Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2011.01.14 N 41-234 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы қызметінің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін, 2004-2009 жылдарға арналған Алматы облысы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесін құру бағдарламасын қарай келе, облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
1. 2004-2009 жылдарға арналған Алматы облысы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесін құру бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2004-2009 жылдарға арналған Алматы облысы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесін құру бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың
хатшысы
Облыстық мәслихат
2004 жылғы 13 сәуірдегі
N 5-34 шешіміне
қосымша
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫНЫҢ
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН қ. 2004 ж.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Аталуы |
Алматы облысының Мемлекеттік |
Әзірлеуге |
Бағдарлама Қазақстан Республикасы |
Әзірлеуші |
Алматы облысының сәулет және |
Жобаның жүзеге |
Алматы облысының қалалары мен аудандары |
Жүзеге асыру |
2004-2009 ж. |
Жобаның статусы |
Өңірлік бағдарлама |
Мақсаты |
Өңірлік ұйымның қала құрылысы қызметін |
Міндеті |
Облыстың МҚК ақпараттық жүйесін |
Қаржыландыру |
Республикалық және жергілікті бюджет |
Күтілетін |
Қаралатын жағдайларды талдауға, |
КІРІСПЕ
Облыстың, елді мекеннің аумағын дамытуды басқару ахуалдан толығымен хабардар болу деп болжанады. Бұл -аумақтың жай-күйі және оның пайдаланылуы туралы нақты деректердің облыс әкімінде болуы деген сөз. Ахуалдан осылайша хабардар болғанда ғана атқарушы орган дұрыс әрекет таңдап алуға мүмкіндік алады.
Аумақты дамыту және ұйымдастыру процестерін оперативті түрде реттеу, қалақұрылысы кеңістігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыру жөнінде шешім қабылдау үшін кешенді ақпараттық база құру қажеттілігі туындады.
Аумақтық ұйымдастырылуы мен пайдалануын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және басқа атрибутивтік ақпараттан тұратын көпфункционалды, көпмақсатты ақпараттық база дегеніміз Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры аумақтың тұрақты дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге, экологиялық теңдестірілген және қауіпсіз аумақтық ортаны қалыптастыруға бағытталған және қалаларда, поселкелерде, сондай-ақ селолық елді мекендерде, селолар арасындағы аумақтарда құрылыс жүргізуді және аумақтардың пайдалануын реттеу мен бақылау үшін базалық негіз ретінде белгіленген. Қалақұрылысы кадастрында кешенді экономикалық бағалау негізінде белгіленген қалақұрылысы регламенттері, жерге және басқа жылжымайтын мүлікке төленетін төлемдер мен салықтың дифференциалдық ставкаларын белгілеу үшін аумақты экономикалық аудандандыру шекаралары реттеледі. Ал бұл өз кезегінде - аумақты және құрылысты пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
ТМД елдеріндегі тура осындай жүйелерден өзгеше, Қазақстан Республикасының қала құрылысы кадастры төмендегідей үш деңгейден тұратын бірегей жүйе болып табылады:
республикалық - Қазақстан Респбликасының аумағы;
облыстық - республикалық мәні бар облыс және қала аумақтары;
базалық деңгей - әкімшілік аудандар.
Әр деңгейдің қалақұрылысы кадастрына төмендегі кешенді мәліметтер кіреді:
геология және гидрогеология құрылыстарының мәліметтері;
картографиялық көріністер;
жер учаскесінің және әкімшілік - аумақтық ұйымдардың шекаралары;
кадастрлық, экологиялық, инженерлі-геологиялық, сейсмикалық және басқа да аудандандыру;
қалақұрылысы бағалауы бойынша аумақты аймақтандыру;
атрибутты мәліметтер, ғимараттар мен құрылыстардың жоспары және келбеттері;
көше - жолдардың параметрлері, көлік туралы мәліметтер;
сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, су бұрғыш және жылы бұрғыш құрылыстары мен жүйелерінің параметрлері;
аумақты келешекті ұйымдастыру жөніндегі жобалық шешімдер;
жобалау құжаттары, құрылыс салуға рұқсат, бақылау тексерістерінің актілері және объектілерді пайдалануға қабылдау туралы мәліметтер;
Республика аумағында әрекеті бар заң және құқық актілері.
МҚК-ның көрсеткіштеріне ауа райының, геологияның, суды қорғаудың, санитарлық - қорғаудың, сейсмикалық аумақтың, ерекше қорғаулы табиғи аймақтың, сәулет және тарих ескерткіштердің қорғаулы аймақтарының, жобалау, функционалды және құрылыс аймақтарының шекаралары кіреді, қайсысының негізінде аумақты пайдалану тәртіптері және сервитуттар шектері қойылады.
Қалақұрылыс кадастры аумақты қалақұрылыс бағалауын ескере және басқа жылжымайтын мүлікке дифференцияланған төлемдердің мөлшерін анықтау барысында мәліметтік негізі болады.
Қалақұрылысы кадастры мемлекеттік мекемелердің, заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша, тіректі және талдау мәліметтерін дайындап және оны қалақұрылысы паспорты, анықтама, салалық жүйе және цифрлы картаның фрагменттері түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.
Құрылыс салу, жобалау және жобаны сараптау, құрылысқа рұқсат беру, құрылыс жұмыстарын бақылау және құрылысы біткен объектілерді іске қосып алу үшін жер учаскелерін бөлу кезеңінде қалақұрылысы жұмыстары реттелуі жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қалақұрылыс кадастры Алматы, Ақтау, Атырау, Астана қалаларында өңделіп жүргізіледі, Маңғыстау, батыс - Қазақстан, солтүстік - Қазақстан, оңтүстік - Қазақстан облыстарында Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын өңдеу жөніндегі жұмыстар басталды, кадастр Талғар ауданы және Талғар қаласына өңделген.
Қалақұрылыс кадастрының автоматтық жүйесін өңдеу МҚК қызметін ұйымдастыруды, материалдық-техникалық базасын өңдеуді, мәліметтік базасын құру және бағдарламалы қамтамасыздандыруды өңдеу жөніндегі жұмыстарын жасауды болжайды.
Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын қалыптастыру кезеңінде бюджеттен 5 жыл бойы қаржы бөліну керек болады. Бірақ қалақұрылыс қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстарының сапалы және жедел жасалуы, экологиялық жағдайының сақталуы, аумақты ұйымдастыру және пайдалануды қатал бақылау маңызды тиімділікке жол береді, ал ең басты облыс тұрғындары үшін қолайлы жағдайды құру.
1-Тарау. Мәселенің қазіргі хал жағдайының талдауы
"Президенттің Қазақстан халқына жолдауы" бойынша ауыл аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасы құрастырылады. Бұл бағдарламаның мақсаты - ауылды жедел әлеуметті дамыту және құлдыраған, экологиялық және экономикалық болашағы нашар аумақтарының тұрғындарына көшуге және жұмысқа орналасуға көмек көрсету.
Алматы облысында 836 елді мекен орналасқан. Облыстың аумағы 224,1 мың шаршы метр.
Талдау 300 кенттер бойынша өткізілген. 417 елді мекен 1970-1980 жылдары 1990-2000 жылға дейінгі мерзімге арналып жасалған бас жоспарымен қамтамасыз етілген. Алматы облысының барлық елді мекендері жоғары сейсмикалық аумағында (8-9 бал) орналасқан. Көп елді мекендерде құрылған жобалау құрылымы жөнсіз, көрініс қоғамдық орталықсыз. Аумақтың анық функционалдық аумақтандыруы жоқ. Әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілері көбінесе қайта жасақталған құрылыстар мен ғимараттарда орналасқан. Бір этажды тұрғын үйлердің басым көпшілігі ескі, саманнан, қамыс-каркастан, ағаштан салынған. Кенттердің бас жоспарын өңдегенде жобалаушылармен кенттердің анық жобалау шекаралары көрсетілмеген, сондықтан мерзімі аяқталған учаскелерде осы кезге дейін жеке тұрғын үйлері салынып жатыр. Көрсетілген құрылыстарға ауылшаруашылық жерін басып алу жағдайлары да болып жатыр. Жобаланған көшелердің жүйесі құралған жақсы жеке құрылысын ескермей түсірілген.
Аулалық тұрғын қорын жаңа жер туралы заңға байланысты қайтадан қарау керек.
Қала маңындағы елді мекендерде жеке құрылысқа арналған бос жер ресурстары түгел біткен. Облыс елді мекендерінің инженерлік жабдықтары мен көркейтілуі төмен деңгейде. Сумен жабдықталуы 30-40 %, жергілікті канализациямен - 20 %. Қазіргі бар көшелер мен тротуарларға күрделі құрылыс жүргізу керек.
Жоғарыдағыға сүйене отырып қалақұрылысына бағытталған шығармашылық ұжымдарын қатыстырып Алматы облысы елді мекендерінің бас жоспарларын жетілдіру керек және бұл шара облыс аумағында қалақұрылысы кадастрын өңдеу және енгізуін тездетеді.
Одан басқа, қолдағы жоспар - карталық материалдар, жер - есеп құжаттар, жоспарлау жүйелерінің материалдары ескірген және қалалар мен аудандардың аумағында кадастрды дайындау, өңдеу және енгізу жөніндегі кешенді шараларын мемлекеттік деңгейінде жасалуын ауырлатады. Барлық деңгейдегі (облыстық, қалалық және аудандық) кадастрдың тапсырыс берушісін анықтау керек, сонымен қатар қаржымен қуаттандырумен енгізу процедурасын дәл анықтау керек.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының автоматтық жүйесін пайдалану кезінде, құрылысқа, сатуға, алуға, жалға беруге арналған, жылжымайтын мүлігі мен бірге, жер учаскесін беруге сонымен қатар құрылысы біткен тұрғын - азаматтық құрылыс объектілерін пайдалануға қатысты жергілікті ұйымдардың шешімдері мен актілері белгіленген тәртіпте қалақұрылысы кадастрының қызметінде міндетті түрде тіркелу керектігі Мемлекеттік деңгейде белгілену керек.
Алматы облысы
Орталығы - Талдықорған қаласы
Облыстың құрылған датасы |
- 1932 жылғы 10 наурыз |
Аумағы, мың шаршы метр |
- 224,1 |
Халық саны |
- 1560485 адам |
оның ішінде: |
|
қалалық - 458977, селолық - 1101508 |
Әкімшілік-аумақтық құрылыс
Аудандар |
16 |
елді мекендер |
836 |
оның ішінде: |
|
облыстық бағыныстағы қалалар |
3 |
аудандық бағыныстағы қалалар |
7 |
Поселкелер |
15 |
селолар |
811 |
әкімдіктер |
274 |
оның ішінде: |
|
аудандық |
16 |
қалалық |
10 |
поселкелік округтер |
14 |
селолық округтер |
234 |
Облыс өңірлері бойынша аумақтық бірлік саны
Облыстық |
Елді мекендердің саны |
|||
барлығы |
Оның ішінде: |
|||
қалалық |
селолық |
|||
қала |
поселке |
село |
||
Талдықорған қаласы |
10 |
1 |
- |
9 |
Ақсу |
55 |
- |
3 |
52 |
Алакөл |
60 |
1 |
1 |
58 |
Балқаш |
34 |
- |
- |
34 |
Еңбекшіқазақ |
80 |
1 |
- |
79 |
Ескелді |
38 |
- |
1 |
37 |
Жамбыл |
62 |
- |
1 |
61 |
Іле |
33 |
- |
4 |
29 |
Қарасай |
67 |
1 |
- |
66 |
Қаратал |
50 |
1 |
- |
49 |
Кербұлақ |
66 |
- |
1 |
65 |
Көксу |
39 |
- |
1 |
38 |
Панфилов |
45 |
1 |
- |
44 |
Райымбек |
57 |
- |
1 |
56 |
Сарқан |
38 |
1 |
1 |
36 |
Талғар |
62 |
1 |
- |
61 |
Ұйғыр |
26 |
- |
- |
26 |
Қапшағай қ. |
12 |
1 |
- |
11 |
Текелі қ. |
2 |
1 |
1 |
- |
2-Тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын құрудың негізгі мақсаты елді мекендегі және одан шет жерлерде халықтың тіршілігімен тұрған ортасының ыңғайлығын және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттеуде сәулеттік-қалақұрылысы қызметінің үйлесімдігінің бір жүйеге келтіру болып табады.
Ақпарат жүйесін құрудың негізгі қағидасы - аумақты барлық жинақталған ақпараттардың сақталуын және жинақтаудың қағидаларын, қолда бар бағдарлама-ақпаратының және кешенді желілерді, базалық мәліметтерді ұқыптау; бірыңғай ақпараттық жүйенің кеңістігіне кіруді шектеу.
Мемлекеттік қалақұрылыс кадастры жүйесінің міндеті жер, табиғат, шикізат, энергетикалық, өндірістік, инфрақұрылымдық, қаражат, ақпараттық және басқа да қуаттардың жүйелерінің, тарихи-мәдениет және әлеуметтік концепциялардан жасақталған кешенді басқарудан турады.
Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі басқару органдарының сұрамдарын қауырт, толық және сапалы қанағаттандыруға, сәулет-қалақұрылысы қызметінің даму құбылыстарына байланысты тұрған орта объектілер мен субъектілер, аумақтардың өркендеуі туралы қажетті ақпараттарымен қамтамасыз етуге арналған.
Аумақтың қалақұрылысы ақпаратымен қамтамасыз ету, бірыңғай мемлекеттік ұйымдастыру, құқықтық және нормативтік-технологиялық негізде Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры жүйесімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры жүйесінің зерттейтін нәрсесі - Алматы облысы аумағында жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар, инженерлік байланыстарды құрайтын табиғи-техногендік кешендер, облыс аумағындағы тірліктермен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
болжау жүйесі мен сәулеттік-қалақұрылысы қызметін басқару үшін ақпараттық база құру;
қолда бар ақпараттарды аумақтарға сәйкес бірыңғай технологиялық негізінде құрылымнан, тәртіпке келтіру;
аумақты өркендетуге бағытталған нақты міндеттерді шешу үшін кәсіпорындар мен мекемелердің қызметтік жинақтау, қажет болған жағдайда базалық деректерді жүргізуді, жинақтау жүйесін бірге отырып, олардың құзыреттілігіне байланысты ұйымдастыру;
сәулеттік-қалақұрылысы қызметіне бағытталған бюджеттік қаражаттарды тиімді және оңтайлы пайдалану үшін ұсыныс жасау жүйесін анықтау;
жүйеге барлық аумақтық басқару бұйымдары мен органдарын енгізу:
ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат тұтынушыларын жасақтау;
жалпы қолжеткізерлік ақпараттық кеңістік құру;
банктегі деректерге жүйелі қолжеткізуді, облыс аумағын дамытуды басқаруға қатысты мекемелер мен ұйымдардың арасында ақпараттық айырбасты ұйымдастыру.
3-Тарау. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру
тетігі
Алматы облысы мемлекеттік қала құрылысы кадастры төмендегі мәселелерді шешуге арналады:
облыс аумағын пайдалану жағдайының нақты есебі;
қалақұрылысы регламентін пайдалану мен облыс аумағындағы қалақұрылысының құндылығы туралы ақпараттарды тіркеу және оның есебі;
қалақұрылысы аумақтарын реттеу мен жоба құжаттарын және нормативтік-құқықтарды пайдаланудың есебі;
облыс аумағын дамытуға байланысты аумақтық элементтерді, объектілерді, коммуникацияларды пайдалануға құқы бар заңды және жеке тұлғаларды тіркеу және оның есебі;
облыс атқарушы органдардың қалақұрылысы шарттарының аумақтық дамуы мен регламенттік пайдалануы туралы ақпаратты жеткізу сонымен бірге заңды және жеке тұлғалардың осыны сақтауға жауапкершілігі;
қалақұрылысы шарттарын сақтауды талдау жүйесі және аумақты пайдаланудың регламенті;
қозғалмайтын мүліктер мен басқа да міндетті алымдарға салық орнатуды зерделеу кезінде қалақұрылысы аумағы құндылығының ақпараттық есебін қамтамасыз етуі;
қалақұрылысы және жоба-сметалық құжаттарды, кәсіпкерлік жоспарларды жасауға бастапқы ақпаратымен қамтамасыз ету;
аумақтарды дамыту мен пайдалануға зерттеу, жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын негіздеу;
сәулеттік-қалақұрылысы қызметін жүзеге асыруда заңдылықты және нормативтік талаптарды бұзған заңды және жеке тұлғаларға салатын шараларды (санкцияларды) негіздеу;
аумақты пайдаланудағы өзгерістерге байланысты жағдайларға құқықтық қорғау орнатуды және ақпараттармен қамтамасыз ету;
қалақұрылысы регламенттерінің өзгеруі мен бұзылуына байланысты жанжалдарды шешуге атқарушы өкімет органдары мен сот органдарын ақпараттармен қамтамасыз ету;
қалақұрылысы регламенттерін және қалақұрылысы аумағының құндылығын есепке алу үшін кадастрлық салалар мен басқада ақпараттық қызмет органдарын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Алматы облысы Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының ақпараты мына жағдайларда пайдаланылады:
облыстың аумағын қосымша құрылыспен толтыруды және пайдалануды реттеу;
тапсырыстарды әзірлеуді құрастыру, сәулеттік-жоспарлау тапсырмаларын құру, аумақ өңірі мен объектілері мен оның қалақұрылысы регламенттерін анықтайтын және белгілейтін қалақұрылысы жобаларын және басқа да құжаттарды бекіту;
облыс қалақұрылысы кадастрының құжаттарын, заңды тұлғалар мен азаматтарға анықтама беру;
анықталып бекітілген қалақұрылысы проекттерінің регламентінің орындалуын бақылау.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры қоры өзін-өзі басқару органы, оның иесі Алматы облысының әкімі болып табылады. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының ақпараттық қорын реттеуші иесі сәулет-қалақұрылысы басқармасы болып табылады.
Алматы облысы Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры жүйесіне қатыса алады:
қызмет ету аясы облыс аумағының дамуы мен байланысты ұйымдар мен қызмет орындары;
жылжымайтын мүліктердің құқығын тіркеуді жүзеге асыратын жылжымайтын мүлік орталығы;
жер телімдері мен жер кадастрін жүргізуді қамтамасыз ететін, жер ресурстарын басқару комитеті;
экологиялық жай-күйді бақылаудың негізін-блокты бағыттарын анықтайтын қоршаған ортаны қорғау басқармасы;
үйлестіруші инженерлік және магистральдық тораптардың, аумақты көркейту, тұрғын үй қорының жағдайының базалық деректерін жүргізетін тұрғын үй - коммуналдық-шаруашылық мекемесі;
көше-жолдары жүйесіне қызмет ететін көлік кәсіпорны;
статистикалық ақпараттарды жинауды жүзеге асыратын статистикалық органдар;
шаруашылық-экономикалық жағдайлар туралы ақпараттарды жинауды жүзеге асырушы және аумақтың экономикалық дамуына ұсыныстар енгізуші - экономикалық органдар;
облыс аумағын пайдалану мен дамуы туралы кадастрлық ақпараттарды жөніндегі басқа да мекемелер мен қызмет органдары.
Алматы облысы Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының пайдаланушылары болу мүмкін:
қызмет аясы облыс аумағының дамуымен байланысты мекемелер мен қызмет орындары;
атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары;
облыс мекемелер мен қызмет органдары;
жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелері;
заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының азаматтары, заңды тұлғалы және жеке тұлғалы шет ел азаматтары.
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрін кіргізуге жататын қаражат көздері:
картографиялық қызмет және аумақтың іздестіру қызмет, электронды түрде қағазбен жеткізуші жекеленген есепке алатын картографиялық материалдар;
жобалау және іздестіру мекемелері-жобалау және іздестіру жұмыстарының жүргізілгендігі туралы, бекітілген жобалық құжаттар туралы, аумақта пайдалануды қалақұрылыстың шектеулер туралы мағлұматтар;
жер ресурстарын басқару жөніндегі орган жер төлемдерінің шекаралары және оларға орнатылған құқықтар туралы мәліметтер;
қозғалмайтын мүлік органы-қозғалмайтын мүліктердің жай-күйі мен иелері туралы мағлұматтар;
коммуналдық қызмет - инженерлік коммуникациялар мен басты инженерлік құрылыстар және т.б. жай-күйі туралы мағлұматтар.
Алматы облысы қалақұрылысы кадастрын өңдеу кезеңмен жүргізіледі:
дайындық кезеңі;
1-ші кезең;
2-ші кезең.
Дайындық кезеңінде төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
қаланың қолда бар топогеодезиялық және картографиялық материалдарын зерттеу және талдау М 1:500 - М 1:5000;
жер, су кадастрын, жылжымайтын мүлік құқығының регистрін жүргізу жөніндегі жұмыстардың жағдайын, инженерлік жүйелері мен көше-жолы жүйелері жөніндегі, сәйкес елді мекеннің аумағы жөніндегі ақпараттар базасын, программалық қамтамасыз ету мен техникалық жабдықты енгізіп талдау;
табиғат-ауа райы, инженерлік-геологиялық және экологиялық жағдайы жөніндегі қолда бар материалдар мен мәліметтерді талдау;
қолда бар қалақұрылысы құжаттарын талдау: елді мекендерде құрылыс салу және жоспарлау жобалары мен бас жоспарлары;
облыстың шекарасы көлемінде жер учаскелерін бөліп беру материалдарын қарау;
инженерлік қамтамасыз ету және қолайлау материалдарын қарау;
сәулет және қалақұрылысы мекемесін, облыс қызметтерін техникалық және программалық жабдықтауды сараптау және талдау.
Дайындық кезеңіндегі жұмыстарының қорытындысы бойынша:
облыс аумағын дамытуды мәліметпен қамтамасыз етудің жағдайы жөнінде есеп дайындалады;
ақпараттар мен мәліметтерді қамтамасыз ету жөнінде облыс қызметтерінің принципті әрекеттестік жүйесі анықталады;
сәулет және қалақұрылысы қызметінің құрамында "МҚК қызметі туралы Ережесі" мен бірге мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын құру жөнінде қалалық атқарушы мекемесі шешімінің жобасы дайындалуда;
мәліметтерді алмасу және біртұтас мәліметтік кеңістігін құру саласында аумақты дамытуға байланысты қызметтер мен мекемелердің әрекеттестік жөнінде атқару органы шешімінің жобасы.
Бірінші кезеңде өткізіледі:
МҚК автоматтық жүйесін өңдеу және енгізу бағдарламасын құру;
қағаз негізіне координаттық байлауды қондыруымен бірге облыстың шекарасын анықтау;
көшелер аталуының, шаруашылық субъектілер мен алқаптар аталуының топономикалық жазылуын анықтау;
заңды және жеке тұлғалар - сәулет-қалақұрылысы қызметінің субъекттері жөніндегі мәліметтерді жинап талдау;
МҚК жүйесінің автоматтық мәліметтер банкісі құрылымын құру;
Мекемелермен және қызметтермен мәліметтерді алмасу көлемін анықтау, методикалық нұсқаулардың қосымша формаларына */**/* сәйкес қалақұрылысы паспорттарының бланкілерін керекті көлемде басып шығару;
өткен жылдардағы объектілерді түгендеу материалдарын талдау;
елді мекендердің жоспарын электронды түрінде жасау;
МҚК жүргізу және қаланың электронды базисті жүйелі кадастрлы жоспарын жасау үшін облыс аумағын жүйелеу жөніндегі жұмыстар (бастапқы кезеңде базистік жүйелі жоспарды дайындау қағазды негізінде құрылу мүмкін);
жер учаскесінің, ғимараттардың (құрылыстардың), аумақтардың және инженерлік жүйелерінің және көше-жолдары жүйелерінің мұрағатта бар объектілер жөнінде және атқарушы органдары мен сәулет және қалақұрылысы органдары қарауына келіп түскен объектілер жөнінде қалақұрылысы паспортын жасау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар;
техникалық жабдықтар мен программамен қамсыздандыруды алу.
Кезеңнің қорытындысы боп төмендегілер саналады:
саналы жүйелі-аумақтық бірліктің тізімі;
саналы кадастрлы бірліктің тізімі;
облыстың электрондық жоспары;
облыстың базисті жүйелі жоспары;
қазіргі ізденістер, жобалауды дайындау, өлшеу және басқа да ізденістер арқылы алынған жетпейтін мәліметтердің құрамы мен тізімі;
МҚК автоматтық жүйесін жасау жөніндегі жұмыстардың бағдарламасы.
Екінші кезеңде төмендегі жұмыстар жасалады;
жерпайдаланушы мен жер жеке-меншіктері учаскесінің шекарасы бойынша, ғимараттар мен құрылыстар, сәулет-қалақұрылысы қызметінің субъектілері, графикалық және атрибуттық-талдау (семантикалық) мәліметтерін безендірумен бірге көше-жолдары мен көлік жүйесі жөнінде мәліметтер базасын құру;
инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттарының, функционалды-қалақұрылысы аумақтарының, әр түрлі категориялы жердің шекараларының, жерпайдаланушы және жер жеке-меншіктерімен бірге жер учаскелер шекараларының, көше-жолдары жүйесі мен инженерлік жабдықтар түйіндері мен учаскелерінің шекараларын (бірінші кезеңде қағаз бұйымдарда, ал келесі кезде электронды карта түрінде) топографиялық жоспарға слоймен сызу мен бірге облыс бойынша қалақұрылысы кадастрын (кезекті жоспарын) құру;
расторлы және векторлы бейнелеу түрінде әр түрлі масштабта топогеодезиялық картасының электронды банкісін құру;
кадастр құжаттарын беру жүйесі анықталады
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының мәліметтер банкін
ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы
Схема
РҚАО-ның ескертуі: Қағаз нұсқадағы схеманы қараңыз.
4-Тарау. қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Қаржыландырудың негізгі ресурстары мен көздері төмендегі болып табылады:
мемлекеттік бюджет қаржысы. Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын (МҚК) құру және енгізу үшін қажетті қаржыны есептеуден бөлу (N 1, 2 қосымшалар)
5-Тарау. Бағдарламаның іске асырылуынан күтілетін нәтижелер
Жоспарлы қалақұрылысы саясаты Қазақстан Республикасы кадастрларының Мемлекеттік ақпараттық-құқықтық және жылжымайтын мүлік объектілерінің бұрынғы мен қазіргі уақытқа сай заңды, физикалық және құнының жағдайы, сондай-ақ аумақ пен елді мекендерді дамытудың, оларда құрылыс жүргізудің қалақұрылыстық жоспарлау мәліметтері, аумақтар мен объектілердің тиісті функционалдық аймақтарға қатыстылығы, олардың қазіргі және перспективалық белгіленуі, экологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жай-күйі, инженерлік қамтамасыз етілуі туралы деректер бар жүйесін қамтамасыз етеді.
Алматы облысының аумағында 2004-2009 жылдарға арналған
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын құру және енгізу жөніндегі
іс-шаралар
БАҒДАРЛАМАСЫ
Р/с N |
Жұмыстардың аталуы |
Орындалу |
құны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Алматы облысының аумағында |
2003 ж. |
- |
2. |
Қалакадастры бөлімін облыстың |
2004 ж. |
1000 |
3. |
"Алматы облысының қалақұрылысы |
2004 ж. |
1400 |
4. |
Базалық деңгейдегі қалақұрылысы |
2004-2005 ж.ж. |
25000 |
5. |
Топографиялық қамтамасыз ету |
2004-2009 ж.ж. |
18000 |
6. |
Объектілерді түгендеу жөніндегі |
2004-2009 гг. |
25600 |
7. |
Ақпараттық- графикалық мәліметтер |
2005-2009 ж.ж. |
37000 |
8. |
Ауданның аумақтық аймақтандыру |
2005-2009 ж.ж. |
27000 |
9. |
Алматы облысы аумағының Кешенді |
2007-2009 ж.ж. |
15000 |
Барлығы: 150000 |
Қарасай ауданының 2004 жылға арналған Мемлекеттік
қалақұрылысы кадастрын құру жұмыстарының
БАҒДАРЛАМАСЫ
№ |
Тақырыптың аталуы |
Орындалу |
құны мың |
|
Қарасай ауданының МҚК жүргізу жөніндегі ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және компьютерлік бағдарламалар әзірлеу |
||||
Дайындық кезеңі |
||||
1 |
Картографиялық негізді |
2004 ж. II т. |
100,0 |
|
2 |
Төмендегі ақпараттық қабаттарды |
2004 ж. II т. |
400,0 |
|
3 |
Төмендегі ақпараттық қабаттарды |
2004 ж. II т. |
500,0 |
|
Дайындық кезеңі бойынша, жиынтығы: 1000,0 |
||||
1-ші кезең |
||||
4 |
Картографиялық негізді бекіте |
2004 г. II т. |
130,0 |
|
5 |
"Электрмен жабдықтау жүйесі" |
2004 г. II т. |
120,0 |
|
6 |
"Сумен жабдықтау жүйесі" |
2004 ж. IIІ т. |
60,0 |
|
7 |
"Канализация жүйесі" мәліметтер |
2004 ж. IIІ т. |
60,0 |
|
8 |
Графикалық ақпаратпен жұмыс |
2004 ж. II т. |
210,0 |
|
9 |
МҚК жүргізу жөніндегі |
2004 ж. IIІ т. |
190,0 |
|
1-ші кезең бойынша, жиынтығы: 770,0 |
||||
2-ші кезең |
||||
10 |
"Көлік жүйесі" мәліметтер |
2004 ж. ІV т. |
250,0 |
|
11 |
МҚК мәліметтер банкінің |
2004 ж. ІV т. |
80,0 |
|
12 |
Аудан аумағын қалақұрылыстық |
2004 ж. ІV т. |
400,0 |
|
2-ші кезең бойынша, жиынтығы: 730,0 |
||||
Барлығы: 2500,0 |
Қапшағай қаласының 2004 жылға арналған
Мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын
құру жұмыстарының
БАҒДАРЛАМАСЫ
№ |
Тақырыптың аталуы |
Орындалу |
Бағасы |
|
Дайындық кезеңі |
||||
1. |
Картографиялық негізді нақтылау |
2004 ж. ІІ т. |
200,0 |
|
2. |
2007 жылға дейінгі кезеңдегі |
2004 ж. ІІ т. |
340,0 |
|
3. |
Қапшағай қаласы сандық жоспарлау |
2004 ж. ІІ т. |
380,0 |
|
Дайындық кезеңі бойынша, жиынтығы: 920,0 |
||||
1-ші кезең |
||||
4 |
"Электрмен жабдықтау жүйесі" |
2004 ж. ІІІ т. |
280,0 |
|
5. |
"Сумен жабдықтау жүйесі" |
2004 ж. ІІІ т. |
210,0 |
|
6. |
"Канализация жүйесі" мәліметтік |
2004 ж. ІІІ т. |
180,0 |
|
7. |
"Жылумен жабдықтау жүйесі" |
2004 ж. ІІІ т. |
150,0 |
|
1-ші кезең бойынша, жиынтығы: 820,0 |
||||
2-ші кезең |
||||
8 |
"Көше-жол жүйелері" мәліметтер |
2004 ж. VІ т. |
700,0 |
|
9 |
Қапшағай қаласы МҚК мәліметтер |
2004 ж. VІ т. |
200,0 |
|
10 |
Нұсқауларды әзірлей отырып |
2004 ж. VІ т. |
260,0 |
|
2-ші кезең бойынша, жиынтығы: 1160,0 |
||||
БАРЛЫҒЫ: 2900,0 |
Алматы облысы мемлекеттік
қалақұрылысы кадастрының
автоматтандырылған жүйесін
құру бағдарламасына
1 қосымша
2004 жылғы жобалау жұмыстарының
СМЕТАСЫ
Кәсіпорынның, ғимараттың |
Алматы облысының МҚК-н |
Кезеңді жобалау сатысы |
Облыстық деңгейдегі МҚК |
Жобалау (іздестіру) ұйымының |
Тендердің қорытындысы бойынша |
Тапсырыс беруші ұйымның аталуы |
Алматы облысы сәулет және |
Р/с № |
Жұмыстардың |
Құрылыс үшін жобалау |
Құнының |
Құны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Сандық (электрондық) картографиялық негіздің |
|||||
1 |
Планшеттер |
Ұлттық картография |
58* 588 |
34,1 |
|
2 |
Планшеттердің 1:200 000; 1:500 000; 1:50 000; 1:25 000; 58 планшет |
ҚР Монополияны |
58* 632,5 |
36,7 |
|
Қалақұрылысы кадастры жоспарының (жер бедері, гидрография, көлік |
3 4 |
Жоспарлау Ақпараттық тура |
Тура сондай бір 2866,7 теңге жұмыс көлемінің жұмыс көлемінің |
2866,7* 380*5*0,4 2866,7* 380* 5 * 0,15 |
2178,7 517,0 |
Кадастрлық жоспар (аумақтық-кадастрлық бөлу) және |
||||
5 |
Аумақтың кадастрлық |
объект |
197,7 |
|
Облыстық деңгейдегі МҚК бағдарламасын әзірлеу |
||||
6 |
Облыстың МҚК |
Түсініктеме хат |
190,0 |
|
Облыстық деңгейдегі МҚК мәліметтер базасын құру жобасы: |
||||
7 |
Облыстық деңгейдегі |
Программалық өнім |
172,0 |
|
"Табиғат жағдайы" және "Жобалық шектеулер" МҚК мәліметтер |
||||
8 |
Табиғат, |
Ақпарат ресурстары |
1017,0 |
|
9 |
"Табиғат жағдайы" |
Ақпараттық ресурстар |
180,0 |
|
10 |
"Табиғат жағдайы" |
Ақпараттық ресурстар |
132,0 |
|
Жиынтығы: |
4655,2 |
|||
ҚҚС (НДС)-16 % |
744,8 |
|||
Барлығы, ҚҚС-пен |
5400,0 |
|||
Барлығы (ҚҚС) смета бойынша: бес миллион төрт жүз мың теңге |
Алматы облысы мемлекеттік
қалақұрылысы кадастрының
автоматтандырылған жүйесін
құру бағдарламасына
2 қосымша
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛАҚҰРЫЛЫСЫ
КАДАСТРЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЛКЕЙТІЛГЕН ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕР
Жұмыстардың аталуы |
Көрсеткіштер |
1. Алматы облысының МҚК құру жұмысын |
150000 мың теңге |
2. МҚК құру жөніндегі негізгі |
5 жыл |
3. МҚК құруға керекті мамандар, |
37 адам |
1. геодезист |
4 адам |
2. сәулетші |
9 адам |
3. экономист |
4 адам |
4. программист |
3 адам |
5. Инженерлік жүйелер жөніндегі |
5 адам |
6. Көлік жөніндегі маман |
2 адам |
7. Экология жөніндегі маман |
2 адам |
8. Мәліметтерді енгізу жөніндегі |
8 адам |
4. Бағдарламалық-техникалық |
42700 мың теңге |
перифериясы бар компьютерлер |
12500 мың теңге |
сервер |
1100 мың теңге |
локальдық жүйе |
1200 мың теңге |
бағдарламалық қамтамасыз ету |
12400 мың теңге |
шетел фирмаларының мамандарын |
3500 мың теңге |
сканер А0 |
1800 мың теңге |
плоттерлер А0, А2 |
2800 мың теңге |
ламинатор А0 және басқа |
800 мың теңге |
планшетті сканер А2-А3 |
400 мың теңге |
электрондық геодезиялық жабдық |
6200 мың теңге |
МҚК құру этаптары бойынша мамандардың құрамы анықталуы мүмкін