Астық сатып алуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық әкімиятының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 253 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 2 қарашада 1484 нөмірімен тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Облыс халқын нан өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тауарлы астықтың қорын жасау мақсатында, Жамбыл облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда 1199 нөмірімен тіркелген және облыстық "Ақ жол", "Знамя труда" газеттерінің 2004 жылғы 14 ақпанда N 20 жарияланған облыс әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы N 24 қаулысының 4 тармағының 5) тармақшасын орындау үшін облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2004 жылдың 27 тамызындағы Жамбыл облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 9 қыркүйекте 1442 нөмірімен тіркелген үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың "2004 жылғы 12 ақпанда әділет департаментінде 1197 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы "2004 жылға арналған облыстық бюджет және 2002 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы»N 2-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 5-8 шешіміне сай астықты қайта өңдеу және нан мен нан өнімдерін шығару кәсіпорындарына ассигнациялар есебінен кредит беруге облыстық бюджеттен 27,0 миллион теңге бөлінсін.

      2. Астық ұқсату кәсіпорындарына кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып облыс Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.

      3. Кредит беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" (әрі қарай-Ереже) N 832  қаулысына сәйкес жүзеге асырылсын.

      4. Облыс Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы Ереженің 18 тарауының 162 тармағына сәйкес, бөлінген бюджеттік кредитті облыстың нан қорын жасақтау үшін астықты қайта өңдеу және нан мен нан өнімдерін шығару кәсіпорындарына астық өндірушілерден 3-ші класстан төмен емес бидайды сатып алуға жұмсасын.

      5. Кредит сомасынан жылдық 0,01% (ноль бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төлеу белгіленсін.

      6. Бөлінген кредитті өтеу мерзімі 2005 жылдың 30 қарашасына дейін деп белгіленсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е.Ө.Үсенбаевқа жүктелсін.

       Облыс Әкімі                                   Б.Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады