Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне халықты әлеуметтiк қорғау мәселелері бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Заңының 2 тармағын негізге ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Аудандық Мәслихатының 2003 жылғы 11 ақпандағы N 23-7 "Тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi және азаматтардың, кейбiр жекелеген топтардың коммуналдық қызметке төлейтiн төлемдерiн өтеу тәртiбi туралы" Ережесiн бекiту туралы" (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылдың 19 наурызында мемлекеттік реестріне N 874 болып тіркелген, 2003 жылғы 5 сәуiрдегi N 14 "Сарысу" газетiнде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тараудың:
1.3. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы Жаңатас қаласында есепте тiркелiп, тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе ордермен" деген сөздер "және уақытша 1 жылға жасалынған келісім шартпен тұратын отбасыларына (Жаңатас қаласының әкімі аппараты ұсынған аз қамтамасыз етілген отбасыларының тізімі)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат |
4-сессиясының төрағасы хатшысы |
П.Дүйсенбин Л.Лысова |