Астана қаласы тұрғындарының жекелеген санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмек құралдарымен және мамандандырылған азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-120 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 2 наурызда N 312 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 06-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.09 N 06-22 шешімімен

      "Қазақстан Республикасында азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы  N 674 "Тұрғындардың жекелеген санаттары науқастарының түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" және 2000 жылғы 18 қазандағы  N 1555 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 мамырдағы N 674  қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына, сонымен қатар тұрғындарды тегін рецептер бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында, Астана қаласының әкімі шешті:

      1. Дәрігерлердің рецептері бойынша тегін босатылатын мамандандырылған балалар және емдік тағамдар амбулаториялық ем кезінде қолданылатын дәрілерді, Астана қаласының жекелеген тұрғындарының ауру түрлерінің тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Астана қаласында бір адамға дәрі-дәрмек құралдары босатылатын нормасы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 16 қарашадағы  N 18-10-38 шешімімен.

      3. Астана қаласында бір балаға балалар тағамын босату нормасы 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Астана қаласының Қаржы департаменті бекітілген қаржы бөлу шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      5. Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-2 "Тұрғындардың жекелеген санаттарын мамандандырылған азық-түлікпен және ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қаңтарда N 241 тіркелген; 2003 жылғы 8 ақпандағы N 18-19 "Астана ақшамы" және 2003 жылғы 6 ақпандағы N 14 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.М. Жаңабергеновке жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

       Визалар:

      Келісілді:

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

                                            Астана қаласы әкімінің
                                           2004 жылғы 20 ақпандағы
                                              N 3-1-120 шешіміне
                                                   1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 16 қарашадағы  N 18-10-38 шешімімен.

     Рецептер бойынша тегін босатылатын мамандандырылған
   балалар және емдік тағамдар амбулаториялық ем кезінде
        қолданылатын дәрілерді, жекелеген санаттағы 
          тұрғындарының ауру түрлерінің тізбесі

Аурулардың түрлері мен
тұрғындардың санаты

Жіберілетін дәрі-дәрмектердің тізбесі

Онкологиялық аурулар

Морфин, 1 % 1мл амплуадағы инъекцияға
арналған ерітінді
Тримепиридина гидрохлориді, 1 % 1мл
амплуадағы инъекцияға арналған
ерітінді
Хаттамаларға сәйкес химиялық емдеу

Гематологиялық аурулар
(темір тапшылықты қан
аздығынан басқасы)

Морфин, 1 % 1мл амплуадағы инъекцияға
арналған ерітінді
Тримепиридина гидрохлориді, 1 % 1мл
амплуадағы инъекцияға арналған
ерітінді
Хаттамаларға сәйкес химиялық емдеу

Психикалық аурулар

Вальпроев қышқылы, 150 мг, 300 мг,
500 мг дәрі
Диазепам, 2 мг, 5 мг дәрі
Кломипрамин, 25 мг драже
Лития карбонат дәрісі, 300 мг
қаптама
Трифлуоперазин, 5 мг дәрі 2 г
инъекцияға арналған ерітінді
Хлорпромазин, 25 мг, 100 мг дәрі
Галоперидол, 1,5 мг, 5 мг, 10 мг дәрі
Амитриптилин, 25 мг, 50 мг дәрі
Карбамазепин, 100 мг, 200 мг дәрі

Қояншық

Вальпроев қышқылы, 150 мг, 300 мг,
500 мг дәрі
Диазепам, 2 мг, 5 мг дәрі
Карбамазепин, 100 мг, 200 мг дәрі
Фенитоин, 117 мг дәрі
Фенобарбитал, 50 мг, 100 мг дәрі
Бенозобарбитал, 100 мг дәрі

Туберкулез

DOTS-емдеуі сызбалары бойынша дәрі-дәрмектер

Қант диабеті және қантсыз диабет 

Еритін инсулин, 100 МЕ/мл инъекцияға
арналған ерітінді
Орта ұзақтылықты әрекетті инсулин,
100 МЕ/мл инъекцияға арналған
суспензия
Еритін инсулиннің орта ұзақтылықты
әрекетті инсулинмен қоспасы, 100
МЕ/мл инъекцияға арналған суспензия
Глибенкламид, 3,5 мг, 5 мг дәрі
Гликлазид, 30 мг, 80 мг дәрі
Глимепирид, 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг
дәрі
Метформин, 500 мг, 850 мг, 1000 мг
дәрі
0,5 мг, 1 мг, 2 мг репоглинид
15 мг, 30 мг пиоглитазон
Десмопрессин, 0,1 мг, 0,2 мг дәрі; 
1 мл амплуадағы ерітінді

Мерез

Бензатин бензилпенициллин, 500 000
ЕД, 1 000 000 ЕД шишадағы инъекцияға
арналған ұнтақ
Цефртриаксон, 250 мг, 500 мг, 1000 мг
шишадағы инъекциялық ерітінді
дайындауға арналған ұнтақ

ЖҚТБ, АҚТҚ жұқпалыларын
жұқтыратындар

Хаттамаларға сәйкес
антиретровирустік емдік

Бурцеллездің ауыр түрі

Доксициклин, 100 мг дәрі
Ципрофлоксацин, 250 мг, 500 мг дәрі,
200 мг/100 мл шишадағы инфузияға
арналған ерітінді
Натрий диклофенагі, 25 мг, 100 мг,
150 мг; 75 мг/3 мл инъекцияға
арналған ерітінді;
Ректальді суппозиториялар 50 мг, 100
мг май

Жүйелі қызыл жегі

Преднизолон, 5 мг дәрі, 30 мг/мл
инъекцияға арналған
Азатиоприн, 50 мг дәрі
Натрий диклофенагі, 25 мг, 100 мг,
150 мг; 75 мг/3 мл инъекцияға
арналған ерітінді;
Ректальді суппозиториялар 50 мг, 100
мг май

Жүйелі, созылмалы, ауыр
тері аурулары

Лоратадин, 10 мг таблетка
Кетотифен, 1 мг таблетка
Преднизолон, 50 мг таблетка
Бетаметазон, 0,1 % крем, май

Қолқа демікпесі

Беклометазон, аэрозоль 200 мөлшерлі
Ипратопия бромид, аэрозоль 100 мл
Кромоглициев қышқылы, аэрозоль 1 мг,
5 мг/мөлшерлі
Сальбутамол, аэрозоль 100
мкг/мөлшерлі
Теофиллин, 100 мг, 200 мг, 300 мг
дәрі,
Ретард 350 мг дәрі

Бехтерев ауруы

Сульфасозалин, 500 мг дәрі
Натрий диклофенагі, 25 мг, 100 мг,
150 мг; 75 мг/3 мл инъекцияға
арналған ерітінді;
Ректальді суппозиториялар 50 мг, 100
мг май

Алдисон ауруы

Преднизолон, 5 мг дәрі

Гипофизарлы нанизм

Соматотропин, инъекциялық ерітінді
дайындауға арналған 18 МЕ, 36 МЕ
лиофилизирлі ұнтақ,
5 мг/1,5 мл, 10 мг/1,5 мл инъекцияға
арналған ерітінді

Ерте жыныстық жетілуі

Трипторелин, 3,5 мг инъекциялық
ерітінді дайындауға арналған ұнтақ
Бромокриптин, 2,5 мг дәрі

Фенилкетонурия

Құрамында фенилаланин жоқ,
мамандандырылған тағамдар

Муковисцидоз

Панкреатин, дәрі, құрамында 4500 ЕД
кем емес липазалары бар қаптама

Балалардың церебралды параличі

Вальпроев қышқылы, 150 мг, 300 мг,
500 мг дәрі

Паркинсон ауруы

Тригосифенидил, 2 мг дәрі
Леводопа+карбидопа, 250 мг/25 мг дәрі

Миастения

Пиридостигмин, 60 мг дәрі,
инъекцияға арналған 1 мл амплуадағы
5 мг/мл ерітінді

Миопатия,
Мишық атаксиясы
Мари

Пирацетам, 200 мг дәрі
Нандролон, инъекцияға арналған 50
мг/мл май ерітіндісі

Жедел ұстамалы порфирия

Морфин, инъекцияға арналған 1 % 1 мл
амплуадағы ерітінді
Трифлуоперазин, 5 мг дәрі, 2 г
инъекцияға арналған ерітінді

Миокард инфаркті
(алғашқы 6 ай)

Ацетилсалицил қышқылы, 100-500 г дәрі
Атенолол, 50 мг, 100 мг дәрі
Верапамил гидрохлориді, 40 мг, 80 мг
дәрі
Изосорбид динитраты, 5 мг, 10 мг, 20
мг, 40 мг, 60 мг дәрі
Эналаприл 2,5 мг, 10 мг дәрі

Балалардың гемофилия
ауруы

Активтелінген рекомбинантты фактор
VII, 1,2 мг, 2,4 мг ұнтақ
Фактор VIIІ концентрат, 100 МЕ, 250
МЕ, 500 МЕ лиофизирлі ұнтақ

Жүкті әйелдер

Екі валентті тұзы бар бездер, бір
компонентті дәрі-дәрмектер және
құрамдас бөліктері аскорбин және
фолиев қышқылы болатын құрамында 30
мг кем емес темір бар дәрілер
(қан аздығының алдын-алу үшін курс
30 күн, емделу үшін 30 күннен 2 курс)
Сульфат бездері 113, 85 мг, серин
129 мг, N 50
Калий йодид, 100 мг, 200 мг дәрі
(йод жетіспеушілігінің алдын-алу
үшін - 30 күннен 3 курс)

Бір жасқа дейінгі балалардағы аурулар

Өкпе қабынуының
асқынбаған түрі
(ауруханаға жатқызуға
қажетті өмірлерінің 2
айына дейінгі
балалардан басқа)

Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия
дайындауға арналған түйірлер
Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл
сироп
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп

Обструктивті бронхит
(ауруханаға жатқызуға
қажетті өмірлерінің 2
айына дейінгі
балалардан басқа)

Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия
дайындауға арналған түйірлер
Сальбутамол аэрозоль 100 кг/мөлшер
Теофиллин, 100 мг дәрі
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп

Асқынған бронхит

Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл
сироп
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп

Жедел тыныстық ауру

Парацетамол, 2,4 % оральді сироп
Оксалин майы 0,25 %

Жедел фарингит/тонзиллит

Бензатин бензилпенициллин,
инъекцияға арналған суспензия
дайындауға 500 000 ЕД, 1 000 000 ЕД
шишадағы ұнтақ
Цефалоксин, дәрі, 250 мг, 500 мг
қаптама, ішке қабылдауға арналған
125 мг, 250 мг/5 мл сироп және
суспензия
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп

Орта және/немесе
сыртқы құлақ ісігі

Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия
дайындауға арналған түйірлер
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп
Фрамицетинді сульфат 5
мг+Грамицидина, 50
мкг+Дексаметазонды
метасульфобензоат, 500 мкг/мл,
құлақ сұйық дәрісі

Стоматит

Оксолин майы 0,25 %
Клотримазол крем, майы 1 %

Темір тапшылығы анемиясы

Екі валентті тұзы бар бездер, бір
компонентті дәрі-дәрмектер және
құрамдас бөліктері аскорбин және
фолиев қышқылы болатын, құрамында 20
мг/мл көп тұз темірлері бар оральді
ерітінділер,
Сульфат бездері 171 мг, серин 2,8
мг, 100 мг

Созылмалы ішек жұқпалылары
(диарея)

Глюкоза-электролитті ерітінді
дайындауға арналған оральді
регидратациялық тұз (пакеттер,
ұнтақтар)
Сульфаметоксазол+триметоприм,
пероральді суспензия 240 мг/5 мл

Рахиттің алдын-алу және
емдеу

Эргокальциферол, 10 мл су ерітіндісі
Глицерофасфат кальциі, 250 мг дәрі

Жаңа туылған кезеңдегі
аурулар (алдын-алу және
емдеу)

Ана мен баланың дәрі қобдишасы

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың ауруы

Өкпе қабынуының
асқынбаған түрі

Амоксициллин,  суспензия дайындауға
арналған түйірлер
Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл
оральді сироп
Парацетамол, 2,4 % оральді сироп

Обструктивті бронхит

Сальбутамол аэрозоль 100 кг/мөлшер
Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл
оральді сироп

Жедел тыныстық ауру

Парацетамол, 2,4 % оральді сироп
Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл
оральді сироп

Жедел фарингит/тонзиллит

Бензатин бензилпенициллин,
инъекцияға арналған суспензия
дайындауға 500 000 ЕД, 1 000 000 ЕД
шишадағы ұнтақ
Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия
дайындауға арналған түйірлер

Теміртапшылығы анемиясы

Екі валентті тұзы бар бездер, бір
компонентті дәрі-дәрмектер және
құрамдас бөліктері аскорбин және
фолиев қышқылы болатын, құрамында 20
мг/мл көп тұз темірлері бар оральді
ерітінділер,
Сульфат бездері 171 мг, серин 2,8
мг, 100 мг

Созылмалы ішек
жұқпалылары (диарея)

Глюкоза-электролитті ерітінді
дайындауға арналған оральді
регидратациялық тұз (пакеттер)
ұнтақтар
Сульфаметоксазол+триметоприм,
оральді суспензия 240 мг/5 мл

Энтеробиоз

Мебендазол, 100 мг шайнайтын дәрі

1 жасқа дейінгі ерте
жасанды немесе аралас 
тамақтандырылатын
балалар;
Медициналық
көрсеткіштері бойынша
емдік тамақтануға
мұқтаж 3 жасқа дейінгі
балалар

Балаларға арналған және емдеуге
арналған тағамдардың
мамандандырылған өнімдері

      Астана қаласы Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

Астана қаласы әкімінің 
2004 жылғы 20 ақпан   
N 3-1-120 шешіміне   
2-қосымша <*>     

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 16 қарашадағы  N 18-10-38 шешімімен.

Астана қаласы әкімінің
2004 жылғы 20 ақпандағы
N 3-1-120 шешіміне
3-қосымша

Астана қаласында бір нәрестеге босатылатын
балалар тағамының нормасы

___________________________________________________________________
Р/с| Балалардың  |Емдік тағамдар және|Кептірілген  |Бір балаға
N  | контингенті |балалар азықтарының|араластардың |кептірілген
   |             |тізбесі            |тәуліктік    |араластардың
   |             |                   |мөлшері      |жылдық мөлшері
   |             |                   |(граммен)    |(кг)
___|_____________|___________________|_____________|_______________
1.  0-6 айлары    Омырау сүтін алмас.      100        10,0
                  тырушылар

2.  6-12 айлары   Омырау сүтін алмас.       60         7,0
                  тырушылар

3.  0-12 айлары   Емдік қоспалар:          
                  1) төмен лактозды:       100        18,0
                  2) соялық негізінде      100        18,0

4.  12-36 айлары  Емдік қоспалар:
                  1) төмен лактозды:       100        18,0
                  2) соялық негізде        100        18,0
___________________________________________________________________

      Астана қаласы Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады