2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру туралы

Күшін жойған

Мойынқұм аудандық әкімиятының 2004 жылғы 3 наурыздағы N 27 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 1298 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға несие берудің кейбір мәселелері туралы" № 38 қаулысына, облыс Әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы" № 24 қаулысына (құқықтық сараптама 2004 жылдың 12 ақпанында жүргізілді, мемлекеттік тіркеу № 1199) және 3 шақырылған аудандық Мәслихаттың 3 сессиясының "2004 жылғы аудандық бюджет туралы "2004 жылғы 17 ақпандағы № 3 шешіміне (құқықтық сараптама 2004 жылы наурыздың 2 күні жүргізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1227) сәйкес аудан Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие берудің ішкі Ережесі № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
      2. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіруге бөлінген қаржының әкімшісі болып аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
      3. Облыстық бюджеттен бөлінген 8 млн теңге несие ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жанар-жағар май, тұқым тыңайтқыш, гербицид, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алу, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу үшін аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы берілсін.
      4. 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін берілетін несиенің бөлінуін, өтелуін, қайтарымын қадағалайтын, несие алушылардың бизнес жоспарлары мен тиісті құжаттарын сараптаудан өткізетін комиссия және кепілдікке қойылатын мүлікті бағалайтын жұмысшы тобы № 2 және № 3 қосымшаға сай бекітілсін.
      5. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы (С. Жолдасов) 2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру үшін бөлінген несиені бекітілген ережеге сәйкес 2004 жылдың 20 қарашасына дейін қайтару шартымен 1 сәуірге дейін несие алушыларға берілуін қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық несиелендіру жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      Аудан Әкімінің
      міндетін атқарушы

  Аудан Әкімиятының 2004 жылғы
3 наурыздағы "2004 жылдың
көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыру үшін ауыл
шаруашылығы тауарларын
өндірушілерді несиелендіру
туралы" № 27 қаулысына
№ 1-қосымша

2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие берудің ішкі ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже аудандағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін 2004 жылға облыстық бюджет көзінен бөлінген несиелік қаржыны беру тәртібі мен ішкі шарттарын белгілейді.
      2. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өсірілетін дақылдарының басымдықтарын ескере отырып, 2004 жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен, облыстық бюджет көзінен Жамбыл облысы Әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" № 24 қаулысына сәйкес, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қысқа мерзімді несие беріледі.
      3. Өсімсіз берілетін несиелік қаржы жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға арналады.
      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші Облыс Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, облыс Әкімінің қаржы басқармасы және аудан Әкімі арасында жасалған үш жақты кредиттік келісімге сәйкес аудан шаруашылықтарына көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін берілген облыстық бюджет қаражатының уақытылы қайтарылуына аудан Әкімі кепілдік береді.

2. Құжаттарды тапсыру тәртібі

      5. Несие алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына техникалық-экономикалық негіздемесі бар бизнес-Жоспар, меншікке иелік құқығы туралы заң құжаттарымен қоса мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмелері, жер беру актісі, жарғы көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлға үшін), кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарыздары жоқтығы туралы, өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсырады.

3. Бюджеттік кредиттерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі

      6. Аудан Әкімиятының қаулысымен құрылған комиссия Ереже талаптарына сай, несие сұраушы шаруашылықтардың тапсырған құжаттарына сараптама жасап, комиссияның хаттамалық шешімімен, берілетін несиелік қаржыны бағдарлама әкімшісі - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы қайтарым шартымен беруді ұйымдастырады.

4. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау

      7. Бағдарлама әкімшісі - аудандық ауылшаруашылығы басқармасы берілген несиені есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 Қаулысымен бекітілген, аталған Ереженің 31-ші тарауына сай қадағалап, аудандық бюджеттің есеп-шотына қайтарылу барысын тиісті органдарға мәлімдеп отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады