Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Келісілді":
Денсаулық сақтау
министрлігінің
бірінші вице-министрі
2004 жылғы 26 қараша
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже;
2) оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (С.Б.Еспосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылы 26 қарашадағы
N 974 бұйрығымен бекітілген
Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа
денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп
жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын
ұйымдастыру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Балалардың жалпы орта білім алуын жүзеге асыру мақсатында аудандық (қалалық) білім және денсаулық сақтау бөлімдері медициналық ұйымдарда емделуде жатқан оқушыларды оқытуды ұйымдастырады.
2. Оқу және түзету сабақтары стационарлық алдын-ала сауықтыру немесе реабилитациялық мекемелерде емдеу курсынан өтуші мүгедек балалар үшін жалпы міндетті білім мен арнайы мектеп білім беру ұйымдарының бағдарламалары көлемінде ұйымдастырылады.
3. Керекті құрал-жабдықты базасы бар мектептер олардың денсаулығын ескере отырып, еңбекке оқытуды ұйымдастырады.
2. Емдеу ұйымдарында оқыту ұйымдастыру
4. Медициналық ұйымдар жанындағы мектептерде оқу-тәрбиелеу жұмысын тікелей ұйымдастыру және басшылықты педагогикалық бөлім меңгерушісі жүргізеді.
5. Сабақтар емдеуші дәрігердің бір айдан аса көрсетілген ауруханада емделуден өту керектігі жөніндегі қорытындысына сәйкес I-X (XI) сынып оқушыларымен жүргізіледі.
6. Оқыту сабақтары баланың денсаулық жағдайына байланысты балалардың ауруханаға түскен кезінен басталады.
7. Сабақтардың оқыту мерзімі барлығы үшін 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут. Ревматизммен ауыратын балалар 5 медициналық тәртіпке болады, балалармен жұмысты жоспарлауда осы тәртіптердің әр қайсысына анықталған педагогикалық бағыт сәйкестендіріледі.
8. Оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасы және арнайы түзету ұйымдары бойынша жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-психологтар арнайы түзету (толықтыру) көмегі көрсетіледі.
9. Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастыру топтық және жеке нысанда белгіленеді. Топтық сабақтар бір сынып оқушыларының саны 4-5 болған жағдайда ұйымдастырылады. Бөлімді I-IX сынып оқушылар саны 4-15 болған жағдайда ұйымдастырылады.
4-9 (11), 5-10 (11) сынып оқушылары екі сыныптан құрылған (4(5)-5-6, 6-7, 7-8, 8-9) топтық сабақтар ұйымдастырылады.
10. Ауру балаларды оқытуды ұйымдастыру нысанын және сабақтың басталуын баланың денсаулық жағдайына қарай аурухана бөлімшесінің меңгерушісі емдеуші дәрігермен бірге анықтап, сырқатнамаға (N 003 у нысан) тиісті жазады.
11. Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие жұмысын балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді ескере отырып, аурухананың бас дәрігерінің келісімі бойынша кесте бойынша құралады. Күнделікті оқу жүктемесі бір оқушыға 3-3,5 оқу сағаттарынан аспауы керек.
12. Ауруханада емделуден өтіп жатқан оқушыларды оқыту сабақтарына аптасына келесі оқыту сағаттары бөлінеді.
13. Оқушыларды тиісті сыныпқа өткізу олардың оқитын мектебінен арналған анықтама негізінде жүзеге асырылады.
3. Емдеу ұйымдарында мектеп іс қағаздарын жүргізу
14. Оқушылармен жүргізілген сабақтарды есепке алу үшін, оқу ісін жүргізетін оқытушылар, түскен оқушылардың тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, мектеп пен сынып нөмері, ауруханаға түскен мерзімі, сабақтардың басталуы және аяқталуы, өткізген сағаттар саны туралы анықтамалар жазатын сынып журналы жүргізіледі.
Оқу материалдарының өтуі және оқушылардың білімін есепке алуды жазуды сынып журналын жүргізу талаптарына сәйкес оқытушы рәсімдейді.
15. Оқушылар өздерінде бар оқулықтармен дайындалады.
16. Ауруханаларда оқитын оқушылар құрамы олар әрдайым оқитын мектептердің статистикалық есебіне кіреді.
17. Ауруханадан шыққан кезде оқушыларға оқығаны туралы әр пәннен ағымдағы және тоқсандық бағаларымен, ауруханада оқытуды ұйымдастыру жүктелген жалпы білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарының қолы қойылған, мөрі басылған анықтама беріледі.
Стационарлық емдеу-алдын
алу, оңалту және басқа
денсаулық сақтау ұйымдарында
емдеу курсынан өтіп жатқан
мүгедек балалар үшін оқу
сабақтарын ұйымдастыру
тәртібі туралы Ережеге
қосымша
Медициналық ұйымдарда емделуден өтіп жатқан
оқушылардың оқу сабақтарына аптасына оқу сағаттары
Сыныптар |
Жеке сабақтар |
Топтық сабақтар |
1-3 |
4 |
12 |
4 |
6 |
18 |
5 |
5 |
18 |
6-7 |
7 |
20 |
8 |
7 |
21 |
9 |
8 |
22 |
10-11 |
8 |
22 |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылы 26 қарашадағы
N 974 бұйрығымен бекітілген
Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде
оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібін реттейді.
2. Үйде жеке тегін оқыту мүмкіншіліктері шектеулі балаларды, оның ішінде бала кезінен мүгедектерді және мүгедек-балаларды жалпы орта білім немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкіншілігі жоқ жағдайда іске асырылады.
3. Үйде тәрбиелеу мен оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жөніндегі медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) тұжырымдамасы негізінде балалар белгіленеді.
4. Үйде жеке оқыту жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, оның ішінде оңалту орталықтарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерінің, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарымен атқарылады.
5. Үйде жеке оқыту жалпы және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдары шешетін міндеттерді шешеді.
6. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жеке білім беру процесін басқару және қамтамасыз ету түзету педагогика саласындағы, сонымен бірге жоғары білікті арнайы мамандандырылудан өткен мұғалімдермен атқарылады.
7. Мүмкіндіктері шектеулі бала жеке оқытуға арнайы (түзету) білім беру ұйымына бекітіледі. Арнайы білім беру ұйымдары жоқ болу немесе шалғайда орналасқан жағдайда үйде жеке оқыту тұратын жеріндегі жалпы орта білім мектебінің мамандарымен іске асырылады.
8. Үйде жеке тегін оқытудың сапасына бақылау мен байқау ПМПК және бала бекітілген білім беру ұйымымен атқарылады.
2. Жеке білім беру процесі
9. Үйде жеке тегін оқыту педагогпен мектеп әкімшілігі бекіткен үйде жеке оқыту жоспары осы ережелерінің қосымшасына сәйкес және кесте бойынша атқарылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда педагог баланың жеке ерекшіліктерін және мүмкіндіктерін қолдана отыра арнайы білім ұйымдарына арналған арнайы типтік бағдарламаларға негізделеді.
10. Баланың дамуындағы кемшіліктерді түзеу мақсатында міндетті түрде түзеу сабақтарына арнайы сағаттар (аптасына 2 сағаттан кем емес), олар арнайы мамандармен: мұғалім-логопедпен, мұғалім-психолог немесе мұғалім-дефектологпен жүргізіледі.
11. Сабақ күндері, саны, оқу сабақтарының ұзақтығы мен реттігі, сонымен бірге оқу аптасының ұзақтығы оқушының нервтік-психологиялық жағдайы ескеріле отырып, бірақ бастауыш сынып оқушылары үшін аптасына 8 сағаттан, негізгі және орта білім беру деңгейі оқушылары үшін аптасына 10 және 12 сағаттан кем емес анықталады.
12. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін оқу жылының басталуы және аяқталуы, каникулдың ұзақтылығы жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдары үшін белгіленген мерзімдерге сәйкес.
13. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін қорытынды емтихан өткізу қажеттілігі білім беру ұйымы білім беруді басқару органдарымен бірлесіп тұратын жеріндегі дәрігерлік комиссияның тұжырымдамасы негізінде шешіледі.
14. Жеке білім беру бағдарламасынан өткен бітірушіге білім деңгейі сәйкестігі туралы мемлекеттік түрде, бала бекітілген ұйымның мөрімен расталған құжат беріледі.
3. Білім беру процесіне қатысушылар
15. Жеке білім беру процесінің қатысушылары: білім алушы, оның ата-аналары (заңды өкілдері) мен педагогтар болып табылады.
16. Жеке тегін оқуға бекітілген балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) үйде жеке сабақ өткізу үшін жағдай жасау, мүмкіндігінше оқу-сабақтарына қатысу, педагогтің ұсыныстарын орындау, балаға үй тапсырмаларын орындау кезінде жәрдем көрсету қажет.
17. Білім беру ұйымы баланы қажетті оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етеді.
18. Педагог жеке тегін оқыту кезінде баланың білімін белгілеу журналын және баланың дамуына динамикалық бақылау күнделігін жүргізеді.
19. Оқудың жарты жылдығы өткеннен кейін педагог баланың оқу бағдарламасын игергені туралы мектеп әкімшілігіне есеп береді.
20. Оқу жылының аяғында педагог балаға кеңінен ашылған психологиялық-педагогикалық мінездеме және үлгерімі туралы табелін мектепке береді.
Оқу-тәрбие ұйымдарының
мүгедек балаларды үйде оқытуда
ата-аналарға көмек көрсету
тәртібі туралы ережесіне
қосымша
Үйде жеке оқыту жоспары
N |
Пәндердің атауы |
Сыныптар бойынша апталық сағат саны |
|||||||||||
бастауыш |
Негізгі сатылы |
Жоғары |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
||
1 |
Тіл мен |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
2 |
Шетел |
1 |
1 |
1 |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||||
3 |
Матема- |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
4 |
4 |
4 |
4 |
4 |
Тарих |
1 |
1 |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
1 |
1 |
||||
5 |
Геог- |
1 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
||||
6 |
Био- |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
|||||
7 |
Химия |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
|||||||
8 |
Физика |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
||||||
9 |
Коррек- |
2 |
2 |
2 |
2 |
||||||||
Барлығы: |
8 |
8 |
8 |
8 |
10 |
10 |
10 |
10 |
12 |
12 |
12 |
12 |
Ескерту: қажет кезінде сағаттарды қайтадан бөлу болады