Металл сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 251 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 5 қарашада 1490 нөмірімен тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы "Қайталама қара және түсті металдар рыногы туралы" N 383  қаулысымен  бекітілген Лицензиаттың жеке адамдардан түсті және қара металдарды қабылдау тәртібінің 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің өтініш-хатына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі қосымшаға сай бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Савченкоға жүктелсін.

       Облыс Әкімі                      Б. Жексембин

Облыс әкімиятының 2004 жылғы
30 қыркүйектегі "Металл сынықтарын
өткізуге құқығы бар мамандандырылған
қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін
бекіту туралы" N№251 қаулысына қосымша

  Түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі

      1. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазтеміржолкөлік" акционерлік қоғамының Жамбыл филиалы.

      2. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Паровозная көшесі 2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Локомотив" акционерлік қоғамының "Шу пайдалану локомотив депосы" филиалы.

      3. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 81 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Локомотив" акционерлік қоғамының "Жамбыл пайдалану локомотив депосы" филиалы.

      4. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі 279 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының "КСО-Жамбыл" филиалы.

      5. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 2 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Ал-Қар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      6. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Паровозная көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Мақсат А" акционерлік қоғамы.

      7. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі 81 үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Желдорреммаш" ашық акционерлік қоғамының "Тұлпар АТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      8. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, 81 үй мекен жайы бойынша орналасқан "Тараз тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. <*>
      Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - Жамбыл облысының әкімиятының 2005 жылғы 24 ақпандағы N 48  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады