялық құрамның авиакомпанияны (әуежайды) даярлаудың жалпы жоспарының бөлімі ретінде жетекші құжаттардың талаптарына сәйкес күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа даярлығының жоспары әзірленеді.

      31. Ұшақ-тікұшақ паркін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңге даярлау кестесі жасалады, оны инженерлік-авиациялық қызмет бастығы бекітеді.
      Инженерлік-авиациялық қызмет бастығының бұйрығымен инженерлік-авиациялық құрамның күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлығын бақылау жөніндегі комиссия тағайындалады.

      32. Инженерлік-техникалық құрам үшін авиациялық техниканы техникалық пайдалану ерекшеліктерін зерделеу жөніндегі сабақтар ұйымдастырылып өткізіледі. Сабақтарды өткізу неғұрлым даярланған мамандарына тапсырылады.

      33. Сабақтар бағдарламасына осы кезеңдегі авиациялық техниканың жұмысы мен техникалық күтім көрсетудің ерекшеліктерін көрсететін сұрақтар енгізіледі. Бұл орайда әуе кемелері жүйелерін пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты авиациялық техника бұзылысының себептеріне талдау жасау жүргізіледі. Әуе кемелерін буксирге алу және тұрған жерінде қозғалтқыштарды тексеріп анықтау жұмыстарын орындаудың ережелері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ техника қауіпсіздігінің ережелерін білуге елеулі назар аударылады.
      Азаматтық авиация әуеайлақтарындағы әуе кемесінің, арнаулы автокөлік пен механикаландырылған құралдардың қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық зерделенеді, сынақтар қабылданады.

      34. Әуе кемелерін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі пайдалану ерекшеліктерін авиациялық оқиғалар мен жанжалдарды, әуе кемелерінің өткен жылдар ішіндегі тиісті кезеңдегі ұшудағы және жер бетіндегі авиациялық техниканы пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты әуе кемелерінің жер бетіндегі бүліну оқиғаларын егжей-тегжейлі түсіндіре талдай отырып, әуе қызметтерінің аға борт инженерлері мен инженерлерінің қатысуымен техникалық конференция өткізіледі.

      35. Сабақтар аяқталып, техникалық конференция өткізілгеннен кейін инженерлік-авиациялық қызметкерлерінің авиациялық техниканы пайдалану мен техникалық күтім жасау ерекшеліктерін білуі тексеріледі.
      Сынақтар авиациялық техникаға күтім жасаумен және жөндеумен байланысты адамдардан, цех бастығына дейін қабылданады. Нәтижелері бойынша куәліктің нөмірлері мен қызметтің нақты түрлеріне жіберу көрсетіле отырып, жеке құрамды техникалық күтім жасауға жіберу туралы бұйрық шығарылады.
      Тексеріс кезінде қанағататтандырмайтын білім көрсеткен адамдар сынақтарды қайтадан тапсырғанға дейін техникаға техникалық күтім жасайтын жұмысқа жіберілмейді. Тексеру мен баға нәтижелері техникалық оқу журналына жазылады.

      36. Авиациялық техниканы күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңге пайдалануға даярлау барысында әуе кемесінде оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қосымша жұмыстар орындалады. Әрбір типтегі әуе кемелері үшін регламентте көзделмеген жұмыстардың қосымша тізбесі мен көлемі айқындалады, оларды орындау қажет және авиациялық техниканы пайдаланудың нақты жағдайларына (климаттық жағдайлар, пайдаланудың өзгешелігі, жұмыс шарттары, базалық аудандар және т.б.) сапалы даярлау үшін міндетті. Қосымша жұмыстардың тізбесі техникалық күтім жасауға арналған карта-нарядқа қоса беріледі.

      37. Әуе кемелерінің және олардың жүйелерінің, тұрмыстық және дәмханалық-ас жайлық жабдықтардың мұқият ақаусыздығы жүргізіледі.

      38. Барлық әуе кемелерінде түсіру жабдығының, чехолдардың, дыбыс сіңіргіштердің, борттық авариялық-техникалық мүліктің түзулігі мен жұмыс қабілетіне тексеру жүргізіледі және тиісті өңдеуден кейін буылып түйіледі.

      39. Зауыттан түскен, жаңа авиациялық техникада алдағы кезеңдегі пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жұмыстар орындалады. Жөндеу зауыттары пайдаланушы кәсіпорындардың өтінімі бойынша әуе кемесін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы пайдалануға даярлау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

      40. Орындалған пысықтауларды, техникалық құжаттамалар мен оны жүргізудің дұрыстығын, барлық агрегаттарға формулярлар мен төлқұжаттардың болуына біржолғы тексеру жүргізіледі. Пайдаланудың тиісті кезеңіне даярлық жүргізу тәртібін реттейтін барлық техникалық құжаттама жиынтықталады, бас инженер тексеріп, инженерлік-авиациялық қызметтің техникалық бақылау бөлімінде сақталады.

      41. Күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде пайдалануға даярланған әрбір әуе кемесін ұшу және инженерлік авиациялық қызмет, борт жолсеріктер қызметі, ұшудың іздеу-апаттық қамтамасыз ету қызметінің өкілдерінен тұратын және авиакомпания (әуежай) басшысының бұйрығымен бекітілетін кешенді комиссия тексереді. Комиссияның төрағасы болып инженерлік-авиациялық қызметтің бастығы немесе оның орынбасарларының бірі тағайындалады. Тексеру кезінде байқалған кемшіліктер туралы дефектация ведомствосында жазба жүргізіледі. Кемшіліктер жойылғаннан кейін комиссия әуе кемесін тиісті кезеңге пайдалануға жіберу туралы қорытынды береді.

      42. Әуе кемесі, егер регламентте көзделген техникалық күтім жасау мен нұсқаулар толық көлемде орындалса және әуе кемесін кешенді комиссия қарап, оның формулярында жазба жүргізіледі.

      43. Жер бетіндегі жабдықтарды, механикаландыру құралдарын, қыздырып жіберу мен мұз басуды кетірудің көтергіш тасымал құралдарын, гидрокөтергіштерін, шварттайтын бейімделгіштерді, зәкірлік бекітулерді, электроколодоктарын, колодоктары мен басқа да жабдықтарын даярлау мен жөндеу жұмыстардың күнтізбелік жоспарына және техникалық күтім жасау регламенттеріне сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      44. Бүкіл стендтік жабдықтарға профилактикалық күтім жасау жүргізіледі, жабдықтардың жарамдылық мерзімі және оның техникалық жарамдылық нормаларына сай келуі тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша төлқұжатта немесе формулярда жазба жүргізіледі.

      45. Ангар алдындағы және айдап құйғыту алаңдары, ағын аулақтатқыш қалқандар инженерлік-авиациялық қызметтің (ангарлар, доктар, жылу бергіштер) ғимараттары мен құрылыстары, сондай-ақ жылу жүйелері мен приборлардың, электрлі қыздырғыштарының, желдеткіштер мен кондиционерлік жүйенің жұмыс қабілеті мен өрт қауіпсіздігі тексеріледі.

      46. Пайдаланудың тиісті кезеңіндегі жұмыс ерекшеліктерін ескере келіп азаматтық авиация субъектілерін материалдық техникалық жабдықтау бөлімімен бірлесе отырып бөліктердің, агрегаттар мен материалдардың, қайтару-алмасу қорының азайтылмайтын қорының тізбесі қайта қаралады және оларды жабдықтау жөнінде шаралар қабылданады.

      47. Материалдық-техникалық жабдықтау бөліміне жылыту құралдары, саймандар, чехолдар, арнаулы киім, жылу материалдарына өтінімдер дер кезінде беріледі.

      48. Арнаулы техникалық киім-кешекті, әуе кемесінің чехолдарын, жұмсақ саймандарын химиялық тазалау, жуу және жөндеу жүргізіледі.

      49. Апаттық-құтқару және эвакуциялық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылатын техникалық құралдар тексеріледі.

      50. Инженерлік-авиациялық қызмет, егер әуе кемесінің тіркелген паркінің 90 пайызы тексерілген және пайдаланудың алдағы кезеңіндегі күтіліп отырған жөндеу мен сақтауға зауытта болатындарын қоспағанда, инженерлік-авиациялық қызмет қызметкерлері толық көлемде даярлықтан өтіп, авиациялық техниканы пайдалану жөніндегі сынақтарды тапсырса, әуе кемелеріне техникалық күтім жасауға арналған жер бетіндегі жабдықтар мен механикаландыру құралдары жөнделген болса, стендтік жабдықтау мен бақылау-тексеру аппаратурасына профилактикалық күтім жүргізілген болса, даярланған болып есептеледі.

      51. Әуеайлақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, арнаулы автокөлікті, электрлі жарық беретін техникалық жабдықтар мен электр қондырғыларын механикаландырудың әуеайлақтық құралдарын даярлау жұмыстың тиісті кезеңі басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын басталады.

      52. Жер бетіндегі қызметтердің күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа даярлану жоспары әзірленеді, оны авиакәсіпорынның басшысы бекітеді. Жоспарда жауапты тұлғалар мен көзделген іс-шараларды орындау мерзімі көрсетіледі.
      Арнаулы көлік қызметі күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде арнаулы автомашиналарды пайдаланудың кестесін әзірлейді, ол инженерлік-авиациялық қызметпен, басқа да мүдделі қызметтермен келісіледі және әуежай басшысы бекітеді.

      53. Жер бетіндегі қызмет қызметкерлерімен әуеайлақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, жарық беретін техникалық, жылу техникалық және сантехникалық жабдықтарды, арнаулы машиналар энергия қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ өткен жылдар ішінде тиісті кезеңде жер беті қызметтерінің қызметкерлері кінәсінен жерде болған әуе кемелерінің бүліну оқиғаларын зерделеу жөніндегі сабақтар ұйымдастырылады және өткізіледі.
      Басқа да қызметтермен бірлесе отырып, арнаулы автокөліктің әуе кемелеріне кіреберістерінің (шығуларының) ережелері жөнінде тәжірибе сабақтары өткізіледі.
      Сабақтар аяқталған бойда осы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері білімін кәсіпорын бойынша арнаулы бұйрықпен тағайындалған комиссия тексереді. Тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделіп, ол ағымдағы жұмысқа жіберу үшін негіз болып табылады.

      54. Ұшу-қону жолақтарының, рульдік шағын жолдардың, тұратын орынның, перрондардың, қауіпсіздіктің соңғы жақтары мен бүйір жолақтарының, қосалқы және көмекші топырақтық ұшу-қону жолақтарының, ағын сулы-қашыртқы желілері жазғы алаңының топырақтық аумағының жай-күйін мұқият зерттеу жүргізіледі. Ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін ақауларды жою жөніндегі шаралар қабылданады.

      55. Формулярларда жасалған жұмыс туралы кейіннен жазылған жазбасы бар зауыт нұсқаулықтарына сәйкес автомашиналар мен әуеайлақ механизмдеріне маусымдық техникалық күтім жасау жүргізіледі.

      56. Әуеайлақта және оған жапсарлас жатқан аумақтарда арнаулы автокөлік және жаяулардың жүріс қауіпсіздігін сақтандыратын белгілердің жай-күйі тексеріледі.

      57. Ұшу-қону жолақтарының тіркеу коэффициентін өлшеуге арналған құралдар тексеріледі.

      58. Инженерлік құрылыстардың және канализация құбыры, жылумен жабдықтау, желдеткіш, табиғат қорғау объектілері қазандық жабдықтары жүйелерінің техникалық жағдайына тексеру жүргізіледі және оларды пайдаланудың қауіпсіздігіне, беріктілігі мен тиімділігіне әсер ететін кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылданады.

      59. Күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа даярлау кезінде:
      1) жылдық жоспарға сәйкес әуежайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, объектілер мен жылжымалы автозертханаларға арналған кіреберіс жолдарды, арнаулы көлік пен механикаландырылған әуеайлақтық құралдарды, жарық жүйелері мен электр қондырғыларын, жылу-техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету объектілерін, жабдықтарын, газ-тозаңдарды сіңіріп алатын қондырғыларды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі қажетті жұмыстарды орындау; маусымдық техниканы (мұз тазалайтын, қар тазалайтын машиналар және басқалары) даярлау өткен күзгі-қысқы кезең аяқталған бойда жоспарланып, жүргізіледі;
      2) орташа және ең көп қар жауу және көктайғақ мұз есебінде әуеайлақты ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарын жасау, онда тазартылатын және тығыздалатын алаң, қар қалайтын орын, қар-мұз тазалайтын жұмыстарды орындаудың кезектілігі, бұл мақсат үшін қажетті бригадалар саны, қосымша шақырып алынатын жүргізушілер саны, арнаулы әуеайлақ машиналары мен механизмдер саны, әуеайлақты белгіленген мерзімде ұшуға даярлау үшін оларды пайдаланудың тиімділігі көрсетілуге тиіс;
      3) химиялық реагенттерді, қазандық-пеш отынын және резервті дизель-генераторлар үшін жанар-жағар майды, сондай-ақ апаттық және жөндеу жұмыстары үшін құрылыс материалдарын қажетті мөлшерде дайындап, берік сақтауды қамтамасыз ету.

      60. Көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа даярлау кезінде:
      1) әуеайлақтар мен оған жапсарлас жатқан ұшу алаңының жай-күйі, су ағатын-қашыртқы құрылғылар мен инженерлік желілері мұқият тексеріледі, жамылғылардағы сетінеген жерлер мен жарықтар бітеледі, байқалған жөнделмеген жерлер жойылады, ұшу алаңының грунтті бөлігі беткейінің тегістігі қалпына келтіріледі, шөптерді егу мен басқа да агротехникалық іс-шаралар орындалады, таңбалайтын белгілер жаңартылады, жазғы алаңның грунтті бөлігі жағынан жасанды жамылғылардағы ілескен отмосткалар жөнделеді;
      2) жамылғылардың жарық беретін техникалық жүйелері шырақтары арматурасының бояуы жаңартылады, жарықтандыратын мачталар таңбаланады, жарық беретін техникаларға күтім жасау жөніндегі жарты жылдық регламент орындалады.

      61. Даярланған арнаулы көлік пен әуеайлақтық механизмдерді әуежай басшысының төрағалық етуімен комиссия тексереді және әуежай басшысы бекіткен арнаулы техниканы тексеру актісінің негізінде тиісті кезеңге жұмысқа жіберіледі.

      62. Жер бетіндегі қызметтер жұмысқа толық даярланған болып есептеледі, егер:
      ғимараттарды, құрылыстарды, объектілерге кіреберіс жолдарды, жылжымалы автозертханаларға арналған алаңдарды, электрмен жарық беретін жүйелерді, электр қондырғыларын, жылу-техникалық және сантехникалық жүйелерін, жабдықтар мен объектілерді, табиғат қорғау объектілері мен арнаулы көлікті даярлау жөніндегі жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалса;
      әуеайлақ техникасының жөнделу коэффиценті, жүргізушілер құрамының жабдықталуы мен әуеайлақ бригадаларының қазандықтар кочегарлары және операторларымен жабдықталуы кемінде 90 пайыз болса;
      жергілікті әуе желілерінің тіркелген әуеайлақтары тексеріліп, жұмысқа жарамды деп танылса;
      мұздаққа қарсы күреске және қазандық-пеш отынына арналған химиялық реагенттердің қажетті қоры жасалса;
      арнаулы көлік кемінде 85 пайыз даярланса;
      ұшу алабындағы жұмысқа арналған машина радиоланып, шырақтардың сәулесімен жабдықталса.

      63. Жолаушыларды және қызметтік үй-жайларды, аэровокзалдарды, бортта тамақтандыру цехтарын, борт жолсеріктері қызметі мен жүк тасу қызметтерін даярлау тиісті кезең басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей басталады және нұсқаулықтарға, ережелер мен нұсқауларға сәйкес келтіріледі.

      64. Тасымалдауды, борт жолсеріктері қызметін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа ұйымдастыруды даярлаудың жоспары әзірленеді және авиакомпанияның (әуежайдың) басшысы бекітеді.

      65. Теориялық және практикалық сабақтар:
      1) күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктерін зерделеу және әуе кемелері кешіккен, жолаушылар үйме-жүйме болған жағдайда қызметтердің өзара әрекеттесуін пысықтау;
      2) қоймалардағы, әуе кемелеріндегі, бортта тамақтандыру цехтарындағы тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде және аэровокзалдар мен әуе кемелерінің бортында жолаушыларға күтім жасау кезінде қауіпсіздік техникасын зерделеу;
      3) борттағы жолаушылардың және дәмханалық-кухнялық жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктерін, навигацияның тиісті кезеңіндегі тамақ өнімдері мен сусындарды тасымалдау, сақтау мен тарату мерзімдерінің өзгешеліктерін зерделеу;
      4) тасымалдауды ұйымдастыруды, жолаушылар мен жүк клиентурасына күтім жасауды, сондай-ақ әуеайлақтағы арнаулы көлік пен механикаландырылған құралдардың қозғалыс ережелерін реттейтін басшылыққа алатын құжаттарды зерделеу;
      5) өткен жылдардың тиісті кезеңінде тасымалдарды ұйымдастыру қызметі қызметкерлерінің кінәсінен болған жер бетіндегі әуе кемелерінің зақымдану жағдайларын зерделеу;
      6) жолаушылардың шағымдарын талдау нәтижелерін және оларды болдырмау жөніндегі шаралар нәтижелерін зерделеу, сондай-ақ оларға күтім жасаудың озық әдістерін зерделеу мақсаттарында ұйымдастырылып, жүргізіледі.

      66. Сабақтар аяқталған бойда сынақтар қабылданады және күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа тиісті түрде жіберу ресімделеді.

      67. Механикаландырылған құралдарға қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес маусымдық күтім жасау жүргізіледі.

      68. Тасымалдауды ұйымдастыру қызметі, борт жолсеріктері қызметі, егер жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалса, механикаландыру құралдары, үй-жайлар, жұмыс орындары мен мамандар даярланған болып, алдағы кезеңдегі жұмысты қамтамасыз етсе, жұмысқа даярланған болып есептеледі.
      Теориялық және практикалық сабақтар:
      1) күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмыстар ерекшелігін зерделеуді;
      2) техникалық қауіпсіздікті зерделеуді;
      3) борттағы жолаушылардың және дәмханалық-кухнялық жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктерін, навигацияның тиісті кезеңіндегі тамақ өнімдері мен сусындарды тасымалдау, сақтау мен тарату мерзімдерінің өзгешеліктерін зерделеуді;
      4) тасымалдауды ұйымдастыруды, жолаушылар мен жүк клиентурасына күтім жасауды, сондай-ақ әуеайлақтағы арнаулы көлік пен механикаландырылған құралдардың қозғалыс ережелерін реттейтін басшылыққа алатын құжаттарды зерделеуді;
      5) мәжбүрлі қону кезіндегі экстремалдық жағдайда жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аман қалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара көмек көрсету мен дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету бойынша практикалық пысықтауды қосады.

      69. Құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды және бақылау-өлшеу құралдарына техникалық күтім жасау жүргізіледі.

      70. Алдағы кезеңде төгу-құю құрылғыларын, сүзгі құралдарын пайдалану ерекшеліктері және авиациялық жанар-жағармай материалдарын құю мен сапасына әуеайлақтық бақылау жүргізу жөніндегі сабақтар жүргізіледі.

      71. Авиациялық жанар-жағармай материалдарымен жедел нүктелерде қамтамасыз етуге авиациялық жанар-жағармай материалдарын сақтау, беру, тасымалдау және май құю құралдарын пайдалануға (актімен ресімдей отырып) қабылдап алғаннан кейін ғана, сондай-ақ авиациялық жанар-жағармай материалдарымен жұмыс істеу үшін кәсіпорын бойынша адамдарды тағайындау туралы бұйрық болғанда рұқсат етіледі.

      72. Дистильделген суды және оның сапасын бақылау құралын даярлау жүзеге асырылады.

      73. Күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа даярлау кезінде сұйықтарды кристалдандыруға қарсы "Арктика", "Арктика-200" арнаулы сұйықтары жасалады, аталған сұйықтармен жұмыс істеуге жіберу ресімделеді, сыйымдылықтар мен шығыс бактарындағы арнаулы сұйықтардың сапасы бақыланады.

      74. Материалдық-техникалық жабдықтау бөліміне жанар-жағармай материалдары бөлімінің қызметкерлері үшін қажетті арнаулы киімнің қажетті мөлшеріне өтінім беріледі.

      75. Кестеге сәйкес резервуарларды, отын құятын ыдыстарды, автоцистерналарды, май құятын ыдыстарды, кристализацияға қарсы шығыс бактарының сұйығын тазарту жүзеге асырылады және өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі.

      76. Жанар-жағармай материалдарының қызметі, егер жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтардың қажетті қоры жасалса, авиациялық жанар-жағармай материалдары құралдарын даярлауға қабылдау, сақтау, тасымалдау, сүзгілеу, құю және сапасын бақылау жөнінде прафилактикалық шаралар жүргізілсе, бекітілген технологиялық карталар, қызметтік нұсқаулықтар болса, мамандар даярлықтан, оқытудан өтіп, олардан сынақ қабылданған болса және олар өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау жөнінде жеткілікті теориялық білімдерге, тәжірибе дағдыларға ие болса, алдағы кезеңдегі жұмысқа даярланған болып есептеледі.

      77. Экипаждардың, әуежай қызметтерінің, ұшу-қону жолағын, әуе кемесін бүркемелеу туралы бүркенішті хабарларға байланысты жанжалдар кезіндегі әрекеттер жөніндегі жоспарларының, нұсқаулықтарының болуы және тәжірибелік әрекеттері тексеріледі.

      78. Жолаушыларды тексеру пункттері, қол жүктері мен багаж, коммерциялық қоймалардағы жүктеріне тексерілу жүргізіледі. Жеке құраммен жабдықталу және арнайы техникамен жарақталу, тексеру сапасы жағдайының деңгейі. Халықаралық рейстерді бақылау жөніндегі шекара және кеден органдарымен өзара әрекеттерді ұйымдастыру.

      79. Ұшу-қону жолақтарының жай-күйі, әуеайлақтың периметрлік қоршауы, маңызды режимдік объектілер, күзетілетін объектілерге кірберіс жолдар тексеріледі.

      80. Объектілердегі күзет сигналы құралдарына маусымдық техникалық күтім жасау, радиобайланысы құралдары жұмысының тұрақтылығы және оларды пайдалануға даярлау ұйымдастырылады.

      81. Алдағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әуе кемесі мен объектілерді күзету, базалық әуежайларда ұшақ-моторлы паркінің болуы мен оны орналастыру ұйымдастырылады. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің, қарауылдық күзет постыларын көшіріп-жайғастыру түзетіледі, авиациялық қауіпсіздік қызметі нарядтарының автопатрульдік маршруттары, постылардың даярлығы мен жарақтандырылуы нақтыланады.

      82. Авиациялық қызметтің қарауылдық үй-жайлары азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестікке келтіріледі.

      83. Егер кәсіпорында жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалса, алдағы кезеңде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде даярланған болып есептеледі.

      84. Ұшу құрамын, борт жолсеріктері мен апаттық-құтқару командалары топтарын аталған кезеңде іздеу және ұшуды апаттық-құтқаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға даярлау жоспары әзірленеді, оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Әрбір қызметке сабақтардың кестесі жасалады.
      Жоспарды жасау кезінде тәжірибелік пысықтауға және қиын-қыстау жағдайларда ең аз мерзімде әрекет ету жөніндегі дағдыларды бекітуге ерекше назар аударылады.

      85. Әуе кемелерінің іздеу экипаждарының іздеу және навигация аппаратурасын қолдану жөніндегі білімдері тексеріледі және қажет жағдайда, Іздеу экипаждарын даярлау бағдарламасының жаттығулары бойынша қосымша жаттығу (тренажерде немесе әуе кемесінде) беріледі. Апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздеудің әдістері мен тәсілдері жөнінде сабақтар жүргізіледі. Әуе кемелерінің іздеу аппаратурасының жабдығы мен оларда апаттық радиостанцияларының болуы тексеріледі.

      86. Ұшу құрамымен және борт жолсеріктерімен борттық апаттық-құтқару құралдарын, апаттық радиостанцияларды қолдануды зерделеу және олармен жұмыс істеу тәртібі, пиротехникалық және жарықтысигналдық құралдарды пайдалану жөніндегі сабақтар жүргізіледі.

      87. Ұшу құрамымен және борт жолсеріктерімен әуеайлақтан тыс қонуға мәжбүр болған кезде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аман қалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара көмек және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын пысықтау жөнінде сабақтар жүргізіледі.

      88. Экипаждың әрбір мүшесі мен борт жолсеріктері жаттықтырғышта және әуе кемесінде апаттан шығатын жерлерді ашу тәртібін, апаттық кестемен әрекет еткен кездегі жұмыс жағдайында әуе кемесінен борт құрал-жабдықтарын эвакуацияға келтіру дағдыларын өз бетімен пысықтайды.

      89. Әрбір кезеңде кемінде екі рет әуежайдың апаттық-құтқару командаларымен іздеу және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізген кезде апаттық-құтқару командасының топтарын хабарландыру, жинау және әрекетке келтіру жөнінде жаттығулар өткізіледі, апаттық-құтқару командасының топтарында апаттық хабарландыру арнаулы аппаратурасының болуы және авиациялық оқиға болған жерден ақпарат өткізудің сызбасы тексеріледі.

      90. Техникалық білімдерді тексеру кезінде Апаттық іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ережесін білуге назар аударылады.

      91. Кәсіпорын қызметі, егер іздеу, апаттық-құтқару даярлығы жөніндегі жоспарланған шаралар толық көлемде орындалса, ұшу құрамы, борт жолсеріктері мен апаттық-құтқару командасының мүшелері теориялық білімдерден кейін жаттығулар өткізіп, практикада қажетті тәсілдер өткізіп, ол туралы тиісті жазба жүргізсе, алдағы кезеңде жұмысқа даярланған болып есептеледі.

      92. Әуежай қызметін аталған кезеңде жұмысқа даярлаудың жоспары әзірленіп, оны әуежай бастығы бекітеді.

      93. Өртке қарсы техникалық комиссиялар объектілерді талаптар көлемінде тексеру жүргізеді. Анықталған кемшіліктер дереу жойылады.

      94. Алдағы кезеңдегі өрт қауіпсіздігінің ерекшеліктері бойынша қызметтерде сабақтар және әуежай қызметкерлерімен екінші мәрте өртке қарсы инструктаждар өткізіледі.

      95. Әрбір кезеңде кемінде бір рет жедел жоспарлар және өрт сөндіру кәртішкелері ойналады.

      96. Өртке қарсы техникаға маусымдық күтім жасау, жүйелердің өртке қарсы жабдықтарын және техникалық күтім жасау мен өртке қарсы автоматиканы орнату сынағы жүргізіледі.

      97. Әуе кемелерінде әрбір кезеңнің ерекшеліктері ескеріле отырып, өрт сөндірудің өртке қарсы атқыштарының даярлығы бойынша нормативтер пысықталады.

      98. Су қоры, көбіктендіргіштер және басқа да өрт сөндіру құралдары толықтырылады.

      99. Күзгі-қысқы кезеңге қарай қосымша: қыздырылатын үй-жайларда өртке қарсы техниканы және өртке қарсы жабдықтарды орналастыру қамтамасыз етіледі.

      100. Көктемгі-жазғы мерзімге қарай қосымша: қар ерігеннен кейін аумақ жанғыш материалдардан тазартылады, жанар-жағармай материалдары қоймасынан, әуе кемелері тұратын жерлерден, радиотехникалық жабдықтар мен байланыстарды пайдалану объектілері мен оған жапсарлас жатқан жерлерден шөп жинап алынады.

      101. Күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа материалдық-техникалық жабдықтау қызметін даярлау үшін жоспар әзірленеді, оны азаматтық авиация субъектісінің басшысы бекітеді.

      102. Жоспарда мынадай жұмыстардың орындалуын қарастыру қажет:
      1) күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа даярлау мәселелері жөніндегі қызмет қызметкерлерімен арнаулы сабақтар жүргізу;
      2) қоймалар мен қызметтік үй-жайларды даярлау, оларды жылыту, жарықтандыру және қоршау, қоймалардың аумақтарын тәртіпке келтіру жөніндегі жоспарлы жұмыстарды орындау;
      3) қойманы механикаландыру құралдарын даярлау;
      4) қоймалардың және аумақтардың өртке қарсы жабдықтарын даярлауды, басталған кезеңнің талаптарына сәйкес өрт сөндіру құралдарын иелену мен ауыстыру;
      5) осы кезеңде приборларды, агрегаттар мен жабдықтарды сақтаудың тиісті температуралық режимін қамтамасыз ету;
      6) қосалқы бөлшектер мен агрегаттардың азайтылмайтын қорларын қамтамасыз етуді және басталған кезеңді ескере отырып олардың тізбесіне қажетті түзетулер жүргізу;
      7) авиакомпания, әуежай, азаматтық авиация субъектісін оларды тиісті кезеңде жұмысқа дер кезінде даярлау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз етуді көздеу.

      103. Материалдық-техникалық жабдықтау қызметі, егер даярлық жөніндегі шаралар жоспары толық көлемде орындалса, күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа даярланған болып есептеледі.

      104. "Казаэронавигация" мемлекеттік кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес "Казаэронавигация" мемлекеттік кәсіпорынның аймақтық өкілдіктерінде күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезең жұмысына даярлық жоспары әзірленеді және "Казаэронавигация" мемлекеттік кәсіпорынның аймақтық бастықтары мен радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану базалары басшысының бекітілуіне ұсынылады.

      105. Даярлық жоспары соңғы үш жыл ішіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі ұшу қауіпсіздігін, өткен жылдар тәжірибесін және әуе қозғалысын ұйымдастыру кезіндегі жіберілген қателіктерді ескере отырып, әуе қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі мәселелерді талдау негізінде әзірленеді.

      106. Даярлық процесінде әуе қозғалысын ұйымдастырудың мамандары "Казаэронавигация" мемлекеттік кәсіпорын басшысының жоспарына сәйкес тиісті қызметтер мамандарымен бірге ұшуды қамтамасыз етудің әр алуан түрлерінің жай-күйін тексеруге қатысады.
      Диспетчерлердің тиісті қызметтік нұсқаулықтары, сондай-ақ жұмыс орындары жабдықталуының, әуе қозғалысын ұйымдастырудың үлгі құжаттамасына және ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкестігі тексеріледі.

      107. Даярлық барысында теориялық және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады, олар:
      1) жергілікті климат ерекшеліктерін және ұшу үшін қауіпті алда тұрған метео құбылыстардың мүмкін болатын сипатын зерделеу;
      2) алдағы 3 жыл ішіндегі тиісті кезеңдерде диспетчерлердің кінәсінен жіберілген әуе кемелерінің ұшуда қауіпті жақындасуын және жердегі әуе кемелерінің бүлінуін қоса алғанда, әуе қозғалысын ұйымдастыру кезіндегі авиациялық оқиғалар мен жанжалдарды зерделеу;
      3) жұмыс технологиясында көзделген әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұшу басшыларының тәжірибелік жұмысын және жұмыс орындарындағы диспетчерлердің дағдыларын тексеру мақсаттарында жүргізіледі.

      108. Сабақтарды өткізу кезінде (айына кемінде 8 сағат көлемінде) ұшу басшыларының және диспетчерлік құрамның әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі негізгі жетекші құжаттарды білуі, сондай-ақ диспетчерлердің кінәсінен болған авиациялық оқиғалар мен жанжалдардың себептері, олардың алдын алу жөніндегі шаралар тексеріледі.

      109. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың және алдағы кезеңдегі ұшуды қамтамасыз етудің жергілікті ерекшеліктерін зерделеу мақсатында қозғалыс қызметтерінің және олармен ұшуды қамтамасыз ету кезінде өзара әрекеттестікте болатын басқа да қызметтердің тиісті мамандарын тарта отырып, қозғалыс қызметі мамандарының техникалық конференциясы өткізіледі.

      110. Қозғалыс қызметі, егер қозғалыс қызметінің кемінде 90 пайыз диспетчерлік құрамы толық көлемде жетекші құжаттардың талаптарын білсе және жұмыс орнында "жақсыдан" кем емес бағаланған жұмыстың практикалық дағдылары болса, диспетчерлік пункттер, жабдықтар, құжаттар мен анықтама материал қолданылатын талаптарға сай келсе, алдағы кезеңдегі жұмысқа даярланған болып саналады.

      111. Радиотехникалық жабдықтарды пайдалану мен байланыстар қызметін күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа даярлау радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және кәсіпорын байланыстары базаларының жоспары бойынша жүргізіледі.

      112. Жоспарға енгізілетін жұмыстың негізгі бағыттары:
      1) тиісті кезеңдегі және апаттық жағдайлардағы жұмыстың және радиотехникалық жабдықтар мен байланыстың ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет персоналын (базасын) даярлау (оқыту, жаттықтыру);
      2) техникалық жай-күйін тексеру, қолданылып жүрген нормаларға (талаптарға) сәйкес келуін және қажет жағдайда, объектілерді, оларға кіреберіс жолдарды, ғимараттарды, құрылыстарды, антенналық-фидерлік құрылғыларды, желілік-кабельдік құрылыстарды, электр желілерін, объектілерді электрмен жабдықтаудың негізгі және резервтік көздерін, жылу беретін құрылғыларын, өрт сөндіретін, еңбек қорғау құралдарын жөндеуді тексеру;
      3) объектілерді босалқы жабдықтармен және приборлармен, жанар-жағармай материалдарымен және басқа да шығыс мүліктерімен қамтамасыз ету.

      113. Жұмыстың тиісті кезеңі басталудан бір ай бұрын радиотехникалық жабдықтары мен байланысты пайдалану бөлімі кәсіпорынның радиотехникалық жабдықтары мен байланысты пайдалану базасын даярлау жоспарына енгізу үшін ұсыныстарды әзірлейді.

      114. Радиотехникалық жабдықтары мен байланысты пайдалану қызметі (базасы), егер жоспарланған іс-шаралардың бәрі орындалған және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөнінде шектеулер жоқ болса, тиісті кезеңге жұмысқа даярланған болып есептеледі.

  4-тарау. Даярлық барысын және алдағы кезеңдегі жұмысқа
даярлық туралы хабарларды ұсыну тәртібін қадағалау

      115. Азаматтық авиация субъектілерінде бөлімшелер мен қызметтерді күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезең жұмыстарына даярлау азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларының тікелей басшылығымен жүргізіледі.

      116. Азаматтық авиация субъектілерінің командалық-басшылық құрамы негізгі жұмыстардың жоспарына сәйкес алдағы кезеңде жұмысқа бөлімшелер мен қызметтерді сапалы даярлауды ұйымдастырады және бағынысты бөлімшелер мен қызметтерге қажетті тәжірибелік көмек көрсетеді.

      117. Күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа қызметтерді даярлауды тексеруді азаматтық авиация субъектілерінің басшылары тағайындаған комиссия жүргізеді. Комиссияның төрағасы болып басшының орынбасарларының бірі тағайындалады.

      118. Қызметтерді тексеру нәтижелері бойынша белгіленген нысанда акт жасалады (2-қосымша).

      119. Актіні бекіткеннен кейін басшы кәсіпорынның алдағы кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы бұйрық шығарады.
      Акт мен бұйрықтың көшірмелері азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясына табыс етіледі.

      120. Азаматтық авиация мекемелері мен кәсіпорындарын күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа даярлығын тексеру нәтижелері жөнінде алынған актілер мен анықтамалар негізінде азаматтық авиация субъектісінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясы алдағы кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы бұйрық жобасын әзірлейді.

      121. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мамандары азаматтық авиация субъектілерінің күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезең жұмысына даярлық барысын қадағалауды жүргізеді.

      122. Кәсіпорындардың күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезең жұмысына даярлығы туралы баяндамалар мен актілер алынғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің азаматтық авиация субъектілерінің алдағы кезең жұмыстарына даярлығын ұйымдастырады және тексеру жүргізеді.

      123. Тексеру нәтижелері жөнінде анықтамалар жасалады (1-қосымша). Тексеру кезінде ашылған кемшіліктер дереу немесе көрсетілген мерзімде жойылады. Азаматтық авиация субъектілерінің басшылары Азаматтық авиация комитетінің Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасына кемшіліктерді жою туралы жазбаша хабарлама ұсынады.

      124. Азаматтық авиация субъектілерінің күзгі-қысқы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмысқа даярлығын тексеру нәтижелері жөнінде алынған актілер мен анықтамалар негізінде Азаматтық авиация комитеті алдағы кезең жұмысына жіберу туралы бұйрық жобасын әзірлейді.

                                             Азаматтық авиация
                                            комитеті төрағасының
                                          2004 жылғы 29 қарашадағы
                                        N 234 бұйрығымен бекітілген
                                           Қазақстан Республикасы
                                           азаматтық авиациясының
                                         субъектілерін күзгі-қысқы
                                         (көктемгі-жазғы) кезеңдегі
                                          жұмысқа даярлау ережесіне
                                                   1-қосымша

     АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ
        ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

___________________________________________________________________
               ______________________________________

      Азаматтық авиация комитетінің Төрағасының __________ N ______
бұйрығымен аппарат комиссиясы _____________________________________
________төрағалық етуімен 20_____ жылғы ___________________________
аралығындағы кезеңде ________ ________ күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы)
кезеңде жұмысқа даярлыққа тексеру жүргізді.

      Комиссия __________________________________________ тексерді.
                 (азаматтық авиация комитетінің қызметі)

      Тексеруде мыналар анықталды:
      (жұмыстың алдағы кезеңіне даярлық жөніндегі бұйрықтар мен
нұсқаулардың талаптарын орындау жөніндегі кәсіпорынның командалық
басшы құрамы жұмысының оң нәтижелері атап өтіледі. Азаматтық
авиация комитеті бойынша және жеке қызметтер бойынша орындалған
іс-шаралар мен олардың орындалу проценті, даярланған ұшу,
диспетчерлік құрамның, метеорология қызметі инженерлік-техникалық
және техниктерінің, даярланған әуе кемелерінің, авто арнаулы көлік
пен перронды механикаландырудың, қызметтердің, ауысымдардың,
звенолардың, бригадалар мен апаттық-құтқару топтарының пайызы
көрсетіледі).

      Сонымен бірге комиссия мынадай кемшіліктерді ашты:
      ұшу қызметі бойынша _________________________________________
___________________________________________________________________
      әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметі және метеорология қызметі
бойынша ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
      инженерлік-авиациялық қызмет бойынша ________________________
___________________________________________________________________
      жер бетіндегі қызмет бойынша ________________________________
___________________________________________________________________
      тасымалды ұйымдастыру қызметі және борт жолсеріктері қызметі
бойынша ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
      радиотехникалық жабдықтар мен байланыстарды пайдалану қызметі
(базасы) бойынша __________________________________________________
___________________________________________________________________
      жанар-жағармай материалдары қызметі бойынша _________________
___________________________________________________________________
      авариялық-құтқару қызметі және әуежайларды күзету бойынша ___
___________________________________________________________________
      материалдық-техникалық жабдықтау қызметі бойынша ____________
___________________________________________________________________
      Тұжырымдар мен ұсыныстар ____________________________________
      (әрбір қызметке баға беріледі, қызметтердің және тұтас
алғанда Азаматтық авиация комитетінің қызметтерінің алдағы
кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы тұжырымдар жасалады, айқындалған
кемшіліктерді жою үшін қосымша іс-шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар
енгізіледі, кемшіліктерді жою мерзімдері белгіленеді, лауазымды
адамдар мен мамандарды көтермелеу мен жазалау үшін шаралар
ұсынылады).

      Комиссия төрағасы
      Комиссия мүшелері:

                                             Азаматтық авиация
                                            комитеті төрағасының
                                          2004 жылғы 29 қарашадағы
                                        N 234 бұйрығымен бекітілген
                                           Қазақстан Республикасы
                                           азаматтық авиациясының
                                         субъектілерін күзгі-қысқы
                                         (көктемгі-жазғы) кезеңдегі
                                          жұмысқа даярлау ережесіне
                                                   2-қосымша

                                       Командир ___________________
                                       ____________________________
                                       ____________________________
                                                 (аты-жөні)

                                       20 ______ жылғы ____________
                                       ____________________________

                  ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ
                       НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
                             АКТ 

___________________________________________________________________
            (Азаматтық авиация комитетінің субъектісі)

      Азаматтық авиация комитетінің күзгі-қысқы (көктемгі-жазғы)
кезеңдегі жұмысқа даярлау жөніндегі негізгі іс-шаралардың
жоспарына сәйкес кәсіпорын комиссиясы _____________________________
                                          (қызметі, аты-жөні)
____________________________ төрағалық етуімен 20 ______ жылғы ____
аралығындағы кезеңде __________________________________ қызметінің
даярлығына тексеру жүргізді.

      Комиссия __________________________________________ тексерді.
      (Азаматтық авиация комитетінің субъектісінің қызметі)

      Тексеруде мыналар анықталды:
      (жұмыстың алдағы кезеңіне даярлық жөніндегі бұйрықтар мен
нұсқаулардың талаптарын орындау жөніндегі кәсіпорынның
командалық-басшы құрамы жұмысының оң нәтижелері атап өтіледі.
Азаматтық авиация комитетінің субъектісі бойынша және жеке
қызметтер бойынша орындалған іс-шаралар мен олардың орындалу
пайызы, даярланған ұшу, диспетчерлік құрамның және метеорология
қызметі техниктерінің, даярланған әуе кемелерінің, авто арнаулы
көлік пен перронды механикаландырудың, қызметтердің, ауысымдардың,
звенолардың, бригадалар мен авариялық-құтқару топтары
жабдықталуының пайызы көрсетіледі).
      Сонымен бірге мынадай кемшіліктерді ашты:
      Ұшу қызметі бойынша _________________________________________
___________________________________________________________________

      қозғалыс қызметі және метеорология қызметі бойынша __________

      инженерлік-авиациялық қызмет бойынша ________________________
___________________________________________________________________

      жер бетіндегі қызметтер бойынша _____________________________
___________________________________________________________________

      тасымалды ұйымдастыру қызметі және борт жолсеріктері қызметі
бойынша ___________________________________________________________
___________________________________________________________________

      радиотехникалық жабдықтар және байланысты пайдалану қызметі
(базасы) бойынша __________________________________________________
___________________________________________________________________

      жанар-жағармай материалдары қызметі бойынша _________________
___________________________________________________________________

      апаттық-құтқару және әуежайлар күзеті бойынша _______________
___________________________________________________________________

      материалдық-техникалық жабдықтау бойынша ____________________
___________________________________________________________________

      Тұжырымдар мен ұсыныстар ____________________________________
(әрбір қызметке баға беріледі, қызметтердің және тұтас алғанда
Азаматтық авиация комитетінің субъектісі қызметтерінің алдағы
кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы тұжырымдар жасалады, анықталған
кемшіліктерді жою үшін қосымша іс-шаралар өткізу жөнінде ұсыныстар
енгізіледі).

      Комиссия төрағасы
      Комиссия мүшелері:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады