"Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 286 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4757 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 621 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007.12.12.  N 621 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  30-бабының 14) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3292 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Көрсетілетін оқыту қызметі үшін төлем ақы сомасы тиісті мемлекеттік білім беру стандартының шеңберінде теңгемен белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
      "6-1. Студент шарт жасау кезінде білім алудың барлық кезеңіне шығыстарды мезгілді өтеген жағдайда шарт сомасы оқудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді.
      6-2. Оқыту үшін шығыстарды кезеңмен төлеу кезінде еңбек ақыға арналған шығыстар және инфляция индексі өскен жағдайда тараптардың келісімі бойынша төлем ақы көлемі жылына 1 рет өзгеруі мүмкін, ол туралы осы шартқа қосымша жасалады. Оқыту құнының өсуі оқытуға арналған шығыстардың жалпы көлеміне қатысты еңбек ақыға арналған шығыстардың және инфляция индексінің өсуін арттырмауы қажет.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады