Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жарқайың аудандық мәслихатының 2004 жылғы 19 наурыздағы N С-4-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 25 наурызда N 2375 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 ақпандағы № 3С-11/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.02.2005 № 3С-11/8 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ереженің орындау барысы депутаттық өкілет және этика, жастар ісі, ұлтаралық қатынас, тұрғын халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелінсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде жариялануға тиісті.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы

Аудандық мәслихаттың
2004 жылғы 19 наурыз № с-4/4
шешіміне қосымша

Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуді жүзеге асыру Ережелері

1. Ортақ қағида

      1. Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеуінің Негізгі Ережелер (әрі қарай Ережелер) "Жергілікті өкілеттік орындардың шешімі бойынша жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеу" 258-51 бюджеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.
      2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз болып: "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы" және
"Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары болып есептелінеді.
      3. Бұл ереже Қазақстан Республика Заңымен реттелетін "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ереже ауқымына жұмыс жасайды.

2. Төлем алу құқығы

      4. Табысы аз, ең төмен күнкөріс деңгейінен табысы төмен отбасылар (азаматтар), төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер және мерекелік күндеріне байланысты жеке азаматтар тобы әлеуметтік төлем алуға құқылы.
      Өмірдің қиын жағдайлары болып саналатын: отбасы мүшесінің біреуінің қазаға ұшырауы, өкпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитализацияға сапар билетін, тағы да басқасын арнаулы өкілдік берілген адамдар тобы шешімімен анықталады.
      5. Аудан көлемінде тұратын орташа табысы ең төменгі күнкөріс табысынан аспайтын отбасылардың азаматтардың, кездейсоқ, оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан денсаулығына нұсқан келсе, төлем алу құқығына ие болады.

3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру

      6. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарынан, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдерінен, аудандық қоғам ұйымдарының мүшелерінен, жергілікті өз-өзін басқару органдарынан арнаулы өкілдік берілген адамдар тобы құрылады. Комиссияның сан құрамы мәслихат шешімімен бекітіледі.
      Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында айына бір рет арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының отырысы өткізіледі.
      7. Арнаулы өкілдік берілген адамдар тобының негізгі міндеттер болып мыналар табылады:
      1) әлеуметтік көмек беру туралы азаматтар өтініштерін қарау;
      2) көмек сұраған отбасының (азаматтың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен қамтамасыз деңгейін тексеру;
      3) әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.

4. Көмек берудің реті мен көлемі

      8. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет ақшалай түрінде беріледі.
      9. Әлеуметтік төлем алуына үміткер адам, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына арыз береді. Арызға қоса мына құжаттар керек:
      1) жеке куәлік;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама;
      4) әлеуметтік көмектің тағайындауы туралы комиссияның шешімі.
      5) СТН
      6) "Қазпошта" ААҚ-дағы жеке шоттың нөмірі
      10. Арыз берушінің есеп айырысу есебіне Қаражатты аудару арқылы төлем төленеді.
      11. Мерекелік күндерге орай төлем төлеу, осы төменде көрсетілген азаматтар тобына арыз бермей-ақ, есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы жүргізіледі:
      1) 80 жастан бастап ұзақ жасағандарға, Наурыз мерекесіне байланысты - 1 000 теңге
      2) ҰОС қатысқандарға және мүгедектерге 9 Мамыр Жеңіс күніне байланысты - 5 000 теңге
      3) оралмандар Күніне - 1 000 теңге
      4) Қарттар Күніне байланысты ҰОС ардагерлеріне мен мүгедектері-1000 теңге, мекемесі жоқ зейнеткерлерге - 500 теңге
      5) I, II, III топтағы мүгедектерге, бала кезінен болған мүгедектерге, мүгедектер Күніне байланысты - 400 теңге.
      12.Әрбір нақты жағдайда, төлем төлеу көлемі, арнаулы өкілдік берілген адамдар тобымен анықталады. Көмектің ең жоғарғы мөлшері 5 000 теңгеден аспауы керек. қаралған пункттегі 5 ереже жағдайларында, ең жоғарғы мөлшер төлемінің көбеюі мүмкін, бірақ ол 10 000 теңгеден аспауы тиіс.

5. Төлем қаржыландыруы

      13. Қаржыландыру шығысы әлеуметтік төлемдері бойынша "Жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемі" 258-51 аудандық бюджет бағдарлама бойынша, осы мақсаттарға қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.

6. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі

      14. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек төлеуі жиынтық тізілім негізінде "Қазпошта" ААҚ-аға алушылардың жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
      15. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды. Қаражат көлеміндегі аудан бюджеттерінде қарастырылған тізімнің нақтылығына жауап береді.

7. Төлем төлеудің жүзеге асыруын бақылау

      16. Әлеуметтік төлем төлеу бақылауы мен есеп беруін "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуының бақылауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады