Бiр жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 12/92 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2005 жылғы 4 ақпанда N 1849 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 21/203 шешімімен.

      Ескерту: Күші жойылды - Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 21/203 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттiк  кодексiнiң  53-бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз қатарына жататын, азаматтардың жекелеген санаттарына және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында қалалық мәслихат  ШЕШIМ ЕТТI:

      Қоса берiлiп отырған бiр жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесi бекiтiлсiн.

       Сессия төрағасы                    Қалалық мәслихаттың
                                             хатшысы

        Ж.Құдайбергенов                        Ұ.Сыдықова

"Бір жолғы материалдық көмек пен ай
сайынғы үстеме ақы тағайындау мен 
көрсету Ережесін бекіту туралы" 
қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 
 N 12/92 шешімімен бекітілген  

  Бір жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету ережесі

      "Бір жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау көрсетудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) тұрғындардың әлеуметтiк қорғалуға жататын қатарлары және жекелеген санаттағы азаматтарға бiр жолғы материалдық көмек, сонымен қатар облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсетiлу тәртібін белгiлейдi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Бiр жолғы материалдық көмек тұрғындардың әлеуметтiк қорғалуға жататын қатарларына және жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтiк, материалдық қолдау мақсатында жергiлiктi бюджет есебiнен тағайындалады және көрсетiледi.
      2. Бiр жолғы материалдық көмек: 
      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне тiс протезiн салдыру, дәрi-дәрмек алу, мерзiмдiк басылымға жазылуға;
      2) Чернобыль атом электр станциясының апаты салдарын жоюшы мүгедектерiне тiс протезiн салдыруға;
      3) аз қамтылған отбасылар, тұрғындардың әлеуметтiк қорғалуға жататын санатындағы азаматтар, аса мұқтаж әлеуметтiк сала қызметкерлерiне;
      4) мемлекеттiк мерекелер, атаулы даталар құрметiне азаматтардың жекелеген санаттарына;
      5) Республикалық маңыздағы дербес зейнеткер В.Д.Горшенинге көрсетiледi. 
      3. Облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге ай сайынғы үстеме ақы әлеуметтiк, материалдық қолдау мақсатында жергiлiктi бюджет есебiнен тағайындалады.
      4. Бiр жолғы материалдық көмек пен облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге ай сайынғы үстеме ақыны тағайындау, төлеу бойынша уәкiлеттi органы болып қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi белгiленедi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган). 
      5. Бiр жолғы материалдық көмек заңсыз төленген жағдайда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кiнәлi тұлғалардан кейiн қайтарылады. 
      6. Уәкiлеттi орган қызметкерлерi ай сайын әдiлет органдарымен, Мемлекеттiк зейнетақы төлеу Орталығының Маңғыстау облыстық филиалымен және басқада мүдделі органдар мен ай сайын бір жолғы материалдық көмек, ай сайынға үстеме ақы алушылар құрамына салыстыру жүргiзедi. 
      7. Бiр жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақыны төлеудiң есебiн жүргiзу, толық қамту мен қаржыны уақтылы аудару уәкiлеттi органға мiндеттеледi.

  2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiне тiс протезiн
салдыру, дәрi-дәрмек алу және мерзiмдiк басылымға жазылуға
төленетiн бiр жолғы материалдық көмектiң тағайындалу тәртiбi

      8. Бiр жолғы материалдық көмек:
      1) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiне дәрi-дәрмек алуға бес мың (5000) теңге мөлшерiнде;
      2) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiне тiс протезiн салдыруға үш жылда бiр рет он мың (10000) теңге мөлшерiнде;
      3) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiне облыстық қоғамдық-саяси газеттiң таңдауы бойынша біреуіне жазылу үшін жылдық құны мөлшерiнде көрсетіледі.
      9. Материалдық көмек иесі болған азаматтарға бiр жолғы материалдық көмек бұрын құрастырылған алушылардың дербес iс қағаздары бойынша төленедi. 
      10. Бiр жолғы материалдық көмек алуға құқы бар жаңадан келген азаматтар уәкiлеттi органға бекiтiлген тiзбеге сәйкес құжаттар тапсырады. Уәкiлеттi орган алушылардың дербес iс қағаздарын құрастырады.
      11. Алушылардың дербес iс қағаздарын құрастыру кезiнде уәкiлеттi орган қызметкерлерi құжаттарды түпнұсқасымен салыстыру арқылы тексеру жүргiзедi, көшiрмелердi куәландырады.
      12. Әлеуметтiк көмектiң тағайындалуы немесе қабылданбауы туралы шешiм бекiтiлген тiзбеге сәйкес қабылданған құжаттар мен өтiнiш тапсырылған күннен бастап 10 күн iшiнде қабылданады.
      13. Бiр жолғы материалдық көмек тағайындауға және төлеуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) тұрақты мекен-жайын анықтайтын тұрғындарды тiркеу кiтабы; 
      2) өтiнiш берушiнiң жеке куәлiгi; 
      3) салық төлеушiнiң тiркелу куәлiгi;
      4) материалдық көмек алу мәртебесi бар екендiгiн дәлелдейтiн құжат - Ұлы Отан соғысына қатысқандығы немесе мүгедегiнiң куәлiгi.
      14. Алушының дербес iс қағаздары уәкiлеттi органда сақталып, бiр жолғы материалдық көмектiң аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәлiметтермен толықтырылып отырады.
      15 Бiр жолғы материалдық көмек алушының мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.
      16.Бiр жолғы материалдық көмек алушы азаматтар тапсырылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығына тiкелей жауапты.

  3. Чернобыль атом электр станциясының апаты салдарын жоюшы
мүгедектерге тiс протезiн салдыруға бiр жолғы материалдық
көмек тағайындау тәртiбi

      17. Чернобыль атом электр станциясының апаты салдарын жоюшы мүгедектерге тiс протезiн салдыруға үш жылда бiр рет он мың (10000) теңге мөлшерiнде материалдық көмек төленедi.
      18. Материалдық көмек тағайындау және төлеуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
      1) тұрақты мекен-жайын анықтайтын тұрғындарды тiркеу кiтабы;
      2) өтiнiш берушiнiң жеке куәлiгi;
      3) салық төлеушiнiң тiркелу куәлiгi;
      4) материалдық көмек алу мәртебесi бар екендiгiн дәлелдейтiн құжат - Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқандығы туралы куәлiк және медициналық-әлеуметтiк эксперт комиссиясының анықтамасы.
      19. Азаматтарға бiр жолғы материалдық көмек бұрын құрастырылған алушылардың дербес iс қағаздары бойынша төленедi. 
      20. Бiр жолғы материалдық көмек алуға құқы бар жаңадан келген азаматтар уәкiлеттi органға бекiтiлген тiзбеге сәйкес құжаттар тапсырады. Уәкiлеттi орган алушылардың дербес iс қағаздарын құрастырады.
      21. Алушылардың дербес iс қағаздарын құрастыру кезiнде уәкiлеттi орган қызметкерлерi құжаттарды түпнұсқасымен салыстыру арқылы тексеру жүргiзедi, көшiрмелердi куәландырады.
      22. Әлеуметтiк көмектiң тағайындалуы немесе қабылданбауы туралы шешiм бекiтiлген тiзбеге сәйкес қабылданған құжаттармен өтiнiш тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде қабылданады.
      23. Дербес iс қағаздары уәкiлеттi органда сақталып, бiр жолғы материалдық көмектiң аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәлiметтермен толықтырылып отырады.
      24. Бiр жолғы материалдық көмек алушының мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.
      25. Бiр жолғы материалдық көмек алушы азаматтар тапсырылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығына тiкелей жауапты. 

  4. Аз қамтылған отбасыларына, тұрғындардың әлеуметтiк
қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж әлеуметтік саладағы
қызметкерлерiне бiр жолғы материалдық көмек тағайындау тәртiбi

      26. Бiр жолғы материалдық көмек аз қамтылған отбасыларына, тұрғындардың әлеуметтiк қорғалуға жататын қатарларына және аса мұқтаж әлеуметтiк саладағы (бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтiк қорғау,)қызметкерлерiне тағайындалады.
      27. Бiр жолғы материалдық көмек тұрақты мекен жайға көшiп келушi оралмандарға қоныстанудың алғашқы жылында тағайындалады.
      28. Бiр жолғы материалдық көмек табыс мөлшерiне қарамастан азаматтардың өтiнiшi бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмiрдiң айрықша қиын кезеңдерiнде жылына бiр рет:
      1) отбасы мүшелерiнiң бiреуi қайтыс болған жағдайда;
      2) облыстан тыс жерлерде емделуге материалдық жағдайы келмесе; 
      3) отбасына материалдық залал келтiрген өрт болған жағдайда;
      4) басқа да қайғылы оқиғалар болғанда берiледi.
      29. Өмiрдiң айрықша қиын кезеңдерi қайталанған жағдайлардың аса ауыр зардаптарында ғана материалдық көмек қайта тағайындалады, алайда жылына екi реттен артық емес. 
      30. Әлеуметтік саласындағы аса мұқтаж қызметкерiне бiр жолғы материалдық көмек тағайындау кезiнде оның кәмелетке толмаған балалары мен отбасы құрамында әлеуметтiк қорғалуға жататын азаматтардың болуы және көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескерiледi.
      31. Алушылардың дербес iс қағаздарын құрастыру кезiнде уәкiлеттi орган қызметкерлерi құжаттарды түпнұсқасымен салыстыру арқылы тексеруге, мәртебенi анықтайтын және дәлелдейтiн қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, көшiрмелердi куәландырады.
      32. Әлеуметтiк көмектiң тағайындалуы немесе қабылданбауы туралы шешiм бекiтiлген тiзбеге сәйкес қабылданған құжаттармен өтiнiш тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде қабылданады.
      33. Қала әкiмi немесе әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi қала әкiмiнiң орынбасары әлеуметтiк көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.
      34. Материалдық көмекке тапсырылған құжаттарды қарау барысында уәкiлеттi орган қызметкерлерi өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексередi, көмек тағайындауға негiз болған фактының шындығына көз жеткiзедi.
      35. ала әкiмi немесе әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi қала әкiмiнiң орынбасары әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексеру актiнiң, берiлген құжаттардың негiзiнде бiр жолғы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеп қарар (резолюция) шығарады.
      36. Материалдық көмек тағайындауға және төлеуге қажеттi құжаттар:
      1) тұрақты мекен-жайын анықтайтын тұрғындарды тiркеу кiтабы;
      2) өтiнiш берушiнiң жеке куәлiгi, отбасы мүшелерiнiң құжаттары;
      3) салық төлеушiнiң тiркелу куәлiгi;
      4) материалдық көмек алу мәртебесi бар екендiгiн дәлелдейтiн құжат;
      5) Зардапты оқиғаны дәлелдейтiн құжаттар (анықтама, куәлiк және т.б.)
      6) Әлеуметтiк, материалдық ауыр жағдайды куәландыратын т.б. құжаттар. 
      37. Бiр жолғы материалдық көмек өтiнiш берушi тұлғаға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келесi атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезiнде оның жиынтық табысына саналмайды.
      38. Бiр жолғы материалдық көмек алушының мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.
      39. Бiр жолғы материалдық көмек алушы азаматтар тапсырылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығына тiкелей жауапты. 

  5. Мемлекеттiк мерекелер,атаулы даталарда жекелеген
санаттардағы азаматтарға бiр жолғы материалдық көмек
тағайындау тәртiбi

      40. Мемлекеттiк мерекелер, атаулы даталарда бiр жолғы материалдық көмек: 
      1) жыл сайын Жеңiс Күнiне (9 мамыр) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерiне 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) жыл сайын Жеңiс Күнiне (9 мамыр) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегi үшiн Кеңес Одағының ордендерi мен медальдарымен (медальдар тiзбесiне сәйкес) марапатталған азаматтарға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) жыл сайын Жеңiс Күнiне (9 мамыр) 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында еңбек кiтапшасында алты айдан жоғары жұмыс жасағандығы туралы жазбасы немесе мұрағат анықтамасы бар тыл еңбеккерлерiне екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) жыл сайын Жеңiс Күнiне (9 мамыр) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан, қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен жауынгерлердiң қайта некеге тұрмаған жесiрлерi екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      5)жыл сайын Жеңiс Күнiне (9 мамыр) Ленинград қоршауының тұрғындары және фашист концлагерiнiң тұтқындарына екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 
      6) жыл сайын Қарттар Күнiне (1 қазан) 70 жастан асқан жалғызiлiктi зейнеткерлерге екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      7) жыл сайын Мүгедектер Күнiне (қазан айының екiншi жексенбiсi) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 
      8) жыл сайын Мүгедектер Күнiне (қазан айының екiншi) жексенбiсi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектерiне екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 
      9) жыл сайын Қазақстан Республикасы Күнiне (25 қазан) асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде. 
      41. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелi күндерде, атаулы даталарда бiр жолғы материалдық көмек Мемлекеттiк зейнетақы төлеу Орталығының Маңғыстау облыстық филиалының мәліметтер жиынтығы негiзiнде тағайындалады.
      42. Бiр жолғы материалдық көмек алушының мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.

  6. Республикалық маңыздағы дербес зейнеткер В.Д.Горшенинге
бiр жолғы материалдық  көмек тағайындау тәртiбi

      43. Республикалық маңыздағы дербес зейнеткер Горшенин Вячеслав Дмитриевичке он бес мың теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек тағайындалады.
      44. Бiр жолғы материалдық көмек алушының мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына аударылады.

  7. Облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге ай сайынғы
үстеме ақы тағайындау тәртiбi

      45. Облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге ай сайынғы үстеме ақы облыс алдындағы елеулi еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған тұлғаларға бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.
      46. Көмек тағайындауға Маңғыстау облысы халық депутаттарының 1992 жылғы 22 мамырындағы N Х/254 қаулысымен бекiтiлген облыс алдындағы елеулi еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы комиссиясы шешімінің үзiндiсi негiз болып табылады.
      47. Бiр жолғы материалдық көмек мекен-жайы бойынша жеке есеп шотына ауыстырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады