Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Үшінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының (кезекті төртінші сессия) 2004 жылғы 6 мамырдағы N 4-6 шешімі. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 10 маусымда N 1372 тіркелді. Жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 30-8 шешімімен

      Ескерту: Жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010.06.25 № 30-8 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабының 8-ші тармағының негізінде және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 3 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті Ережелер бекітіліп, іске енгізілсін (қоса беріледі).

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қ. Астаевқа және қалалық мәслихаттың заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқық тәртібі, және қоршаған ортаны сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім басылымдарда жариялансын.

      Қалалық мәслихаттың              Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы             хатшысы

Үшінші шақырылған
қалалық мәслихаттың
Тараз қаласы аумағында тәртіп
бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке
тарту жөніндегі, қолданылатын
міндетті Ережелерді бекіту туралы
2004 жылдың 6 мамырындағы
N 4-6 сессия шешіміне
N 1 қосымша

Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті ережелер Жалпы ережелер

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және осы Кодекстің 3-ші бабында көрсетілген өкілеттігіне сәйкес әзірленіп, Тараз қаласы аумағында жүзеге асырылады. Көрсетілген Ережелерді бұзу жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

1 Бөлім
Жасыл желектерді ұстау және қорғау

      1. Лауазымды тұлғалар және азаматтар, заңды тұлғалар, меншік түріне қарамастан аумақтар маңындағы жасыл желектерді күтім жасауды қамтамасыз етуге міндетті (суғару, ағаштарды кесу, шөптерді ору, кепкен ағаштарды жинау және тағы басқалар), бекітілген нормалар шегінде.

      2. Өкілетті органның тиісті рұқсатынсыз, талдарды кесу, талдар мен бұталарға зақым келтіру, жасыл желектерді, газонды бұзуға тыйым салынады.

2 Бөлім
Мал дәрігерлігі

      3. Азаматтарға қорада мал, су тышқан, қояндар және үй құстарын үй маңындағы өңірлерде, санитарлық нормаларға және ережелерге сай келетін арнайы орындарда ұстауға рұқсат етіледі.

      4. Аталған жануарларды және үй құстарын ұстайтын орын тұрғын ғимараттарынан, балалар емдеу мекемелерінен, мектептерден, саябақтардан, стадиондардан, сауда кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсіптерінен, көп пәтерлі тұрғын үйлерден, емдеу орындарынан, демалыс орындарынан, су қақпаларынан, ашық суаттардан және өзендерден санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиялық және мал дәрігерлік нормалар және ережелерге сәйкес орналасуы тиіс.

      5. Мал дәрігерлік бақылау талаптарына сәйкес үй жануарларының және құстардың иелері мал дәрігерлік тексеруден жүйелі түрде өткізуге, тұрған жерін тиісті санитарлық жағдайда онымен бірге мал дәрігерлік заңнамада белгіленген мерзімдерге сай міндетті дезинфекциялық тазарту өткізуге тиіс.

      6. Жеке және заңды тұлғалар меншік түріне қарамастан ветеринарлық заңнаманы, ветеринарлық қызметтің, лауазымды тұлғалардың ескертулерін және тәртіптерін сақтауға міндетті.

      7. Тыйым салынады:

      1) міндетті ветеринарлық-санитарлық іс шараларды өткізуден бас тарту және оларды өткізу мерзімдерін бұзғанға;
      2) карантин талаптарының, шарттарының және шектеу іс шараларының сақталмағанға;
      3) жұқпалы жануарларды жою жөніндегі ветеринарлық-санитарлық іс шараларының уақытылы немесе толық өткізілмегендігіне;
      4) жануарлардың жұқпалы ауруларының таратылуына;
      5) жануарларды ұдайы өндіруде ветеринарлық-санитарлық ережелердің сақталмағанына;
      6) республика аумағын жануарлардың жұқпалы ауруларын өтуінен қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалмағанына;
      7) жануарларды тасымалдау (айдау) кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзғанға;
      8) базарларда (сауда-саттық ұйымдарында), дайындау, сақтау, ветеринарлық бақылауындағы астындағы жүктерді қайта өндеу кәсіпорындары бойынша, қойма орындарында, карантин базаларында, жүктеу-түсіру алаңдарында және транспорт құралдарында ветеринарлық-санитарлық ережелердің талаптарының және нормативтердің орындалмағанына.

3 Бөлім
Иттер мен мысықтарды ұстау

      8. Иттер мен мысықтарды жеке пәтерде ұстау санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық Ережелерді сақтау жағдайында, ал пәтерлерде егер бірнеше жанұя тұратын болса, тұратын азаматтардың (кәмелетке толған) барлығының және дәрігерлік қарамақайшылық жоқ тұрғындардың келісімі қажет.

      9. Иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің көпшілік орындарында (саты торларында, шатыр астында, үй астында, коридорларда), жатақханаларда, сондай-ақ лоджия мен балкондарда ұстауға тыйым салынады;

      10. Иттердің иелері жеке пәтер иелерінің кооперативтерінде, үй басқармаларында /немесе үйді басқару нысаны ұйымдастырылмаған жерлерде үй бойынша үлкені арқылы/ иттерін тұқымдарына қарамастан тіркеуге міндетті. Тіркеу итті алған уақыттан бастап бір апта ішінде, ал күшіктерді үш айлық жасқа жеткен соң өткізілуі қажет.

      11. Иттердің иелері айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға міндетті, иттер мен мысықтар пәтерлердің, саты торларын, лифттерді, подвалды және тұрғын үйдегі басқа да көпшілік орындарының ластануына жол бермеу, онымен бірге тыныштықты сақтау шараларын қолға алу, иттерді балалар ойнайтын алаңдарға, асханалар мен дүкендерге, басқа да көпшілік пайдалану орындарына жібермеуі қажет.

      12. Иттерді сыртқа шығару кезінде иелері тек қана қысқа қарғы баумен және тұмсық торда нөмірлі белгісі бар мойын жіппен шығаруға міндетті (3 айға дейінгі күшіктерден басқа). Иттерді тұмсық торсыз және қарғы баусыз шығару тек қана бұл мақсатқа арнайы белгіленген алаңдарда рұқсат етіледі, ал ондай алаңдар болмаса, жергілікті атқарушы орган белгілеген орындарда және бос жерлерде жүзеге асырылады.

4 Бөлім
      Қала аумағын көріктендіру және инфрақұрылым нысандарын ұстау

      13. Қалалық инфрақұрылым байланыспен, сумен, канализациямен, газбен, жылумен, жол және жаяу жүргіншілердің жүруін, тұрғындардың демалысын қамтамасыз ететін құралдар мен құрылыстардан құралады;

      14. Тыйым салынады:

      1) кіші нысандағы сәулет құрылыстарымен құралдарын істен шығару, бұзу, зиян келтіру, орындықтарды, шарбақты, күл-қоқыс жинағыш жәшік құралдарын, сыртқы жарық беретін шамдарды, көшелердегі балалардың ойын және спорт алаңдарын, тротуарларды, аллеяны, бульварларды, сквер, саябақтар, көрсетілген жерлердегі жануарларды бағатын және қоғамдық қолданыстағы орындар, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның элементтерін және газондарды бұзғанға;
      2) қоқысты, жапырақтарды жаққаны, өндіріс қалдықтарын көшелерде, алаңдарда, тұрғын үйлердің маңындағы аймақтарда және аулаларда, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер аумағында жиналғаны және уақытылы тазартылмағаны, көрсетілмеген жерлерге қоқыстарды төккені, қала көшелерін қоқыстар мен төгілетін заттарды тасу кезінде ластағанға;
      3) жол жүрушілер тротуарлары және үй маңындағы аймақтарда табылатын, сыртқы құдықтарды, жер асты коммуникация желістерін, ұстау ережесін бұзғаны, су құбырларындағы, канализациядағы және жылу жүйелеріндегі апатты уақытылы жоймағаны, көп қабатты үйлердегі үй астындағы жайларды дұрыс ұстамағаны. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық субъектілерінің құрылыс желісіне қатысты санитарлық тазарту аймағын сәулет-жоспарлық тапсырмаға сәйкес тиісті ұстау және тазалық жөніндегі талаптарын орындамағанға;
      4) өкілетті органдарының келісімінсіз және тиісті рұқсатынсыз жарнама тақталар мен көрмелерді, ілмелерді, өзге де жарнама құралдарын мерекелік рәсімдеу элементтерін орнатқанға. Сонымен қатар, визуалдық ақпараттық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының талаптарына сәйкес жазылуы тиіс;
      5) барлық кәсіпорындар мен ұйымдар меншік түріне қарамастан мемлекеттік  және орыс тілдерінде, қажет болса басқа да тілдерде жазылған кіру орындарында бекітілген өлшемінде ілмелері, белгіленген түрде жұмыс тәртібінің кестесі туралы талаптарды бұзғанға.
      6) Көшенің жүру және жүргінші жолдарын, құрылыстан тыс аймақтарды және жасыл желекті аймақтарды басқа да көпшілік орындарды қоқыстың кез келген түрімен (қағазбен, бөтелкелермен, шылым ұштығымен), тұрмыстық қалдықтармен ыластау.
      7) Жарнамаларды, афишаларды, хабарламаларды, жарнамалық плакаттарды, үндеу хаттарды және сол сияқтыларды белгіленбеген жерлерде орналастыру.<*>
      Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 26 қазандағы N 16-3 шешімімен.

5 Бөлім
Міндетті ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

      15. Осы Ережелерді бұзу Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің келесі баптарына сәйкес көзделген жауапкершілікке ұшыратады: 1 бөлімдегі "Көгеріштерді ұстау және қорғау" бойынша - 300 бап, 2 бөлімдегі "Мал дәрігерлігі" бойынша - 310 бап, 3 бөлімдегі "Иттер мен мысықтарды ұстау" бойынша - 311 бап, 4 бөлімдегі "Қала аумағын көріктендіру және инфрақұрылым нысандарын ұстау" бойынша -387 бап.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады