Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесін және өкілдік шығын нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімиятының 2004 жылғы 28 маусымдағы N а-6/137 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 тамызда N 2754 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы № А-8/289 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2007.08.07 № А-8/289 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148, " Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 заңдарына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің "Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік классификациясын бекіту туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N№201  бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі (қосымша 1);
      2) өкілдік шығын нормалары (қосымша 2).
      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің 2004 ж. 28.06
N а-6/137 "Облыстық бюджетте қарастырылған
"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша
қаржыны қолдану ережесін және өкілдік
шығын нормаларын бекіту туралы" қаулысына
қосымша 1.

  Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Облыстық бюджетте қарастырылған "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша қаржыны қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) қаржыны қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Өкілдік шығындар - тиісті қаржылық жылдың облыстық бюджетінде қарастырылған және облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне шет ел делегацияларын қабылдауға, жиналыстар, семинарлар, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізуге, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалар келген кезде өкілдік мақсаттарға жұмсауға арналған облыстық бюджетте қарастырылған қаржылар. 
      Өкілдік шығындарға мыналар жатады: 
      1) Ақмола облысы әкімінің шешімінде қарастырылған жағдайларда іс-шараларға қатысу үшін Ақмола облысына шақырылған қонақтардың жатар орны мен белгіленген пунктке дейінгі көлік шығындарын өтеу; 
      2) ресми қонақасы, кешкі ас, кофе-брейктер, фуршеттер;
      3) ресми қабылдау кезінде музыкалық қызмет көрсету;
      4) ескерткіштер, естелік сыйлықтар сатып алу;
      5) автокөлік қызметі;
      6) аудармашылардың қызметін өтеу;
      7) залды жалға алу;
      8) облыс әкімі рұқсат еткен басқа да шығындар. 

  2. Облыстық бюджеттен өкілдік шығындарға бөлінетін қаржыны қолдану тәртібі

      3. Облыстық бюджеттен өкілдік шығындарға қаржы бөлу облыс әкімінің өкімі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Облыстық бюджетте өкілдік шығындарға қарастырылған қаржыны бөлу туралы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініштері қаралып төмендегі құжаттар болған жағдайда облыс әкімінің бекітуіне ұсынылады:
      1) іс-шараларды өткізу қажеттігінің негіздемесі;
      2) келетін делегацияның деңгейі мен форматы жөніндегі бағдарламалар;
      3) іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары;
      4) іс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
      5) әрбір шығын ерекшелігі негізделген қаржыландыру жоспары;
      6) Ақмола облыстық қаржы басқармасының шығындар сметасы бойынша қорытындысы.
      Бюджеттік бағдарлама әкімшілері өтініш білдірген жағдайда Ақмола облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіп бойынша облыстық бюджеттік қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді. 
      5. Осы ереженің екінші тармағындағы 3), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген өкілдік шығындар бойынша облыстық бюджет бағдарламаларының әкімшілері көрсетілген тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынатын ұйымдардың мекен-жайы, атауы, тауарлары мен көрсететін қызмет түрлерінің бағалары көрсетілген белгіленген заңды  тәртіп сақталуын растайтын құжаттар тапсырады. 

  3. Есеп беру және бақылау

      6. Ақмола облыстық қаржы басқармасы өкілдік шығындарға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады.
      7. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және өкілдік шығындарға арналған қаржыны алған тұлғалар іс-шараларды өткізгеннен кейін 5 күнтізбелік күнде облыстық қаржы басқармасына бірінші басшының қолы қойылған, сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет түрлерінің бағалары мен көлемі (түбіртектер, счет-фактуралар, жетекші құжаттар) көрсетілген, тиісті тауарларды сатушы, қызмет түрлерін көрсетуші ұйымдардың мөрлерімен расталған бөлінген қаржының қолданылуы туралы есеп тапсыруы қажет.
      8. Өкілдік шығындарға бөлінген қаржы орынды және тиімді  қолданылуы үшін жауапкершілік облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.

   Облыс әкімдігінің 2004 ж. 28.06.
N а-6/137 "Облыстық бюджетте қарастырылған
"Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша
қаржыны қолдану ережесін және өкілдік
шығын нормаларын бекіту туралы" қаулысына
қосымша 2

  Өкілдік шығын нормалары

Шығындардың атаулары

Құны теңгемен

1.

делегацияларға ресми қонақасы, кешкі ас беруге арналған шығындар, күніне бір адамға шаққанда

6000-ға дейін

2.

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалардың қатысуымен өткізілетін ресми қонақасы, кешкі ас беруге арналған шығындар, күніне бір адамға шаққанда

12000-ға дейін

3.

Келіссөздер, мәдени іс-шаралар бағдарламасы кезінде буфеттік қызмет көрсету күніне бір адамға шаққанда 

800-ге дейін

4.

Делегацияны қабылдаушы мемлекеттік органның штатында жоқ аудармашыға (леспе аударма жүргізуден өзге) еңбекақы төлеу, әр сағатына 

600-ге дейін

5.

Ресми делегацияларға автомобиль көлігімен  қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарын өтеу қаржыландыру жоспарында сағатына төлеу есебінен қарастырылған 

1000-ға дейін

      Ескерту:
      1. Ресми қонақасын, кешкі ас беру кезінде Ақмола облысы әкімдігі тарапынан қатысушылар саны шет ел делегациясы тарапынан қатысушылар санынан аспауға тиіс. 
      2. Делегация құрамы бес адамнан асса қызмет көрсетушілер мен аудармашылар санын (леспе аудармадан басқа) делегацияның әрбір бес мүшесіне бір қызметші немесе бір аудармашы есебінен белгіленуі қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады