"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 838 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3320. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 577 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 № 577 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.Z070306
      1. Қоса берiлiп отырған "Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi A.A.Белоногқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрiнiң
N 838 бұйрығымен 2004 жылы 
3 желтоқсанда бекiтiлген  

"Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығарумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      Бұл санитарлық ережелердiң талаптары пиротехникалық ойыншықтарға, пистондарды ұрғыш капсулалар кiретiн (балалар ойыншықтарына арналған пистондардан басқа) фейерверктер, шыршаны безендiретiн, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенирлiк бұйымдарға, басқатырғыштарға, пневматикалық мылтықтарға және тапаншаларға, лақтыратын заттарға, катапульттерге, темiрден жасалған ұшы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 мм биiктiкте болатын велосипедтерге, балаларға арналған бижутерияларға, тоқ көзiнен қуат алатын ойыншықтарға таралмайды.

      2. Осы санитарлық ережелердiң талаптарын жеке және заңды тұлғаларға жүктеледi.

      3. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар - табиғи және полимерлi материалдардан жасалған балалар тауарларының жиынтығы;
      2) балл - ойыншықтар иiсiнiң деңгейiн көрсететiн өлшем бiрлiгi;
      3) бөлiну қабiлеттiлiгi - ойыншық дайындайтын шикiзаттың құрамына кiретiн химиялық заттардың ойыншық бетiнен бөлiнуi;
      4) пайдаланудың модельденген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын келетiн, жасанды түрдегi микроклиматтық жағдайлар;
      5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын жасауға пайдаланатын өсiмдiктерден, табиғаттан және жануарлардан өндiрiлетiн материалдар;
      6) сiңiру қабiлетi - балаларға арналған кiтаптардағы баспа бояғыш заттарының көпке шыдау көрсеткiшi;
      7) синтетикалық (полимерлiк) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газдарды өңдеу арқылы синтетикалық жоғарғы молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.

2. Материалдарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Балалар ойнауға арналған ойындар мен ойыншықтарды дайындау үшiн қолданылатын шикiзаттар мен материалдар және дайын өнiмдер "Ойыншықтар. Қауiпсiздiгiне және бақылау әдiсiне қойылатын жалпы талаптар" атты қолданыстағы стандартқа сай болуы керек. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдар осы санитарлық ережелердiң 1 қосымшасында көрсетiлген. Ойыншықтарды дайындау үшiн қолдануға болмайтын шикiзаттар мен материалдардың тiзiмi, осы санитарлық ережелерге берiлген 2 қосымшада көрсетiлген.

      5. Ойыншықтарды дайындау үшiн балаларға арналған ойыншықтарды жасап шығаратын (екiншi рет қайта өңделетiн) кәсiпорындардың өндiрiстiк қалдықтарын, материалдарын қолдануға рұқсат етiледi. Басқа да балаларға арналған ойыншықтарды шығаратын арнайы емес кәсiпорындардан түсетiн өндiрiстiк қалдықтарды қолдану үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек.

      6. Егер ойыншықтарды балалардың өздерi жинастыратын болса, онда қолданыстағы стандарттың талаптары ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және бүтiндей жинақталған ойыншыққа таралады.

      7. Ойыншықтарды дайындаған кезде қайта өңдеуге жататын бұйымдарды, ал 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтарды дайындаған кезде - табиғи үлбiрдi және былғарыны қолдануға болмайды.

      8. Балаларға үрлеп ойнауға арналған үрмелi әуендi ойыншықтар және шылдырлауықтар ылғал өткiзбейтiн, сондай-ақ, жуып зарарсыздандыруға болатын материалдардан жасалынуы керек.

3. Ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      9. Барлық өндiрiлетiн, басқа жақтан әкелiнетiн және сатылатын балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық саласының өкiлеттi органымен бекiтiлген тәртiп бойынша мiндеттi түрде санитарлық-эпидемиологиялық, оның iшiнде токсикологиялық сараптамадан өткiзiлуi керек.

      10. Ойыншықтардың барлық түрiнiң иiс деңгейi 2 баллдан аспауы керек.
      11. Ойыншықтардың көрнекi әшекейленген немесе қорғайтын жабындылары сiлекейдiң, тердiң және ылғалға төзiмдi болуы керек.

      12. Ойыншықтар шығаратын дыбыстың деңгейi төменде көрсетiлген деңгейден жоғары болмауы керек:
      1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтардың шығаратын дыбыс деңгейi 65 децибеллден (бұдан әрi - дБА), (дыбысы реттелген музыкалды ойыншықтардан, үрмелi және дабылды дауыс шығаратын аспаптардан басқасы);
      2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтың дыбыс деңгейi - 75 дБа-дан жоғары болмауы керек;
      3) ойын сәтi (бiр рет ату) кезiнде шулы дыбыс беретiн ойыншықтың дыбыс деңгейi - 95 дБа-дан жоғары болмауы керек.

      13. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарының мәтiнi фонмен контрастылы болып, яғни айқын түстi бояу түрiмен жазылуы керек. Ондағы көрсетiлген сандар мен әрiптер қара түске боялып немесе қара бедерлi болуы керек.
      Фонның оңтайлы түстерi болып: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары түрлерi саналады. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарындағы қағаздар мен картондарға жағылатын бояу қолға, жиhазға жағылмайтындай болуы керек.

      14. Үстел үстiне қойып ойнайтын баспалық мәтiндегi ойындарындағы әрiптерiнiң биiктiгi - 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн 2,3 миллиметрден (бұдан әрi - мм), 10 және одан жоғары жастағы балалар үшiн 1,75 мм-ден кем болмауы керек.

      15. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi 31,7 мм (+-0,1) өлшемiн анықтайтын цилиндрге толық кiрмеуi керек. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi қатты бекiтiлiп ұштары үшкiр болмауы керек.

      16. Балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды (ысқырғыш, сырнай және де басқа өнiмдер) кезектесе 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен сорып, үрлегенде ауыз жағында саңылауда бөлiнетiн заттар болмауы керек.

      17. Бесiкке, бүлдiршiндердiң төсегiне немесе арбаға iлiп қоюға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм-ден, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы керек. Ойыншықтардың созылмалы бауларын 25 ньютон (бұдан әрi - Н) күшiмен тартқан жағдайда оның ұзындығы 750 мм-ден аспай, тартылған баудың ұзындығы жай бау ұзындығының 40%-нан аспауы керек.

      18. Өздерiмен бiрге тартып ойнауға арналған ойыншықтардың бауларында саусақ сусымайтын түйiндер немесе сусымалы түйiндерден тұратын iлмектер болмауы керек. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтардың бауларының диаметрi 2 мм-ден кем болмай, ойыншықтың ұстайтын жерi шар тәрiздi домалақ болуы керек.

      19. Балалар сыйып кететiн және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвам және т.б.) сырты кем дегенде 50H күш арқылы ашылып, есiгi жабық болған жағдайда желдеткiшпен қамтамасыз етiлуi керек. Түймелердi, сыдырмаларды немесе басқадай бiр түймелеулердi қолдануға болмайды.

      20. Шылдырлауықтар соққыға төзiмдi болып, ал сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар - тығыз жабылуы керек.

      21. Ойыншықтардың қорғағыш-көрнекi әшекейлi жабындылары сiлекейге, терге төзiмдi болып, ылғал ciңiрмеулерi керек. Шылдырлауықтардың бетiн бояп және жазу жазуға болмайды.

      22. Балалардың аузымен жанасатын полимерлi және басқа да синтетикалық материалдардан; қағаз бен картоннан; матадан; ағаш пен былғары түс ciңірiлген; металдардан жасалған ойыншықтардан; резеңкелерден, сондай-ақ, құрастыратын материалдардан (пластилин, балшық, гельдерден), бояулардан, лактан, жылтырауық жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан бөлiнетiн (денсаулыққа) зиянды заттар, тағам өнiмдерi және олардың орталарымен тығыз байланыста болатын материалдар мен бұйымдарға арналған бөлiнудiң шектелген мөлшерi осы санитарлық ереженiң 3 қосымшасында көрсетiлген деңгейден аспауы керек.

      23. Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды шығаратын кәсiпорын өнiмдерiнiң балалар денсаулығына ешқандай қауiп тудырмайтыны жайлы кепiл берiп, өнiмдердiң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және сапалық сертификаты болуы керек.

      24. Ойыншықтар жасап шығаратын өндiрiстiк үй-жайлардың құрылымы және санитарлық жағдайы қолданыстағы СанЕжН-гe сай болуы керек.

      25. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында қандай жастағы балаларға арналғаны төмендегiдей үлгiде көрсетiлуi керек:
      1) бiр жасқа дейiнгiлерге (жас сәбилер);
      2) бiр жастан 3 жасқа дейiнгiлерге (бөбектер);
      3) 3 жастан 6 жасқа дейiнгiлерге (мектеп жасына дейiнгi балалар);
      4) 6 жастан 10 жасқа дейiнгiлерге (бастауыш сыныптағылар);
      5) 10 жастан 14 жасқа дейiнгiлерге (орта сынып жасындағылар).

      26. Ойыншықтарды жасап шығару және сату iсiмен тiкелей байланысты қызметкерлер жұмысқа алынар алдында және белгiленген тәртiп бойынша кезеңдi медициналық тексерiстен өтулерi керек.

      27. Сатушы және сатып алушыға балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды көрсету кезiнде, ойыншықты ауыздарына салуға болмайды. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы керек.

      28. Балаларға арналған ойыншықтардың қауіпсiздiгiн қадағалау  - осы санитарлық ережелердiң 4 -қосымшасында көрсетiлгендей, осындай тексерулердi орындауға құқықты деген лицензиясы бар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары немесе зертханалар арқылы жүргiзiлуi керек.

      29. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы (тексерудi) жүргiзу үшiн: өнiмге деген нормативтiк-техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiсi (кем дегенде 3 данасы) және қолданылатын материалдардың рецептурасы болуы керек. Керек болған жағдайда жасап шығаратын кәсiпорын технологиялық үдерiстiң сипаттамасын көрсетуi керек. Құжаттардың үлгiсi мен көшiрмесi қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтарды тексеру тәртiбi 1 қосымшада, ойыншықтардағы ауыр металдардың рұқсат етiлген нормалары осы санитарлық ережелердiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

      30. Осы санитарлық ережелерге сай келмейтiн ойыншықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығы бойынша, оларды жасап шығаруға және сатуға қатаң түрде тыйым салынады (жұмыстары тоқтатылады). P080201

                                       "Балаларға арналған ойындар
                                        мен ойыншықтарға қойылатын
                                          санитарлық-гигиеналық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                         мен нормаларға 1-қосымша

         Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және
          тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың
                             тiзбесi

Шикiзаттар және материалдардың атаулары

НҚ

1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118,
ПCM-151 белгiсiндегi полистирол

ТЖ 6-05-1871-79

2. ПСС-500 белгiсiндегi полистирол

ТЖ 6-05-190-1-81

3. Төменгi қысымды: 272-74, 276-73,
277-73, 72 белгiсiндегi полиэтилен
(тағам өнiмдерiнiң барлық түрiне
қолданылуға арналған)

ТЖ 6-05-1870-84

4. 11104-030, 11306-075 белгiсiндегi
совилен (винилацетаты бар полимерлес
пилен)

ТЖ 6-05-1636-78

5. УП-457 белгiсiндегi полистирол

Югославия

6. УП-"Норсолор" полистиролы

Франция

7. "POLYREX" белгiсіндегi полистирол

"СН/МЕ JNDLISTR
JAZ СО"

8. Полистирол

"DОW", Швейцария

9. Полистирол

"Доку", Югославия

10. "Scopyrol PS-C5 16" белгiсiндегi
полистирол

Германия

11. "Литвин" фирмасының акраваксы

Франция

12. АБС-МО602Л пластигi

ТЖ 6-05-2022-86

13. "Gedex" белгiсiндегi полистирол

Франция

14. Винилистен жасалған былғары

ТЖ 17-21-475-83

15. Соққыға төзімді УПC-0508 Л полистиролы

ОСТ 6-05-406-80

16. УПС-225 Д полистиролы

ТЖ 6-05-1901-81

17. 368 Р белгiсіндегi полимерлес Луран

"БАСФ", Германия

18. 790, 867 E белгiсiндегi полимерлес
Тайлир

"Дау Кемикл", АҚШ

19. 747C (қызыл түстi) типтi АВС
пластигi, "магнум" 2020 белгiсiндегi
сұр, ақ, пiл сүйегi, "стайлак"-қызыл
сары 6575561

"DОW", Швейцария

20. 2%-ды СЗЛ пенокон белгiсiндегi
көпiршiк тудыратын полистирол

ТЖ 6-05-22 1-240-25

21. ПВХ - "Сковинил" PVC-684 белгiсiндегi
пластизоль

Германия (VЕВ
комбинаты,
Хими-верке. Вита)

22. "Синтерал" белгiсiндегi АБС пластигi

Италия

23. "EDJSTJR" полистиролы

Е.Е.С Montepozimeri
gruppo montedi SОLL

24. "Содетег" фирмасының технология
бойынша 071, 201 белгiсiндегi
поливилхлорид (балалардың консервi
тағамдарының шыны банкiсiне
арналған қақпақтар)

Франция

25. Дакрил 2М

МЕМСТ 6-01-38-81

26. 15203-020 белгiсiндегi ВД полиэтиленi

МЕМСТ 16337-77

27. 277-73 белгiсiндегi НД полиэтиленi

ТЖ 6-05-1570-84

28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277,
279, 222, 224 белгiсiндегi полимерлеу
бойынша газофазды әдiсiнiң төменгi
ДВП полиэтиленi (тағам өнеркәсiбiнде
қолдануға рұқсат етiлген полиолефин
құрамындағы антиоксиданттармен
тұрақтандырылған)

ТЖ 6-05-1870-84

29. УПС-080 1 белгiсiндегi полистирол

МЕМСТ 6-05-4406-20

30. Соққыға төзiмдi: SB-E, SB-NE
белгiлерiндегi және жалпылай қолдануға
арналған РS-S белгiсiндегi полистирол

"Stumer Oy" Жапония

31. 2710 белгiсiндегi соққыға төзiмдi
полистирол

"БАСФ", Германия

32. "Мослен" белгiсiндегi полистирол

Чехословакия

33. Мөлдiр және ақ түстi "Мостен", қызыл
түстi "Мостен" белгiсiндетi полипропилен

Чехословакия

34. Жасыл, қызыл және сары түстi
"Моплен" белгiсiндегi полипропилен

Италия

35. "Кастилен M240" белгiсiндегi
полипропилен

Италия

36. Төмен қысымды "Пекема" белгiсiндегi
полиэтилен

Финляндия

37. ДМД8-5 140 белгiсiндегi төмен қысымды
полиэтилен


38. "Хостилен" РР УР 1080 белгiсiндегi
полипропилен

"XexcT" Германия

39. Поливинилхлоридтi үлдiр

"Канека Beлд-жим".
Бельгия

40. Поливинилхлоридтi үлдiр

"Джон Вэддинг тон",
Англия

41 ЕР-Х белгiсiндегi пенополистирол

"Cumep Oy" Финляндия

42. 466-Z белгiсiндегi соққыға төзiмдi
полистирол

"БАСФ". Германия

43. Қапталған алюминий фольга
(фольга-полиэтилен)

"ЛоисT ПасT",
Англия: "Рибер и
сын", Швейцария

44. "Комбитерм-РА", "Комбитерм HXX"
және "Валопласт" үлдiрi

"Вальсроде" Германия

45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73
(ТУ 6-05-05-285-86) белгiсiндегi
HД полиэтиленi

ТЖ 6-05-1899-90

46. Д-23кс белгiсiндегi ПВХ пластиканы


47. Meталлопластқа арналған уытсыз
поливинилхлоридтi үлдiр (металдан
жасалған ойыншықтардың бетiн қаптауға
арналған)

ТЖ 6-01-998-75

48. Соққыға төзiмдi УПМ 0503Л, УПМ 0508.
0503, УПС 0803 полистирол

МЕМСТ 6-05-406-80

49. Көлемдi ойыншықтарға арналған
(соққыға төзiмдi стирол, метилметакрилат
және полибутадиендi көк сағыз полимерлес)
МСП пластик

TЖ 6-05-626-76

50. С белгiсiндегi стирол, акрилонитры
және метилметакрилат полимерлес

МЕМСТ 12271-76

51. АБС-М пластигi (ересек балаларға
арналған ойыншықтарды жасап шығару
кезiнде)

ТЖ 6-05-1587-74

52.  17703-010 белгiсiндегi,
10803-020, 10313-11513-070, 15712.20
белгiлерiндегi ВД полиэтилен

МЕМСТ 16337.77

53. 20908-040 белгiсiндегi (01,04,17,21
рецептураларындағы) 20508-007
белгiсiндегi (01,04,17,21)

МЕМСТ 16338-77

54. Ф-1 Фторлоны

ТЖ 6-05-559-74

55. N 107 10706-075 белгiсiндегi
винилацетаты бар полимерлес этилен

ТЖ 6-05-1636-73

56. "Styroa" белгiсіндегi полистирол

Швейцария

57. "Астролон" белгiсiндегi винипроза

Германия

58. "Gedex" белгiсiндегi полистирол

Франция

59. "у" белгiсiндегi (7Д. этиленi
негiзiнде жасалған MEMCT-16337-77),
10803-020, 15303-003 белгiлерiндегi
ыстықты түсiретiн полиэтилендi үлдір

ТЖ 6-05-051-79-74

60. ВУ, У-1, У-2 белгiсiндегi поливи-
нилхлоридтi "Повиден" қаптамалы үлдiр

ТЖ 6-01-1036-76

61. П-73ЭМ. П-73ЭM1, ЭП-73 рецеп-
турасындағы "Поливинилхлорид" үлдір

ТЖ 6-01-1009-75

62. Полиэтиленполиамид үлдiрi (ПЭ-ПА)

ТЖ 6-05-051-121-77

63. Бiр жақ бетi (нитролакпен) боялған
целофан фольгa-полиэтилен (Ц-Ф-ПЭ)

ТЖ 6-17-051-289-80

64. "Дау Кемикал" фирмасының 455
белгiсiндегi полистирол

Югославия

65. "Фина" фирмасының 82 E полистиролы

Финляндия

66. Рецептураның пигменттерi мен бояғыш
заттардың жоғарғы қанықпалары: 001, 002,
108, 138, 129, 307, 308, 410, 407, 474,
504, 505, 506, 508, 510, 512, 524, 557,
601, 701, 705, 706, 709, 714, 715, 716,
801, 803, 805, 806, 899, 900, 902, П-202,
П-404, П-502, П-503, П-507, П-704, П-804

ТЖ 6-05-1980-84

67. Қоңыр эмаль (ЭСП-210 фритта
негiзiнде жасалған)

МЕМСТ 24405-80

68. RR-2 белiгiсiндегi финдiк пигменттi
титанның қос тотығы


69. Кем дегенде 5% болатын СКП-118,
119, 805, 710, СКП-105, 501, 503,
CКП-716, 717 белгiлерiндегi (массадағы
НД және ВД полиэтиленiн бояу үшiн)
пигменттердiң жоғарғы қанықпалары

ТЖ 6-05-223-86,
ТЖ 6-05-149-81,
ТЖ 6-05-05-292-87

70. 501 рецептурасындағы пигменттердiң
жоғарғы қанықпасы (көгiлдiр фталоцианиндi
0,7%-ды пигмент, титанның қос тотығы -
38,9%, ПСС-500 белгiсiндегi полистирол
- 24%, ГЭК (алкан-120) - 36,4%
(полистиролды бояуға арналған)


71. Ақ СКП 001, қызыл СКП 102 және 100,
СКП 802 сұр, СКП қара (полипропилендердi
бояуға арналған) пигменттердiң жоғарғы
қанықпасы


72. Жоғарғы қанықпалы пигменттер
құрамындағы (полистиролды пластиктердi
бояуға арналған) шайыршықтың глицериндi
эфирi (алкал-120)


73. Пигменттердiң жоғары қанықпалары:
СКП 001. СКП 103. СКП 802. СКП 901.
СКП 102. СКП 503. СКП 204.

ТЖ 6-05-149-81

74. Пигменттердiң жоғары қанықпалары -
молекуласы төмен полиэтилендi балауыз
бен пигменттердiң қоспасы 1:1 еселiгiнде
рұқсат етiлетiн


75. МЧ-52 лак

ТЖ 6-10-767-80

76. Титанның қос тотығы

МЕМСТ 98-8-80

77. Темiр тотықты қызыл пигмент

TЖ 6-10-602-77

78. Сары крон

МЕМСТ 478-80

79. СК лағыл лагы

МЕМСТ 7436-74

80. НЦ 218, НЦ 224 нитролагы

MEMCT 4776-76

81. Нитроэмальдар

MEMCT 5406-73

82. 646 ерiткiшi

МЕМСТ 18168-72

83. Май ерiтетiн сары Ж, май ерiтетiн
қызыл Ж, Ии 218 нитролагы бояғыштардың
негiзiндегi бояулар

ТЖ 6-14-ДХ-75,
ТЖ 6-14-716-76,
МЕМСТ 4976-76

84. "Винилин" белгiсiндегi бояулар

"Садолин" Финляндия

85. ТПХВ бояулары

TЖ 29-02-888-79

86. Поливинилхлоридті ПBX-716 ұнтақты
бояуы

ТЖ 6-10-1706

87. МЛ 242 эмалi

MEMCТ 10982-75

88. ФЛ-559 (3-30-59) лагы

МЕМСТ 4147-80

89. ЭП-527Х лагы

ТЖ 6-10-12.16.82.

90. Қалбырдағы ЭП-547 лагы

ТЖ 6-10-1395-73

91. ЭП 547 М лагы

ТЖ 6-10-12-38-78

92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559;
ЭП-547/ЭП-51 47 ал/ ФЛ-559;
ЭП-51-47 ал/ФЛ-559

ТЖ 6-10-1395-73.
ТЖ 6-10-11-351-6-80.
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-1498-75

93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M;
ФЛ-559; ЭП-527Х лактары (эмаль мен
лактардың үйлесiмiн бiр немесе екi қабат)

ТЖ 6-10-1498-75,
ТЖ 6-10-1395-73,
ТЖ 6-10-12-38-78
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-11-335-6-79

94. ЭСП-117 (СТ-17) силикатты эмаль

МЕМСТ 24405-80

95. Шыны тәрiздi БС-20 сары және жасыл
эмалi


96. 25,54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3,
25-32, 25-32Л белгiсiндегi шыны эмальдары

ТЖ 26-01-149-78
ТЖ 26-01-461-72

97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17),
CГ-21 белгiдегi эмальдар

MEMCT 2440580

98. Т-174 және У-21 белгiсiндегi
эмальдар


99. В-ЭП-2100 эмалi

TЖ 6-10-1502-79

100. ЖБ қызыл лагы (ДКМ-0,5 мг/л)

МЕМСТ 8573-77

101. 2020-33 сериясының темiрден жасалған
ойыншықтарды бояуға арналған бояуы

ТУ 29-02-872-79

102. 12000-12000-331, 12000-531.
12000-01 (қаңылтырдың бетiне басу
үшiн) сериясындағы офсеттi бояулар

ТЖ 29.02.851-78

103. Май ерітетiн индулин (пластмассаны
бояуға арналған) (ДКМ-1,2 мг/л)

МЕМСТ 4770-77

104. Дибутилсебацинат, бутилстеарат,
диоктилфталат, мырыштың стеараты,
стеарин қышқылы, кальцидiң стеараты

МЕМСТ 8728-77
МЕМСТ 9419-78
ТЖ 6-14-722-76

105. Жоғары дәрежеде тазаланған
минералды майлар (ВММ) және нафталды
компрессорлы (HКM-40)


106. Увитекс ОБ ағартқышы (0,1 %
аспайтын мөлшерде пластамассалардың
композицияларына енгiзiледi)


107. Синтамид-5 (пластмассаларға
антистатикалық қоспа ретiнде)

ТЖ 6-02-640-76

108. ФАУ-13 стабилизаторы (AБC-
пластиктерiн және полиэтилендi
өндiргенде қолданылады)

ТЖ6-14-22-129-75

109. Стабилизатор 4-метил-2,6-дитреттi
бутилфенол (2,6-лық паракревил,
бутилденген гидроокситолуол, ионол,
алкифен БП, апидол-1)


110. Стафор-10 (полимерлi материалдар
стабилизаторы)


111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446
(СКН-26 бутадиеннитрилды синтетикалық
көксағыз негiзiнде) белгісіндегі резеңке


112. 52-563 белгiсiндегi резеңке


113. 5C-2 (СКЭП этиленпропилендi
синтетикалық көксағыз негiзiнде)
белгiсiндегi резеңке


114. П-4, Т-193, 1840, 1843 белгiсiндегi
резеңке


115. T-199, 1743, 6306-VII белгiсіндегi
резеңке


116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК
табиғи көксағыз негiзiндегi), СЛД-ЛП
(бензиннiң 25%-ды ерiтiндiсiнде)
белгiсiндегi резеңке


117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79
бутадиеннитрилды синтетикалық көксағыз
негiзiнде) белгiсiндегi резеңке


118. ИРП-1338 (СКТВ силоксанды
синтетикалық көксағыз негiзiнде)
белгiсiндегi резеңке


119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ
силоксанды синтетикалық көксағыз негi-
зiнде) белгiсiндегi резеңке қоспалары


120. Б-22 (TК табиғи көксағыз және нат-
рий-бутадиендi CКB синтетикалық көксағызы
негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке


121. ГTЦ-7 (бутадиендi СКД синтетикалық
көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi
резеңке


122. С-482 (силоксанды СКТВ синтетикалық
көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi
резеңке


123. Табиғи латекстi қоспа ("Ревультекс",
антиоксидант Н-Г-22-46, ұйытатын казеин
аммонидiң су тотығы, су)


124. ММ-2 белгiсiндегi бор

МЕМСТ 21-10-74

125. МТД-1 боры

ТЖ 21 РСФСР 763-79

126. БС-30 белгiсiндегi ақ күйе

МЕМСТ 18307-78

127. А белгiсiндегi тальк., 1 сұрыптағы
рецепт


128. Кореялық тальк


129. ГТМ-4011, ПМО-95Н белгiсiндегi
техникалық көмiртегi

ТЖ 38-1528-77
ТУ 38-11535-77

130. ДГ-100, ПМ-75 белгiсiндегi
техникалық көмiртегi (күйе)

МЕМСТ 7885-77

131. ПМ 0-101H белгiсiндегi техникалық
көмiртегi

ТЖ 38-11-555-76

132. Этилциматтың вулкандауын
жылдамдатқыш


133. Үшiншi құрамы ретiнде СКЭПТ-Э
белгiсiндегi этилдиенобормен бар этилен-
пропилендi үштiк синтетикалық көксағыз

ТЖ 38-103252-79

134. СКЭПТ-Э белгiсiндегi этилен-
пропилендi синтетикалық көксағыз


135. СКЭП белгiсiндегi этиленпропилендi
синтетикалық көксағыз

ТЖ 38-103252-79

136. ПС-04 резеңкесi: СКЭП-40, 50-100,0;
күкiрт-0,3; пероксимон p-40 - 6,0; бензой
қышқылы - 2,0; үшкөмiртек П-702 - 50,0;
үш көмiртек П-324-50.0; И-8А индустриалды
майы; 15,0; төмен молекулярлы полиэтилен
- 10,0


137. СКИ-ЗЗАМ 11 синтетикалық көксағызы


138. 52-446с белгiсiндегi резеңке
(CКH-26CМ-100,0 көксағызы; күкiрт-1,5;
Р-экстра Н вулкацитi - 0,9; мырыш
ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы-0,2;
үшкөмiртек ІІ-701-40,0; үшкөмiртек
К-354-10,0; ДОФ-25; фригит -10,0)


139. СКИ-5 изопрендi көксағыз


140. ПС-23: CКН-40М-100.0 белгiсiндегi
резеңке сульфенамидi Ц-0,1: күкiрт-2,5;
мырыш ақсырлары-3,0; стеарин-2,0; каолин
-30,0; бензой қышқылы-1,0; үшкөмiртек
К-354-60,0; үшкөміртек П-702-60,0;
төмен молекулярлы полиэтилен -10,0


141. 374 белгiсiндегi резеңке СКД-ЛБС
-100,0 көксағызы; күкiрт -2,5;
күйдiрiлген магнезия- 7,0; стеарин
қышқылы - 2,0; үшкөмiртек ПМ-75
(ПМ-40Н)-70,0; бор - 80,0; вазелин
майы -20,0


142. CКД-Л250 полибутадиендi көксағызы
(УПM, УПС, АБС, МСП- полистиролы,
пластиктердiң ұруға төзiмдi сұрыптарын
синтездеуге арналған)

ТУ 38.4037-87

143. 5П-815: CКИ-3 100,0 резеңке
сульфенамид Ц-1,0; техникалық күкiрт -
2,5; бор-20,0; мырыш ақсырлары - 5,0;
стеарин қышқылы - 2,0; И-8А индустриалды
майы -5,0 үшкөмiртек ГД-100 - 10,0


144. CФ-10-21 резеңке СКН-18M көксағызы -
100,0; пероксимон Г-40, мырыш ақсырлары -
5,0; стеарин қышқылы - 0,2; БС -50
күйесi- 50,0; ацетоамид Р-1,0,
диоксинафталат - 10,0; олигоэфиракрилат
МГФ-9- 10,0


145. СФ-10-21 резеңке СКЭПТ-40 көксағызы -
100,0 үшкөмiртек П-514 - 90,0; пероксимон
E-40-5,5; мырыш ақсырлары -3,0; И-8А
вазелин майы - 19,0; ИЭГ-115-2,5;
колаксол - 6,0


146. Резеңке 374: СКД-ЛБС көксағызы
-100,0; күкiрт -2,5; магнезия- 7,0;
стеарин қышқылы - 1,0; үшкөмiртектi
ПМ-75H - 70,0; бор - 10,0; вазелин майы
- 20,0


147. Ашық түстi гейландит толықтырғышы


                                         "Балаларға арналған ойындар
                                        мен ойыншықтарға қойылатын
                                          санитарлық-гигиеналық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                         мен нормаларға 2-қосымша

      Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап
     шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар

Шикi заттар мен
материалдардың атауы

Тыйым салудың себептерi

1. 10-09-СФ резеңкесi

Рұқсат етiлген көлемiнен жоғары
дифенилгуанидиннiң жанасқан
ортаға көшуi

2. 52-782 резеңкесі

Жанасатын модельдi ортаның және
рұқсат етiлген деңгейiне жоғары
тиурам, каптакс, цинк ионының
болуы түйсiктiк көрсеткiштер
тұрғысынан қанағаттанарлықсыз

3. 52-782-1 резеңкесi

Жанасатын модельдi ортаның және
рұқсат етiлген деңгейiнен жоғары
тиурам, каптакс, мырыш иондарының
болуы түйсiктiк көрсеткiштер
тұрғысынан қанағаттанарлықсыз

4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72
белгiсiндегi мыс түтiк

Мыстың тоттануы және ауыр металл
тұздарының жанасқан ортаға көшуi

5. Резеңке өндiрiсiндегi
атактикалы полипропилен

Уыттылығы

6. 81-22 белгiсiндегi
резеңке

Рұқсат етiлген деңгейден тиурам
және циматтың көп бөлiнуi

7. Ыдыс-аяқ, шаруашылық
бұйымдарын жасауға
арналған мырышталған болат


8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В"
қызыл-қоңыр пигментi

Пигменттiң канцерогендi қасиетi
және оның боялған жерден бөлiнуi

9. "2М" қайталанған дакрилi

Металдар иондарының бөлінуі

10. 20908-040, MEMCT
16337-77 белгiсiндегi
төмен қысымдағы полиэтилен

Мырыш және қорғасынның бөлiнуi

11. 10803-070, 11503-070
белгiсiндегi жоғарғы
қысымдағы полиэтилен

Мырыш және қорғасынның бөлiнуi

12. ЭЖК және ЭЖР белгiле-
рiндегi электролиттiк
балқыту арқылы жасалатын
ақ қаңылтыр

Модельдiк ерiтiндiлердiң сыртқы
түрлерiнiң үлгiлермен жанасқан
кездегi өзгерiсi және олардан
хром мен күшәннiң бөлiнуi

13. ХЖК хромдалған қаңылтыр


14. ФДБ бояуларынан болатын
таттанбайтын бояулар
(Германияда шығарылған)

Мырыш хроматының уыты жиынтығының
болуы

15. ПОС-2 дәнекерлегiшi

Қорғасынның көп мөлшерiнiң
модельдiк ортаға бөлiнiлуi

16. ЛС59-1 белгiсiндегi жез

Қорғасынның модельдiк ортаға
бөлiнуi (сүт қышқылының әлсiз
ерiтiндiсi)

17. "Мостен" 52.512 және
55.222 полипропилені

Түйсiктiк көрсеткiштердiң өзгеруi

18. ЛЦ-400 белгiсiндегi жез

Moдельдiк ортаға мыс және мырыштың
бөлiнуi, түйсiктiк қасиетiнiң
өзгеруi

19. Фталацианиндi жасыл пигмент

Канцерогендi әсерi

20. СКП 301, 401, 412
пигменттерiнiң жоғарғы
қанықпасы

Құрамына кiретiн пигменттердiң
канцерогендi әсерi

21. Алқызыл, бордо, қызыл,
4ЖВ, қызыл-қоңыр түстi
пигменттер

Бекітудiң нашар болуы және
ортаға бөлiнуi

22. Сұр, көгiлдiр және
ақшыл cұp түстi АС-1171
"Г" белгiсiндегi
акрильдi-силиконды эмаль

ДКМ-нен жоғары мөлшерде берiлген
дифенилпропан және бутамолдың
бөлiнуi

                                       "Балаларға арналған ойындар
                                        мен ойыншықтарға қойылатын
                                          санитарлық-гигиеналық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                         мен нормаларға 3-қосымша

          Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

Материалдардың
атауы

1г материалдан бөлiнетiн
элементтiң eң көп саны мг.

сур-
ьма

кү-
шән

ба-
рий

кад-
мий

xpoм

қор-
ға-
сын

сы-
нап

се-
лен

Саусақтың көмегiмен
түр беру үшiн iсте-
лiнетiн массалар мен
жағылатын бояулардан
басқа материалдар

60

25

500

75

60

90

60

500

Саусақтың көмегiмен
түр беру үшiн iсте-
летiн массалар мен
бояулар

62

15

250

50

25

90

25

500

"Балаларға арналған ойындар  
мен ойыншықтарға қойылатын  
санитарлық-гигиеналық     
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер  
мен нормаларға 4-қосымша   

Ойыншықтардың қауіпсiздiгiн зертханалық жолмен
бақылау тәртiбi

      1. Ойыншықтарды зертханалық жолмен бақылау өндiрiсте және оларды сатуға өткiзiп жатқан жерде өткiзiлiп, оларға түйсiктiк және санитарлық-химиялық тексерулер жүргiзiлуi керек.
      2. Түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексерулер:
      1) пластикадан жасалған ойыншықтар температурасы 37 о C болатын (механикалық өңдеусiз, сабын немесе синтетикалық жуғыш заттарды қолданбай) сумен жуылғаннан соң, оларды дистильденген сумен шайып, бөлме температурасында кептiредi;
      2) ойыншықтардың үлгiсiне түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексеру кезiнде ойыншықтардың мынандай сипаттары: сыртқы түр пiшiнi, үстiңгi жағының сипаты (құрғақ, жабысқақ, тегiс), ақауларының және иiсiнiң барлығы анықталады.
      Ойыншықтардың иiсiн (немесе сорылған иiсiн) анықтау бөлме температурасында мамандар тобы (3-5 адам) арқылы жүргiзiледi. Иiстiң түрi оларды сипаттау арқылы анықталады (бөтен, жағымсыз иiс; арнайы хош иiстi, иiсi анықталмаған). Иiстiң қарқындылығы төменде көрсетiлген шкалаға сай балл есебiмен берiледi.

                 Иiстiң қарқындылығын анықтау

Иiстiң қарқындылығы
(балл есебiмен)

иiс түрiнiң сипаттамасы

0

иiсi жоқ

1

иiсi өте әлсiз - сәл ғана сезiледi

2

иiсi әлсiз

3

анық иiс, жағымсыз иiс

4

өте қатты жағымсыз иiс

      3. Санитарлық-химиялық тексерулер:
      1) полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiне санитариялық-химиялық тексеру жүргiзген жағдайда олардың салмағынан және қолдану кезiнде органикалық химиялық ұшқыш заттар ауа мен сулы ортада анықталынады.
      2) сынамаларды дайындау және полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiнiң құрамындағы ауыр металдарды (сүрме, күшән, барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап, селен) анықтау "Ойыншықтар. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары және бақылау әдiсi" туралы қолданыстағы стандартқа сай жүргiзiледi.
      3) ауа ортасы жағдайында ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық ұшқыш заттарды анықтау ауаның алмасуы кезiнде - 1сағ/көлемде және камерадағы ауаны сорғанда 1 шаршы метр кубқа (бұдан әрi - м 3 ) 100 грамм (бұдан әрi - г) ойыншықтың қатысы арқылы 20 о C және 37 о C температурада жүргiзiледi. Тексерiлетiн ойыншықтардың үлгiсiн шыны камераға салып, белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген әдiс арқылы ұшқыш заттардың бөлiнiп шығуы динамикалық тепе-теңдiкте болғанға дейiн жоғарыда көрсетiлген жағдайда кондиционерлеу керек.
      Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн атмосфералық ауа үшiн рұқсат етiлген шегiмен салыстыру керек.
      4. Ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық заттарды сулы ортада анықтау ойыншықтар ауданының су бетi ауданына 1 шаршы сантиметр (бұдан әрi - см 2 ): 2см 2 қатысы арқылы және 3 сағат (бұдан әрi - сағат) бойы экспозиция жасап бөлме температурасында жүргiзу керек. Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн полимерлi және басқа да материалдардан бөлiнiп шығатын, тағам өнiмдерiмен жанасатын химиялық заттардың бөлiну қабiлеттілігiнiң рұқсат етiлген мөлшерiнiң (бұдан әрi - PEM) санитарлық нормаларымен салыстыру керек.
      5. Ойыншықтарды сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсерiнен сақтайтын қорғауыш-көрнекi әшекейлi жабындылардың тұрақтылығын анықтау ойыншықтарды 3 минөт iшiнде механикалық өңдеусiз, бейтарап сабынмен 37 о С температурадағы ыстық сумен жуу арқылы жүргiзу керек. мұндай жағдайда ойыншықтардың сыртқы түрi өзгермеуi керек.
      6. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген тұрақтылығы анықтау жұмсақ ойыншықтардан басқа барлық ойыншықтарға жүргiзiледi.
      7. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген төзiмдiлiгiн тексеру үшiн термостат, эксикатор (19 cм, 25 cм), сапалы тексерiс жүргiзуге арналған, opтaңғы тығыздықтағы сүзгіш қағаз, түссiз, өзi жабысатын, енi 12 мм жабысқақ лента, мынадай реактивтер: сiлекейге ұқсайтын N 1 сынау ерiтiндiсi - ол натрий бикарбонатынан (4,2 гр), натрий хлоридiнен (0,5 гp), калий карбонатынан (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) және N 2 сынау ерiтiндiсiнен (терге ұқсайтын) натрий хлоридiнен (4,5 гp), калий хлоридiнен (0,3 гp), натрий сульфатынан (0,3 гр), аммоний хлоридынан (0,4 гp), сүт қышқылынан (80% - 3,0 гр), несепнәрден (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) болуы қажет.
      8. Сынақты жүргiзу:
      1) сүзетiн қағаздан енi 15 мм және ұзындығы 80 мм болатын жолақ кеседi. Содан соң осы жолақтың бiр бөлiгiне N 1 сыналатын ерiтiндiнi, ал екiншi бөлiгiне N 2 сыналатын ерiтiндiнi сiңiредi;
      2) ерiтiндi сiңiрiлген сүзетiн жолақтарды сыналатын үлгiнiң не жанына қою керек, не бiр-бiрiнен 10 мм ара қашықтықта болулары керек, не болмаса жолақтың бiрiншi бөлiгiн бiр сынамаға, келесi бiр бөлiгi - басқа сынамаға салу керек. Үлгi және ерiтiндi сiңiрiлген сүзгiш жолақ бiр-бiрiмен тығыз байланысу үшiн үлгiдегi жолақтар жабысқақ лентамен қатты бекiтiлуi керек. Ол үшiн жабысқақ лента сүзгiш жолақтың барлық ұзындығына ғана жетпей, сонымен қатар жолақтың екi жағынан да кем дегенде 10 мм ұзындықта асып тұруы керек;
      3) Егер де сыналатын үлгiлер үлкен болған жағдайда, мұндай тексерулердi берiлген үлгiлерден кесiп алынған кесiндiлерге де жүргiзуге болады. Ал егер де бұйымдар өте кiшкентай (түрлi пiшiндi шылдырлауықтар, моншақтар) болған жағдайда, оларды сыналатын ерiтiндi сiңiрiлген (бөлек бөлек N1 және N2) сүзгiш қағазбен орау керек;
      4) дайын болған сынамаларды су үстiнде (бөлме температурасындағы) эксикаторға салып, содан соң - 2 сағатқа 37 о С+2 о С температурадағы термостатқа салу керек.
      9. 2 сағат өткеннен соң, сыналынған үлгiлер эксикатордан алынады да, сүзгiш жолақтар үлгiлерден кезегiмен айырылып, олардың боялу түстерi тексерiледi. Егер сүзгiш жолақтар боялмаса, онда қорытынды мынандай болып жазылады: "бояу сiлекейге төзiмдi" немесе "бояу түсі терге төзiмдi" немесе "бояу түсi сiлекей және терге төзiмдi".
      10. Бiр ғана терiс көрсеткiш алынған жағдайдың өзiнде, тексерiлетiн үлгiге келiсiм бермей, оларды сатуға рұқсат бермеу керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады