Аудандық жер комиссиясын құру туралы

Жаңа

Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімиятының 2004 жылғы 09 наурыздағы N а-3/27 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 01 сәуірінде N 2396 тіркелді

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы№N 148-ІІ  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жер учаскелерін меншікке және (немесе) жерді пайдалануға  беру мүмкіндігі туралы қорытындыны дайындау үшін аудандық жер комиссиясын құрсын (1 қосымша).
      2. Аудандық жер комиссиясының жеке құрамын аудандық мәслихат сессиясына бекітуге енгізсін.
      3. Аудандық жер комиссиясы туралы ережені бекітсін

      Сандықтау ауданының әкімі

Ақмола облысы
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 09.03
a-3/27 "Аудандық жер комиссиясын
құру туралы" қаулысына
1 қосымша

Аудандық жер комиссиясының жеке құрамы

1. Аяпбергенова            - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы,  Раушан Темірбайқызы          комиссия төрайымы

2. Лихтенвальд             - жер ресурстарын басқару жөніндегі    Рита Наиловна                комитет төрағасының қ.а.

3. Киценко                 - ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы,
Марина Евгеньевна            жауапты хатшы

                          Комиссия мүшелері:

4. Сабержанов              - аудандық мәслихаттың депутаты    Шынғожа Сабержанұлы          (келісімі бойынша)

5. Сахнов                  - құқық мәселелер жөніндегі әкімнің    Денис Евгеньевич             көмекшісі

6. Назарович               - аудан архитекторы
Сергей Викторович       

7. Кудерин                 - салық комитетінің маманы
Марат Әлібекұлы              (келісімі бойынша)

8. Абжанов                 - аудандық мемлекеттік жер инспекторы   Талғат Қабдрашитұлы          (келісімі бойынша)

9. Кряжевских              - ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының Алексей Алексеевич           бастығы (келісімі бойынша)  

Аудандық жер комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы аудандық жер комиссиясы (әрі қарай - комиссия) жер учаскесін жеке меншікке және (немесе) жер пайдалануды беру мүмкіндігі туралы қорытындылар дайындау мақсатында құрылған үнемі жұмыс істейтін орган болып табылады.
      2. Комиссия жергілікті атқарушы орган - әкімдік жанынан құрылады және өз қызметінде оның алдында жауапты.
      3. Аудандық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Заңына және осы Ережеге сәйкес іске асырады.
      4. Осы ереже комиссияның міндеттерін, құзырын және қызметінің ережелерін белгілейді және заңдылық, адамгершілік, лауазымды тұлғалардың өз істері мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілігі принциптеріне негізделеді.
      5. Аудандық жер комиссиясының міндеттері, функциялары мен құқықтары:
      жер учаскесін беру мүмкіндігі немесе жер учаскесін беруден бас тарту қорытындысын дайындау.

2. Комиссияның материалдарды қарастыру тәртібі

      6. Комиссия жеке және заңды тұлғалардың жер пайдалану құқығын, жеке меншік құқығын беру мәселесі бойынша қолдаухаттарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарастырады. Жер учаскесін беру туралы өтініште мыналар көрсетілуі қажет: жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы). Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтінімге жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттық көшірмесі қоса беріледі.
      Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезден бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
      7. Комиссия  мәжілістерін дайындау:
      Комиссияның қарауына түскен материалдарды уақытында және дұрыс қарастыру мақсатында материалдарды комиссия төрағасы, не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерделенеді.
      8. Комиссия қарауына түскен өтініштерді алдын ала зерделеу процесі барысында айқындалады:
      осы материалдарды қарастыру оның құзырына кіретіндігін;
      комиссия отырысына шақырылатын немесе шақыртылуға тиісті тұлғалар шеңбері айқындалады.
      9. Материалдарды алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша комиссия:
      қарастыруға материалдарды тағайындайды және өтініш иесін немесе оның заңды өкілдерін, мәжілісте қатысуы міндетті басқа тұлғаларды мәжілістің өткізу орны мен күні туралы хабарландырады;
материалдарды пысықтауға жібереді.

3. Аудандық жер комиссиясының қызметін ұйымдастыру

      10. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары, жергілікті өкілді органның депутаттарынан, жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар өкілдерінен тұратын 5-9 мүше, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы бөлімінің аппаратында штаттық лауазымында орналасқан жауапты хатшы кіреді. Жергілікті атқарушы органның байқауы бойынша комиссия құрамына басқа тұлғалар енгізілуі мүмкін.
      11. Аудандық комиссия қызметін комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысты жоспарлайтын және комиссия қызметінің нәтижелеріне жауап беретін төраға басқарады.
      12. Комиссия отырыстары қажеттігінше келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттарына сәйкес өткізіледі және комиссия мүшелерінің жалпы санынан жартысынан кем емес мүшелері қатысса құқылы деп есептеледі.
      13. Комиссия шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы бойынша қабылданады, дауыс беру тең болғанда төрағаның дауысы шешуші болып есептеледі.
      14. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және ұсыныс түрінде болады. Хаттамада:
      комиссияның атауы және дербес құрамы;
      комиссия отырысының орны және күні;
      материалы қарастырылып жатқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      арызда баяндалған өтініш;
      комиссия қорытындысын қабылдауға негіз болған дәлелдер;
      комиссия қабылдаған қорытынды.
      Хаттамаға төрағалық етуші және жауапты хатшы қол қояды, комиссия отырысында оқылады және оны шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң заңды күшіне енеді.
      Комиссия отырысы хаттамасынан көшірме өтініш берушіге ұсынылады.
      Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның-өкімдіктің қаулысымен ресімделеді және дәлелденуі керек, ал көшірмесі өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімде тапсырылады.
      15. Комиссия хаттамасын шағымдану.
      қарастырылған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қорытынды шеші қатысты тұлға, оның заңды өкілімен, адвокатпен белгіленген мерзімде шағымдалуы мүмкін.
      Комиссия қорытындысын шағымдану мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленеді.
      Комиссия хаттамасына Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте прокурор наразылық ұсынуы мүмкін.
      16. Комиссияның ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін аудан әкімі аппараты іске асырады.

3. Комиссияның жұмысын тоқтату

      17. Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болып табылатындар:
      комиссияға жүктелген міндеттерді орындау;
      комиссияға алдында жүктелген міндеттерді іске асыратын мемлекеттік органдарды немесе өзге консультативтік-кеңесші органын құру;
      комиссия міндетін орындай алмайтындай не оның орындалуын мақсатқа сай қылмайтын өзге жағдайлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады