Облыс әкімиятының N 983 тіркелген 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 5 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 18 ақпанда 1206 нөмерімен тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 қарашадағы "Облыста жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы»N 106 (әділет департаментінде 2003 жылғы 10 маусымда N 983 тіркелген, "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде 2003 жылғы 3 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

             1 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже бекітілсін (қоса беріледі).";

      аталған қаулымен бекітілген "Облыс Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамы" күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі кеңестің жаңа құрамын әзірлеп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Демешке жүктелсін.

       Облыс әкімі                             С. Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады