2004 жылы нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Жаңа

Меркі аудандық әкімиятының 2004 жылғы 10 ақпандағы N 23 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 15 наурызда N 1253 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарын және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы тәртібі (қосымша 1) және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім берген кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер тізімі (қосымша 2) бекітілсін.

      2. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ш.Т. Абылқасымов) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды ұйымдастырсын.

      3. Аудандық қаржы бөліміне (Б.М. Иманбетов) сметаға сәйкес ай сайын әлеуметтік жұмыс орындары төлемақысын уақытылы қамтамасыз ету міндеттелсін.

      4. Осы қаулы Жамбыл облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өткізілгеннен кейін күшіне енеді.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ө.А. Жампозовқа жүктелсін.

     Меркі ауданының Әкімі            Б. Қарашолақов

Аудан Әкімиятының 2004 жылғы
10 ақпандағы "2004 жылы нысаналы
топтарға жататын жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
құру туралы»N 23
қаулысына N 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін  анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйыммен (меншік түріне қарамастан) негізгі шарттарын және есеп айыру жүйесін реттейді.

      2. Осы ережеде, мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Әлеуметтік жұмыс орны - нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша түрде келісімімен берілген жұмыс берушілердің еңбек ақы төлеу шығыны жергілікті бюджеттен ішінара өтелетін жұмыс орны.
      2) Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін "Халықты жұмыспен қамту" Заңымен белгіленген адамдар топтары.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалары қолданылады.

      4. Уәкілетті органдар өзара іс-қимыл жасап, әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.

2. Мекемедегі әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмысқа орналастыру туралы тәртібі

      5. Жұмыс беруші өзінің қаржы қорынан әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыссыздарды жұмысқа қабылдап олардың істеген еңбегіне қарай жергілікті бюджеттен төлем ақы төлеп отыруларды қалыптастыруды анықтайды.

      6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Меркі ауданының ауылдық округ әкімдерімен жұмыс беруші мекемелермен келісім шарт жасасып, нысаналы топтағы жұмыс істейтін жұмыссыздарға орындаған еңбегіне қарай өтем ақы төлеп отырады.

      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатымен еңбек ақыға төленетін бюджет қаржысын дұрыс пайдалану, жұмыс беруші мекемелермен аудандық әкімдермен жазбаша келісім жасасып нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды қалыптастырады.

      8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыруда аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мекемелермен бірге келісім шарт жасауды жүзеге асырады.

      9. Нысаналы топтағы жұмыссыздар және әлеуметтік жұмыс орнына орналасу құқығы бар азаматтарға жататындар: оқу орнын бітіргендер, оралмандар, балалар үйінде тәрбиеленгендер мен бас бостандығынан айырылып, мерзімін өтеп келгендер.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары
және көздері

      10. Орындаған жұмысының саны мен сапасына қарай жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздармен жеке шарт жасасып, ай сайын төлем ақысын төлеп отыруды жүзеге асырады.

      11. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін төлем ақы шығыны әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғандарға жергілікті бюджет қаржысынан 6 айға дейін орта есеппен жалақының ішінара толықтырады, бірақ Республика бойынша бекітілген ең аз еңбек ақыдан кем болмауы керек. Бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.

      12. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджеттің қаржысынан берілетін жалақыдан белгіленген заң тәртібіне сәйкес салық алынады.

      13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссызға істеген жұмысының көлеміне қарай еңбек ақы беріледі.

      14. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен келіп түскен төлем ақы шығыны әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбек ақысы үшін пайдаланады.

4. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртібін қадағалау

      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мен ұйымдастыру жөніндегі сақталуын бақылауды мемлекеттік органдар заңнамамен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады.

Аудан Әкімиятының 2004 жылғы
10 ақпандағы "2004 жылы нысаналы
топтарға жататын жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
құру туралы" N 23
қаулысына N 2 қосымша

2004 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісім берген мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар тізімі

Ұйым, кәсіпорын, мекеме атауы

Адам саны

Жұмыс түрлері

Жұмыс мерзімі

1

"Айсулу" ЖШС

4

Тігінші

2 ай

2

Таза су

12

Су құбырын тексеруші

6 ай

3

Пошта

8

Хат тасушы

6 ай

4

"Бытовик" ЖШС

5

Есепші, электрик, еден сыпырушы

6 ай

5

"Меркі өнімдері" МҚК

2

Еден сыпырушы

8 ай

      Ескерту:

      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
      МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады