2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарды кредит ресурстары кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысына және облыс әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 24 "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" қаулысының 1-і қосымшасына сәйкес (облыстық Әділет департаментінде 2004 жылдың 12 ақпандағы N 1199 болып тіркелген) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аталған қаулыға байланысты облыстық бюджеттен бөлінетін 6,0 млн. теңге кредит қаржы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырған тізімі бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлініп берілсін.
2. 2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит берудің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін. /1 қосымша/
3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредит ресурстары жөніндегі бюджеттік қаржы бағдарламаның Әкімшісі болып аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы бекітілсін.
4. Бюджеттік кредит алушылардың өткізген құжаттарының дұрыстығын тексеріп-зерттеу, кредиттің түсімін, бөлінуін және қайтарылуын қамтамасыз ету үшін мынадай құрамда аудандық комиссия құрылсын:
Омаров Жангелді Жайлауұлы - аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Тоқаев Серік Елемесұлы - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Елубеков Мейрамбек Елубекұлы - аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Жүзбаев Қанай Әлібекұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі. /келісім бойынша/
Танакөзов Мейірбек Төленұлы - Сарысу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. /келісім бойынша/
Тұяқбаев Тайғара - аудандық статистика және талдау бөлімінің бастығы. /келісім бойынша/
Омарова Ділдакүл - Сарысу ауданы Әкімі аппаратының бас маман заңгері, комиссия мүшесі
Коржикова Мадира - "Казагроэкс" Жабық акционерлік қоғамының Сарысу ауданындағы филиалының бас тұқым сарапшысы /келісім
бойынша/<*>
Ескерту. 4-тармаққа толықтыру енгізілді - Сарысу ауданының әкімияты 2004 жылғы 16 наурыздағы N 63 қаулысымен.
5. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2004 жылдың 25 қарашасына дейін деп белгіленсін. Кредиттің белгіленген мерзімде қайтарылуына және оның мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылау жасап, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету комиссия төрағасы, аудан Әкімінің орынбасары Жангелді Жайлауұлы Омаровқа тапсырылсын.
6. Осы қаулы Жамбыл облыстық Әділет Департаментінен тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан Әкімі С. Айдапкелов
Келісілді:
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Қ. Жүзбаев
Аудандық жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитетінің төрағасы Ж. Сазанбаев
Халықтық банкінің Жаңатас
филиалының меңгерушісі М. Сушина
Сарысу ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы М. Танакөзов
Аудандық статистика және талдау
бөлімінің бастығы Т. Тұяқбаев
Аудан Әкімиятының 2004 жылғы
17 ақпандағы "2004 жылдың
көктемгі-егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге кредит
беру туралы"
N 28 қаулысымен бекітілген
Қосымша
2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Осы ереже көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін 2004 жылғы 12 ақпандағы облыстық Әкімияттың қабылдаған "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кредит беру туралы" N 24 қаулысына сәйкес (облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанында N 1199 болып тіркелген), аудандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін кредит ресурстарын Республикалық бюджеттен бөлінген 6,0 млн. теңге қаражатты пайдалануын негізгі Ережелерін белгілейді.
2. Облыстық бюджеттен берілетін қаржы өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының басымдықтарын ескере отырып және олардың егіс көлемдеріне қарай 2004 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысына сәйкес 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредиттік ресурстары бөлінеді.
3. Сыйақының /мүдденің/ нөлдік ставкасы бойынша берілетін кредиттік ресурстар жер негізі өндіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға және сатып алуға арналады.
Кредиттік ресурстарды бөлгенде минералды тыңайтқыштарды сатып алуға тапсырыс берген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жобалары есептелсін.
4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әрекет етуші аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандық қаржы бөлімі және шаруашылық құрылымдарының басшылары үш жақты кредиттік келісім жасайды.
Кредиттік келісім-шартта кредиттің қандай мақсатқа берілгені және кредит алу мен өтеудің шарттары мен міндеттері, оларды қайтаруды қамтамасыз ету жолдары, үш жақтың құқықтары мен міндеттері, несиелік келісім-шарт орындалмаған жағдайда қолданылатын шаралар, даулар мәселелердің шешілу тәртібі.
5. Кредит ресурстарын алуға, соңғы кредит алушылар тиісті құжаттарды аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырады. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы кредит алуға ұсынылатын ауыл шаруашылығы жобаларын Ереже талаптарына сай жинақтап аудандық комиссияның қарауына ұсынады. Кредит алушылардың құжаттарына қойылатын талаптар: техника экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар, меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігі мен қоса құжаттар көшірмесі, жер беру актісі мен жарғы және құрылтайшы құжат көшірмесі, соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін), кепілге қойылатын мүлік тізбесі, салық органдарынан бюджет алдында, қаржы органынан бұрын берілген бюджеттік кредит ресурстары қарыздары жоқтығы туралы, бюджет алдындағы бұрын алған қарыздары жан-жақты зерттеліп, оны қайтару мүмкіндіктері бар шаруашылық құрылымдарына комиссия отырысының шешімімен кредит берілуі мүмкін, сол сияқты өзіне қызмет көрсететін банктен мерзімі өткен қарызы жоқтығы туралы анықтамалар тапсыруы тиіс. Бұл жерде бекітілген лимит бойынша кредит ресурстарын алуға несие алушылардың тиісті құжаттарды тапсыру кезегі қатаң сақталуы тиіс.
3. Бюджеттік кредиттерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі
6. Бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі және қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу қаржылық рәсімдер Ережесінің 180, 186 тармақтарына сай жүзеге асырылады.
4. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау
7. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген, аталған Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.