"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 577 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6433 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармақтың 5) тармақшасына және 145-бабының 5) және 19)тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 838 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 28 қазанда № 135-136 (760) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 30 шілдедегі 
№ 577 бұйрығымен бекітілген

«Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрi - санитариялық ереже) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаруға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
      Санитариялық ереже мыналарға: пиротехникалық ойыншықтарға, ұратын капсулалары бар (балалар ойынына арналған пистондарды қоспағанда) фейерверктерге, шырша әшекейлеріне, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенир бұйымдарға, бас қатырғыштарға, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларға, тас атқыштар мен катапульттерге, метал ұштығы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 миллиметр (бұдан әрi - мм) биiктiктегі велосипедтерге, балаларға арналған әшекейлерге, желіден қуаттанатын ойыншықтарға қолданылмайды.
      2. Жеке және заңды тұлғалар осы санитариялық ереженiң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) балалар ойындары мен ойыншықтары - табиғи және полимер материалдардан дайындалған балалар ассортименті тауарлары;
      2) балл - ойыншық иiсiнiң деңгейiн сипаттайтын бiрлiк;
      3) көшу қабiлетi - ойыншық бетінен бастапқы шикiзаттың рецептурасына кiретiн химиялық заттардың бөлiну мүмкіндігі;
      4) пайдаланудың үлгіленген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын, жасанды жасалған микроклиматтық жағдайлар;
      5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын дайындауға пайдаланылатын шығу тегі өсiмдiктер, табиғат және жануарлар болатын материалдар;
      6) сiңiру қабiлетi - балалар кiтаптарындағы баспа бояуының бекітілу бекемдігі дәрежесінің көрсеткiшi;
      7) синтетикалық (полимер) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын синтетикалық жоғары молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.

2. Ойыншықтардың, шикiзаттар мен материалдардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.
      Ойыншықтар дайындауға рұқсат етiлген шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi осы санитариялық ережеге 1-қосымшада келтірілген. Ойыншықтар дайындау үшін қолдануға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар тiзбесі осы санитариялық ережеге 2-қосымшада келтірілген.
      5. Ойыншықтар дайындау үшiн балалар ойыншықтарын дайындау жөніндегі (қайталап өңдеу) ұйымдардың өндiрiстiк қалдықтарын қолдануға жол беріледі. Балалар ойыншықтарын шығару жөнінде маманданбаған басқа кәсiпорындардан түсетін өндiрiстiк қалдықтарды қолдануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі.
      6. Егер ойыншық баланың жинауына арналса, онда қолданыстағы санитариялық ереженiң талаптары бала жанасатын ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және толығымен ойыншыққа қолданылады.
      7. Ойыншықтар өндірісінде ескі-құсқыны қолдануға жол берілмейді. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтарды шығарған кезде табиғи теріні, былғарыны, шыныны, түкті резеңкені, картонды, қағазды қолдануға жол берілмейді.
      8. Ерінмен жанасуға арналған әуендi ойыншықтардың сылдырлауықтары мен бөлшектері ылғал мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалуы тиіс.

3. Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      9. Барлық өндiрiлетiн, әкелiнетiн және сатылатын балалар ойындары мен ойыншықтары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.
      10. Ойыншықтардың барлық түрiлерінiң иiс деңгейлері екі баллдан аспауы тиіс.
      11. Ойыншықтардың сәндік немесе қорғаныш жабындары сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсеріне төзiмдi болуы тиіс.
      12. Ойыншық шығаратын дыбыстың деңгейi мынадан жоғары болмауы тиіс:
      1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтарда – 65 децибелл (бұдан әрi - дБА) (күйіне келтірілген әуенді ойыншықтардан, үрмелi және дабылды аспаптардан басқа);
      2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда – 75 дБА;
      3) ойын сәтi (бiр рет ату) ретінде қарқынды шу пайдаланылатын ойыншықтарды – 95 дБА.
      13. Үстел үстiне қойып басатын ойындарда мәтiн фон үшін қарама-қарсы түспен жазылуы тиіс. Сандық және әрiптік белгілердің түсі қара немесе қара бедерлi болуы тиіс.
      Фонның оңтайлы түстерi мыналар: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары болуы тиіс. Үстел үстiне қойып басатын ойындарындағы қағаздар мен картондардағы бояулар жағылмауы және қолға, жиhазға дақ болып жағылмауы тиіс.
      14. Үстел үстiне қойып басатын ойындардағы мәтiн әрiптерiнiң биiктiгi 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн кемінде 2,3 мм, 10 жастан жоғары балалар үшiн кемінде 1,75 мм болуы тиіс.
      15. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi кемінде 31,7 мм болуы және өлшемдерді анықтау үшін цилиндрге толық кiрмеуi тиіс. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi мықты бекiтiлген болуы және үшкiр бұрыштары болмауы тиіс.
      16. Баланың ернімен жанасуға арналған ойыншықтардың (ысқырғыш, сырнай және осыған ұқсас өнiмдер) ауаны 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен кезекпен сорғанда және үрлегенде бөлiнетiн бөлшектері болмауы тиіс.
      17. Бесiкке, балалардың төсегiне немесе арбасына пайдалануға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм аспауы, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы тиіс. 25 Ньютон (бұдан әрi - Н) күшпен тартқан кезде оралымды баудың ұзындығы 750 мм-ден аспауы тиіс, бұл ретте созылған баудың ұзындығы баудың еркін қалпындағы ұзындығынан 40%-ға аспауы тиіс.
      18. Ойыншықтардың бауларында жылжымалы ілмек құруға қабілетті жылжымалы түйiндері немесе сусымалы iлмектері болмауы тиіс. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар бауларының диаметрi кемінде 2 мм болуы және соңында шар тәрiздi тұтқасы болуы тиіс.
      19. Балалар сыйатын және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвамдар және басқалары) сыртқа кемінде 50 H күшпен ашылуы және есiгi жабық болған жағдайда желдетуді қамтамасыз ету үшін ойықтары, тесіктері болуы тиіс. Түймелердi, сыдырмаларды немесе осыған ұқсас ілгектерді қолдануға жол берілмейді.
      20. Сылдырлауықтар соққыға төзiмдi болуы, сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар герметикалық болуы тиіс.
      21. Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабын сiлекейге, терге және ылғалға төзiмдi болуы тиіс. Сылдырлауықтардың бетiн бояуға және жазу жазуға жол берілмейді.
      22. Полимер және басқа да синтетикалық материалдардан, қағаздан, картоннан, матадан, ағаштан, теріден, резеңкеден, металлдардан дайындалған ойыншықтардан, материалдардан (пластилиннен, балшықтан, гелден), бояулардан, лактан, әшекей жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан зиянды заттардың бөлiнуі тағам өнiмдерi және орталармен жанасатын материалдар мен бұйымдарға арналған рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
      23. Балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаратын объект баланың денсаулығы үшін қауiпсіз өнім шығаруға кепілдік беруі және өнiмнiң сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен сертификаттың болуымен растауы тиіс.
      24. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында ойыншықтар арналған балалардың жасы көрсетiледі:
      1) бiр жасқа дейiн (жас сәбилер);
      2) бiр жастан 3 жасқа дейiн (бөбектер);
      3) 3 жастан 6 жасқа дейiн (мектеп жасына дейiнгi балалар);
      4) 6 жастан 10 жасқа дейiн (бастауыш сыныптағы);
      5) 10 жастан 14 жасқа дейiн (орта сынып жасындағы).
      25. Ойыншықтарды дайындауға және сатуға байланысты қызметкерлер жұмысқа кірер алдында және кейіннен мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
      26. Сатушы мен сатып алушыға балалардың ернімен жанасуға арналған ойыншықтарды көрсеткен кезде оларды ауыздарына салуға жол берілмейді. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы тиіс.
      27. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (зерттеу) үшiн: өнiмге нормативтiк техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiлері (кемінде 3 дана) және қолданылатын материалдардың рецептурасы ұсынылуы тиіс. Құжаттардың үлгiлері мен көшiрмелері қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтардағы ауыр металдардың болу нормалары осы санитариялық ережеге 3-қосымшада көрсетiлген.
      28. Осы санитариялық ережеге сәйкес келмейтiн ойыншықтар анықталған кезде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен оларды шығаруға және сатуға жол берілмейді (тоқтатылады).

« Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын 
санитариялық-гигиеналық  
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге 1-қосымша    

Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi

Шикiзаттар және материалдардың атаулары

Нормативтік құжаттар

1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118, ПCM-151 белгiсiндегi полистирол

ТЖ 6-05-1871-79

2. ПСС-500 белгiсiндегi полистирол

ТЖ 6-05-190-1-81

3. Төменгi қысымды: 272-74, 276-73, 277-73, 72 белгiсiндегi полиэтилен (тағам өнiмдерiнiң барлық түрiне қолданылуға арналған)

ТЖ 6-05-1870-84

4. 11104-030, 11306-075 белгiсiндегi совилен (винилацетаты бар полимерлес пилен)

ТЖ 6-05-1636-78

5. УП-457 белгiсiндегi полистирол

Югославия

6. УП-"Норсолор" полистиролы

Франция

7. "POLYREX" белгiсіндегi полистирол

"СН/МЕ JNDLISTR JAZ СО"

8. Полистирол

"DОW", Швейцария

9. Полистирол

"Доку", Югославия

10. "Scopyrol PS-C5 16" белгiсiндегi полистирол

Германия

11. "Литвин" фирмасының акраваксы

Франция

12. АБС-МО602Л пластигi

ТЖ 6-05-2022-86

13. "Gedex" белгiсiндегi полистирол

Франция

14. Винилистен жасалған былғары

ТЖ 17-21-475-83

15. Соққыға төзімді УПC-0508 Л полистиролы

ОСТ 6-05-406-80

16. УПС-225 Д полистиролы

ТЖ 6-05-1901-81

17. 368 Р белгiсіндегi полимерлес Луран

"БАСФ", Германия

18. 790, 867 E белгiсiндегi полимерлес Тайлир

"Дау Кемикл", АҚШ

19. 747C (қызыл түстi) типтi АВС пластигi, "магнум" 2020 белгiсiндегi сұр, ақ, пiл сүйегi, «стайлак»-қызыл сары 6575561

"DОW", Швейцария

20. 2%-ды СЗЛ пенокон белгiсiндегi көпiршiк тудыратын полистирол

ТЖ 6-05-22 1-240-25

21. ПВХ - "Сковинил" PVC-684 белгiсiндегi пластизоль

Германия (VЕВ комбинаты, Хими-верке. Вита)

22. "Синтерал" белгiсiндегi АБС пластигi

Италия

23. "EDJSTJR" полистиролы

Е.Е.С Montepozimeri gruppo montedi SОLL

24. "Содетег" фирмасының технология бойынша 071, 201 белгiсiндегi поливилхлорид (балалардың консервi тағамдарының шыны банкiсiне арналған қақпақтар)

Франция

25. Дакрил 2М

МЕМСТ 6-01-38-81

26. 15203-020 белгiсiндегi ВД полиэтиленi

МЕМСТ 16337-77

27. 277-73 белгiсiндегi НД полиэтиленi

ТЖ 6-05-1570-84

28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 279, 222, 224 белгiсiндегi полимерлеу бойынша газофазды әдiсiнiң төменгi ДВП полиэтиленi (тағам өнеркәсiбiнде қолдануға рұқсат етiлген полиолефин құрамындағы антиоксиданттармен тұрақтандырылған)

ТЖ 6-05-1870-84

29. УПС-080 1 белгiсiндегi полистирол

МЕМСТ 6-05-4406-20

30. Соққыға төзiмдi: SB-E, SB-NE белгiлерiндегi және жалпылай қолдануға арналған РS-S белгiсiндегi полистирол

"Stumer Oy" Жапония

31. 2710 белгiсiндегi соққыға төзiмдi полистирол

"БАСФ", Германия

32. "Мослен" белгiсiндегi полистирол

Чехословакия

33. Мөлдiр және ақ түстi "Мостен", қызыл түстi "Мостен" белгiсiндетi полипропилен

Чехословакия

34. Жасыл, қызыл және сары түстi "Моплен" белгiсiндегi полипропилен

Италия

35. "Кастилен M240" белгiсiндегi полипропилен

Италия

36. Төмен қысымды "Пекема" белгiсiндегi полиэтилен

Финляндия

37. ДМД8-5 140 белгiсiндегi төмен қысымды полиэтилен


38. "Хостилен" РР УР 1080 белгiсiндегi полипропилен

"XexcT" Германия

39. Поливинилхлоридтi үлдiр

"Канека Beлд-жим", Бельгия

40. Поливинилхлоридтi үлдiр

"Джон Вэддинг тон", Англия

41 ЕР-Х белгiсiндегi пенополистирол

"Cumep Oy" Финляндия

42. 466-Z белгiсiндегi соққыға төзiмдi полистирол

"БАСФ", Германия

43. Қапталған алюминий фольга (фольга-полиэтилен)

"ЛоисT ПасT", Англия: "Рибер и сын", Швейцария

44. "Комбитерм-РА", "Комбитерм HXX" және "Валопласт" үлдiрi

"Вальсроде" Германия

45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73 (ТУ 6-05-05-285-86) белгiсiндегi HД полиэтиленi

ТЖ 6-05-1899-90

46. Д-23кс белгiсiндегi ПВХ пластиканы


47. Meталлопластқа арналған уытсыз поливинилхлоридтi үлдiр (металдан жасалған ойыншықтардың бетiн қаптауға арналған)

ТЖ 6-01-998-75

48. Соққыға төзiмдi УПМ 0503Л, УПМ 0508, 0503, УПС 0803 полистирол

МЕМСТ 6-05-406-80

49. Көлемдi ойыншықтарға арналған (соққыға төзiмдi стирол, метилметакрилат және полибутадиендi көк сағыз полимерлес) МСП пластик

TЖ 6-05-626-76

50. С белгiсiндегi стирол, акрилонитры және метилметакрилат полимерлес

МЕМСТ 12271-76

51. АБС-М пластигi (ересек балаларға арналған ойыншықтарды жасап шығару кезiнде)

ТЖ 6-05-1587-74

52. 17703-010 белгiсiндегi, 10803-020, 10313-11513-070, 15712.20 белгiлерiндегi ВД полиэтилен

МЕМСТ 16337.77

53. 20908-040 белгiсiндегi (01, 04, 17, 21 рецептураларындағы) 20508-007 белгiсiндегi (01, 04, 17, 21)

МЕМСТ 16338-77

54. Ф-1 Фторлоны

ТЖ 6-05-559-74

55. № 107 10706-075 белгiсiндегi винилацетаты бар полимерлес этилен

ТЖ 6-05-1636-73

56. "Styroa" белгiсіндегi полистирол

Швейцария

57. "Астролон" белгiсiндегi винипроза

Германия

58. "Gedex" белгiсiндегi полистирол

Франция

59. "у" белгiсiндегi (7Д. этиленi негiзiнде жасалған MEMCT-16337-77), 10803-020, 15303-003 белгiлерiндегi ыстықты түсiретiн полиэтилендi үлдір

ТЖ 6-05-051-79-74

60. ВУ, У-1, У-2 белгiсiндегi поливинилхлоридтi "Повиден" қаптамалы үлдiр

ТЖ 6-01-1036-76

61. П-73ЭМ. П-73ЭM1, ЭП-73 рецептурасындағы "Поливинилхлорид" үлдір

ТЖ 6-01-1009-75

62. Полиэтиленполиамид үлдiрi (ПЭ-ПА)

ТЖ 6-05-051-121-77

63. Бiр жақ бетi (нитролакпен) боялған целофан фольгa-полиэтилен (Ц-Ф-ПЭ)

ТЖ 6-17-051-289-80

64. "Дау Кемикал" фирмасының 455 белгiсiндегi полистирол

Югославия

65. "Фина" фирмасының 82 E полистиролы

Финляндия

66. Рецептураның пигменттерi мен бояғыш заттардың жоғарғы қанықпалары: 001, 002, 108, 138, 129, 307, 308, 410, 407, 474, 504, 505, 506, 508, 510, 512, 524, 557, 601, 701, 705, 706, 709, 714, 715, 716, 801, 803, 805, 806, 899, 900, 902, П-202, П-404, П-502, П-503, П-507, П-704, П-804

ТЖ 6-05-1980-84

67. Қоңыр эмаль (ЭСП-210 фритта негiзiнде жасалған)

МЕМСТ 24405-80

68. RR-2 белiгiсiндегi финдiк пигменттi титанның қос тотығы


69. Кем дегенде 5% болатын СКП-118, 119, 805, 710, СКП-105, 501, 503, CКП-716, 717 белгiлерiндегi (массадағы НД және ВД полиэтиленiн бояу үшiн) пигменттердiң жоғарғы қанықпалары

ТЖ 6-05-223-86,
ТЖ 6-05-149-81,
ТЖ 6-05-05-292-87

70. 501 рецептурасындағы пигменттердiң жоғарғы қанықпасы (көгiлдiр фталоцианиндi 0,7%-ды пигмент, титанның қос тотығы - 38,9%, ПСС-500 белгiсiндегi полистирол - 24%, ГЭК (алкан - 120) - 36,4% (полистиролды бояуға арналған)


71. Ақ СКП 001, қызыл СКП 102 және 100, СКП 802 сұр, СКП қара (полипропилендердi бояуға арналған) пигменттердiң жоғарғы қанықпасы


72. Жоғарғы қанықпалы пигменттер құрамындағы (полистиролды пластиктердi бояуға арналған) шайыршықтың глицериндi эфирi (алкал-120)


73. Пигменттердiң жоғары қанықпалары:
СКП 001. СКП 103. СКП 802. СКП 901.СКП 102. СКП 503. СКП 204.

ТЖ 6-05-149-81

74. Пигменттердiң жоғары қанықпалары-молекуласы төмен полиэтилендi балауызбен пигменттердiң қоспасы 1:1 еселiгiнде рұқсат етiлетiн


75. МЧ-52 лак

ТЖ 6-10-767-80

76. Титанның қос тотығы

МЕМСТ 98-8-80

77. Темiр тотықты қызыл пигмент

TЖ 6-10-602-77

78. Сары крон

МЕМСТ 478-80

79. СК лағыл лагы

МЕМСТ 7436-74

80. НЦ 218, НЦ 224 нитролагы

MEMCT 4776-76

81. Нитроэмальдар

MEMCT 5406-73

82. 646 ерiткiшi

МЕМСТ 18168-72

83. Май ерiтетiн сары Ж, май ерiтетiн қызыл Ж, Ии 218 нитролагы бояғыштардың негiзiндегi бояулар

ТЖ 6-14-ДХ-75, ТЖ 6-14-716-76, МЕМСТ 4976-76

84. "Винилин" белгiсiндегi бояулар

"Садолин" Финляндия

85. ТПХВ бояулары

TЖ 29-02-888-79

86. Поливинилхлоридті ПBX-716 ұнтақты бояуы

ТЖ 6-10-1706

87. МЛ 242 эмалi

MEMCТ 10982-75

88. ФЛ-559 (3-30-59) лагы

МЕМСТ 4147-80

89. ЭП-527Х лагы

ТЖ 6-10-12.16.82.

90. Қалбырдағы ЭП-547 лагы

ТЖ 6-10-1395-73

91. ЭП 547 М лагы

ТЖ 6-10-12-38-78

92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559; ЭП-547/ЭП-51 47 ал/ ФЛ-559; ЭП-51-47 ал/ФЛ-559

ТЖ 6-10-1395-73.
ТЖ 6-10-11-351-6-80.
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-1498-75

93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M; ФЛ-559; ЭП-527Х лактары (эмаль мен лактардың үйлесiмiн бiр немесе екi қабат)

ТЖ 6-10-1498-75,
ТЖ 6-10-1395-73,
ТЖ 6-10-12-38-78
МЕМСТ 14147-80,
ТЖ 6-10-11-335-6-79

94. ЭСП-117 (СТ-17) силикатты эмаль

МЕМСТ 24405-80

95. Шыны тәрiздi БС-20 сары және жасыл эмалi


96. 25, 54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3, 25-32, 25-32Л белгiсiндегi шыны эмальдары

ТЖ 26-01-149-78
ТЖ 26-01-461-72

97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17), CГ-21 белгiдегi эмальдар

MEMCT 2440580

98. Т-174 және У-21 белгiсiндегi эмальдар


99. В-ЭП-2100 эмалi

TЖ 6-10-1502-79

100. ЖБ қызыл лагы (ДКМ-0,5 мг/л)

МЕМСТ 8573-77

101. 2020-33 сериясының темiрден жасалған ойыншықтарды бояуға арналған бояуы

ТУ 29-02-872-79

102. 12000-12000-331, 12000-531. 12000-01 (қаңылтырдың бетiне басу үшiн) сериясындағы офсеттi бояулар

ТЖ 29.02.851-78

103. Май ерітетiн индулин (пластмассаны бояуға арналған) (ДКМ-1,2 мг/л)

МЕМСТ 4770-77

104. Дибутилсебацинат, бутилстеарат, диоктилфталат, мырыштың стеараты, стеарин қышқылы, кальцидiң стеараты

МЕМСТ 8728-77
МЕМСТ 9419-78
ТЖ 6-14-722-76

105. Жоғары дәрежеде тазаланған минералды майлар (ВММ) және нафталды компрессорлы (HКM-40)


106. Увитекс ОБ ағартқышы (0,1 % аспайтын мөлшерде пластамассалардың композицияларына енгiзiледi)


107. Синтамид-5 (пластмассаларға антистатикалық қоспа ретiнде)

ТЖ 6-02-640-76

108. ФАУ-13 стабилизаторы (AБC-пластиктерiн және полиэтилендi өндiргенде қолданылады)

ТЖ 6-14-22-129-75

109. Стабилизатор 4-метил-2,6-дитреттi бутилфенол (2,6-лық паракревил, бутилденген гидроокситолуол, ионол, алкифен БП, апидол-1)


110. Стафор-10 (полимерлi материалдар стабилизаторы)


111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446 (СКН-26 бутадиеннитрилды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгісіндегі резеңке


112. 52-563 белгiсiндегi резеңке


113. 5C-2 (СКЭП этиленпропилендi синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке


114. П-4, Т-193, 1840, 1843 белгiсiндегi резеңке


115. T-199, 1743, 6306-VII белгiсіндегi резеңке


116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК табиғи көксағыз негiзiндегi), СЛД-ЛП (бензиннiң 25%-ды ерiтiндiсiнде) белгiсiндегi резеңке


117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79 бутадиеннитрилды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке


118. ИРП-1338 (СКТВ силоксанды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке


119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ силоксанды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке қоспалары


120. Б-22 (TК табиғи көксағыз және натрий-бутадиендi CКB синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке


121. ГTЦ-7 (бутадиендi СКД синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке


122. С-482 (силоксанды СКТВ синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке


123. Табиғи латекстi қоспа ("Ревультекс", антиоксидант Н-Г-22-46, ұйытатын казеин аммонидiң су тотығы, су)


124. ММ-2 белгiсiндегi бор

МЕМСТ 21-10-74

125. МТД-1 боры

ТЖ 21 РСФСР 763-79

126. БС-30 белгiсiндегi ақ күйе

МЕМСТ 18307-78

127. А белгiсiндегi тальк., 1 сұрыптағы рецепт


128. Кореялық тальк


129. ГТМ-4011, ПМО-95Н белгiсiндегi техникалық көмiртегi

ТЖ 38-1528-77
ТУ 38-11535-77

130. ДГ-100, ПМ-75 белгiсiндегi техникалық көмiртегi (күйе)

МЕМСТ 7885-77

131. ПМ 0-101H белгiсiндегi техникалық көмiртегi

ТЖ 38-11-555-76

132. Этилциматтың вулкандауын жылдамдатқыш


133. Үшiншi құрамы ретiнде СКЭПТ-Э белгiсiндегi этилдиенобормен бар этилен пропилендi үштiк синтетикалық көксағыз

ТЖ 38-103252-79

134. СКЭПТ-Э белгiсiндегi этиленпропилендi синтетикалық көксағыз


135. СКЭП белгiсiндегi этиленпропилендi синтетикалық көксағыз

ТЖ 38-103252-79

136. ПС-04 резеңкесi: СКЭП-40, 50-100,0; күкiрт-0,3; пероксимон p-40 - 6,0; бензой қышқылы - 2,0; үшкөмiртек П-702 - 50,0; үш көмiртек П-324-50.0; И-8А индустриалды майы; 15,0; төмен молекулярлы полиэтилен - 10,0


137. СКИ-ЗЗАМ 11 синтетикалық көксағызы


138. 52-446с белгiсiндегi резеңке (CКH-26CМ - 100,0 көксағызы; күкiрт-1,5; Р-экстра Н вулкацитi - 0,9; мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 0,2; үшкөмiртек ІІ-701-40,0; үшкөмiртек К-354 - 10,0; ДОФ-25; фригит - 10,0)


139. СКИ-5 изопрендi көксағыз


140. ПС-23: CКН-40М-100.0 белгiсiндегi резеңке сульфенамидi Ц-0,1: күкiрт-2,5; мырыш ақсырлары-3,0; стеарин-2,0; каолин-30,0; бензой қышқылы-1,0; үшкөмiртек К-354-60,0; үшкөміртек П-702-60,0; төмен молекулярлы полиэтилен-10,0


141. 374 белгiсiндегi резеңке СКД-ЛБС -100,0 көксағызы; күкiрт-2,5; күйдiрiлген магнезия-7,0; стеарин қышқылы-2,0; үшкөмiртек ПМ-75 (ПМ-40Н)-70,0; бор - 80,0; вазелин майы -20,0


142. CКД-Л250 полибутадиендi көксағызы (УПM, УПС, АБС, МСП- полистиролы, пластиктердiң ұруға төзiмдi сұрыптарын синтездеуге арналған)

ТУ 38.4037-87

143. 5П-815: CКИ-3 100,0 резеңке сульфенамид Ц-1,0; техникалық күкiрт - 2,5; бор-20,0; мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 2,0; И-8А индустриалды майы -5,0 үшкөмiртек ГД-100 - 10,0


144. CФ-10-21 резеңке СКН-18M көксағызы - 100,0; пероксимон Г-40, мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 0,2; БС -50 күйесi- 50,0; ацетоамид Р-1,0, диоксинафталат - 10,0; олигоэфиракрилат МГФ-9- 10,0


145. СФ-10-21 резеңке СКЭПТ-40 көксағызы - 100,0 үшкөмiртек П-514 - 90,0; пероксимон E-40-5,5; мырыш ақсырлары -3,0; И-8А вазелин майы - 19,0; ИЭГ-115-2,5; колаксол - 6,0


146. Резеңке 374: СКД-ЛБС көксағызы -100,0; күкiрт -2,5; магнезия- 7,0; стеарин қышқылы - 1,0; үшкөмiртектi ПМ-75H - 70,0; бор - 10,0; вазелин майы - 20,0


147. Ашық түстi гейландит толықтырғышы


«Балаларға арналған ойындар 
мен ойыншықтарға қойылатын  
санитариялық-гигиеналық    
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге         
2-қосымша          

Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар

Шикi заттар мен материалдардың атауы

Тыйым салудың себептерi

1. 10-09-СФ резеңкесi

Рұқсат етiлген көлемiнен жоғары дифенилгуанидиннiң жанасқан ортаға көшуi

2. 52-782 резеңкесі

Жанасатын модельдi ортаның және рұқсат етiлген деңгейiне жоғары тиурам, каптакс, цинк ионының болуы түйсiктiк көрсеткiштер тұрғысынан қанағаттанарлықсыз

3. 52-782-1 резеңкесi

Жанасатын модельдi ортаның және рұқсат етiлген деңгейiнен жоғары тиурам, каптакс, мырыш иондарының болуы түйсiктiк көрсеткiштер тұрғысынан қанағаттанарлықсыз

4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72 белгiсiндегi мыс түтiк

Мыстың тоттануы және ауыр металл тұздарының жанасқан ортаға көшуi

5. Резеңке өндiрiсiндегi атактикалы полипропилен

Уыттылығы

6. 81-22 белгiсiндегi резеңке

Рұқсат етiлген деңгейден тиурам және циматтың көп бөлiнуi

7. Ыдыс-аяқ, шаруашылық бұйымдарын жасауға арналған мырышталған болат


8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В" қызыл-қоңыр пигментi

Пигменттiң канцерогендi қасиетi және оның боялған жерден бөлiнуi

9. "2М" қайталанған дакрилi

Металдар иондарының бөлінуі

10. 20908-040, MEMCT 16337-77 белгiсiндегi төмен қысымдағы полиэтилен

Мырыш және қорғасынның бөлiнуi

11. 10803-070, 11503-070 белгiсiндегi жоғарғы қысымдағы полиэтилен

Мырыш және қорғасынның бөлiнуi

12. ЭЖК және ЭЖР белгiлерiндегi электролиттiк балқыту арқылы жасалатын ақ қаңылтыр

Модельдiк ерiтiндiлердiң сыртқы түрлерiнiң үлгiлермен жанасқан кездегi өзгерiсi және олардан хром мен күшәннiң бөлiнуi

13. ХЖК хромдалған қаңылтыр


14. ФДБ бояуларынан болатын таттанбайтын бояулар (Германияда шығарылған)

Мырыш хроматының уыты жиынтығының болуы

15. ПОС-2 дәнекерлегiшi

Қорғасынның көп мөлшерiнiң модельдiк ортаға бөлiнiлуi

16. ЛС59-1 белгiсiндегi жез

Қорғасынның модельдiк ортаға бөлiнуi (сүт қышқылының әлсiз ерiтiндiсi)

17. "Мостен" 52.512 және 55.222 полипропилені

Түйсiктiк көрсеткiштердiң өзгеруi

18. ЛЦ-400 белгiсiндегi жез

Moдельдiк ортаға мыс және мырыштың бөлiнуi, түйсiктiк қасиетiнiң өзгеруi

19. Фталацианиндi жасыл пигмент

Канцерогендi әсерi

20. СКП 301, 401, 412 пигменттерiнiң жоғарғы қанықпасы

Құрамына кiретiн пигменттердiң канцерогендi әсерi

21. Алқызыл, бордо, қызыл, 4ЖВ, қызыл-қоңыр түстi пигменттер

Бекітудiң нашар болуы және ортаға бөлiнуi

22. Сұр, көгiлдiр және ақшыл cұp түстi АС-1171 "Г" белгiсiндегi акрильдi-силиконды эмаль

ДКМ-нен жоғары мөлшерде берiлген дифенилпропан және бутамолдың бөлiнуi

«Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын 
санитариялық-гигиеналық   
талаптар» туралы санитариялық
ережелерге        
3-қосымша         

Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

Материалдардың атауы

1г материалдан бөлiнетiн элементтiң eң көп саны мг.

сурьма

күшән

барий

кадмий

xpoм

қорғасын

сынап

селен

Саусақтың көмегiмен түр беру үшiн істелiнетiн массалар мен жағылатын бояулардан басқа материалдар

60

25

500

75

60

90

60

500

Саусақтың көмегiмен түр беру үшiн iстелетiн массалар мен бояулар

62

15

250

50

25

90

25

500

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады