Әділет департаментінде 2004 ж. 28 қаңтарда 1467 нөмірмен тіркелген облыстык Мәслихаттың 2003 ж. 25 желтоқсандағы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" N 3-19 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 7-54 шешімі. Алматы облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 шілдеде N 1714 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы N 12-72 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 07.12.2012 N 12-72 шешімімен.
      Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының негізінде облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Алматы облыстық Мәслихатының 2003 ж. 25 желтоқсандағы "Орманды пайдалану үшін төлем ақы белгілеу туралы" N 3-19 шешіміне (Алматы облысының Әділет департаментінде 2004 ж. 28 қаңтарда 1467 нөмірмен тіркелген, 2004 ж. 17 ақпанда "Жетісу", 2004 ж. 17 ақпанда "Огни Алатау" газеттерінің 20 сандарында жарияланған), Алматы облысының Әділет департаментінде 2004 ж. 24 мамырда 1635 нөмірімен тіркелген төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
       1. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман ресурстарын пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақыда N 2 қосымшаның 4 бағанындағы "Төлем-ақы теңге есебімен" деген сөзтіркесі "Нормадан тыс жинағаны үшін төлемақы теңге есебімен" сөзтіркесімен алмастырылсын;
       2. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман ресурстарын пайдаланғаны үшін алынатын төлем ақыда N 2 қосымшаның 9 тармағы "Жабайы жемiс-жидектер мен бүлдірген дайындау және жинау" бағанында төлемақы ставкалары өзгертілсін:

дәнді тұқымдылар

алма: ерте пiсетiн 1 кг. 10-00 теңгеден 1-00 теңгеге дейін;

орташа пiсетiн 1 кг. 15-00 теңгеден 1-50 теңгеге дейін;

кеш пiсетiн 1 кг. 20-00 теңгеден 2-00 теңгеге дейін;

яблони Сиверса 1 кг. 6-00 теңгеден 0-50 теңгеге дейін;

алмұрт 1 кг. 20-00 теңгеден 2-00 теңгеге дейін;

сүйек тұқымдылар

шабдал 1 кг. 23-00 теңгеден 2-00 теңгеге дейін;

өрiк 1 кг. 7-00 теңгеден 1-00 теңгеге дейін;

мойыл 1 кг. 23-00 теңгеден 3-00 теңгеге дейін;

қара өрiк 1 кг. 23-00 теңгеден 2-00 теңгеге дейін;

жиде 1 кг. 3-00 теңгеден 0-50 теңгеге дейін;

жаңғақ 1 кг. 75-00 теңгеден 7-00 теңгеге дейін;

саңырауқұлақ 1 кг. 57-00 теңгеден 20-00 теңгеге дейін;

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Б. Тұрсынмұратова

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Сыдық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады