Тараз қаласы аймағын көріктендіру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 30-8 Шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 шілдеде 107 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2011.06.27 № 5-8 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2011.06.27 № 5-8 Шешімімен.

      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Тараз қаласы аймағын көріктендіру Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Тараз қалалық мәслихатының «Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті Ережелерді бекіту туралы» 2004 жылғы 6 мамырдағы № 4-6 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1372 болып тіркелген, 2004 жылдың 27 мамырында «Жамбыл-Тараз» газетінің № 22 жарияланған), «Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті Ережелерді бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 26 қазандағы № 16-3 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 6-1-14 болып тіркелген, 2005 жылдың 29 қазандағы «Жамбыл-Тараз» газетінің № 74 жарияланған) шешімдері жойылсын.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Қалалық мәслихат                           Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Д. Қожамжарова                             Ө. Байшығашев

2010 жылғы 25 маусымдағы № 30-8
Тараз қалалық мәслихаттың
шешiмiмен бекітілген

Тараз қаласы аумағын көріктендіру Ережесі

1. Жалпы ережелер

      Осы Тараз қаласы аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Тараз қаласы аумағын көріктендіруді іске асыру және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
      2. Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер
      1) уәкілетті орган – Тараз қаласының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласындағы қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
      2) аумақты көрiктендiру - қаланың әкімшілік аумағында адамның қолайлы, жайлы тiршiлiк етуiн қамтамасыз ететін және тұратын ортаны жайлы ететін жұмыстар мен элементтер кешенi;
      3) инженерлiк желiлер мен ғимараттар, байланыс - тұрғындар мен кәсіпорындарды жылумен, сумен, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ қала аумағынан жер үстi суын жинау және бұру үшiн тағайындалған инженерлiк көрiктендiрудiң аса маңызды элементтерi;
      4) жасыл желектер - санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайларды және көрiктендiру мен сәулеттiк-ландшафттық безендiру (көгалдар, гүлзарлар, ағаштар, көшеттер) деңгейлерiн көтерудi қамтамасыз ететiн жоспарлау шешiмдерiнiң элементтерi;
      5) жер жұмыстары - аумақтарды қазумен, үймелердi жабу, қайтадан жабу, шұңқырларды жасауға байланысты жұмыстар;
      6) жер пайдаланушы - қаланың аумағында жер телiмi бар жер пайдалануға не болмаса жеке меншiкке құқықты заңды немесе жеке тұлға;
      7) үй иесі - жеке меншiкте үй құрылысы немесе оның бөлiгi (еншiсi) бар заңды немесе жеке тұлға;
      8) бөлiнген аумақ - жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес жер иеленушiге объектiлердi орналастыру үшiн меншiкке немесе пайдалануға берiлген жер телiмi;
      9) пайдалы сипаттағы ғимараттар - күркелер, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, орындықтар, урналар, көше, үй және жарнама белгiлерi, пошта жәшiктерi;
      10) қоғамдық орындар - қоғам пайдаланылатын демалатын аймақтар және объектілер (саябақтар, жағажайлар, скверлер, алаңдар, көлік аялдамалары);
      11) көше - жол бөлiктерi, аяқжолдар, жасыл желектер, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлер орналасқан аумақ;
      12) автотұрақ – уәкілетті органмен жобалық-сметалық құжаттаманың негiзiнде ұйымдастырылған және автомобиль көлiктерiн орналастыру үшiн тағайындалған аумақ;
      13) санитарлық тазалау – қалдықтарды жинау, шығару, зиянсыз ету, жою және көму жүйесі;
      14) қатты тұрмыстық қалдықтар - бұл пәтерлердегі ағымдағы жөндеуден қалған қалдықтарды қоса алғандағы, тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың жанында жиналған тұрмыстық қоқыс, жергілікті жылыту кезінде жылытқыш құрылғылардан шыққан қалдықтар, үй керек-жарақтарының ірі заттары;
      15) сұйық тұрмыстық қалдықтар - канализацияландырылмаған үй-жайлардың қалдықтары;
      16) қалдықтарды жинау - олардың жиналуы белгіленген жерлерден жиналған қалдықтарды қабылдау жөніндегі кәсіпорындардың қызметі;
      17) қалдықтарды шығару - белгіленген жерлерге қалдықтарды (қоқысты ауыстырып тиейтін орындарға, қоқысты қайта өңдейтін зауыттарға, полигондарға) тасымалдап шығару.

2. Қала аумағын тазалау

      3. Жеке тұрғын үй, шаруашылық субъектілерінің иелері және құрылыс иелері мен оны пайдаланушылар меншіктегі аумаққа қатысты периметр бойынша ал, уәкілетті орган жалпы пайдаланудағы орындарды (аумақ), шекара төңірегіндегі объектілер, оның ішінде санитарлық қорғайтын аймақ аумағын тазалау және ұстауды іске асырады.
      4. Аумақты тазалау және ұстауға мына жұмыстар кіреді:
      1) жаяужолдарды тазалау, суару және топырақ себу;
      2) қар мен қоқыстарды шығару;
      3) бөлiнген аумақ шекарасында суағарлар мен кәрiздердi тазалау.
      5. Темір жолдар, көпірлер, құламалар, үймелер, өткелдер, темір жолдардан өтетін өткелдер, оқшаулану аймағының шегiндегi аумақтар темір жол ұйымдарымен және осы ғимараттарды iске қосатын өту жолдарының иеленушiлерiмен тазаланады.
      6. Барлық қиратылатын не болмаса бөлшектенетін құрылымдар мен ғимараттардың қоршалынуы, іргелес аумақ иеленушілерімен және пайданушыларымен тазалануы тиіс. Құрылымды бөлшектегеннен немесе қиратқаннан кейін құрылыс қалдықтары қоқыс жинауға арналған қалалық алаңшаға шығарылады, ал телім рекультивациялауға жатқызылады.
      7. Балалар алаңшасын тазалау және тұрғын үй құрылысы аумағынан жапырақтарды шығару, құзыреті бойынша тұрғын үй жататын кондоминиум объектісінің басқару органымен іске асырылады. Тұрғын үй құрылысы аумағында, скверлер мен саябақтарда жапырақтарды жағуға болмайды.
      8. Жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасқан квартал іші аумағының санитарлық тазалығын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
      9. Барлық алаңдарда және көшелерде, бақтарда, саябақтарда, вокзалдарда, базарларда, қалалық көлiк аялдамаларында, әуежайда және басқа қоғамдық орындарда, жандандырылған көшелерде бiр-бiрiнен 40 метрден көп емес, аз адам жүретiн көшелерде - 100 метр қашықтықта, қалалық көлiк аялдамалары орындарында, сауда орындарында 2-ден аз емес сауыттар жеткiлiктi түрде орнатылуы тиiс.

      9-1. Қаланың аумағында:
      1) көшенің жүру және жүргінші жолдарын, кұрылыстан тыс аймақтарды, жасыл желекті аймақтарды және басқа да көпшілік орындарын қоқыстың кез келген түрімен (қағазбен, бөтелкелермен, шылым ұштығымен), тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
      2) жарнамаларды, афишаларды, хабарламаларды, жарнамалық плакаттарды, үндеу хаттарды және сол сияқтыларды белгіленбеген жерлерде орналастыруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қалалық мәслихатының 2011.12.14 № 45-6 шешімімен.

3. Қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару

      10. Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшiн контейнерлердi орнату мамандандырылған кәсіпорындармен іске асырылады.
      11. Контейнерлердi орналастыратын алаңдарда су өтпейтiн қатты жабынды және кірме жолдары болу керек, контейнерлер әрқашан жарамды түзу жағдайларда, қақпақтары және боялған, қоқыс жинайтын машиналарға қолайлы кiру есебiмен 1,5-1,8 метрден кем емес 3 жақты керең қоршау болуы тиiс.
      12. Контейнерлер саны контейнерлердi пайдаланатын тұрғындар санын, қалдықтарды жинау нормаларын, олардың сақталу мерзiмiн есептеуден анықталады.
      13. Бөлiнген аумақтарда қоқыс жинау контейнерлерi мен қоқыс жинау алаңдарын ұстауды жер пайдаланушылар, ал жалпы пайдалану жерлерiнде қоқыстарды шығару жөнiндегi мамандандырылған кәсіпорындар іске асырады.
      14. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою жүйесi қалдықтардың жинақтау-объектiлер аумақтарынан әрқашан мынадай кезеңдiлiкпен шығаруды қарастыруы қажет:
      1) тұрғын үй алқаптары үшiн - контейнерлерде қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуына жол бермейтiн үй иелерi не болмаса пәтер меншiк иеленушiлер кооперативiмен белгiленген кестеге сәйкес, бiрақ үш күнге бiр реттен кем емес, ал жылы мезгілде (15 градус нөлден жоғары) - күн сайын;
      2) қоғамдық және мәдени мақсаттағы нысандар үшiн - қажеттiлiгi бойынша, бiрақ аптасына 2 реттен кем емес;
      3) iрi көлемдi қатты қалдықтар үшiн - өтінім бойынша.
      15. Контейнерлер мен контейнерлердi орналастыру алаңдарын ұстау кондоминиум объектісінің басқару органымен, ғимарат иелерімен немесе келісім бойынша басқа мекемелермен іске асырылады.
      16. Қоқыс жәшiктерiн, қоқыс жинау бактарын, контейнерлерді дезинфекциялау санитарлық Ережелер мен нормаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорынмен iске асырылады.
      17. Қоқыстарды және тұрмыстық қалдықтарды тазалау:
      1) тұрғын үй, ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарынан қоқыс жоюды уақытында іске асыру;
      2) әрбір мамандандырылған машинаға қозғалыс кестесімен бағдар кестесін құрастыру;
      3) пайдалану жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағдар кестелерін түзету;
      4) бекiтiлген бағдар кестелерiнiң мiндеттi орындалуын қамтамасыз ету;
      5) жеке меншiк тұрғын үй құрылысын салу аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан аптасына екi реттен кем емес жоспарлы-реттiк тазалау жүйесiн iске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

4. Қысқы жағдайларда аумақтарды тазалау және ұстау

      18. Қарды тазалау қар көшкiнi басталғаннан бастап үйменi болдырмау үшiн қар мезгiлi аяқталғанға дейiн тоқтаусыз жүргiзiледі.
      19. Қар көшкiнi бiткеннен кейiн, автобус аялдамалары аумақтарынан басқа барлық көшелер мен алаңдардағы жаңа түскен қарды біліктер мен үйiндiлерге қалауға одан кейiн тез арада белгiленген жерлерге шығаруға рұқсат етiледi.
      20. Қар мен мұз бiрiншi кезекте жол өткiзгiштерiнен, магистралды көшелерден және автобус трассаларынан тазаланады және жиналады.
      21. Төбелердi қардан тазалау және ернеулерде, төбелерде және су ағызу құбырларында шорларды жою жаяу жүргіншілермен бақытсыз жағдайларды және әуе желiлерiнiң, жарықтандыру аспаптары мен жасыл желектердiң бұзылуын болдырмау үшiн сақтандыру шараларын, ғимарат пен құрылыстардың иеленушiлері және пайдаланушылары жүргiзедi.
      22. Жинау орындары болмаған жағдайда шатырлардан түсiрiлген қар дереу шығарылуы қажет.

5. Көшелер мен жол ғимараттарын ұстау тәртiбi

      23. Көшелер, жолдар және жол ғимараттары мемлекеттiк меншiк болып табылады және жалпы пайдалануға арналған.
      24. Көшелердi ластайтын, көлiк құралдарымен тасымалданатын жүктер көшелерді ластау мүмкiншiлiгiн болдырмау үшiн мұқият жабылу керек.

6. Қала аумағында жол жабындыларының, жаяужолдардың, көгалдардың және қалалық шаруашылықтың басқа элементтерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргiзу

      25. Қала аумағында жол жабындыларын, жаяужолдарын, көгалдарын және қалалық шаруашылықтың басқа элементтерiн бұзумен байланысты жер жұмыстарын, немесе басқа жұмыстар уәкілетті орган берген жазбаша рұқсаты болған жағдадайда ғана жүргiзіледі.
      26. Қалпына келтiру, жол жабындысын ашу, көшенi, алаңдарды және жалпы пайдаланылатын басқа жерлердi қазу жұмыстарын тоқтатпай жүргiзудi талап ететiн инженерлiк желiлердiң апаты кезiнде жұмыстарды жүргiзуге рұқсатты одан әрi ресiмдеумен уәкілетті органды, жол полиция органдарына, өртке қарсы қызметтерiне, инженерлiк желiлердiң иелерiне хабарлауы қажет.
      27. Қала көшелерiнде көлiк қозғалысын шектеумен немесе жабумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде автокөлiк қозғалысын жабуға сәйкес рұқсат ресімделеді, ал қоғамдық көлiк қозғалысының бағыты өзгерген жағдайда қала тұрғындарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар беру қажет.
      28. Қалалық шаруашылық объектiлерi және құрылыс механизiмiнiң жұмыс аймағы рұқсатнамада көрсетілген жұмыстың аяқталу мерзiмiне қарай қалыпты жағдайға келтiрiлуi тиіс.
      29. Жетiлдiрiлген жабындысы бар көшелердегi, алаңдардағы жер асты құрылыстарын өткiзу және қайта орнату, мүмкіндігінше жабындыға зиян келтiрусiз жабық тәсiлмен (тесу) жүргiзiлуi тиiс.
      Өткiзудiң ашық тәсiлi квартал iшiнде, көрiктендiрiлмеген көшелерде, алаңдарда, сондай-ақ жер асты құрылыстарын қайта салу және күрделi жөндеу кезiнде жүргiзiледi.
      30. Жұмыс басталғанға дейiн:
      1) қазу шекараларында қоршаулар мен ескертетiн сәйкес таңбалар мен ақпараттық жайма тақталар орнатылады;
      2) жолаушылар жүру жерлерiнде өтпелі көпiрлері орнатылады және түнгi уақытта қазу телiмдерiнiң жарықтандырылуы қамтамасыз етіледі;
      3) нөсер кәрiздерiнiң тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету шаралары қабылданады;
      4) жасыл желектер болған жағдайда олардың сақталуын қамтамасыз ететiн керең сауытпен қоршалады;
      5) өткелдердi немесе жолаушылар өтетiн жолдарды жабу қажет болған жағдайда айналым жолдарды дайындалады және объектiлер сәйкес таңбалармен белгiленеді;
      6) жұмысты жүргiзу қолданыстағы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ рұқсатнамада көрсетiлген жағдайларға сәйкес жүргiзiледi;
      7) жер асты құдықтарының қақпақтарын, суағызу торлары мен лотоктарын сақтау бойынша шаралар қолданылады.
      31. Жұмыс аяқталғаннан кейiн:
      1) қазылған жерлер қысылмайтын материалмен (құм, ұсақ тас) себiледi;
      2) бұзылған жабындылар мен көрiктендiру элементтерiн қалпына келтiру бойынша шаралар қайтадан топырақпен себу жөнiндегi жұмыс аяқталғаннан кейiн екi тәулiктен кешіктірілмей шаралар қолданылады;
      3) асфальтбетон жабындысын қалпына келтiру және бұзылған көріктендіру элементтерін қалпына келтіру туралы уәкілетті орган және жол полициясы органдарының уәкiлдерi қатысуымен акт құрастырылады.
      32. Жұмыстарды жүргiзу шарттарын бұзған, сапасыз қалпына келтiрген немесе қалпына келтiру жұмыстарының мерзiмдерiн бұзған жағдайларда уәкілетті орган жол полиция органдарымен бiрлесiп, зиян келтiргенi үшін жiберiлген бұзушылықтардың жойылуын, шығындардың төленуiн талап етуге, кiнәлi тұлғаларға шаралар қабылдауға құқығы бар.

7. Жасыл желектерді ұстау, қорғау және жою

      33. Жасыл желектердi қорғау және қайта қалпына келтіруге мыналар жатады:
      1) қоқыстарды тазалау, көгалдарды шабу, қырқу және тырнауышпен тарау, қурап қалған жапырақтарды жинау, арамшөптерді отау, бұталарды күзеу;
      2) ағаштардың баған қуыстарын жасаумен топырақты қопсыту;
      3) барлық вегетация мерзiмі iшiнде жасыл желектердi суаруды іске асыру;
      4) бар жасыл қорға ағаштар мен көшеттердi қалпына келтіріп отырғызу;
      5) ағаштардың бас жағын кесу, қурап қалған бұтақтарды, жаңа өскен, сынған бұтақтарды кесу;
      6) ескiрiп қалған ағаштарды жаңғырту;
      7) ауру және қурап қалған ағаштарды жою;
      8) көктем мерзiмiнде қуыстарды жөндеу, жетпеген топырақты себу, күзгi-қысқы мерзiмде отырғызылған ағаштарды суару.
      34. Мемлекеттiк меншiк жерлерiнде орналасқан жасыл желектер мен инженерлік құрылымдың аумақтарында тыйым салынады:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, көмiрдi, ағаштарды және басқа сусымалы материалдар мен жүктерді жинақтау;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, баған қуыстарын ластау;
      3) көгалдармен жүру, ағаштарға, бұталарға механикалық зиян келтiру;
      4) өнеркәсiптiк сумен және басқа қалдықтармен жасыл желектер аумақтарын ластау;
      5) бау-бақша құралдары мен жабдықтарына зиян келтiру (орындықтар, урналар, қоршаулар мен көгал шарбақтары);
      6) автомобильдер құралдарын қоятын жерлер мен тұрақтарды орнатуды ұйымдастыру;
      7) от жағу, басқа өртке қарсы ережелердi бұзу;
      8) мал жаю, құм, топырақ өндіру;
      9) өз еркiмен ағаштар мен бұталы көшеттерді кесу;
      10) жасыл желектерге зиянды келтiруді тоқтататын жабдықтармен қамтамасыз етiлмеген жаңа және қайта салынатын кәсiпорындарды, цехтарды, агрегаттарды және басқа объектiлердi iске қосуға енгiзу;
      11) өз еркiмен қоршауларды орнату.
      35. Жасыл желектердi сақтау мүмкiншiлiгi болмаған жағдайда оларды кесуге уәкiлеттi органдардан рұқсат алуы тиiс.
      36. Жасыл желектердi жою кезiнде мынадай жағдайлар ескеріледі:
      1) жасыл қор объектілерінің шаң қорғайтын, жел қорғайтын, газға бекемдi және фитоницидтi сапалары;
      2) негiзгi биометриалық көрсеткiштер: өсiмдiктердiң жасы, бойы, бағана диаметрi, олардың үстiңгi жағының кеңдiгi мен қалыңдығы;
      3) қалалық объектiлердiң сәндi және эстетикалық безендiруге ықпалы;
      4) олардың сауықтыру ықпалы.
      37. Жасыл желектердi жоюға рұқсатты алған жағдайда тапсырыс (өтініш) берушi жұмыс жүргізген жағдайда қалалық бюджетке келесіні төлейді:
      1) сәйкес лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушымен белгіленетін, жойылған жасыл желіктердің бағаланған құнын;
      2) осы жұмыс түрін атқаратын ұйымдармен белгіленетін, жаңа жасыл ағаштарды отырғызу және оларды бір жыл мерзімінде күтудің бағаланған құнын.
      Инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарының шекараларында орналасқан жасыл желектерді және мектепке дейінгі және мектеп аумағында өсетін жасыл желектерді ескермеген жағдайда.
      38. Адамдардың жаппай жиналуымен байланысты қала аумағында жаппай мерекелiк iс-шараларды өткiзген кезде ұйымдастырушымен көгалдандыру объектiлерi, сондай-ақ көгалдар мен гүлзарларды сақталуын қамтамасыз ету бойынша жауапты тұлға белгіленеді, осы туралы уәкілетті органға хабарланады.

8. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын және электр желiлерiн ұстау

      39. Қала аумағын жарықтандыру сыртқы жарықтандыру қондырғыларымен (бұдан әрi - СЖҚ) қамтамасыз етiледi, оларға жататындар:
      1) электржабдықтау құрылғылары, үйлестiру желiлері;
      2) электр желiлерiн жерге қосу және қорғау құрылғылары;
      3) басқару құрылғылары;
      4) кронштейн, арқан аспалар тiректерi.
      40. СЖҚ ұстауға және қызмет көрсетуге мынадай iс-шаралар кіреді:
      1) жарықтандыру деңгейiн өлшеудi қоса мөлшерлiк және сапалық көрсеткiштер тапсырылған талаптарға сәйкес келетiн СЖҚ дұрыс техникалық жағдайда ұстау;
      2) СЖҚ жұмысының реттiк тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақытында сөндiрiлуiн және қосылуын бақылау.
      41. Темiр тiректер, кронштейндер және СЖҚ басқа элементтерi жабындының жағдайына қарап, 3 жылда бiр реттен кем емес боялады.

9. Инженерлiк желiлердi, ғимараттар мен комуникацияларды ұстау

      42. Инженерлiк желiлер мен ғимараттар техникалық түзу қалыпта, олармен байланысты көріктендіру элементтерін бұзбайтын жағдайда болуы қажет. Көріктендіру элементтерін бұзуға жататындар:
      1) аумақтың су басуы;
      2) бөлiнген және қорғалатын аймақтардың антисанитарлық жағдайы;
      3) люк қақпақтарының, құдықтар мен камера жабындыларының, нөсер кәрiздерi мен тартпа торларының дұрыс жағдайда болмауы;
      4) монтаждау, қайта жабу және пайдалану ережеларын сақтамау салдарынан бұзылатын жер асты желiлерiнiң үстiндегi қатты және топырақ жабындысының бұзылуы.
      43. Жер асты коммуникацияларын салу, күрделi жөндеу немесе қайта салу автомобиль жолдарын, алаңдарды және жалпы пайдаланатын басқа орындарды қайта салу басталғанға дейiн жүргiзiлуi тиiс.
      44. Бөлiнген аумақ шекарасында мұздан (қысқы мерзiмде) және қоқыстардан аумақтарды тазалауды, су алу колонкаларына жақынды жерлерді ұстауды, сондай-ақ су ағынын құруды аула сыртындағы су алу колонкаларының иесi жүргiзедi.

10. Тұрғын үй қоры объектілерін көріктендіру

      45.Тұрғын үй қоры объектілерін көріктендіру келесіні қамтиды:
      1) ғимараттарды, шаруашылық және тұрмыстық салымдар мен құрылымдарды техникалық түзу жағдайда күту;
      2) сыртқы келбеті (қасбеттер) сәулеттік және қала құрылысы нормаларына сәйкес болуы;
      3) ғимараттардың ішінде және кiре берiсiнде көше шырақтарының, үйдiң нөмiрі мен көшенiң (тұйық көшелердiң) атау көрсеткiштерiнің, бекiтiлген нормалар мен стандарттарға сәйкес өрт гидрантының флуоресцеттiк көрсеткiштерінің, қоқыстарды жинауға арналған урналар мен орындықтардың болуы;
      4) көп пәтерлi үйлердің кiреберiстерiнiң есiктерiнде пәтерлердiң нөмiрлерi бар тақталардың болуы;
      5) кіреберістердің кiретiн есiктерiнің дұрыс жағдайда болуы;
      6) сәулет және қала құрылысы органдарымен келiсiлген жоба бойынша жасыл желектердi отырғызу;
      7) шөп-шалаң өсімдіктерді уақытында жою, қысқы мезгілде мұзды белгіленген аумақта жинақтау;
      8) балкондарды, лоджийлердi, мансардаларды өртке қарсы және санитарлық қауiпсiздiк нормаларына сәйкес ұстау.

11. Автотұрақтарды, базарларды, жағажайлар мен сауда және қоғамдық қоректенудің уақытша объектілерін күту

      46. Автотұрақтарды және уақытша объектілерді жинақтау, көріктендіру экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және қала құрылысы заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      47. Шомылуға арналған жерлерде машиналарды, көйлек-көншектерді жуу, жануарлардың, иттер мен мысықтардың серуендеуі рұқсат етілмейді.

12. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершiлiк

      48. Осы Ереже талаптарын бұзғаны үшін 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387-бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады