Ескерту: Жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2010.06.25 № 30-8 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы N 4-6 "Тараз қаласы аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі, қолданылатын міндетті Ережелерді бекіту туралы" (N 1372 тіркелген, 2004 жылғы 24 маусымда N 26 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
N 1 қосымшасының 14 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
6) Көшенің жүру және жүргінші жолдарын, құрылыстан тыс аймақтарды және жасыл желекті аймақтарды басқа да көпшілік орындарды қоқыстың кез келген түрімен (қағазбен, бөтелкелермен, шылым ұштығымен), тұрмыстық қалдықтармен ыластау.
7) Жарнамаларды, афишаларды, хабарламаларды, жарнамалық плакаттарды, үндеу хаттарды және сол сияқтыларды белгіленбеген жерлерде орналастыру.
Қалалық мәслихаттың Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Ж. Мышбаева Ө. Байшығашев