"Қазақстан Республикасында күйдіргі бойынша эпидемиологиялық-эпизоотологиялық және санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) әрі ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 905, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3441. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 454 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 № 484, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.07.19 № 454 (мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) Бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"  Заңының 7-бабына және "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫЗ:
     1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасында күйдіргі бойынша эпидемиологиялық-эпизоотологиялық және санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) әрі ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.):
     1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
     2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасы
     Денсаулық сақтау министрі
     міндетін атқарушының

     Қазақстан Республикасы
     Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрі    
міндетін атқарушының 2004    
жылғы 30 желтоқсандағы N 905, 
Қазақстан Республикасының    
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2005 жылғы 10 қаңтардағы    
N 9 бірлескен бұйрығымен    
бекітілген          

  "Қазақстан Республикасында күйдіргі бойынша
эпидемиологиялық-эпизоотологиялық және санитарлық-індетке
қарсы (профилактикалық) әрі ветеринарлық іс-шараларды
ұйымдастыру" санитарлық-эпидемиологиялық және
ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

     1. "Қазақстан Республикасында күйдіргі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық-эпизоотологиялық қадағалау және санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) әрі ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.

     2. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
     1) антропургиялық жұқпа - адамның қызмет ету немесе табиғатты игеру процесінде пайда болатын жұқпа;
     2) ерiксiз сою - олардың таралуын болдырмау мақсатында немесе оларды емдеу экономикалық жағынан орынсыз болуға байланысты ауру жануарларды сою;
     3) контаминация (жанасу) - қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;
     4) сапронозды жұқпа - резервуарлары табиғи субстраттар (топырақ, су, планктон) болып табылатын жұқпа;
     5) күйдіргі - жануарлар мен адамның зооантропоноздық (сапроноздық, антропургиялық) жұқпалы аурулары;
     6) күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз елді мекен (бұдан әрі - СҚЕ) - пайда болу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, оның аумағында эпизоотиялық ошақ табылған елді мекен (мал шаруашылығы фермаларын, жайылымдарды, өрістерді қоса алғанда);
     7) топырақтық ошақ - күйдіргіден өлген жануарлардың өліктері кездейсоқ көмілген және күйдіргіден өлгендердің өліктері болған, олар сойылған және бөлшектелген орындар;
     8) қауіп төндіретін аумақ - жануарлардың немесе адамдардың науқастану жағдайларының пайда болу қаупі туындаған аумақ;
     9) күйдіргінің індеттік ошағы - осы жұқпалы аурумен науқастанған адамдар тіркелген эпизоотиялық ошақ;
     10) күйдіргінің эпизоотиялық ошағы - оның шегінде жануарлар немесе адамдар қабылдағыш қоздырғыштардың берілуі мүмкін жұқпалы аурулардың көзі немесе факторларының болған орны.

  2. Жануарлардың күйдіргімен ауруының алдын алу
жөніндегі арнайы немесе арнайы емес іс-шаралар

     3. Күйдіргіге қарсы іс-шаралар кешені мыналарды қамтиды:
     1) барлық қабылдағыш ауылшаруашылық жануарларын профилактикалық иммундауды;
     2) уақтылы диагностикалауды;
     3) эпизоотиялық ошақты карантиндеуді;
     4) эпизоотиялық ошақты жоюды;
     5) ауру жануарлардың өліктерін және қоздырғыштар ұрық шашқан өнімдерді жоюды;
     6) үй-жайларды, жабдықтар мен жұқтырылған аумақты залалсыздандыруды.

     4. СҚЕ мен қауіп төніп тұрған аумақтарда Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті орган:
     1) тұрақты сақталатын күйдіргінің орны мен топырақтық ошақтарын белгілей отырып, эпизоотиялық ошақтарды тіркеуді, стационарлық қолайсыз елді мекен аумағын картаға түсіреді;
     2) картада белгіленген орынды барлық периметрлерін дәл өлшеп, адамдар мен жануарлардың кездейсоқ баруларын болдырмайтындай етіп қоршайды, "күйдіргі" деген жазуы бар тақтайды қағады;
     3) малдарды жинайтын орындардың (базарлардың, көрмелердің, жайылымдардың) жай-күйін, мал өнімі мен шикізатын дайындауды, сақтау мен қайта өңдеуді ветеринарлық-санитарлық қадағалайды;
     4) халықтың арасында күйдіргі ауруының қауіптілігі, жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

     5. СҚЕ мен қауіп төніп тұрған аумақтарда тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң ветеринарлық инспекторының рұқсатысыз малды мәжбүрлі союға болмайды, мәжбүрлі сою жағдайында зертханалық тексерусіз және тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының рұқсатысыз адамдар жеу үшін және жануарларды қоректендіруге ет пен басқа да өнімдерді сатуға тыйым салынады.

     6. Топырақты алу мен басқа жерге тасуға байланысты агромелиоративтік, құрылыс және басқа да жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және ветеринарлық қызметтің келісімі болғанда СҚЕ мен қауіп төніп тұрған аумақта жүргізілуге тиіс.

     7. Күйдіргінің топырақты ошақтарының санитарлық-қорғаныш аймақтарында (бұдан әрі - СҚА) кейіннен топырақты су деңгейін толтыра, асыра немесе өзгерте отырып, іздестіру, гидромелиоративтік, құрылыс және басқа да топырақ алуға және басқа жерге тастауға байланысты жұмыстарды жүргізу үшін күйдіргінің топырақты ошақтарына өте жақын аумақтардың жер учаскелерін жалға беруге, жеке меншікке сатуға, бау-бақшалар немесе өзгеше пайдалануға болмайды.

     8. СҚА көлемін жерінің ерекшелігі мен көзделіп отырған жұмыстардың түрін ескере отырып, ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органдар белгілейді.

     9. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттік ветеринарлық қызмет органдары белгілеген қауіп төніп тұрған аумақтарда бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, оларды қолдану жөніндегі нұсқауларда көзделген тәртіппен және мерзімдерде ауылшаруашылық жануарларын профилактикалық иммундау жүргізіледі.

     10. Күйдіргіге қарсы вакцинация жүргізу вакцина жасалған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакциналардың, дайындаушы кәсіпорынның толық атауын, серия және бақылау нөмірлерін, жұмсалған вакциналардың дайындау күні мен санын көрсете отырып, акті ресімделуге тиіс. Актіге иесінің аты-жөні көрсетіле отырып, вакцина жасалған жануарлардың тізімдемесі қоса беріледі.

     11. Егер жануарды вакциналауға болмаса, оны себебін көрсете отырып, жекелеген тізімдемеге енгізеді, ол туралы жануардың иесіне хабарлайды. Актілер мен тізілімдемелер екі жыл бойы мемлекеттік ветеринарлық желістің мекемелерінде сақтауға жатады. Ветеринарлық мамандар 14 күн ішінде барлық жануарларды қадағалауды жүргізуге міндетті.

     12. Күйдіргіге қарсы вакцина жасалған жануарларды етке сою егуден 14 тәуліктен кейін жүргізіледі. Мәжбүрлі жағдайларда ветеринарлық дәрігерлердің рұқсаты бойынша күйдіргіге қарсы вакцина жасалған малды сою вакцинадан кейінгі асқынулар болмағанда және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталғанда көрсетілген мерзімінен бұрын жүргізілуі мүмкін.

     13. Мәжбүрлі сойылған жануарлардың сыпырылған терілері тері сынамасын преципитация әсерінде зерттеудің нәтижелерін алғанға дейін оқшауланған жағдайларда ветеринарлық зертханаларда сақталады.

     14. Күйдіргіге қарсы вакцинамен егілгеннен кейін 14 тәулік өткенше өлген жануарлардан терісін алуға болмайды.

     15. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес жануарлардың иесі:
     1) белгіленген ветеринарлық және санитарлық ережелерді сақтауға;
     2) ветеринарлық мамандардың талабы бойынша жануарларды профилактикалық вакциналау үшін ұсынуға;
     3) жергілікті мемлекеттік ветеринарлық қызмет органдарына жаңадан сатып алған жануарлары туралы хабарлауға;
     4) ветеринарлық мамандарға науқастану жағдайлары, жануарларды мәжбүрлі сою немесе өлтіру туралы дереу хабарлауға тиісті.

     16. Мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатты дайындау, қайта өңдеу, сату жөніндегі ұйымдардың басшылары:
     1) жануарлардың өліктері мен ішкі ағзаларын қарауды және ветеринарлық-санитарлық сараптама жасауды, зертханалық зерттеулерді, ет пен басқа да өнімдерді залалсыздандыруды, жеуге жарамсыз деп танылған өнімдерді кәдеге жаратуды немесе жоюды жүргізу үшін тиісті жағдай жасайды. Мал сою пункттері тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас ветеринарлық инспекторының есебінде тұруға және жануарларды сою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тиісті рұқсаты болуға тиіс;
     2) санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес ет өнімдерін сақтауды, арнайы оқшауланған және мөрленген камераларда, тоңазытқыштарда зертханалық зерттеулерді жүргізу кезеңінде күйдіргіге күдікті еттің сақталуын қамтамасыз етеді;
     3) қызметі малды күтіп-ұстауға және өсіруге, мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеу мен сатуға байланысты қызметкерлерді кәсіби күйдіргі ауруының алдын алу ережесіне оқытуды жүргізуге тиіс.

  3. Адамдардың күйдіргімен науқастануының
арнайы емес профилактикасы

     17. Мемлекеттiк медициналық ұйымдар:
     1) СҚЕ аумағында тұратын адамдардың, сондай-ақ мал етінен жасалған шикізатты дайындаумен, жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және сатумен айналысатын адамдардың арасында алдын алу жұмыстарын;
     2) күйдіргімен ауыратындарды белсенді түрде анықтау мен емдеуді;
     3) жұқтырылған объектілерді белсенді түрде анықтауды, оларды залалсыздандыруды;
     4) халықтың арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын;
     5) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізаттарды, олардан жасалған тамақ өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және сату жөніндегі ұйымдарда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды;
     6) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізаттарды, сондай-ақ олардан жасалған өнімдерді қайта өңдеу және сату жөніндегі профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды;
     7) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізаттарды жинау, сақтау, тасымалдау және олардан жасалған өнімдерді сату жөніндегі ұйымдар қызметкерлердің жеке профилактикалық шараларды сақтауын бақылауды жүргізеді.

  4. Адамдардың күйдіргімен науқастануының
арнайы профилактикасы

     18. Күйдіргіге қарсы адамдарды профилактикалық иммундауды (арнайы профилактика) жүргізу және көлемі туралы шешімді эпизоотологиялық әрі эпидемиологиялық айғақтарды ескере отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісуімен тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қабылдайды.

     19. Мемлекеттiк медициналық ұйымдар:
     1) кәсіби немесе жағдайы бойынша күйдіргіні жұқтыру қаупі төнетін адамдарды жоспарлы иммундауды;
     2) жұқтыру қаупі төнетін адамдарды есепке алуды және тізімін түзетуді;
     3) арнайы егулермен қамту жоспарын жасауды жүзеге асырады.

     20. Жоспарлы егуге мыналар жатады:
     1) күйдіргі қоздырғыштарының тірі өсінділерімен, жұқтырылған зертханалық жануарлармен немесе күйдіргі қоздырғыштары жұқтырылған материалдарды жұмыс істеушілер;
     2) ет комбинаттарында және мал сою пункттерінде, базарларда сою алдында мал ұстаумен, сондай-ақ союмен, тұшаларын бөлшектеумен және терісін сыпырумен кәсіби шұғылданатындар;
     3) мал етінен жасалған шикізатты жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және бастапқы қайта өңдеумен айналысатындарды.

     21. Күйдіргіге қарсы егілгендер профилактикалық егулерді есепке алу журналында немесе картотекасында тіркеледі, оған аты-жөні, айналысатын ісі, жасы, мекен-жайы, вакцина немесе ревакцина жасалған күні, вакцинаның сериясы мен жарамдылық мерзімі, жергілікті және жалпы құбылыстар, вакциналанған адамның аты-жөні, қызметі жазылады. Профилактикалық егулерді есепке алу журналы тұрақты сақталады.

     22. Адамдарды иммундау скарификациялық (тері үсті) әдіспен жүргізіледі: егу алдында кептірілген вакцинаны егу алдында жекелеген ампулада қоса берілген 30-проценттік (бұдан әрі - %) сулы глицерин ерітіндісінің 10 миллилитріне (бұдан әрі - мл) араластырады. Вакцина бар ампуланың мойнын алдын ала егеп, спиртпен сүртеді және жалынға күйдіреді. Вакцинасы бар ампуланың мойнын ғана сақтықпен күйдіреді. Осыдан кейін ампуланың мойнын ұқыптап кеседі. Жекелеген ампуладағы глицерин ерітіндісінің зарарсыздандырылған 30% сулы ерітіндісін зарарсыздандырылған шприцке инемен толтырып алады да, заттаңбасында көрсетілген көлемде (1 мл) вакцинасы бар ампулаға құяды. Ампуланы кептірілген вакцина біркелкі суспензияға айналғанша араластырады. Алынған микробты өлшемді вакциналау үшін қолданады.

     23. Кептірілген вакцинаны араластырар алдында және араластырғаннан кейін ампуланы және оның ішіндегіні мұқият қарайды. Ампулада жарықтар, вакцинадан басқа қоспалар, сондай-ақ тұтас үлпектер болғанда және суспензия біркелкі болмағанда бұл вакцинасы бар ампуланы жарамсыз деп таниды.

     24. Араласқан вакцинасы бар ампула бөтен затпен ластану мүмкіндігінен сақтандырады. Араластырылған вакцина ампулада әрі кеткенде төрт сағат сақталады. Осы мерзім ішінде араластырылған және пайдаланылмаған вакцинаны екі сағат ішінде қайната отырып, жояды.

     25. Вакцина сол жақ иыққа салынады. Егу алдында теріні спиртпен тазалайды. Спирт кепкеннен кейін тамшыларды бір-бірінен 3-4 сантиметр (бұдан әрі - см) арақашықтықта орналастыра отырып, жіңішке инесі бар туберкулинді шприцпен екі жерден бір-бір тамшыдан вакцинаны (0,01-0,002 мл) салады. Бұдан әрі сол қолымен иық терісін ұстап, оны тартып, оң қолымен зарарсыздандырылған скарификатормен вакцинаның салынған әрбір тамшысынан кейін терісін кеседі. Кескен жерлер қанталамауға тиіс (қан тек тамшылап қана ағуға тиіс). Осыдан кейін скарификатордың тегіс жағымен жарты минут ішінде вакцинаны кесілген жерлерге жағады. Вакцинаны жаққаннан кейін 5-10 минут кептіреді.

     26. Адамдарды бастапқы иммундау арасына 21 күн салып екі рет, ревакцинацияны жыл сайын бір рет жүргізеді.

     27. Әрбір егілген үшін жеке қаламұшты пайдаланды. Пайдаланар алдында қаламұшты бір сағат плюс 160 о С, 40 минут плюс 180 о С температурада кептіріп қыздыратын шкафта зарарсыздандырады.

     28. Пайдаланылған қаламұштарды 2 сағатқа плюс 20-22 о С температурада 6% сутегі асқын тотығының және 0,5% жуу құралының ерітіндісіне батырып қояды, содан кейін ағынды су құбыры суымен, дистилляцияланған сумен мұқият жуады.

     29. Егуден кейінгі жергілікті әсер скарификацияланған жолақпен, терінің жеңіл ісінуімен, кейіннен скарификация барысында сарғыш қабыршақтарымен білінеді. Кесілген жерлерде ұсақ түйіндердің пайда болуы мүмкін. Көрсетілген құбылыстар 48-72 сағаттан кейін басылады. Пайда болған қабыршақтар 4-8 күннен кейін түсіп қалады.

     30. Вакцинаға жалпы әсер ету жекелеген жағдайларда ғана пайда болады және әлсіздікпен, бас аурумен, сирек - дене қызуының плюс 38 о С-қа дейін көретілуімен білінеді.

  5. Жануарлардың күйдіргімен науқастануына
күдік туған кездегі іс-шаралар

     31. Күйдіргіге күдік туған кезде жануар оқшауланады, жануардан алынған материалды зерттеу, оны емдеу жүргізіледі.

     32. Күйдіргі ауруына күдікті жануарлардың өліктерін жеке адамдардың союына рұқсат берілмейді.

     33. Күйдіргіге зертханалық зерттеу үшін өлген жануардың:
     1) өліктің жатқан жағының, алдын ала негізінен шпагатпен екі жерден байланған және байланған жерінен кесілетін (кесілген жерін металдан жасалған затты қыздырып күйдіру) құлағы;
     2) күйдіргіге күдік туған кезде өлікті сою немесе тұшасын бөлшектегенде жұмыс дереу тоқтатылады - көкбауырдың бір бөлігі және зақымдалған лимфа түйіндері;
     3) шошқалардың өліктерінен - ісік тіндерінің бөлігі, жұтқыншақ немесе жақ асты лимфа түйіндері жіберіледі.

     34. Ветеринарлық-зертханалық зерттеулердің нәтижесін алар алдында өліктер, еттері немесе ішкі ағзаларымен және терісімен қоса, барлық тұшасы қатаң оқшаулау жағдайында сойған жерде қалады.

     35. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, патологиялық материалдарды ветеринарлық зертхана жібереді. Ветеринарлық зертханада материал микроскопиялық әдіспен - материалдың келіп түскен күні, бактериологиялық - үш тәулік бойы, биологиялық - он тәулік бойы зерттелуге тиіс.

     36. Микроскопиялық зерттеудің оң нәтижелерін алған кезде ветеринарлық зертхана тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына және жануардың иесіне алдын ала жауап береді.

     37. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы алдын ала оң нәтижені алған кезде:
     1) жоғары тұрған аумақтық ветеринарлық қадағалау органына және тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына хабарлайды;
     2) тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының өкілімен бірлесіп сол жерге барады, эпизоотолого-эпидемиологиялық тексеру жүргізеді және карантинге жататын аумақтың шекарасын белгілейді;
     3) күйдіргінің қоздырғышын жұқтыруға күдікті өнімді (сүт, ет, тері) сатуға және ошақтың аумағынан әкетуге болмайды.

     38. Зерттеудің оң түпкілікті нәтижесін алған кезде:
     1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шектеу іс-шаралары (карантин) енгізіледі;
     2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы ветеринария саласындағы уәкiлеттi органға қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жануарлардың ауруы туралы дереу хабарлайды;
     3) ошақты жою жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.

     39. Карантин кезеңінде:
     1) барлық жануарлар түрлерінің СҚЕ-ге енуін және әкелінуіне, шығарылуына және әкетілуіне;
     2) мал етінен жасалған өнімдер мен шикізатты дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды бір топтан басқа топқа ауыстыруға (ауыстыруға);
     3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;
     4) жануарларды етке союға;
     5) өліктерді союға және өлген жануарлардың терісін сыпыруға;
     6) шұғылдан басқа, ветеринарлық хирургиялық операцияларды жасауға;
     7) қолайсыз объекті аумағына бөтен адамдардың кіруіне, объектіге қызмет көрсетуге байланысты емес көліктің оның аумағына кіруіне;
     8) жануарларды тоғандар мен басқа да су айдындарында суғаруға;
     9) жануарлар мен жануарлар етінен жасалған өнімдердің саудасына, ауылшаруашылық жәрмеңкелерді, көрмелерді (аукциондарды) және адамдар мен жануарлардың жиналуына байланысты басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.

     40. Күйдіргінің эпизоотиялық ошағында ветеринарлық мамандар міндетті түрде қызуын өлшей отырып, барлық мал басын клиникалық қарауды жүргізеді. Тексеру нәтижесі бойынша жануарларды екі топқа бөледі:
     1) ауыратындар мен ауруға күдіктілер: бұл топқа аурудың мынадай клиникалық белгілері бар жануарлар жатады: дене қызуының жоғарылауы, тимпанит, шаншулар, метеоризмдер, карбункулдар, инфильтраттар. Осы топтың жануарлары күйдіргіге қарсы сарысумен, күйдіргі гаммаглобулинімен және антибиотиктермен емделеді. Клиникалық айыққаннан 14 күннен кейін оларды күйдіргіге қарсы вакцинамен егеді;
     2) қалған қабылдағыш жануарлар: аурудың клиникалық белгілері жоқтары және күйдіргі белгіленген жердегілер (табын, қора, аула, отар). Екінші топ жануарлары кейіннен үш күн ішінде күн сайын қараумен және қызуын тексерумен күйдіргіге қарсы вакциналанады.

     41. "Күйдіргі" диагнозын қойғаннан кейін науқастар немесе өлген жануарлар болған аумақты және үй-жайды тазалау мен дезинфекциялау ұйымдастырылады. Барлық жануарларды жәндіктерден өңдейді.

     42. Бірінші топтың жануарларынан алған сүтті барлық емдеу кезеңінде 20 литр сүтке 1 килограмм (бұдан әрі - кг) есебінен кемінде 25% активті хлордан тұратын хлор ізбесін қосумен залалсыздандырады және 6 сағат ұстағаннан кейін кәдеге жаратады. Екінші топтағы жануарлардың сүтін вакциналағаннан кейін үш күн ішінде 4-5 минут бойы қайнатады және эпизоотиялық ошақта күйдіргіге қарсы вакциналанған жануарға ішкізеді. Көрсетілген мерзім өтіп кеткеннен кейін бұл сүт ветеринарлық мамандардың бақылауымен майға айналдырылады.

     43. Күйдіргімен ауырған немесе одан өлген, не болмаса басқа да жолмен контаминацияланған жануарлар болған учаскелерден алынған астықты, жемдерді әкетуге тыйым салынады және күйдіргіге қарсы вакциналанған жануарларға тұрған жерлерінде тамақ беріледі.

     44. Ауру жануарлардың шығарылымдарымен ластанған қиы, төсеніші және жемнің қалдығы өртеледі, тұрақтағы қи - қидың 20 литріне 1 кг есебінен құрғақ хлор ізбесімен (кемінде 25% активті хлордан тұратын) араластырылады.

     45. Күйдіргімен ауырған жануарлар болған үй-жайлар мен аумақтарды қолмен тазалау 1 шаршы метрге (бұдан әрі - м 2 ) 1-2 литр есебінен үш рет 1 сағаттан үзіліс жасап, көптеп суғару арқылы жүргізіледі.

     46. Қолмен тазалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық ерітінділер, соның ішінде:
     1) 25% хлор ізбесінің ерітіндісі;
     2) 5% шаруашылық сабынын қосумен 5% ыстық формальдегид ерітіндісі;
     3) 10% ыстық күкірт-карбол қоспа ерітіндісі;
     4) 10% ыстық зәрлі натр ерітіндісі (температурасы плюс 60-70 о С) пайдаланылады.

     47. Өңдегеннен кейін үй-жайды 3 сағатқа жабады және одан кейін желдетеді. Қармақжемді, су ішетін жерлерді сумен жуып шаяды. Металл жабындыларды күйдіре отырып дезинфекциялайды.

     48. Брезенттен, мақта-қағаздан жасалған заттар екі сағат ішінде 2% жуу құралының ерітіндісінде қайнату немесе 5 литр ерітіндіге 1 кг залалсыздандыру объектісі есебінен бір дезинфекциялаушы құралына батыру жолымен залалсыздандырылады:
     1) 1% активтендірілген хлорамин ерітіндісі - экспозициясы 2 сағат;
     2) температурасы плюс 50 о С 10% сутегі асқын тотығы мен 0,5% жуу құралы, экспозициясы 1 сағат;
     3) температурасы плюс 132 о С қысыммен бумен (автоклавтау) - экспозициясы 2 сағат;
     4) температурасы плюс 62-63 о С буформалинді камераларда (формалиннің шығыс нормасы 250 мл), экспозициясы 2,5 сағат.

     49. Ауру жануарлардың шығарылымдарымен ластанған жемшөпті жағады.

     50. Ауру жануарлардың қиы, төсеніші мен жемінің қалдықтары сол орындарында немесе жұқтыру орнына жақын жерде жағылады. Жердің беткі қабатының (тұрақта, байламда) кемінде 40 см алып тастайды, 20% хлорлы ізбес ерітіндісімен араластырады да, мал көметін жерге әкетеді.

     51. Топырақты залалсыздандыруды мынадай дезинфекциялаушы құралдардың бірімен жүргізеді:
     1) 10% ыстық зәрлі натрий ерітіндісі;
     2) 4% формальдегид ерітіндісі;
     3) 10% бейтарап кальций гипохлорид ерітіндісі.
     Ерітінділердің шығысын - 1 шаршы метрге (бұдан әрі - л/м 2 ) 5 литр формальдегид, 10,5 л/м 2 - басқа да құралдары құрайды.

     52. Ағынды суларды залалсыздандыруды хлорлы ізбеспен жүргізеді. Сенімді залалсыздандыруды жүргізу үшін экспозициясы 48 сағат, 25% хлорлы ізбестің 200 грамын бір литрге (бұдан әрі - г/л) салу немесе экспозициясы 4 сағат 200г/л есебінен ағынды суға құрғақ хлорлы ізбесті себу керек. Хлорлы ізбеспен өңдеу алдында 1 литр тазаланбаған күкірт қышқылын араластырған орынды (хлорлы ізбес қышқылды ортада жақсы әсер етеді).

     53. Күйдіргі споралары ұрық шашқан топырақты (күйдіргімен ауыратын жануарларды мәжбүрлі сою, олардың өлігін сою, және басқа) 10л/м 2 немесе 20% хлорлы ізбес ерітіндісі есебінен 5% активті хлордан тұратын хлорлы ізбес ерітіндісімен немесе 10% зәрлі натрий ерітіндісімен суарады. Сіңгеннен кейін дезинфекциялаушы ерітіндіні 25 см тереңдікке қайта тамшылап құяды, топырақтың үштен бір бөлігіне кемінде 25% активті хлордан тұратын құрғақ хлорлы ізбес есебінен мұқият араластырады, содан соң қайта сумен ылғалдандырады.

     54. Төменгі температурада (минус) бір нәрсенің бетін дезинфекциялау үшін кальций гипохлоридінің екіүшнегізді тұзының немесе 8% концентрациядағы бейтарап кальций гипохлорид ерітіндісін қолданады.

     55. Ерітінді ыстық (плюс 50-60 о С) ас тұзы ерітіндісінде дайындалады: температура 0 о С-ден минус 15 о С-қа дейін болғанда - 15% ас тұзы ерітіндісін және минус 15 о -С дан минус 30 о С-ға дейін болғанда - 20% ерітіндіні пайдаланады.

     56. Күйдіргіден қайтыс болған жануарлардың өліктері, ауру жануарларды союдан алған өнімдер, араласқан астық пен жемшөп өртеледі немесе 4 сағат ішінде кемінде 4 атмосфера қысымында тиісті зауыттарда кәдеге жаратылады.

     57. Күйдіргімен ауыратын жануарлардың өліктерін жағу үшін ұзындығы 2,6 метр, ені 0,6 және тереңдігі 0,5 метр айқыш орналасқан екі траншея пайдаланылады. Траншеяның түбіне бір қабат сабан, содан соң шұңқыр толғанша отын толтырылады. Отынның орнына резеңке қалдықтарды немесе басқа да қатты жанар-жағар материалдарды пайдалануға болады. Траншеяның ортасына, қиылысқан жерге (айқышталған жерде) құрғақ бөрене сырғауыл немесе металл арқалықты салады және оларға жануардың өлігі орналастырылады. Өліктің екі жақ бүйірі мен үстінен отын қояды да, металл табақшамен жабады. Шұңқырдағы отынға керосин немесе басқа да жанар-жағар сұйықты құйып, өртейді.

     58. Ауру жануарлардың өліктерін сондай-ақ ұзындығы 2,5 метр, ені 1,5 метр және тереңдігі 0,7 метр мөлшеріндегі шұңқырда (траншея) өртейді, шұңқырдан алынған топырақты оның шетіне салады. Шұңқырды торшалап бірінің үстінен бірін қойған құрғақ отындармен толтырады. Топыраққа үш-төрт металл арқалықтар немесе құрғақ бөренелер қояды, оларға өліктерді орналастырады. Сонан соң отынды жағады.

     59. Малды сауатын аппаратты 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен және 0,5% жуу құралымен өңдейді. Өңдеу екі рет жүргізіледі, өңдегеннен кейін әрбір 2 сағат сайын барлық жабдықты сумен шайып жуады. Ауру жануарлар болған үй-жайлар мен аумақтарды қолмен тазалауды 1 м 2 -ге 1-2 литр ерітінді есебінен арасында 1 сағат үзіліспен дезинфекциялаушы құралмен үш рет молырақ жуғаннан кейін жүргізеді.

     60. Тері бұйымдарын, былғары, резеңке аяқкиімді және басқа да заттарды плюс 58-59 о С температурада буформалин камерасында формальдегид буымен залалсыздандырады, экспозициясы 3 сағат.

     61. Арнайы киім, жөке, тырнауыштар, шелектер мен басқа да ұсақ мүкәммал 4 сағат бойы 15% активтендірілген хлорамин ерітіндісіне, 4% формальдегид ерітіндісіне батырып қою жолымен немесе 2% кальцилендірілген сода ерітіндісінде кемінде 90 минут қайнатумен залалсыздандырылады.

     62. Ауру жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдары, оларды сойып алынған өнімдер немесе мал етінен жасалған контаминацияланған шикізат 15% активтендірілген хлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады.

  6. Адамдардың күйдіргімен ауыратындығына
күдік туған кездегі іс-шаралар

     63. Жұқпаның көзін және адамның жұқтыру себебін анықтау үшін жұқтырылған жер мен жағдайды анықтау керек, әртүрлі объектілерді зертханалық зерттеудің нәтижесі ескеріледі.

     64. Күйдіргімен ауыратын немесе оған күдікті адамды жұқпалы аурулар стационарына, ол болмаған кезде - індетке қарсы режим ережелерді сақтай отырып, білікті терапиялық көмек көрсетілетін оқшауланған терапиялық палатаға (бокс) жатқызады.

     65. Күйдіргінің тері нысанымен ауыратындарды түскен жараның орнында эпителизация және ойық жара тыртық пайда болғаннан кейін стационардан шығарады.

     66. Адамдарда күйдіргіні зертханалық диагностикалау және жұқпаның берілу факторларында қоздырғыштарды табу тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының зертханаларында, тірі өсінділерді зерделеу - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - РСЭС) және "М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі - ҚКЗЖҒО) жүргізіледі.

     67. Күйдіргіден өлген адамдардың мәйіттерін союға жол берілмейді. Қажетіне қарай - күйдіргіден немесе осы ауруға күдікті жағдайларда өлген науқастардың мәйіттерін союды кейіннен міндетті түрде үй-жайға, барлық заттарға, құрал-сайманға, бұрын қолданған халаттарға, қолғаптарға, аяқкиімге қорытынды дезинфекция жасай отырып, эпидемиологтың қатысуымен дәрігер-патологоанатом жүргізеді.

     68. Күйдіргіден қайтыс болған адамдардың мәйіттерін көмуді әдеттегі зиратта қайтыс болған адамның туысқандары жүргізеді. Үй-жайдан шығарғанша мәйіт сойылмаған жағдайда, оны целлофан пленкамен қапталған табытқа салады, мәйіттің беті мен қолының терісіне жұғыспау үшін мәйітті де осындай пленкамен тығыздап орайды, сойылған мәйітті көму кезінде целлофан пленканың астына табыттың түбіне хлорлы ізбесті салады.

     69. Науқастың мекен-жайында оны ауруханаға жатқызғаннан кейін қоздырғыш контаминациялануы мүмкін заттар (мал етінен жасалған шикізат пен өнімдер, киім, аяқкиім, ас бөлме мүкәммалы, ыдыс) дезинфекцияланады.

     70. Стационарда кіші медицина қызметкері дәрігердің немесе орта медицина қызметкерінің бақылауымен науқастың шығарылымдарын, ыдысын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, науқасты күтуге арналған заттарды оның болған уақытында күн сайын ағымдағы дезинфекцияны жасайды. Науқастың шығарылымдарын, шайынды суды, тамақ қалдықтары бар ыдысты, буып-таңу, тазалау материалын, төсек керек-жарақтарын залалсыздандырады.

     71. Қорытынды дезинфекция науқасты ауруханаға жатқызғаннан, одан шығарғаннан немесе ол қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі. Күйдіргінің қоздырғыштары контаминациялануы мүмкін объектілер мен үй-жайлар залалсыздандыруға жатады.

     72. Қорытынды дезинфекция жасар алдында мыналар жүргізіледі:
     1) жұқтырылған заттарды анықтау;
     2) камералық дезинфекция жасау үшін заттарды іріктеу;
     3) үй-жайлар мен заттарды залалсыздандыру тәсілдерін анықтау.

     73. Күйдіргі микробының спораларын жұқтырған немесе оған күдікті объектілер мен заттарды залалсыздандыру үшін мынадай құралдар мен тәсілдер қолданылады:
     1) науқастардың шығарылымдарын өңдеу үшін (нәжіс, несеп, құсықтар), 1:3 арақатынасында мыналар қолданылады:
     хлорлы ізбес - кептірілген заттек; кемінде 5% активті хлордан тұратын 20% жарықтандырылған немесе жарықтандырылмаған ерітінділер;
     екіүшнегізді кальций гипохлорид тұзы немесе бейтарап кальций гипохлорид - кептірілген заттек; 5% активті хлордан тұратын 15% жарықтандырылған немесе жарықтандырылмаған ерітінділер;
     2) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау кезінде үй-жайларды және тұрмыстық заттарды, төсек керек-жарақтарын, ыдыстарды, ойыншықтарды өңдеу үшін:
     кемінде 1% активті хлордан тұратын 4% активтендірілген жарықтандырылған ерітінділер;
     кемінде 1% активті хлордан тұратын 2% активтендірілген жарықтандырылған ерітінділер;
     кемінде 0,25-1% активті хлордан тұратын Б хлорамині - 1-4% активтендірілген жарықтандырылған ерітінділер;
     33-35% сутегі асқын тотығынан тұратын пергидроль: 6% сутегі асқын тотығы мен 0,5% жуу құралы;
     4% лизоформин;
     3) бағалы емес заттарды жағады немесе мыналармен залалсыздандырады:
     құрғақ ыстық ауамен (температурасы плюс 180 о С);
     қысыммен бумен (қысымы 2,0 кгс/см (температурасы плюс 132 о С- минус 2 о С);
     дезинфекциялық камераларда - су-ауа және бу формалинді әдістермен.

     74. Медицина қызметкері құрамында күйдіргі таяқшалары немесе споралары бар материалмен тікелей жұмыс істеген адамдарға шұғыл химиялық профилактика жүргізеді.

     75. Шұғыл химиялық профилактика жүргізу мақсатында 5 күн ішінде күніне 1 грамм пероральды феноксиметилпенициллинді немесе 0,5 грамм тетрациклинді пайдаланады. Көрсетілген препараттар болмаған немесе оларды басқа жерге ауыстыру мүмкін болмаған кезде мынадай антибиотиктер пайдаланылады:
     ампициллин - пероральды 1 грамм тәулігіне екі рет;
     оксациллин - пероральды 1 грамм тәулігіне екі рет.

  7. Ет өңдеу ұйымдарында күйдіргінің
қоздырғыштары табылу кезіндегі іс-шаралар

     76. Сояр алдында малды айдап кіргізетін цехта (мал базалары) ауру жануар немесе оның өлігі табылған кезде малды қабылдауды тоқтатады; өлiктi өртейдi; барлық бар мал бастары міндетті түрде қызуы өлшене отырып, клиникалық қаралады.

     77. Ауру жануар табылған жануарлардың партиясы қоралар, жайылымдар кейіннен қиын тазартыла және дезинфекциялана отырып, сулы дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді.

     78. Ауру жануар табылған қоралардан алынған қилар өртеуге жатады.

     79. Конвейерде күйдіргіге тән патологиялық өзгерістер табылған кезде:
     1) шикізатты бастапқы өңдеу цехында жануарларды союды және өнімдердің алыс-берісін тоқтату;
     2) патологиялыық материалды зертханалық зерттеуге жіберу;
     3) зақымдалған тұша мен оған іргелес тұрғандарды (екі жағындағы) ішкі ағзаларымен және терісімен бірге оқшаулау керек.

     80. Күйдіргі зертханалық расталған кезде оқшауланған тұшалар, ішкі ағзалар мен терілер техникалық кәдеге жаратуға жіберіледі немесе өртеледі. Мал қабылдау тоқтатылады және үй-жайды (база мен жайылымды қоса алғанда), жабдықты, арнайы киім мен басқа да жұқтырылған объектіні дезинфекциялау жүргізіледі.

     81. Сою цехтарындағы еденге 1 м 2 -ге 2 кг есебінен құрамында кемінде 25% активті хлор бар құрғақ хлорлы ізбес себіледі және 1 м 2- ге 5 литр есебінен сумен тазартылады, экспозиция - 1 сағат.

     82. Жабдықты және үй-жайды (қабырғаларды еденнен 2 метр биіктікте) 5% ыстық кальцилендірілген сода ерітіндісімен (температурасы кемінде плюс 70 о С) жуады және дезинфекция жүргізеді.

     83. Құрал-сайманды (пышақтар, мұсаттар және басқалар) 90 минут ішінде 0,5% ыстық кальцилендірілген сода ерітіндісімен қайнату жолымен дезинфекциялайды немесе 1,5 сағат ішінде 2,0 атмосферада автоклавтайды. Одан бағалы емес құрал-саймандар мен басқа да металл заттарды өртейді. Арнайы киімді автоклавтау арқылы сол режимдерде автоклавтау немесе 90 минут бойы суда қайнату арқылы залалсыздандырады.

     84. Ауру жануарларға немесе олардан алған өнімдерге қолын тигізген барлық қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді және антибиотиктермен профилактика алады.

     85. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізгеннен кейін сою алдындағы базада қалған жануарлардың қызуын өлшеу жүргізіледі. Ауруға күдік болмаған кезде барлық жануарларды союға жөнелтеді.

  8. Оларды дайындау, сақтау және өңдеу жөніндегі
ұйымдарда күйдіргі бойынша қолайсыз мал етінен жасалған
шикізат пен өнімдердің табылуы кезіндегі іс-шаралар

     86. Оларды дайындау, сақтау және өңдеу жөніндегі ұйымдарда күйдіргі бойынша қолайсыз мал етінен жасалған шикізат пен өнімдердің табылуы кезінде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына сәйкес карантин орнатылады.

     87. Мал етінен жасалған өнімдер мен шикізат жойылады.
     88. Күйдіргінің бациллалары контаминацияланған мал етінен жасалған шикізат пен өнімдерді дайындауды, сақтау мен өңдеуді жүзеге асыратын үй-жайларда қолданыстағы нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

  9. Карантин орнатудың және алып
тастаудың кезіндегі іс-шаралар

     89. Карантин "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына сәйкес орнатылады.

     90. Карантинді алып тастар алдында тиісті әкімшілік аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірлесіп осы ереженің талаптарына сәйкес барлық ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар кешенінің толық орындалуын тексеруді ұйымдастырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады