Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2011.06.22 № 40-276 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Зерендi аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
1. Елдi мекендердi абаттандыру бойынша, жасыл желектi бұталарды ұстау және қорғау туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiледi).
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Cессия төрағасы Аудандық мәслихаттың хатшысы
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы
27 сәуiрдегi № 8-45 шешiмiне
қосымша
Зерендi ауданы елдi мекендерiнiң аумақтарын көркейту, жасыл
желектердi ұстау және қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы Ережелер 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөнiндегi заңнамаларына сәйкес әзiрленген.
Осы Ережелер елдi мекен аумақтарын көркейту, жасыл желектендiру және қорғау тәртiбiн, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтарын, міндеттерi мен жауапкершiлiктерiн анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар көркейту ережелерiн сақтауға, елдi мекен аумақтарын тазартып, жинастыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Елдi мекендер аумағын санитарлық тазарту және жинастыру жүйесi тұрмыс қалдықтарын (күл, қи, көше қоқыстары) жинау, тез арада жою, сенiмдi зиянсыздандыру және экономикалық мақсатқа сәйкес қайта жөндеудi қамтиды.
3. Тұрмыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру жұмыстары бiрыңғай орталықтандырылған жүйеге (жоспарлы-үнемi және мәлiмдеу), белгiленген тәртiпке, тарифке және басқа нормативтiк материалдарға бағынуы тиiс.
4. Әр ұйымға жергiлiктi атқарушы органдар және жер комитетiнiң шешiмiмен жинастыру үшiн жол жиектерiне дейiнгi жақын арадағы аумақтар белгiленедi.
5. Тұрғын үйлер ауласын, үйге келетiн жолдарды жинастыру тұрғын үй иелерiне, ал тротуар және учаске аумақтарын жинау оларға жақын арада орналасқан (шектелiскен) кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге жүктеледi.
6. Сауда орны орналасқан аумақтарды тазалау және жинауды барлық меншiк түрiндегi сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етедi. Өнеркәсiп орындарының, құрылыс алаңшаларының, қоймалардың, базардың, оған баратын жерлер аумағы осы ұйымдардың күшiмен, қаржысымен тазартылады.
7. Басқа аумақтағы (стадион, базар, жәрмеңке өткiзiлетiн орындар, ауыл шаруашылық жерлерi және басқалары) жерлердi жинау және таза сақтау тиiстi жер иеленушiлерге жүктеледi.
2. Жалпы пайдалану орындарын тазалау және күту
8. Көпшiлiк ойын-сауық орындары және басқа жалпы пайдалану орындары 1 бөлiмде белгiленген жалпы ережелердiң талаптарына сәйкес күтiледi.
9. Барлық алаңдарда және көшелерде, базарларда және басқа жерлерде жеткiлiктi қоқыс салғыштардың болуы тиiс. Қоқыс салғыштар толуына байланысты жүйелi тазартылады. Қоқыс салатындардың тазалығын сақтауға өздерiне бекiтiлген аумақты жинастыруды қамтамасыз ететiн ұйымдар, кәсiпорындар және мекемелер жауапты.
10. Бос ыдыстарды немесе артық тауарларды дүкен және дүңгiршектердiң алдына үюге және де оған жақын аумақтарға үюге пайдалануға тыйым салынады.
11. Көшелерде тез бұзылатын тағамдық азықтар, көкөнiс, жемiс сату үшiн дүңгiршектер, киоскiлер, лот орналастыру санитарлық эпидемиологиялық стансамен келiсiлуi керек.
12. Қоғамдық тамақтану орындарында, ашық алаңдарда, шашлык қуыратын жерлерде, сауда орындары мен дүңгiршектерде, павильондарда т.б. стационарлық әжетханалар жоқ жерлерде мiндеттi түрде келушiлер мен қызмет етушiлер үшiн жылжымалы әжетхана (биоәжетхана) орнатылуы қажет.
13. Балалар алаңшасына көлiк құралдарын қоюға, көлiк құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты аумақты ластауға тыйым салынады.
3. Жасыл желек отырғызу тәртiбi
14. Жасыл желектер меншiк иелiгiне қарамастан, ұсталмайтын мемлекеттiк қор болып есептеледi және заң жүзiнде қорғалады.
Жеке және заңды тұлғалар өзiне бекiтiлген аумақтағы жасыл желектердiң сақталуын қамтамасыз етуге заңнамаларға сәйкес мiндеттi, ол үшiн толық агротехникалық шаралар жинағын жүргiзу керек, атап айтқанда: суару, қию, кепкендi кесу, апатқа ұшыраған және кепкен ағаштарды жинау, бағандарын тазалау, бағандар және тамыр бойындағы жас бұтақшаларды шығару, тыңайтқыш салу, жас ағаштардың бағандарында шұқыр орналастыру, дезинфекциялау, жарасын ысылау, қуысын бiтеу және де арам шөптердi жою үшiн механикалық өңдеу.
15. Түскен мерзiмде жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды белгiленген жерге шығарады. Тұрғын үй жанында, скверлерде, парктерде жапырақтарды жағуға тыйым салынады.
16. Жасыл желектердi алып тастауды және қайта отырғызуды құрылысшылар өз күштерiмен және қаражатымен жүзеге асырады. Жасыл желектердi қалпына келтiру ғимараттарды салу және жөндеу жұмыстарын орындайтын ұйымдарға жүктеледi.
4. Тұрғын жайларын жинастыру және ұстау
17. Ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрiне қарамастан тұрғын жайларды тұрмыс қалдықтарынан жинастыру жүйелi жүргiзiлуi тиiс.
18. Тұрғын жай аумақтарында қоқыс салғыштарды орналастыру және күл мен қый төгетiн арнайы алаң бөлiнуi тиiс. Оларды өзiнiң аумағынан тыс, жол жиектерiне - тротуарларға төгуге тыйым салынады. Алаң ашық су өткiзбейтiн шатырмен жабылған және жасыл желекпен қоршалуы керек.
19. Орнатылатын қоқыс салғыштардың санын анықтау үшiн қоқыс салғыштарды пайдаланатын тұрғындар саны, қалдықтардың жиналу мөлшерi, қалдықтарды сақтау мерзiмi ескерiлуi тиiс.
20. Уақытша тұрмыс қалдықтары мен қоқыстарды сақтау алаңдарының иелерi қоқысты өз күшiмен төгуге, алаңды жинап, залалсыздандыруға мiндеттi.
21. Қоқыстар мен тұрмыс қалдықтарын уақтылы төкпегенi үшiн меншiк иесi жауап бередi.
22. Қалдықтарды уақытша аула жинағышта сақтағанда олардың еруiн және шiруiн болдырмау керек. Сондықтан жылдың сақтаулы салқын уақытында (6 градустық температура және төмен) үш тәулiк, жылы мезгiлде бiр тәулiк (күнбе-күн шығару).
23. Ауыл шаруашылығы техникаларын (тракторларды, комбайндарды, тұқым сепкiштердi және басқаларды) тұрғын үй мен көшелердiң қасбеттерiне қоюға тыйым салынады.Шаруа қожалықтары мен фермерлердiң иелiгiндегi ауыл шаруашылығы техникалары жергiлiктi атқарушы ұйымдар бөлген, арнайы алаңдарда сақталуы қажет.
5. Осы ережелердi бұзған үшiн жауапқа тарту
24. Осы Ереже талаптарын бұзғандар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 300, 387 баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.