Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007.12.12. N 621 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру және білім беру ұйымдары мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты тәртіпке келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін қайтарым көрсету шартының үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А.Құрманәлиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2004 жылғы 18 қарашадағы
N 937 бұйрығымен бекітілген
Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының
үлгілік нысаны
Бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын____________________
____________________________________________________________ атынан
білім беру ұйымының атауы, білім беру қызметін жүргізу құқығына
____________________________________________________________________
мемлекеттік лицензиясы N ____
білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
басшының немесе уәкілетті тұлғаның тегі
____________________ негізінде әрекет ететін, бірінші тараптан және
құрылт. құжат. реквизиті
азамат (азаматша) ________________________ бұдан әрі "білім алушы"
білім алушының аты-жөні
басқа тараптан немесе______________________________________________
заңды немесе жеке тұлғаның атауы
_____________________________________________________________атынан
заңды немесе басқа өкілетті тұлға, аты-жөні, әкесінің аты
___________________________________________________________________
және қызметі
әрекеттегі __________________________ және ________________________
тегі, аты-жөні
азаматтың (азаматшаның) мүддесіне қызмет ететін бұдан әрі "Тапсырыс
беруші" ____________ басқа тараптан төмендегідей осы шартты жасады.
тегі, аты-жөні
1. Шарттың мәні
1. Білім беру ұйымы өзіне:
1)_________________________________білім алушыға мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытуды
ұйымдастыруды ___________________________________ мамандығы бойынша
__________________________________________________ оқыту нысандары
(күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан)
бойынша толық курсты бітірген соң мемлекеттік үлгідегі_______ беру;
құжат
2) білім беру ұйымының оқу жоспарларына сәйкес білім алушыға
оқыту қызметін пайдалануға мүмкіншілік беру міндеттерін мойнына
алады.
2. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
2. Білім беру ұйымы:
1) __________________________ конкурстың қорытындысы бойынша
білім алушының аты-жөні
(немесе академиялық қарызын өтеген жағдайда басқа білім беру ұйымдарынан ауысқан) білім беру ұйымының білім алушылары қатарына өзі немесе Тапсырыс беруші (өкілі) білім алушыны қабылдағанға дейін жылдық төлем ақы сомасынан білім беру ұйымы бекіткен соманы төлеген және қалған соманы төлеуге міндеттенген жағдайда қабылдауға;
2) шартты жасар кезде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясымен, Ішкі тәртіп ережесімен және білім беру ұйымына қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыруға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес маман даярлауды қамтамасыз етуге;
4) бар нормативке сәйкес білім алушының оқу жүктемесінің мөлшерін және үзілістерімен оқу мерзімін белгілеуді, білім алушыны оқытуға салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға;
5) білім беру ұйымдарының кітапханасының ақпараттық ресурстарына еркін қол жеткізуді және пайдалануды; оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге;
6) білім беру ұйымының басшысы бекіткен, негізгі ережеде қарастырылған тәртіппен және жағдайда оқу бағдарламасы шеңберінде тапсырманы орындау үшін компьютерлік техниканы қолдану мүмкіншілігін беруге;
7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға;
8) осы шарттың талаптарын орындамағаны үшін немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен басқа да себептермен білім алушы оқудан шығарылған жағдайда оның өтініші бойынша қайта қабылдауға;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіпте оқу бағдарламасын өтуіне және ауыстыру сәтінде ақы төлеуіне байланысты өтініші негізінде білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқыту нысанынан басқасына, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына ауыстыруға;
10) білім алушыны оқу процесіне зиян келтіретін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға оның келісімінсіз тартуға жол бермеуді;
11) білім алушыға өз еркімен білім беру ұйымындағы ғылыми, мәдени және спорт, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорт шараларына қатысуға мүмкіншілік жасауға;
12) Оқудың толық курсын сәтті аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттауды өту нәтижесі жағдайда білім алушыға тиісті біліктілік беру және _________________мемлекеттік үлгідегі құжат беруге міндеттенеді.
3. Білім беру ұйымы:
1) білім беру ұйымы осы шарт пен ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес білім алушыдан міндеттерін адал және дұрыс орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін, оқытушылармен, қызметкерлермен және оқушылармен әдепті және сыпайы қатынастарды сақтауды талап етуге;
2) білім алушыға осы шарт пен ішкі тәртіп ережесінің оқыту тәртіптерін бұзғаны үшін тәртіптік ықпал шараларын қолдануға;
3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техниканың жұмысының ережесін сақтауды талап етуге. Білім алушы тарапынан материалдық зиян келтірілсе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен шыққан шығынды қалпына келтіруді талап етуге;
4) білім алушыны оқудағы, ғылыми және шығармашылық жұмыстардағы жетістіктері үшін мақтауды, марапаттауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Білім алушы:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары көлемінде білім, шеберлік және тәжірибе дағдыларын игеруге, оқу және практикалық сабақтардың барлық түрлеріне қатысуға;
2) білім алушы стационарлық емделу, төтенше жағдай сипатындағы салдар (зілзала, апат және т.с.) және басқа да себептермен сабаққа қатыса алмаса, білім алушы немесе оның туыстары білім беру ұйымына кез-келген тәсілмен (телефон, телеграф арқылы және т.б.) болған жағдай туралы бір күн ішінде хабарлауға, үш күн мерзімде осы жайды растайтын құжатты тапсыруға;
3) амбулаторлық немесе стационарлық емделген жағдайда білім беру ұйымына растау құжаттарын көрсетіп жазбаша түрде ескертуге;
4) білім беру ұйымының Жарғысын, осы шартын және ішкі тәртіп ережесін, басшысының өкімдері мен бұйрықтарын сақтауға және орындауға;
5) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарау және оны тиімді пайдалану, оқу мен жатақханада тұру үшін дұрыс жағдай жасауға қатысуға;
6) әскери есепке тұру ережесін сақтауға;
7) білім беру ұйымының әкімшілігінің талабы бойынша осы шарттың талабын, ішкі тәртіп ережесін және білім беру ұйымының басқа да нормативтік құжаттарының мәселелері бойынша жазбаша түсінік беруге;
8) білім беру ұйымының оқытушыларымен, қызметкерлерімен, білім алушыларымен әдепті және сыпайы қатынастарды сақтауға;
9) отбасы жағдайы, мекен жайы, телефоны өзгерсе, жоғарыда көрсетілген жай басталған кезеңнен бастап, бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенеді.
5. Білім алушы:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен, білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде оқу бағдарламасын өту нәтижесіне байланысты бір оқыту нысанынан басқасына, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа, сондай-ақ төлем ақылы оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысуға;
2) қосымша ақы төлеу арқылы мемлекеттік стандарттың үстінен қосымша білім беру қызметін пайдалануға;
3) кітапхана мен оқу залындағы оқулықтарға, оқу-әдістемелік әдебиеттерге еркін қол жеткізуге және пайдалануға;
4) студенттің (оқушының) өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
5) білім беру ұйымының шешімі бойынша жеке оқу жоспарымен және жеделдетілген бағдарлама бойынша жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді осы шартқа қосымша келісіммен бекіту арқылы оқуға;
6) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
7) өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге міндеттенеді.
3. Оқыту қызметтеріне ақы төлеу тәртібі және мөлшері
6. Көрсетілетін оқыту қызметі үшін төлем ақы сомасы тиісті мемлекеттік білім беру стандартының шеңберінде теңгемен белгіленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.06.04. N
286
(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-1. Студент шарт жасау кезінде білім алудың барлық кезеңіне шығыстарды мезгілді өтеген жағдайда шарт сомасы оқудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.06.04. N
286
(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-2. Оқыту үшін шығыстарды кезеңмен төлеу кезінде еңбек ақыға арналған шығыстар және инфляция индексі өскен жағдайда тараптардың келісімі бойынша төлем ақы көлемі жылына 1 рет өзгеруі мүмкін, ол туралы осы шартқа қосымша жасалады. Оқыту құнының өсуі оқытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміне қатысты еңбек ақыға арналған шығыстардың және инфляция индексінің өсуін арттырмауы қажет.
Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2007.06.04. N
286
(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Оқуға төлем ақы білім беру ұйымының есеп шотына тиісті соманы аудару жолымен іске асырылады. Төлем ақыны толығымен немесе бөліп төлеуге болады.
8. Ерекше жағдайда білім беру ұйымы оқыту үшін төлем ақы тәртібіне байланысты жеке жеңілдікті қарастыруы мүмкін.
Басқа білім беру ұйымдарынан ауысқан білім алушы сабаққа жіберу туралы басшының бұйрығы шыққаннан кейін белгіленген мерзімде төлем ақыны төлейді.
9. Оқудан шығарылған немесе академиялық демалыс берілген, осы шартты бұзған, оны кейіннен білім алушылар қатарына қайта қабылдаған жағдайда оқуы үшін төлем ақы білім алушыны қайта қабылдау кезіндегі төлем ақы тәртібі бойынша жүргізіледі.
10. Өз еркімен оқуды тоқтатқан жағдайда оны шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап, осы шарт бұзылған болып есептеледі. Осы мерзімге дейін оқығаны үшін төлем ақы жөніндегі шарттың міндеті сақталады.
4. Тараптардың жауапкершіліктері
11. Оқуы үшін төлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және білім беру ұйымынан шығарылады. Төленбеген оқу ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріледі.
12. Қарызды жабу үшін қаржы төлеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен білім алушыға білім беру ұйымына қайтадан қабылдануына құқық береді.
13. Оқуы үшін ақысын төлемеуі себепті білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда қарыз қайтарылғанға дейін академиялық анықтама және басқа да құжаттар берілмейді.
14. Білім беру ұйымын бітіру сәтіне төлем ақы бойынша қарыз болса қарыз қайтарылғанға дейін бітіру туралы құжат берілмейді.
15. Білім беру ұйымы оқу орны жабылу процесі негізінде қызметін тоқтатқан жағдайда немесе лицензиясы кері қайтарылуына байланысты білім беру қызметін тоқтатқан жағдайда білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында осы шартта қарастырылған оқу төлемінің шарттарын сақтай отырып, оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруы қажет.
16. Осы тараптардың өз міндеттерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін шартта қарастырылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікті мойындарына алады.
17. Себепсіз сабақтарды босату және академиялық қарызы білім алушыны білім беру ұйымынан шығаруға, онымен шарттық қатынасты тоқтатуға негіз болады.
18. Білім алушы оқу ақысын алдын-ала төлеген жағдайда және шартты бұзу негізінде бұйрық шыққан күннен бастап білім беру ұйымы ағымдағы оқу жылына кеткен шығындарды ұстап қалып төлеген ақыларын қайтарып беруге міндетті.
5. Дауларды шешу тәртібі
19. Осы шартты орындау салдарынан туындаған дау өзара қолайлы шаралар әзірлеу мақсатында Тараптардың келісімімен шешіледі.
20. Егер Тараптар өзара келісімге келе алмаса, онда өзара қолайлы шаралар әзірлеу Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде шешіледі.
6. Шарттың қолдану мерзімі, шарттың талаптарын
өзгерту және оны бұзу тәртібі
21. Осы шарт Тараптардың қол қойған мерзімінен бастап күшіне енеді және білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының барлық оқу мерзімінде қолданыста болады. Оқуын тоқтатқан (оқудан шығарылған) білім алушы қайта қабылданған жағдайда жаңа шарт жасалады, жаңа шартта белгіленген талаптар бекітілген сәттен бастап қолданыста болады.
22. Тараптардың өз ара жазбаша келісімі бойынша осы шарттың талаптарының өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
23. Білім беру ұйымының басшысының тиісті бұйрық шығаруы тараптар арасындағы шарттық қатынастардың тоқтатылу сәті болып табылады.
24. Осы шарт бірдей заңды күші бар үш дана, ал тапсырыс беруші қатысса төрт дана болып қазақ және орыс тілдерінде бекітіледі және бір данадан білім алушы мен тапсырыс берушіге беріледі, екі дана білім беру ұйымында қалдырылады.
25. Тараптардың заңды мекен-жайы мен банктік реквизиттері
Білім беру ұйымының атауы___________________________________
Білім беру ұйымының мекен-жайы______________________________
Білім беру ұйымының салық төлеуге тіркеу нөмірі ____________
Білім беру ұйымының есеп-шоты ______________________________
Басшының немесе басқа уәкілеттік тұлғаның қолы _____________
М.О.
Білім алушының тегі, аты-жөні_______________________________
Білім алушының мекен-жайы___________________________________
Білім алушының қолы_________________________________________
Тапсырыс берушінің тегі, аты-жөні немесе атауы _____________
Тапсырыс берушінің мекен-жайы ______________________________
Тапсырыс берушінің салық төлеуге тіркеу нөмірі _____________
Тапсырыс берушінің (егер болса) есеп-шоты __________________
Тапсырыс берушінің қолы ____________________________________
М.О. (заңды тұлғалар үшін)