Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы N 4-14 "Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (2004 жылғы 1 сәуірде N 1290 мемлекеттік тіркеуден өткен)

Күшін жойған

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 6-11 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 9 шілдеде 1391 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 ақпандағы № 4-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 26.02.2008 № 4-5 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 11 тармағына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 02-106 Ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы "Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" 4-14 шешіміне (2004 жылғы 1 сәуірде N 1290 мемлекеттік тіркеуден өткен, "Құлан таңы" газетінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 15 санында жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

      1) Шешімнің атауындағы, 1 тармақтағы және осы шешіммен бекітілген Ереженің кіріспе бөліміндегі, 1 тараудың тақырыбындағы, 1, 2, 3 тармақтардағы, 2 тараудың тақырыбындағы, 4 тармақтағы, 3 тараудың тақырыбындағы, 7 тармақтағы "берілетін" деген сөзден кейін "бір жолғы" деген сөз тіркесімен толықтырылсын.

      2. Осы Ережеге сәйкес коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы реттік материалдық көмекті көрсету жыл басынан бергі жағдай бойынша жүзеге асырылатын болсын.

      Аудандық мәслихат                 Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы              хатшысы     

      Д. Жабықбаев                      А. Калқабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады