Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 1900 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1339, "Қостанай таңы" 2002 жылдың 23 сәуірі N 32, "Костанайские новости" 2002 жылдың 24 сәуірі N 61) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың 2)-тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:
"зейнетақы алатын жасқа жетпеген 2, 3 топтағы мүгедектер";
5 тармақтың 1)-тармақшасында "зейнетақы мөлшері туралы анықтама" деген сөздер "зейнетақы куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындауына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.
Облыс әкімі С. Кулагин