Қазақстан Республикасында ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 898 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3398. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.04.26. N 254 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.04.26. N  254  бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы"  Заңын  және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
     2. Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің аумақтық басқармаларына азаматтарға ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылау жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылсын.
     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін белгіленген тәртіппен заңнамаға сәйкес оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін (У.И.Ахметов).
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 
2004 жылғы 28 желтоқсандағы   
N 898 бұйрығымен бекітілген    

  Қазақстан Республикасында ұсынылатын медициналық
қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ұсынылатын медициналық қызметтің сапасына бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығына  сәйкес әзірленді және ұсынылатын медициналық қызмет сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

     2. Ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын бақылауды оның Ережесіне сәйкес медициналық қызметтің сапасын бақылау (бұдан әрі - бақылау) жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - мемлекеттік орган) жүзеге асырады.

     3. Осы Ереже меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жеке медициналық практикамен айналысатын медициналық ұйымдарға қолданылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші бар.

     4. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
     1) медициналық қызмет сапасының индикаторы - медициналық қызмет пен медициналық көмек көрсететін заңды және жеке тұлғалардың емдеу-алдын алу жұмысының сапасын көрсететін межелері;
     2) медициналық қызметтің сапасы - нақты емдеу мекемесі және денсаулық сақтау жүйесінде қызмет жасайтын шынайы жағдайдағы медициналық ғылым мен технологиялардың қазіргі жағдайдағы дәрежеде көрсетілетін медициналық көмек шараларының сәйкестігі;
     3) медициналық қызметті сараптау - медициналық қызмет пен медициналық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалардың емдеу-алдын алу қызметінің сапасы мен дәрежесі жөнінде қорытынды шығару үшін іске асырылатын ұйымдастыру, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;
     4) медициналық қызмет құрылымының индикаторы - адам, қаржы және техникалық ресурстардың жиынтығы;
     5) медициналық қызмет процестің индикаторлары - медициналық көмектің технологиясының орындалуын бағалау;
     6) медициналық қызмет нәтижесінің индикаторлары - медицина ұйымдары немесе жеке тұлғалар көрсететін медициналық көмекті көрсеткен немесе көрсетпеу нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау.

  2. Ұсынылатын медициналық қызмет сапасына бақылаудың
негізгі міндеттері мен принциптері

     5. Сапаға бақылаудың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы Заңына сәйкес, медициналық қызмет көрсетудегі қателіктерді әшкерлеу және оны түзету жөнінде адеваттық шараларды қолдану болып табылады.

     6. Бақылаудың тұғыры лицензия негізінде қызмет жасайтын жеке және заңды тұлғалардың көрсететін медициналық қызмет көрсету сапасы мен толықтығы болып табылады.

     7. Сапаны бақылаудың негізгі принциптері:
     1) жүйелілік: медициналық қызмет сапасына әсер ететін өзара  индикаторлармен байланысты сапаға бақылауды жүзеге асырады (құрылым, процесс, нәтиже);
     2) нысаналық: медициналық ұйымдардағы медициналық көмектің кемшіліктерін бағалау және әшкерлеу тетігін пайдалану жолында сапаға бақылауды, медициналық қызмет сапасын бақылау жөнінде мемлекеттік орган бекіткен межелер негізінде жүргізеді;
     3) жариялық: сапаға бақылау қажетті жағдайларда бақылау нәтижесімен мүдделі жақтарды таныстырып, тәуелсіз сарапшыларды қатыстырумен іске асырады.

  3. Ұсынылатын медициналық қызмет сапасына
бақылауды іске асыру тәртібі

     8. Сапаны бақылауға:
     1) алынған мәліметтерді талдау, бағалау және мониторинг;
     2) көрсетілген медициналық қызметтің сапасына емделушінің қанағаттануын зерттеп-білу;
     3) әкімшілік жазалар қолдану болып табылады.
     9. Медициналық қызмет сапасына бағалауды, талдауды және сараптауды жүргізу негізінде сапаға бақылау іске асырылады.

     10. Сапаға бақылау жүргізу кезінде мынадай сараптама түрлері пайдаланылады:
     1) мемлекеттік басқару органы жасаған кестелерге сәйкес жылында кемінде бір рет өткізілетін кешенді (жоспарлы) сараптама. Сапаға бақылау жүргізу кестесін (бұдан әрі - кесте) тіркеу, белгіленген заңнама тәртібімен іске асырылады;
     2) жоспардан тыс сараптама, денсаулық сақтау саласында азаматтардың сапасыз медициналық көмекке шағымдану негізінде және басқа (ауруханаішілік инфекцияда, жаппай улану, аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жағдайларда) жедел тексеруді талап ететін жағдайларда немесе өкілетті органның және өзге де сол мемлекеттік органға уәкілеттілердің өкімі немесе тапсырмасы бойынша, депутаттық сұраныстар, яғни белгіленген кестеден бөлек сараптама жүргізу;
     3) тематикалық (мақсаттық) сараптама, нақты мақсаттар бойынша жыл бойы жүргізілетін сараптама;
     4) бірлескен сараптама - денсаулық сақтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын ұстану мәселелері жөнінде бірнеше бақылаушы органдармен жүргізетін сараптама.

     11. Сараптау әдістері:
     1) ағымдағы сараптама, сараптама жүргізу кезіндегі ем алып жатқандар есебінен алынған медициналық карталар жатады;
     2) өткенді шолатын сараптама, міндетті түрде сараптауға жататын аурулардың медициналық карталарын, ішінара таңдау арқылы іріктелген науқастардың медициналық карталарын тексеру жолымен жүргізіледі.

     12. Сараптама:
     1) ұйымның емдеу-алдын алу қызметін регламенттейтін құжаттарды талдау (қажет болған жағдайда);
     2) қажетті медициналық құжаттарды оқып-білу;
     3) науқастарды қарау (ағымдағы сараптау);
     4) сараптамалық қорытындыны енгізу үшін шынайы мәліметтерді алу мақсатында басқа да қажетті комплексті іс-шараларды жүргізу;
     5) көрсетілген медициналық көмектің сапасына азаматтардың қанағаттануын меңгеру негізінде жүргізіледі.

     13. Медициналық қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар сараптама өткізу кезінде барлық қажетті медициналық құжаттарды беруге міндетті.

     14. Сараптау аяқталған соң сарапшы осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес "Сараптау актісін" (бұдан әрі - Акт) толтырады және көрсетілетін медициналық көмектің бақылау нәтижелерімен сарапталған ұйымды таныстыруға міндетті.

     15. Актіде сарапталған нысан бойынша дәйектелген шешімдерге негізделген, әшкерленген қателіктерді жою мерзімі көрсетілген қорытынды жасалады.

     16. Мерзімінде жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалар он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта, барлық аумақтық мемлекеттік басқару органдарына қателіктерді жөндеу туралы ақпараттар ұсынады.

     17. Медициналық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалар сараптаудың қорытындысымен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқы бар.

     18. Сараптама жүргізу кезінде азаматтардың арыздары жөніндегі бақылаудың нәтижелерін арызданушыға да ұсынылады.

     19. Медициналық қызмет сапасын бақылау мемлекеттік орган мамандарының жүргізген сараптама нәтижелерімен немесе медициналық көмек көрсетудің сапасына азаматтардың қанағаттанбаған жағдайда жазбаша өтініш негізінде немесе сот шешімі бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі.

     20. Тәуелсіз сараптамашы болып тексеретін және тексерілетін жақтарға қатысы жоқ, арнайы ғылыми және практикалық білімі бар, медициналық қызмет сапасы мәселелерін қарау кезінде қорытынды беретін, практикалық денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдері қатарындағы мамандар болып табылады.

     21. Тәуелсіз сарапшылардың деректер банкі мемлекеттік органда құрылады.

     22. Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының құрамы әрбір нақты болған жағдайларға байланысты мемлекеттік органмен анықталып отырады.

     23. Тәуелсіз сарапшылар өзінің өкілеттіктері мен құзыреттері шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен өткізілген сараптаманың сапасы мен нақтылығына жауап береді.

     24. Тәуелсіз сараптаудың қорытындысы бойынша ол аяқталған сәттен бастап 10 күн ішінде, мүдделі жаққа сараптама қорытындысы берілуі тиіс.

     25. Медициналық қызмет сапасы 3 дәрежеде бағаланады: 
     1) жоғары;
     2) орташа;
     3) төмен.

     26. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сапа индикаторы жеке және заңды тұлғалардың стационарлық, амбулаториялық көмек көрсететін медицина ұйымдарына арналған медициналық көмек сапасын бағалаудың арнайы параметрлерінен тұрады.

     27. Мемлекеттік орган мен оның аумақтық басқармалары осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес аурулардың мониторингін жүзеге асырады.

     28. Сараптама жүргізу кезінен медициналық көмек алған және алып жатқандарды анкеталау жолымен, азаматтардың медициналық көмектің сапасына қанағаттануын бағалауға болады.

  4. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда
ұсынылған медициналық көмектің сапасына бақылау
жасауды іске асыру тәртібі

     29. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда ұсынылатын медициналық көмектің сапасына бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде стационарлық науқастардың картасы сарапталуға жатады. Сараптауға жататын медициналық карталардың санын және статистикалық дұрыстығын қамтамасыз ететін мәліметтерді мемлекеттік орган анықтайды.

     30. Стационарда барлық оқиғалар сараптауға жатады:
     1) өлім жағдайлары;
     2) ішкіауруханалық инфекция мен асқынудың бар болу жағдайлары;
     3) асқыну, сонымен бірге операциядан кейінгі асқынулар;
     4) бұрынғы сапасыз емделгені үшін бір ай ішінде сол ауру бойынша қайтадан емдеуге жатқызылуы;
     5) алғашқы мүгедектікке шығу.

     31. Сарапшы стационарлық көмек деңгейінде сараптама жүргізу кезінде ақауларды анықтаса, онда осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сапа индикаторы негізінде "Емделген жағдайды медициналық сараптау актісін" ресімдейді.
     32. Өлім оқиғасын сараптау нәтижелері бойынша сарапшы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда "Өлім оқиғасын медициналық сараптау актісін" жасайды.

  5. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін
ұйымдарда ұсынылатын медициналық қызмет сапасына
бақылау жүргізу тәртібі

     33. Есепті кезеңдегі амбулаторлық науқастардың медициналық карталары амбулаторлық деңгейде сараптама жасауға жатады. Сараптауға жататын және мәліметтердің статистикалық дұрыстығын қамтамасыз ететін медициналық карталар санын, сапаны бағалау жөніндегі мемлекеттік орган анықтайды.
     Мына оқиғалар сапаны сараптауға жатады:
     1) үйдегі өлім жағдайы;
     2) мониторингке жататын аурулар бойынша мүгедектікке алғаш шығу;
     3) мониторингке жататын аурулар бойынша стационардан шыққан азаматтарға бақылау жасау;
     4) онкология және туберкулез ауруларының асқынған түрлерін анықтау;
     5) жүкті кезеңдегі асқыну;
     6) амбулаторлық науқастың медициналық картасы - 5 жасқа дейінгі балалар, диспансерлік бақылау мен вакцина егу схемасын тексеру үшін таңдау әдістері.

     34. Кемістіктер табылған жағдайда сарапшы осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда "Амбулаториялық аурудың медициналық картасын медициналық сараптау актісін" жасайды.

     35. Үйде өлген адамның картасына сараптама жасаған кезде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Үйде болған өлім жағдайын медициналық сараптау актісі" толтырылады.

  6. Қорытынды

     36. Көрсетілетін медициналық қызметтер мен медициналық көмек жеке және заңды тұлғалардың емдеу-алдын алу қызмет сапасына бақылау жүргізудің көрсеткіштері мен тиімділігін мемлекеттік орган анықтайды.

                                         Медициналық қызметтің
                                    сапасын бақылауды жүзеге асыру
                                        ережесінің 1-қосымшасы

                         Сараптама акті

1. ________________________________________________________________
    Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық
                             бөлімшелері

2. Медициналық ұйым атауы _________________________________________
3. Аудан __________________________________________________________

N

Стационарлық/амбулаторлық науқастың
медициналық картасының N 

Анықталған
ақаулар

Диагноз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сараптау қорытындысы ______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Ақауларды жою мерзімі______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Сарапшы _____________ қолы _________________________________ А.Ә.Т.

Бөлімше меңгерушісі __________ қолы ________________________ А.Ә.Т.

Бас дәрігер _____________ қолы _____________________________ А.Ә.Т.

Күні "___" _______________200__ж.

Медициналық қызметтің     
сапасын бақылауды жүзеге асыру 
ережесінің 2-қосымшасы     

1 Тарау. Стационар деңгейіндегі медициналық
көмектің тиімділігін бағалау

1. Құрылымның индикаторлары

     1. Нормативтерге сәйкес медициналық жабдықпен жарақтандыру.
     2. Дәрігерлердің біліктілік санатының болуы.
     3. Кепілдендірілген көлемге кіретін медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмектерді және емделушінің ақша қаражатын тарту.
     4. Төсек қорын пайдаланудың тиімділігі:
     1) емделудің орташа ұзақтығы;
     2) бейіндік емес емдеуге жатқызу;
     3) науқастарды стационарлық емдеуге айғақсыз жатқызу;
     4) тексерілмеген жоспарлы науқастарды емдеуге жатқызу;
     5) жоспарлы науқастардың операцияға дейінгі келу ұзақтығы 2 тәуліктен артық.
     5. Ауруханаішілік жұқпалардың болуы.
     6. Азаматтардың сапасыз медициналық көмекке шағымдары.

2. Үдіріс индикаторлары

     7. Медициналық көмек көрсетуде емделушінің жағдайының нашарлауына себепші болған медицина қызметкерлерінің техникалық және тактикалық қателіктері.
     8. Емдік-диагностикалық іс-шаралардың ауруларды диагностикалау мен емдеудің мерзімдік хаттамаларына жалпы сәйкестігі.
     9. Науқастарға реанимациялық көмек көрсетудің уақтылылығы мен көлемі.
     10. Қауырт жағдайларда науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылылығы және толықтығы.
     11. Бұрынғы сапасыз емделгені үшін бір ай ішінде сол ауруы бойынша қайтадан емдеуге жатқызу.
     12. Ауыр науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің уақтылылығы.
     13. Медициналық құжаттаманың сапасыз жүргізілуі.

3. Нәтиженің индикаторлары

     14. Стационардағы өлім-жітім:
     1) жалпы;
     2) тәулікке дейін;
     3) операциядан кейін.
     15. Операциядан кейінгі асқыну:
     1) болжанатын;
     2) болжанбайтын.
     16. Науқасты ауруханадан негізсіз шығару салдарынан:
     1) жағдайының нашарлауы;
     2) өлім.
     17. Хирургиялық белсенділік (шұғыл, жоспарлы).
     18. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың алшақтығы.
     19. Аурудың соңы:
     1) өзгеріссіз;
     2) нашарлау;
     3) өлім.

2 Тарау. Бастапқы санитарлық медициналық көмектің
деңгейіндегі медициналық көмектің тиімділігін бағалау

1. Құрылымның индикаторлары

     1. Нормативтерге сәйкес медициналық жабдықпен жарақтандыру және олардың жарамдылығы.
     2. Дәрігерлердің біліктілік санаты және мамандануы болуы.
     3. Азаматтардың сапасыз медициналық көмекке шағымдары.
     4. Кепілдендірілген көлемге кіретін медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмектерді және емделушінің ақша қаражатын тарту.

2. Үдіріс индикаторлары

     5. Науқастарды емдеуге жатқызуға және емдік-диагностикалық іс-шараларға жіберудің негізділігі мен уақтылылығы.
     6. Емдік-диагностикалық іс-шаралардың ауруларды диагностикалау мен емдеудің мерзімдік хаттамаларына жалпы сәйкестігі.
     7. Науқастарды бақылау мен емдеуде бастапқы санитарлық медициналық көмектің және стационар арасындағы сабақтастық.
     8. Халықты диспансерлеу:
     1) диспансерлеуді толық қамту;
     2) анықталған науқастарды диспансерлік есепке алудың уақтылылығы;
     3) бір диспансерлік бақылау тобынан екіншісіне ауыстырудың үлес салмағы.
     9. 5 жасқа дейінгі балалардың және жүкті әйелдердің тегін дәрі-дәрмектер стандартымен қамтамасыз етілуі.
     10. Медициналық құжаттаманың сапасыз жүргізілуі.
     11. Отбасы дәрігерлік амбулаториясы, клиникалық диагностика орталығы мен стационар арасындағы диагноздың алшақтығы.
     12. Отбасын жоспарлау:
     1) жүкті болуға денсаулығы жарамайтын ұрпақты болу жасындағы әйелдердің жүктілікке қарсы контрацепциялармен қамтылуы;
     2) жасанды түсіктен кейінгі және босанғаннан кейінгі контрацепциялар;
     3) қатерлі топтағы жеткіншектер контрацепциясы;
     4) экстрагениталдық ауруларымен зардап шегетін ұрпақты болу жасындағы әйелдерді бақылауда дәрігер мамандар мен акушер-гинекологтардың сабақтастығы.
     13. Бір жасқа дейінгі балаларды бақылау:
     1) денсаулық тобына сәйкес бақылау және сауықтыру;
     2) Әлемдік денсаулық ұйымының бағдарламаларын іске асыру;
     3) иммунопрофилактика.
     14. Жүкті әйелдерді бақылау:
     1) есепке алу мерзімі (12 аптаға дейін, 12-28 аптаға дейін, 29-40 аптаға дейін, есепте жоқ);
     2) ұрықтың ұрыққабығындағы патологиясын диагностикалау және емдеу;
     3) қатер факторларын ескере отырып, емдік-диагностикалық іс-шаралар.
     15. Жеткіншек балаларды бақылау.

3. Нәтиженің индикаторлары

     16. Мониторингтелетін аурулар бойынша емдеуге жатқызу деңгейі.
     17. Еңбекке жарамсыздық парақтарын берудің негізділігі.
     18. Диспансерлеудің тиімділігі:
     1) сауығу;
     2) жақсару;
     3) өзгеріссіз;
     4) нашарлау;
     5) өлім.
     19. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың мүгедектікке алғаш шығуы.
     20. Нозологиялық нысандар бойынша өлімнің құрылымы:
     1) 1 жасқа дейінгі балалардың өлім жағдайы;
     2) еңбекке жарамды жастағы адамдардың өлім жағдайларының өсуі.
     21. Жасанды түсіктердің бала тууға ара қатынасы.
     22. Реабилитолог-дәрігердің ұсынымдарын бақылаудағы және орындаудағы сабақтастық.
     23. Стационарды алмастыратын медициналық көмек.

Медициналық қызметтің      
сапасын бақылауды жүзеге асыру 
ережесінің 3-қосымшасы     

Мониторингке жататын аурулардың тізбесі

     1. Жүректің ишемиялық ауруы (І 20 - І 25,9)
     2. Артериалды гипертония (І 10 - І 15,9)
     3. Ойық жара ауруы (К 26 К 26)
     4. Қант диабеті (Е 10 - Е 14,9)
     5. Бронх демікпесі (J 45 - S 45,9)
     6. Туберкулез (А 15 - А 19,9)
     7. Онкологиялық аурулар:
     1) өкпе обыры (С 34 - С 34,9)
     2) сүт безі обыры (С 50 - С 50,9)
     3) жатыр мойны обыры (С 53 - 53,8)

                                         Медициналық қызметтің
                                    сапасын бақылауды жүзеге асыру
                                        ережесінің 4-қосымшасы

       ЕМДЕЛГЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМА АКТІСІ

1. ________________________________________________________________
     Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық
                              бөлімшелері

2. Медициналық ұйым атауы _________________________________________
3. Аудан___________________________________________________________
4. Науқастың аты-жөні______________________________________________
5. Туған жылы______________________________________________________
6. Стационарлық науқастың медициналық картасының N_________________
7. Клиникалық диагноз: а) негізгі
б) асқынуы:________________________________________________________
в) қосымша ________________________________________________________
8. Ауруханаға жатқызу жоспарлы_______________шұғыл_________________
9. Ауруханаға жатқызу сабақтастығы ________________________________
10. Ауруханаға дейінгі тексеруден өткендігінің болуы ______________
11. Түскен уақыты _________________________________________________
12. Шыққан уақыты _________________________________________________
13. Бөлімше дәрігерінің алғашқы қарауы ____________________________
14. Бөлім меңгерушісінің қарауы ___________________________________
15. Емханалық диагнозды негіздеу уақыты ___________________________
16. Тексерудің клиникалық хаттамамен сәйкестігі ___________________
17. Емдеудің клиникалық хаттамамен сәйкестігі _____________________
18. Операция жүргізу мерзімі Мезгіл ____________ Уақыт ____________
19. Аурудың аяқталуы ______________________________________________
20. Ауруханада ұзақ жатудың негіздемесі ___________________________
21. Эпикриз көшірмесіндегі ұсыныстың болуы ________________________
22. Дәрігердің қорытындысы - емдеу және диагноз қоюдағы жіберілген
қателіктерді сарапшының көрсетуі:
___________________________________________________________________

Бөлім меңгерушісі _________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Бас дәрігер _______________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Сарапшы ___________________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Мерзімі: 200__ж.________"___"

                                         Медициналық қызметтің
                                    сапасын бақылауды жүзеге асыру
                                        ережесінің 5-қосымшасы

         ӨЛІМ ЖАҒДАЙЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМА АКТІСІ

1. ________________________________________________________________
     Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық
                              бөлімшелері

2. Медициналық ұйым атауы _________________________________________
3. Аудан___________________________________________________________
4. Науқастың аты-жөні______________________________________________
5. Туған жылы______________________________________________________
6. Стационарлық науқастың медициналық картасының N_________________
7. Клиникалық диагноз: а) негізгі
б) асқынуы:________________________________________________________
в) қосымша ________________________________________________________
8. Ауруханаға жатқызу мерзімі_________________Уақыты_______________
9. Қайтыс болған мерзімі____________________Уақыты_________________
10. Қайтыс болғандағы диагноз _____________________________________
11. Патологоанатомның қорытындысы__________________________________
12. Өлімді болдырмаудың соңғы шарасы_______________________________
а) Тексерудің қателері_____________________________________________
б) Емдеудің қателері_______________________________________________
в) Шұғыл көмектің кеш болуы (себебі) ______________________________
г) Ауруханаға кеш жатқызу (себебі) ________________________________
13. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздың қайшылығы
___________________________________________________________________
14.Сарапшының қорытындысы: ________________________________________
___________________________________________________________________

Сарапшы ___________________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Бөлім меңгерушісі _________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Бас дәрігер _______________________________________________________
                       қолы                  Аты-жөні

Мерзімі: 200__ж.________"___"

                                         Медициналық қызметтің
                                    сапасын бақылауды жүзеге асыру
                                        ережесінің 6-қосымшасы

         АМБУЛАТОРЛЫҚ НАУҚАСТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТАСЫНА
                  МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМА АКТІСІ

1. ________________________________________________________________
     Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық
                               бөлімшелері

2. Медициналық ұйым атауы _________________________________________
3. Аудан __________________________________________________________
4. Науқастың аты-жөні______________________________________________
5. Туған жылы______________________________________________________
6. 5 жасқа дейінгі балаларға бақылау жүргізудің нобайы ____________
___________________________________________________________________
7. Календарлық егуді ұстану _______________________________________
а) календарлық егуді ұстанбаған кездегі негіздеме__________________
б) медициналық бұру________________________________________________
8. Өткір ауруларға байланысты, қаралған емханалардың саны

N

Өткір
ауру-
дың
диаг-
нозы

Қара-
луға
кел-
ген
мер-
зімі

Клиникалық
хаттамаға
сәйкестігі

Қанша рет
шұғыл
түрде бел-
гіленді

Шұғыл қарау
жағдайын-
дағы
дәрілерді
пайдалану

Науқасқа
шұғыл көмек
көрсеткен-
нен кейінгі
бақылау

тек-
серу

емдеу

 

 

 

 

 

 

 

9. Ескі ауруы жөнінде қаралған емханалардың саны

N

Ескі
ауру-
ының
диаг-
нозы

Қара-
луға
кел-
ген
мер-
зімі

Клиникалық
хаттамаға
сәйкестігі

Қанша
рет
шұғыл
түрде
белгі-
ленді

Шұғыл
қарау
жағда-
йындағы
дәрілерді
пайдалану

Науқасқа
шұғыл
көмек көрсет-
кеннен
кейінгі
бақылау

тек-
серу

ем-
деу

дис-
пан-
сер-
леу

10. Шақырған жедел жәрдем саны _______ себеп_______________________
11. Ауруханаға жолдама _____________диагноз________________________
Негіздеме__________________________________________________________
12. Стационардан кейінгі науқасқа бақылау _________________________
13. Ауруханадағы берген нұсқауды амбулаторлық емдеуде орындау______
14. Сарапшының қорытындысы ________________________________________
___________________________________________________________________

Сарапшы ___________________________________________________________
               қолы                        Аты-жөні

Бөлім меңгерушісі _________________________________________________
                          қолы             Аты-жөні

Бас дәрігер _______________________________________________________
                          қолы             Аты-жөні

Мерзімі: 200__ж.________"____"

                                         Медициналық қызметтің
                                    сапасын бақылауды жүзеге асыру
                                        ережесінің 7-қосымшасы

           Үйде болған өлім жағдайының медициналық
                       сараптама актісі

1. ________________________________________________________________
     Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық
                             бөлімшелері
2. Медициналық ұйым атауы _________________________________________
3. Аудан___________________________________________________________
4. Өлген адамның аты-жөні__________________________________________
5. Туған жылы______________________________________________________
6. Қайтыс болған мерзімі____________________________________________
7. Өлім туралы дәрігерлік куәліктің N_____________________________
8. Берілген мерзімі 200__ж. ________"___"
9. Өлімнің негізгі себебі:_________________________________________
___________________________________________________________________
10. Өлімді болдырмау ______________________________________________
11. Дәрігердің соңғы тексеруінің мерзімі __________________________
12. Тексерудің қателері ___________________________________________
13. Емдеудің қателері _____________________________________________
14. Патологоанатомның қорытындысы__________________________________
___________________________________________________________________
15. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздың
қайшылығы__________________________________________________________
16. Мәйіттің патологоанатомиялық ашу себебінің болмауы
___________________________________________________________________
17. Өлім туралы анықтаманы берудің негіздемесі (негіздеме болмаған
жағдайда себебі көрсетілсін)_______________________________________
18. Сарапшының қорытындысы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Сарапшы ___________________________________________________________
                     қолы                        Аты-жөні

Бөлім меңгерушісі _________________________________________________
                     қолы                        Аты-жөні

Бас дәрігер _______________________________________________________
                     қолы                        Аты-жөні

Мерзімі: 200__ж.________"___"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады