Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы "Қайталама қара және түсті металдар рыногі туралы" N 383 қаулысымен бекітілген лицензиаттың адамдардан түсті және қара металдар қабылдап алу тәртібінің 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің өтініш хатына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі "Металл сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" N 251 қаулысының қосымшасы, түсті (электротехникалық текті), қара (бұрын пайдаланылған рельстер, темір жол төсеніштерінің, жылжымалы құрамының бөліктері) металдардың сынықтарын өткізуге құқығы бар мамандандырылған қызмет көрсететін кәсіпорындардың тізбесіне (облыстың әділет Департаментінде N 1490 тіркелген және облыстық "Ақ жол" газетінде 2005 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қосымша мынадай мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын:
"8. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, 81 үй мекен жайы бойынша орналасқан "Тараз тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.Г.Савченкоға жүктелсін.
Облыс Әкімі Б. Жексембин