Сарысу ауданы Әкімиятының 2004 жылдың 17 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" N 28 қаулысына (мемлекеттік тіркеу N 1231, 4 наурыз 2004 жыл) ішінара толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Сарысу аудандық әкімиятының 2004 жылғы 16 наурызында N 63 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 27 сәуірде N 1330 тіркелді

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Сарысу ауданы әкімиятының 2004 жылғы 17 ақпандағы "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" N 28 (2004 жылғы 4 наурызда N 1231 болып мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Сарысу" газетінің 2004 жылғы 8 наурыздағы N 10 санында жарияланған) қаулысына толықтырулар енгізу мақсатында аудан әкімиятының отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

       1. Бюджеттік кредит алушылардың өткізген құжаттарының дұрыстығын тексеріп зерттеу, кредиттің түсімін, бөлінуін және қайтарылуын қамтамасыз ету үшін аудандық комиссия төмендегі құрамда толықтырылсын:

      Омарова Ділдакүл - Сарысу ауданы Әкімі аппаратының бас маман заңгері, комиссия мүшесі,
      Коржикова Мадира - "Казагроэкс" Жабық акционерлік қоғамының Сарысу ауданындағы филиалының бас тұқым сарапшысы (келісім бойынша).

      2. Осы қаулы Жамбыл облыстық Әділет департаментінен тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Аудан Әкімі                              С.Айдапкелов

      Келісілді:

      "Казагроэкс" Жабық акционерлік
      қоғамының Сарысу ауданындағы
      филиалының бас тұқым сарапшысы            М.Коржикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады