Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 30-15 шешімімен
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының негізінде Т. Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету (қоса беріліп отырған) Тәртібі бекітілсін.
2. "Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі және оның көлемі туралы Ережесін бекіту туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпандағы № 4-14 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1290 болып тіркелген, 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 15 (5965) "Құлан таңы" газетінде жарияланған, "Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі және оның көлемі туралы Ережесін бекіту туралы" № 4-14 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 3 маусымындағы № 6-11 шешімімен толықтырулар енгізілген-нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1391 болып тіркелген, 2004 жылғы 24 шілдедегі № 35 (5985) "Құлан таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
П. Сүлейменов Ә. Сейтбеков
Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 26 ақпандағы
№ 4–5 шешімімен бекітілген
Табысы аз отбасыларына
коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы
материалдық көмек көрсету Тәртіб
Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағының негізінде аудандағы табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсетуді белгілейді.
1. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібі және мөлшері
1. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек, "Т. Рысқұлов аудан әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған Мемлекеттік атаулы көмекті және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау учаскелік комиссиялар (одан әрі учаскелік комиссиялар) қорытындысы бойынша төленеді.
2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек тұрмысы нашар отбасыларына жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын жағдайда беріледі.
3. "Т. Рысқұлов аудан әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл, кент Әкімдері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындысымен бірге ұсынылған тізім және отбасылардың өтініші бойынша, "Т. Рысқұлов аудан әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.
4. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері әр отбасына 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет көрсетіледі.
2. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі
5. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемеге аударылады.
6. Комуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010.11.15 № 29-5 шешімімен.