Жаңатас қаласы мен елді мекендерді аумақтарын көріктендіру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылға 17 ақпандағы N 4-17 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 15 наурызда N 1255 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қыркүйктегі № 26-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 29.09.2009 № 26-9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағы мен 387 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 23 бабының 2 тармағының негізінде аудандық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 7-7 "Аудан орталығы мен елді мекендерді көріктендіру, аудандық инфрақұрылым объектілерін бұзу, ит пен мысықтарды күтіп ұстау және жасыл желекті қорғау Ережесі туралы" шешімі (Жамбыл облыстық Әділет басқармасының мемлекеттік реестріне 2001 жылдың 23 шілдесінде N№384 болып тіркелді) және 2002 жылғы 14 маусымдағы N№16-6 "2001 жылғы 21 сәуірдегі N 7-7 "Жаңатас қаласының және елді мекендерді көріктендіру Ережесіне"»толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" (Жамбыл облыстық Әділет басқармасының мемлекеттік реестріне 2002 жылдың 17 шілдесінде N№659 болып тіркелді) шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Аудандық ішкі істер бөлімінен азаматтар тарапынан осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету сұралсын.

      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың Әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы О.Данышбаевқа жүктелсiн.

      Аудандық Мәслихат                Аудандық Мәслихат
      4-сессиясының төрағасы            хатшысы

Сарысу аудандық Мәслихатының
2004 жылғы 17 ақпандағы
"Жаңатас қаласы мен елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру, сондай-ақ
қалалық инфрақұрылым объектілерін
бұзылудан сақтау Ережесін бекіту туралы"
N 4-17 шешімімен бекітілген

Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектілерін бұзылудан сақтау туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағы мен 387 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 23 бабының 2 тармағының негізінде жасалды.
      Осы Ереженің мақсаты: азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтай отырып, айналаны көріктендіруде тәртіптілікті сақтау, қоршаған ортаны қалыпты жағдайда ұстау.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      2. Жаңатас қаласының және елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, жүйелі тәртіпте ұстау, аудан көлеміндегі, қала және ауылдардың инфрақұрылым объектілерін жөнсіз бұзылудан сақтау мақсатында әзірленген.

2. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      3. Аудан көлеміндегі Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын жинау және көріктендіру жеке азаматтарға, жеке пәтер иелері кооперативтеріне, мекеме, ұйым және кәсіпорындарға меншік нысанына қарамастан жүктеледі.

      4. Әрбір мекеме, ұйым, кәсіпорындарға жинау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленген жер аумақтары бекітіледі.

      5. Үйлерге кіре беріс жолдарды, үй ауласына енетін аумақтарды жинау пәтер иелері кооперативтеріне, ал көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үйаралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте белгіленген мекемеге жүктеледі.

      6. Жанар-жағар май станциясының айналасындағы радиусы 15 метр шеңберіндегі жер аумағын тазалау, көріктендіру жұмыстарын жанар-жағар май станцияларының қызметкерлері жүзеге асырады.

      7. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ғимараттарының айналасындағы радиусы 10 метр шеңберіндегі жер көлемін жинап, тазалығын сақтау, осы кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады.

      8. Сауда дүңгіршектерінің және басқа сауда нүктелерінің маңындағы радиусы 5 метр шеңберіндегі жер көлемін жинап, тазалауды меншік түріне қарамастан сол сауда орындарының басшылары қамтамасыз етеді. Өндіріс кәсіпорындарының, құрылыс алаңдарының, қоймалардың, саяжай кооперативтерінің аумақтарын жинап, тазалығын сақтау, осы мекемелердің күшімен немесе келісім-шарт негізінде мамандырылған кәсіпорындарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

      9. Қала мен аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін /стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері т.б./ тазалықта ұстау жауапкершілігі сол жерлерді пайдалану құқығы бар азаматтарға, мекемелерге жүктеледі. Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауға, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан жөндеу құрылыс мекемелері жауапты.

      10. Ғимараттар мен құрылыстардың келбеті, кәсіпорындардың аумақтарының қоршауы және үй құрылыстары, шағын және орта кәсіпкерліктің объектілері, құрылыс ережелеріне сәйкес жөнделген, әктелген, сырланған болуы тиіс.

      11. Шағын архитектуралық нысандарды, дүңгіршектерді, павильондарды және көрнекілік құралдарын орнату белгіленген тәртіппен келісілген жағдайда жүзеге асады.

      12. Көше шамдары, жарық сәулелі жарнамалар, маңдайшалар қараңғы түскен кезде қосылуы тиіс.

      13. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының қожалары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстауға міндетті.

      14. Инженерлік қатынас жолдарын бұзуға немесе бүлдіруге, жөндеу жұмыстарынан кейін кабель жүргізілген орындарын ашық қалдыруға, "Жаңатас-Су-Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының техникалық шартын сақтамастан жаңа инженерлік құрылыстар жүргізуге тыйым салынады.

      15. Контейнерлердегі қалдықтар нөлден төмен ауа райында үш күннен қалдырылмай, ауа райы жылы күндері күн сайын шығарылуы керек.

      16. Қалдық салынатын контейнер орнатылған алаңдар тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдары мен демалыс орындарынан кемінде 20 метр қашықтықта, бірақ жүз метрден алыс емес жерде болуы шарт. Алаңда бесеуден артық контейнер болмауы керек. Контейнерден алаңның шетіне дейінгі қашықтық бір метр болуы және контейнерлердің бұзылмағаны болуы тиіс.

      17. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу, әсіресе тұрғын үйлер аумағында аудан сәулетшісімен және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілуі керек.

      18. Жеке меншік үйлердің аумағында қалдық жинайтын контейнерлердің, әжетханалардың және жуынды төгетін шұңқырлардың орналасуын үй иелері анықтайды. Олардың үйден ара қашықтығын 8-10 метрден кем болмауы тиіс.

      19. Ауладағы әжетханалардың тазалығы сақталып, үнемі дизенфекциялық ерітінділерімен дәріленуі керек.

      20. Тұрғын үйлер подъездерінде басқыш алаңдарының, жер төлелердің және жеке үйлердің тазалығы санитарлық ережелерге сәйкес сақталуы тиіс.

      21. Барлық орнатылған шағын архитектуралық нысандар бұзылмаған күйде сақталып және жыл сайын боялып отырылуы қажет.

      22. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге қана жапсырылуы тиіс.

      23. Ғимараттардың, офистердің, кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттарды осы орындардың қожалары орнатады. Қоқыс салатын сауыт уақтылы қоқыстан тазартылып, жылына кемінде екі рет боялуы керек.

      24. Жеке және заңды тұлғалар өз меншігіндегі жылжымайтын мүліктерді қайта құрамдау, пайдаланудан шыққан үйлер мен ғимараттарды бұзып алуға тиісті мекемелерден рұқсат алады.

      25. Құрылыс жөндеу, қайта құрамдау және үйлерді, ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын бұзып алу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаруда /меншік түріне қарамастан/ қауіпсіздік техникасының сақталуы, құрылыс алаңдарының қоршалуы және құрылыс ережелері бұзылмау тиіс.

3. Тыйым салынатын жұмыстардың түрлері

      26. Жергілікті атқарушы органдардың арнайы рұқсат құжаттарынсыз аудан көлемінде Жаңатас қаласы мен елді мекендерде босаған үйлер мен ғимараттарды, пайдаланудан шыққан инфрақұрылым нысандарын меншік түріне қарамастан бұзып алу жұмыстарын атқару;

      27. Белгіленбеген жерде өз бетінше дүңгіршек, павильон, бастырма орнату, тұрғын үй, қора-қопсы және басқа да құрылыстар салу, инженерлік және электр жүйелерін жүргізу;

      28. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының келісімінсіз тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін алаңдар орнату;

      29. Көшелерде, тротуарларда, көгалдарда, үйлердің кіре берістеріне құрылыс материалдарын, ағаш, көмір, шөп, улы химикаттар, темір терсектер және де басқа қоқыстар жинау;

      30. Көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және де басқа көпшілік орындарға қоқыс тастау;

      31. Өзендер мен су көздерінің санитарлық зоналарында, құдықтардың маңында көлік жуу, кір жуу, жануарларды шомылдыру;

      32. Жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыру;

      33. Көшелерге, бақтарға, стадиондарға, мектеп алды алаңдарына үй құстарын немесе малдарды жаю;

      34. Аудан көшелерімен шынжыр табан көліктердің жүруі;

      35. Сұйық және сусымалы заттарды арнайы жабдықталмаған көліктермен тасу;

      36. Іске қосылып тұрған құрылыс түрлерін (жолдардың бетін, жиектерін, люктерді, су ағатын жерлердің шарбақтарын, жол жиегіндегі оларды, құбырларды, дренаждарды, геодезиялық белгілерді, т.б.) бұзу;

      37. Жылу, су жүйелерінің, канализация құбырларының ақауларын жөндеу кезеңінде тротуарларға, көгал алаңдарға, көшелерге су жаю;

      38. Көшелерде, мекеме, кәсіпорын аумақтарында және жеке жер учаскелерінде қоқыстарды жағу;

      39. Жарнама, хабарландыру, құлақтандыруларды белгіленбеген жерлерге өз бетінше ілу;

      40. Тиісті рұқсатсыз көшелерде, тротуарларда ұсақ сауда орындарын орнату;

      41. Жылу жолдарының жылылықты сақтау жүйесін бұзу;

      42. Арық жүйелерін ластауға және бұзу.

4. Ережені бұзу үшін жауапкершілік

      43. Осы Ережені бұзған үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады