Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Азаматтарға берілетін, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері мынадай болып белгіленсін:
1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін - суарылмайтын жерде 0,40 гектарға (оның ішінде тегін 0,25 гектар) дейін және суарылатын жерде 0,25 гектарға (оның ішінде тегін 0,15 гектар) дейін;
2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,10 гектар) дейін;
3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,20 гектарға (оның ішінде тегін 0,12 гектар) дейін;
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, "Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет" ММ төрағасы (М.Н.Жекеев) көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысы әкімиятының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 "Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін, сондай-ақ ұзақ мерзімді пайдаланудағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы" облыстық әділет басқармасында 2002 жылы 18 қаңтарда N 1404 тіркелген бірлескен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс әкімі |