2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы

Жаңа

Жуалы аудандық әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 41 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 1299 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді±ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N№38 қаулысына және Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" (Жамбыл облысы Әділет департаментінде мемлекеттік сараптамадан 2004 жылы 12 ақпанда N 1199 тіркелген) N 24 қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға Жуалы ауданы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендірудің қоса беріліп отырған Ішкі ережесі бекітілсін және бөлінген кредит ресурстарының қайтару мерзімі 2004 жылдың 25 қарашасына дейін болып белгіленсін.

      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және кредит ресурстарының қайтарылымына жауапты болып аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.

      3. Кредит алушылар сынған құжаттарды сараптау үшін мынадай құрамда аудандық комиссия құрылсын:

      Пралиев Мейірбек - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

      Дәуренов Кемелбек - аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

      Мұханов Айберген - аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

      Ахметұлы Қалыбай - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;

      Айтқұлов Алтынбек Әмірқұлұлы - аудандық жер ресурстары және жер қатынастары жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлы - аудан әкімінің жер инспекциясының бастығы;

      Құндызбекова Гүлмира Дәріменқызы - аудан бойынша салық комитетінің төрайымы (келісім бойынша);

      Сабеев Сайып - аудандық экономика басқармасының бастығы;

      Нұралы Орынбасар - аудандық шаруа қожалығы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша);

      Махамбетов Сауыт - аудан әкімінің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдану жөніндегі комитетінің төрағасы;

      Пинежина Светлана Анатольевна - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;

      Тойшыбеков Жандос Мырзайымұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы заңгер.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Пралиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                        Е.Үсенбаев

Аудан әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы
"2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы"
N 41 қаулысымен бекітілген

2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер несиелендірілудің ішкі ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ішкі ережесі көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу үшін, 2004 жылға республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттік ресурстарды беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдылықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай, қайтару мерзімі 2004 жылдың 25 қарашасына дейінгі шартпен, республикалық бюджеттен алынған қаражаттар есебінен, Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 15 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" N 24 қаулысына (Әділет департаментінде 2004 жылы 12 ақпандағы N 1199 тіркелген) сәйкес, 2004 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге кредиттік ресурстар бөлінеді.

      3. Үстеме ақысыз (мүдде) берілетін кредиттік ресурстар, жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл  шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алу үшін жұмсалуы керек.

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан Әкімінің қаржы бөлімі және кредит алушылар болып үш жақты кредиттік келісім жасайды. Соған сәйкес жанар-жағармай материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, тұқым дәрілеуіштер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға немесе сатып алуға кредиттік ресурстар ретінде пайдаланылатын облыстық бюджет қаражатының уақтылы және толық қайтарылуына аудан әкімінің қаржы бөлімі және аудан әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы жауап береді.

      5. Бюджеттік кредит белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда облыстық қаржы басқармасымен тиісті жергілікті  бюджеттердің ағымдағы шоттары бойынша барлық шығыс операциялары тоқтатылады, және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы 21 мамырдағы "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару Ережесін бекіту туралы" N 206 бұйрығына сәйкес облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген қорытындысы негізінде бюджет кредиттің сомасы аудандық бюджет шоттарының есептерінен шығарып тасталады.

2. Құжаттарды тапсыру тәртібі

      6. Кредит ресурстарын алуға, кредит алушылар төмендегі құжаттарды аудандық ауыл шаруашылық басқармаларына тапсырады: техника-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін), кепілге қойылатын мүлік тізбесі, кепілдікке техникалық заңдастырылған аудан орталығынан тұрғын үй, астық қоймалар сыйымдылығы 200 тонна, қора-жай сыйымдылығы 500 бас қой, ауыл шаруашылық техникалары комбайн, трактор, автокөліктер және тағы басқалар қойылады, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарыздары жоқтығы туралы, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар, тапсырылуы тиіс.
      Аудандық кредит бөлу жұмысшы комиссиясының шешіміне байланысты, кепілдік беруші мен кепілдік алушы арасындағы кепілдік-келісім шарты аудандық қаржы бөліміне жүктелсін.
      Бұл жерде, бекітілген лимит бойынша кредит ресурстарын алуға несие алушылар тапсырылатын тиісті құжаттардың кезегінің сақталуы қатаң қадағалануы керек.

      7. Бюджеттік кредиттерін өтеу және қызмет көрсету тәртібі
      Бюджеттік кредиттерді өтеудің және қызмет көрсетудің тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Ережесінің (әрі қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 832 қаулысы) 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады, бұл жағдайда:
      кредит алушы кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін заңсыз пайдаланған кредит сомасын өндіре отырып, кредит шартында айтылған мөлшерде, көлемі қаржы министрлігі анықтайтын тәртіппен айыппұл өндіріледі;
      кредиттік шартында белгіленген мерзімде борышты өтемеген жағдайда, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жинақтаған берешектерге айыппұл проценттері есептеледі.

3. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бақылау

      8. Бюджеттік кредиттерді есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 832 қаулысымен бекітілген ережесінің 31 тарауына сай жүргізіледі.
      Аудан әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" N 41 қаулысының келісілген парағы.            

      Келісілген:

      Айтқұлов Алтынбек Әмірқұлұлы - аудандық жер ресурстары және жер қатынастары жөніндегі комитетінің төрағасы;

      Құндызбекова Гүлмира Дәрменқызы - аудан бойынша салық комитетінің төрайымы;

      Нұралы Орынбасар - аудандық шаруа қожалығы қауымдастығының төрағасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады